Ахмадия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Liwa-e-Ahmadiyya and Minarat-ul-Massih.jpg
Қадиан шаһарындағы Ақ мұнара мен Ахмадияттың байрағы. Ахмади-мұсылмандары үшін бұл екі нышан Уәделенген Мәсіхтің келгенін білдіреді

Ахмадия (Үлгі:Lang-ur, сондай-ақ: Ахмедие, Ахмадият), жамағаттың ресми атауы - Ахмадия Мұсылман Жамағаты (Үлгі:Lang-ar, оқылуы: әл-Жамаъа әл-Исламия әл-Ахмадийя) - Исламдағы діни қозғалыс болып табылады,<ref>"Islam and the Ahmadiyya Jamaʻat: History, Belief, Practice" (ауд.: Ислам және Ахмадия жамағаты: тарихы, сенім-нанымдары, амалдары), Simon Ross Valentine, Columbia University Press, 2008 - Всего страниц: 263 ISBN 978-0-231-70094-8</ref><ref>Morgan, Diane (2009). Essential Islam: a comprehensive guide to belief and practice. (ауд.: Негізгі Ислам: сенім мен амалға толық нұсқама) Greenwood Press, p. 242. ISBN 978-0-313-36025-1.</ref> 19-шы ғасырдың соңында Үндістанда бастау алған. Ахмадия мұсылман жамағаты Мырза Ғұләм Ахмедтің (1835-1908) ілімдерінің негізінде құрылған, ол, ислам эсхатологиясы мен әлемдік діндердің дәстүрлі нанымдарына сай, жалпыға ортақ Ислам дінін рухани жеңісіне жетелейтін ақырғы заманның дін реформаторлығына талап білдірген. Оның мәлімдемесі бойынша, Алла Тағала оны хижра бойынша 14 ғасырдың «Мүджаддиді» (Исламдағы діни реформаторы) және мұсылман үмбетіне уәде етілген Мәсіх әрі Мәһди етіп тағайындаған.<ref>Chapter two. Claims of Hadhrat Ahmad (as) (ауд.: Екінші тарау. Хазірет Ахмедке (ғ.с.) қатысты қарсылықтар мен айыптар), Naeem Osman Memon. Islam International Publications LTD 1994. — ISBN 1-85372-552-8.</ref><ref>Truth about Ahmadiyyat. Reflection of all the Prohets (ауд.: Ахмадиятқа қатысты шындық. Барлық пайғамбарлардан (о бастан) бас тартқан), B.A Rafiq (1978). London Mosque. ISBN 0-85525-013-5.</ref><ref>"Revelation Rationality Knowledge and Truth, Future of Revelation" (ауд.: Уахи, ақыл, білім және ақиқат. Келешек уахи-аяндар), Mirza Tahir Ahmad (1998). Islam International Publications. ISBN 1-85372-640-0.</ref> Ахмадия жамағатының мүшелері өздерін мұсылмандар немесе ахмади-мұсылмандары деп атайды. Сондай-ақ, қысқаша «ахмади», «ахмадилер» <ref>"Ahmadiyya". Oxford English Dictionary. Oxford University Press. 2nd ed. 1989.</ref> деген атаулар да кездеседі. Ортодоксалды ұстанымдағы мұсылман дінқызметкерлері (молдалар) ахмадилерді - «мұсылман» ретінде санамайды, және оларды «қадиянилер» (немесе «қадианиттер») деп атайды. Алайда, ахмадилер өздерін «қадиянилер» (немесе «қадианиттер») деп атамайды, олар бұндай атауларды қарсыластарының менсінбеушілігі мен кекетушілігінен тағылған атаулар деп біледі.

Ахмади-мұсылмандарының сенімдері бойынша, Ислам бүкіл адамзатқа арналған соңғы дін. Ислам Мұхаммед пайғамбарға Үлгі:Сас түсірілген. Ислам күйзеліске ұшырап, жік-жікке бөлініп, тоқырауға ұшыраған кезде, Алланың уәдесіне сай, Ислам діні уәделенген Мәсіх арқылы қайтадан өзінің пәк қалпына келіп, ғасырлар бойы жиналған дақтардан тазармақ. Мырза Ғұләм Ахмедтің келуі, Ахмадия мұсылман жамағатының пікірі бойынша, кезінде (осыдан 21 ғасыр бұрын) Иса пайғамбардың келгені іспетті орыналған, яғни діни соғыстарды доғартып, қантөгістік жауыздықтарды тоқтату үшін және адамгершілік құндылықтарды, әділеттік пен бейбітшілікті қалпына келтіру үшін келгенді.<ref>Иса Мәсіх пен Мырза Ғұләм Ахмедтің ұқсастықтары. youtube.com</ref> Олардың айтуы бойынша, Мырза Ғұләм Ахмед Құдайдың жетекшілігіне сүйеніп, мұсылмандардың сенімдері мен іс-әрекеттеріндегі фанатизм мен бидғаттарды жойды, және Ислам дінін тек Мұхаммед пайғамбардың Үлгі:Сас хақ тәлім-тәрбиесі негізінде ұстануды үйреткенді. Осылайша, ахмади-мұсылмандары өздерін қайта өркендеудің және исламды бейбіт жолмен насихаттаудың көшбасшылары ретінде санайды.

Мырза Ғұләм Ахмед бұл қозғалыстың негізін 1889-шы жылы наурыз айының 23-де құрған. Ол кісі қайтыс болған соң, бұл жамағатқа бірқатар Халифтер (Орынбасарлар) басшылық етіп, жамағат әлемнің 200-ден астам еліне тараған. Ахмади-мұсылмандары Батыстың бірнеше елдеріне алғашқылардың бірі болып келіп, исламның руханият байрағын орнатқан.<ref>The Ahmadi Muslim Community (ауд.: Ахмадия Мұсылман Жамағаты). The Times (27 мамыр 2008). Тексерілген 8 сәуір 2015.</ref> Қазіргі уақытта Ахмадия мұсылман жамағатына бесінші халиф Хазіреті Мырза Масрур Ахмед басшылық етеді. Ахмади-мұсылмандарының саны шамамен 20 миллионнан асады.

Ахмадия мұсылман жамағатының мүшелері рухани тұрғыда бір ортаға бағынған, ұйымшыл, ынтымағы берік жамағат болып есептеледі. Жалпы алғанда Ахмадия мұсылман жамағаты бір бағытты ұстанады. Дегенмен, осы қозғалыс пайда болған алғашқы кезеңдерде, оның кейбір мүшелері Мырза Ғұләм Ахмедтің пайғамбарлық болмысынан және одан кейінгі орынбасарлық жүйеден бас тартып, өз білгендерінше Лахор қаласында Ахмадия қозғалысын құрған. Қазіргі кезде бұл топтың мүше саны, Халиф басқаратын Ахмадия мұсылман жамағатымен салыстырғанда, көп емес. Исламдағы Ахмадия қозғалысы пайда болған кезде, ортодоксалды ұстанымдағы ғұламалар ахмадилердің сенімдері қазіргі барша мұсылмандардың ислам түсінігіне қайшы келеді деп айыптады және оларды "кәпірлер" деп жариялады. Ғұламалардың осы ауызбіршілігін жалау еткен радикалды молдалар қара халықтың арасында ахмадилерге деген жеккөрініш сезімін тудырып,<ref>Die Hassprediger - Und der WAHRE Islam - Ahmadiyya (неміс ауд.: Радикалды молдалар өшпенділіктің уағызшылары және Ахмадия жамағатына қатысты шындық). Kanal von muslimbruder, youtube.com</ref> оларды осы күнге шейін түрлі қудалаушылықтарға ұшыратып, адами құқықтарынан айыру үшін түрлі заңдар қабылдаттырып, зорлық-зомбылықтардың нысанасына айналдыруда.<ref>Anti-Ahmadiyya conferences on the increase in Pakistan (ауд.: Пәкістанда ахмадилерге қарсы конференциялар көбейді). 30 сәуір 2010 Press Release</ref>

Мазмұны

Атаудың шығу тегі

Исламдағы Ахмадия қозғалысы 1889 жылы құрылған, алайда оның атауы 10 жылдан кейін ғана қабылданған. 1900 жылы 4-шы қарашада жасаған үндеуінде, Мырза Ғұләм Ахмед жамағаттың атауын өзіне қатысты қоймағанын айтты. Оның түсіндірмесі бойынша, «Ахмед» есімі – Мұхаммед пайғамбардың Үлгі:Сас екінші есімі болып табылады. Оның айтуы бойынша, «Мұхаммед» есімінің мағынасы «қайта-қайта мадақтаулы»; бұл жерде оның аса зор, аса қуатты тағдырына ишара етілген. Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) аса зор, аса қуатты әрекеттері Меккеден Мединеге көшкен соң орыналған. Ал «Ахмед» есімі араб тілінен аударғанда, «көп мадақтайтын» және «жұбатушы» деген мағыналарды ашады. Бұл есім Мұхаммедтің Үлгі:Сас көрсетіп кеткен әсем уағызын, оның жұмсақтық пен момын қасиеттерін, және оның мейірімділігі мен рақымдылығын білдіреді. Сонымен қатар бұл есім оның әлемге тарту еткен тәлімдері бейбітшіл сипатта екендігін білдіреді. Осылайша, Мырза Ғұләм Ахмедтің түсіндірмесі бойынша, бұл есімдер исламның екі кезеңін білдіргенді,<ref>Мырза Ғұләм Ахмед: Таблиғ-и-Рисалат,, т. IX, 90-91 беттер; Гуссейн Мұртаза Хан: "Ахмадилік атау және оның маңыздылығы", 1945.</ref> яғни Меккелік кезең «Ахмед» есімінің сипатында, ал Мединалық кезең «Мұхаммед» есімінің сипатында өткен. Сондай-ақ, ақыр заманда Ислам насихаты «Ахмед» есімінің сипатына көбірек көңіл бөлетін болады.<ref>"Ислам негізі", том. IV, Баспасы: Islam International Publications LTD 2006</ref>

Мырза Ғұләм Ахмед сонымен қатар өзінің жамағатын «Ахмадия мазһабы» деген атаумен де атаған: Үлгі:Quotation

Сенімдеріне түйіндеме

Ахмади-мұсылмандары сүннеттік мәндегі исламның барлық қағидаттарын ұстанады. Атап айтқанда, бес уақыт намаз оқиды, рамазан айында ораза тұтады, Меккеге қажылық жасайды, қысқасы исламның барлық бес тірегін орындайды және иманның алты шарттарына сенеді. Ахмади-мұсылмандары Құран кәрімнің бар мазмұнын Алла Тағала түсіргеніне кәміл сенеді. Олар намаз кезінде жүздерін Қыблаға қаратады. Мұхаммед пайғамбардың Үлгі:Сас айтқан хадистерін қабылдайды және оның сүннетін ұстанады. Ахмади-мұсылмандарының сенімдері осы негізгі үш қайнардан тұрады. Сондай-ақ, ахмади-мұсылмандары үшін, Мырза Ғұләм Ахмед, исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммедтің Үлгі:Сас көріпкелдігі бойынша, үмбетке уәде етілген Мәсіх әрі имам Мәһди екеніне сену маңызды. Өз сенімдері жайында Мырза Ғұләм Ахмед былай деген:

Үлгі:Quotation

Осы тұрғыда, Мырза Ғұләм Ахмед, исламды қорғау ісін және исламның тәлім-тәрбиесі арқылы бүкіл әлемге бейбітшілікті орнатып, күллі адамзатқа жанашырлық, рақымдық таныту секілді ұмыт болған ислам құндылықтарын қайта жаңғырту арқылы, исламды бейбіт түрде жердің түпкір-түпкіріне насихат етуді өз міндеті санаған. Оның пікірі бойынша, оның руханият жолдауы, материализмнің құзына құлаған батыс әлеміне ерекше әсер еткенді.<ref>Ina Wunn: "Muslimische Gruppierungen in Deutschland". Kohlhammer, Stuttgart 2007, S. 158</ref> Барлық әлемдік діндердің негіздерін құрған адамдар Бір Құдайдың пайғамбарлары болған, және олардың барлығы - (сөздің кең мағынасында) исламды орнату бағытында әрекет еткен. Ол діндер жалпыға ортақ дінді дамыту нобайының бір бөлігі болған және олар (әр жақтан ағып келген өзендер іспетті) ислам теңізіне құйылып кемелдікке жетпек.<ref>The Promised Messiah - Prophecies Fulfilled. Alislam.org. Тексерілген 13 тамыз 2011. Басты қайнардан архивтелген 25 маусым 2011.</ref> Иләһи дін - Мұхаммед пайғамбардың Үлгі:Сас арқасында кемелденіп, соңғы әлпетіне жеткенді. Жазмыш сол, Мұхаммед Үлгі:Сас пайғамбарлығының кемел көрінісі және исламның бүкіл әлемге толыққанды таралуы имам Мәһдидің келуімен толық жүзеге аспақ болғанды.<ref>"The Holy Quran". Alislam.org. Тексерілген 13 тамыз 2011. Бастапқы қайнардан архивтелген 25 шілде 2011</ref> Осылайша, Ахмадия Мұсылман Жамағаты Мырза Ғұләм Ахмедті барлық діндерге «уәде етілген тұлға» ретінде қабылдайды, яки яһуди-христиан діндерінің жазбаларында, сондай-ақ зороастризм, индуизм және т.б. діндерде сақталған эсхатологиялық пайғамбарлықтарды орындаушы тұлға. Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Мырза Ғұләм Ахмед, рухани тұрғыда, исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммедтің Үлгі:Сас руханиятының «айнадағы көрінісіндей» болған, және ол, Құдайдың бірлігін орнату үшін, сондай-ақ Құдайға және Құдайдың жаратылыстарына қатысты адамзаттың міндеттерін еске салу үшін жіберілген.<ref>Саймон Росс Валентина. "Ислам және Ахмадия жамағаты: тарихы, сенім-нанымдары, амалдары". — Колумбилік университет. — ISBN 978-0-231-70094-8.</ref><ref>Насир Махмұд Мәлік, АҚШ-та ұлттық жамағаттың тәрбиет хатшысы. "Батыста Ахмадилік балалардың өсімі". Al-Islam (2007). Тексерілген 10 маусым 2011.</ref> Мырза Ғұләм Ахмед ислам тәлімдерін жалпылай қарастыра келе, былай деп жазады:

Үлгі:Quotation

Ахмадилік сенім бойынша, ақырғы заманда исламның қайта өркендеуі Ахмадият арқылы жүзеге асады. Ахмади-мұсылмандары ұйымдық деңгейде шетелдерге дінді тарату ісін 1913 жылы бастаған, мысалы, Ахмадия мұсылман жамағатының Ұлыбританиядағы өкілдігі (Лондон қ, Патни ауданы). Осылайша, бүгінгі әлемнің біршама халықтары Ахмадия қозғалысы арқылы Исламмен алғаш танысқан.<ref>Эдунас Решиас. "Исламға шақырудың мәнісі". — Хельсинки Университеті. — 158–160 беттер. — ISBN 952-10-0489-4.</ref> Ахмадия мұсылман жамағаты бүгінгі күндері уағыз-насихат жүргізетін ең белсенді қозғалыстардың бірі. Олар Африка құрлығында өте белсенді. Бодандық дәуірден кейін, Исламды Африка құрлығының көп бөлігіне таратқан қауымдардың арасында Ахмадия жамағаты ең белсенділердің қатарында.<ref>Майкл Накузи Нам. "Африкадағы бодандық менталитет". — ISBN 0-7618-3291-2.</ref>

Ахмадилердің сенімдері

Ахмади-мұсылмандары көпшілік мұсылмандар сенетін барлық ислам қағидаттарына сенеді, тек «Хатаман нәбийин» («Пайғамбарлық мөр») ұғымын басқашалай түсінеді. Олар үшін иман негіздері (яғни, иманның алты шарты), сүнниттік мұсылмандардың сенімдеріндей, Мұхаммед пайғамбардың Үлгі:Сас сүннетіне негізделген.

Иманның алты шарты

Алланың Бір екендігіне сену (Таухид)

Сурет:Mahmud Moschee1.jpg
Ахмадия жамағатының "Махмұд" мешіті. Мешіттің сыртында жазылған Шаһада - Құдайдың Бір екендігін жариялап тұр. Бұл мешіт Швейцарияның Цюрих қаласында тұрғызылған ең бірінші мешіт.

Ахмади-мұсылмандары Құдайдың абсолюттік бірлігіне, абсолюттік жалғыздығына сенеді. Олар бұл принципті исламдағы иман принциптерінің негізі ретінде санайды. Олардың сенімі бойынша, Исламның басқа барлық сенімдері Алланың бірлігінен бастау алады. Олардың айтуы бойынша, Алланың бір екендігіне иман келтіру, адам өмірінің барлық салаларына тереңнен ықпал етеді. Мысалы, Құран Кәрімде, бәрін қамтитын күш-құдірет Алладан басқа, ешкімде жоқ делінген. Бұл дегеніміз, Құдайдың алдындағы қорқыныштан басқа, ешқандай көрқыныш негізсіз деген сөз. Бұл, Құдайға тәуелділік сезімін ұялатады және барлық жақсылықтың Құдайдан бастау алатынына иландырады. Қысқасы, ахмади-мұсылмандарының пікірі бойынша, Құдайдың бір екендігіне иман келтіру, момындарды барлық тәнқұмарлық құштарлықтардан, нәпсі құлдығынан, өмірден түңілу сезімдерінен азат етеді. Ахмадия мұсылман жамағатының негізін құрушы Мырза Ғұләм Ахмед былай деп жазады:

Үлгі:Quotation

Ортақ пікір бойынша, Құдайдың Бірлігіне қатысты исламдық тағылым барша адамзаттың бірлігіне жол ашады, осылайша, осы мәселедегі барлық кедергілер өздігінен жойылады. Өйткені, адамзат нәсілі әртүрлі ұлт пен ұлыстардан тұратыны абиырлы екені рас. Сондай-ақ, Бір Құдайға иман келтіру, Жаратушы Ие мен Оның жаратылысының арасында абсолютті үйлесім сезімін орнықтырады. Құдай тағала мен Оның сөзінің арасында ешқандай қарама-қайшылықтың жоқ екені түсінікті жағдай.<ref>"Шын Ислам - Ахмадийятқа хош келдіңіздер". — Баспасы: Islam International Publications LTD</ref><ref>Аллаһ. Alislam.org. Тексерілген 13 тамыз 2011. Басты қайнардан архивтелген 25 шілде 2011.</ref> Ахмадия ілімі бойынша, Құдай, барлық кемшіліктерден пәк, барлық кемелдіктердің қайнары ретінде мойындалады. Ахмади-мұсылмандары Құдайды, барлық жерде бар болған мекенсіз Болмыс, құлдарының тілек-дұғаларын, намаз-ғибадаттарын еститін, көретін, және оларға жауап беретін, тірі Құдай ретінде мойындайды. Ахмадилер үшін, Құдайдың барлық сипаттары мәңгілік сипаттар. Ахмадилердің сенімі бойынша, Құдай, адамзатпен бұрын қалай сөйлессе, қазір де солай сөйлеседі. Осы орайда Мырза Ғұләм Ахмед былай деп жазған:

Үлгі:Quotation

Періштелерге иман келтіру

Ахмадия мұсылман жамағаты үшін періштелерге иман келтіру ерекше маңызға ие. Олардың тәлімі бойынша, періштелер Құдай жаратқан рухани болмыстар. Алла Tағала оларды өзіне бағынышты етіп және үкімдерін бұлжытпай орындайтын құрал ретінде жаратқан. Адамдарға қарағанда, періштелерде ерік жоқ және олар өзбетінше әрекет ете алмайды. Періштелер, Құдайдың жетекшілігімен, пайғамбарларға уахи-аяндар алып келеді, пайғамбарлардың дұшпандарына Құдайдың жазасын жаудырады, Құдайды даңқтап-мадақтайды және адамдардың амал кітәптарын жазады. Періштелер көзге көрінбейді. Дегенмен, Ахмадия мұсылман жамағатының сенімдеріне сай, періштелер адамдарға түрлі кейіпте көрінуі мүмкін, алайда бұл көріністер физикалық тұрғыда емес, рухани тұрғыда орындалады.<ref name="Welcome to Ahmadiyyat, the true Islam">"Welcome to Ahmadiyyat, the true Islam" ("Шын Ислам - Ахмадийятқа хош келдіңіздер") — Баспасы: Islam International Publications LTD</ref> Ахмадилер, періштелерді, өздеріне лайықты келбетке ие рухани болмыс ретінде қадірлейді. Олардың ең басты міндеті, адамзатқа Құдайдың хабарын жеткізу.<ref name="Welcome to Ahmadiyyat, the true Islam"/> Құран кәрім бойынша, барлық дүнияуи және рухани әлем періштелер деп аталатын рухани күштер арқылы басқарылады. Олар Құдайға толығымен бағынышты. Ахмади-мұсылмандарының түсіндірмесі бойынша, періштелер берілген бағыт-бағдардан, немесе тапсырылған қызмет-функциядан, немесе Құдай ойластырған жалпы жоспардан еш ауытқымайды.<ref name="knowledge_34">"Діни білімдер кітабы", авт. Вахид Ахмад, 34 бет.</ref>

Құдайдан түскен кітаптарға иман келтіру

Сурет:Einige Koran Übersetzungen der Ahmadiyya.JPG
Франкфурттегі кітап жәрменкесі, 2009 жыл. Ахмади-мұсылмандары Құранды әлемнің көптеген тілдеріне аударған

Ахмади-мұсылмандары имандылықтың үшінші шартын, пайғамбарларға Құдайдан түскен барлық кітаптарға сенумен байланыстырады. Ол кітаптарға Тәурат, Інжіл, Забур, Құран кәрім жатады. Исламға дейінгі дін тарихы белгілі бір уақытқа, белгілі бір ортаға (белгілі бір халыққа ғана) түсірілген Иләһи өсиеттер ретінде танылады. Осылайша, оларға, сол кезде өмір сүрген адамдардың мұқтаждықтарына сай келетін Иләһи ілімдер берілген, тіптен сол өсиеттердің кейбір жерлері сол адамдардың (сол халықтардың) өмір сүрген уақыты мен ғұрпына ғана сай келгенді. Құран кәрімнен басқа кітаптардың барлығы адам тарапынан өзгертулерге ұшыраған болып есептеледі. Тек Құран кәрім ғана еш өзгертусіз, өзінің бәз қалпында сақталған.
Исламға дейін, Құдай Тағала, жер бетінде өмір сүрген әр халыққа, әр қауымға өзінің пайғамбарларын жібергенін Ислам күмәнсіз мойындайды. Сондықтан, ахмади-мұсылмандарының тәлімдеріне сай, Ыбырайымдық дәстүрден тысқары қалған, мысалы Ведалар мен Авеста сияқты кітаптар да Құдайдан түскен кітаптар болып есептеледі. Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Құран Кәрім күллі адамзатқа жіберілген соңғы кітап, оның тәлімдері уақытпен (яғни, қандай да бір заманмен) шектелмейді.<ref name="knowledge_34"/>

Пайғамбарларға иман келтіру. Ахмадияттың пайғамбарлығына және «Хатаман набийин» («Пайғамбарлық мөрге») сену

Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, имандылықтың төртінші шарты, Құдай тарапынан келген барлық пайғамбарларға иман келтірумен байланысты. Әлем заңсыздықтар мен ахлақсыздыққа (яғни, адамгершіліктен жұрдай болған жағдайға) белшеден батқанда, немесе әлемнің біршама бөлігінде осындай сипаттар көрініс тапқанда, немесе қандай да бір шариғаттың ізбасарлары бүлінген кезде, нәтижесінде дінге зақым келіп, дін Құдайдың көмегіме мұқтаж болғанда, Алла Тағала дінді қалпына келтіру үшін пайғамбарын жібереді. Ахмади-мұсылмандары Құран Кәрімде, Тәуратта, Забурде, Інжілде аталған пайғамбарлардан бөлек, Зардұшты, Кришнаны, Будданы және Конфуциді де Құдайдың пайғамбарлары болған деп сенеді.<ref>Finality of Prophethood (ауд.: Пайғамбарлықтың аяқталуы). Alislam.org (29 қараша 1966 ж.). Тексерілген 13 тамыз 2011. Басты қайнардан архивтелген, 24 шілде 2011 ж.</ref> Ахмадияттың сенімі бойынша, Пайғамбар (Нәби), Елші (Расул) және Өкілші (Мурсәл) делінген ислами терминдердің мағыналары бірдей. Дегенмен, Ахмадияттың ұстанымы бойынша, пайғамбарлардың екі үлкен түрі бар. Бірінші түріне жаңа шариғат әкелген пайғамбарлар жатады, мысалға: Тәурат шариғатын әкелген Мұса пайғамбар (ғ.с.) және Құран шариғатын әкелген Мұхаммед пайғамбар Үлгі:Сас. Ал екінші түріне ешқандай шариғат әкелмеген пайғамбарлар жатады, мысалға: Ілияс (ғ.с.), Жеремей (ғ.с.), Жақия (ғ.с.), Иса (ғ.с.), Мырза Ғұләм Ахмед (ғ.с.). Осы, екінші түрдегі пайғамбарлар өздерінен бұрынырақ түскен шариғатты орындау үшін келген «орындаушы пайғамбарлар» болып есептеледі, олар сол шариғаттың шеңберінен шықпаған және оған өзгертулер еңгізбеген. Сондай-ақ, бұндай пайғамбарларды - «үммәти нәби», яғни «үмбеттің ішінен шыққан пайғамбарлар» деп те атайды.

Қиямет күніне иман келтіру

Иманның бесінші шарты Қиямет күніне қатысты. Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Бір Құдайға иман келтіргеннен кейін, Құран Кәрімде сөз етілген Қиямет күніне иман келтіру өте маңызды қағидат.<ref name="Welcome to Ahmadiyyat, the true Islam"/> Ахмадилердің сенімінде, күллі әлем Қиямет күнінде соңына жетеді. Исламның басқа ағымдары мен дін мектептері де осындай ұстанымда. Өлгендер тіріледі. Олар өздерінің амалдары үшін есеп береді. Жақсылық істеген адамдар жұмаққа кіреді, ал жазаға тартылатындар тозаққа тасталады. Ахмадилердің түсінігі бойынша, тозақ уақытша мекен, онда адамдар мәңгілік тұрақтамайды. Ибн Таймийа, Ибн Араби секілді ғұламалар да осындай түсінікте болған. Тозақ - жанды емдейтін «аурухана» іспетті мекен, ондағы жандар күнәларынан тазаратын болады. Ахмадилердің сенімі бойынша, бұндай түсінік Құран Кәрім мен хадистерге негізделген.<ref name="Welcome to Ahmadiyyat, the true Islam"/>

Тағдырға илану

Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Құдай Тағала ғаламдағы барлық істерді соңына шейін бақылауда ұстайды. Бұл Құдайдың жазған тағдыры болып есептеледі. Осы тағдырдың шеңберінде адамға ерік беріледі, сол арқылы ол өз жолын таңдайды.<ref name="Welcome to Ahmadiyyat, the true Islam"/> Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, адамдар Қиямет күні өз ниеттері мен іс-әрекеттері негізінде сұраққа тартылады.

Исламның бес тірегі

Сурет:Kaaba at night.jpg
Меккедегі барша мұсылмандар үшін қасиетті Қағба. Саудилықтар ахмади-мұсылмандарына қажылық жасауға рұқсат бермесе де, төлқұжатында ахмади екендігі көрсетілмеген көптеген ахмади-мұсылмандары қажылық парызын орындай алады.

Исламның негізгі бес тірегі (Аркан әл-Ислам; Аркан әд-Дин) барлық ахмади-мұсылмандары үшін парыз саналады.<ref>"Чта такое Ислам?" (ауд.: Ислам деген не?), Баспасы: Islam International Publications LTD 2008</ref><ref>"Black pilgrimage to Islam" (ауд.: "Исламдағы қара қажылық"), Robert Dannin. 2002 by Oxford University Press. Inc.</ref> Олар келесідей:

  1. ШаһадаАлладан басқа ешқандай құдай жоқ екеніне және Мұхаммед Алланың елшісі екеніне иман келтіру»),
  2. Күнделікті оқылатын бес уақыт намаз (жүзді Қыблаға қаратып),
  3. Зекет салығын төлеу (қайырымдылық жолында),
  4. Рамазан айында ораза тұту,
  5. Меккеге қажылық жасау, тым болмағанда өмірінде бір рет.<ref>"Hajj (Pilgrimage)" (ауд.: Қажылық). Al-Islam.org</ref>

Исламның бес тірегін орындауда ахмади-мұсылмандары сүннеттік ұстанымға қайшы келмейді. Дегенмен, Пәкістанда ахмади-мұсылмандары заңмен қудаланады. Оларға намазға азан шақыруға, мұсылман куәлігін (шаһаданы) айтуға, Құран кәрімді дауыстап оқуға, өздерінің ғибадатханаларын мешіт деп атауға және ислам терминологияларын өздеріне қатысты қолдануға тыйым салынған. Олар басқа да мұсылман елдерінде түрлі қудалаушылықтарға ұшырап жатыр. Ол жерлерде ахмадилерге өздерін мұсылман деп атауға рұқсат етілмейді. Мұндай тыйымдар ислам шариғатында парыз етілген міндеттемелерді орындауда біршама қыйындықтар жасайды. Демократиясы жоғары елдерде тұратын ахмади-мұсылмандары қажылыққа кедергісіз баралғанымен, Сауд Арабияның шектеу заңы оларға да қатысты салынған.

Ахмадилердің сенім өзгешеліктері

Ахмади-мұсымандары ұстанатын исламның бес тірегі мен иманның алты шарты қалған сүнниттік мұсылмандардікіндей <ref>"Ислам". Al-Islam.</ref> болғанына қарамастан, ахмадилердің сенімдерінде кейбір өзгешеліктер бар:<ref>"Приглашение в Ахмадийят", авт. Хазрат Мирза Башируддин Махмуд Ахмад, издательство «Ислам Интернейшнл публикейшн лимитед» 1996, заголовок: Отличие от других мусульман., ст.11. ISBN 1-85372-574-9</ref>

Иса пайғамбардың екінші рет келуі

Бұған қатысты ахмадилердің сенімдері басқа мұсылмандардың сенімдерінен өзгешерек. Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Иса айқышқа (крестке) керілді, бірақ ол онда өлмеді,<ref>"Иса Мәсіх айқышта өлді ме?" "Ақ мұнара" арнасы, youtube.com</ref> тек есінен таңды және айқышта бар жоғы төрт сағат болды. Сосын, мазар үшін қолданылатын үңгірге қойылған соң,<ref>"Утерянные годы Иисуса", авт. Элизабет Клер Профет ' об открытиях Нотовича, Абхедананды, Рериха и Каспари издательство Лонгфелло, Москва 2004' ISBN 5-98442-005-8 (россия)' ISBN 0-922729-39-5(США)</ref> бірер күнде есіне келген.<ref>"Иса Үндістанда өмір сүрген", авт. Хольгер Керестен, эннеагон пресс, Москва 2007ISBN 978-5-91051-014-6</ref> Мырза Ғұләм Ахмедтің пайымы бойынша, Иса көп ғұмыр жасап, қартайған шағында Кашмирде қайтыс болған.<ref>"Иса Мәсіх айқыштағы ажалдан аман қалған", Баспасы: Islam International Publications LTD 2008</ref><ref>"Иса Үндістанда", авт. Хазірет Мырза Ғұләм Ахмед. Баспасы: Islam International Publications LTD 1991, бірінші тарау 21-60 беттер. ISBN 1-85372-431-9</ref> Ол Исраилдің жоғалған руларын іздеп табу үшін Кашмирге көшіп барған.<ref>"Иса - Құдайдың момын пайғамбары". Аlislam.org</ref> Ол Кашмирде Юз Асаф есімімен белгілі болған.<ref>"Исаның өлімі", авт. Шахид Азиз, бюллетень қараша 2001 жыл, Ахмадийя Анджуман Ишаати Ислам, Лахор.</ref><ref>Приглашение в Ахмадийят, автор, Хазрат Мирза Башируддин Махмуд Ахмад, издательство «Ислам Интернейшнл публикейшн лимитед» 1996, заголовок: Иисус умер естественной смертью., ст.11. ISBN 1-85372-574-9</ref> Оның қабірі әлі күнге дейін Сринагар қаласының Ханияр көшесінде, Розабал кесенесінде сақталған.<ref>"Үндістандағы Исаның қабірі", авт. Эрих фон Дэникен, "Белый Минарет" арнасы, youtube.com</ref><ref>"Киелі Розабал - Иса Мәсіхтің қабірі (Кашмир, Сринагар)". "Белый Минарет" арнасы, youtube.com</ref> Ахмади-мұсылмандарының пікірі бойынша, христиандық және исламдық пайғамбарлықтарда айтылған «Исаның екінші рет келуін» сөзбе-сөз түрде емес, астарлы (салыстырмалы) мағынада түсіну керекті.<ref>"Мәриямның ұлы Исаның қайта оралуы". Ислам Аманат.</ref> Олардың ойынша, Исаның екінші рет келуі Мырза Ғұләм Ахмед Қадианидің тұлғасында жүзеге асқан. Сондай-ақ, ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, үмметке уәде етілген Мәсіх пен имам Мәһди бір адамның қос (символды) лақап аттары <ref>"Мәсіх және Мәһди - Аллаһтың Елшісі Мұхаммедтің (с.ә.с.) көзімен". №19 хадис: Иса және Мәһди – бір адамның қос (лауазымды) есімі</ref>, және оның ілімі мен дұғалары арқылы, христиан діні дәурендеген заманда, ислам дәжжәлды тасталқан ететін болады.<ref>"Дәжжалдың түп мағынасы". Ислам Аманат.</ref> Осылайша, дәжжәлдың билігі ақырындап сөне бастайды, бұл исламның бейбіт замандағы түбегейлі жеңісін сүйіншілейді.

Хатаман набийин (Пайғамбарлардың мөрі)

Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, Құран кәрім - Алла Тағаланың күллі адамзатқа жіберген соңғы шариғаты. Олардың сенімі бойынша, Құдай Тағала өткен замандарда Өзінің сүйікті құлдарымен сөйлегеніндей, кәзір де сөйлеседі. Құдайдың барлық сипаттары мәңгілік және өзгермейтін сипаттар. Олардың сенімі бойынша, Мұхаммед пайғамбар Үлгі:Сас ең кәміл және ең соңғы шариғатты әкелген, сол арқылы иләһи пайғамбарлық пен адамзаттың рухани дамуы өз шыңына жеткенді. Үмбеттің ішінен шығатын жаңа пайғамбарлардың келуі әбден мүмкін, бірақ олар толығымен Мұхаммед пайғамбарға Үлгі:Сас бағынышты болмақ; және оның ілімін еш өзгерте алмайды, немесе жаңа шариғат, жаңа дін әкелмейді.<ref>"Хатаман Набийин (Печать Пророков) - как толковалось это понятие самим пророком Мухаммадом (мир и благословения Аллаха да пребудут с ним) и выдающимися учёными Ислама" (ауд.: Хатаман Нәбийин (Пайғамбарлар Мөрі) - бұл ұғымды Мұхаммед пайғамбар Үлгі:Сас және Исламның көрнекі ғұламалары қалайша түсіндірген). Баспасы: Islam International Publications LTD</ref> Үмбеттің ішінен шығатын пайғамбарлар, дербес пайғамбар ретінде емес, Мұхаммед Үлгі:Сас руханиятының "айнадағы көрінісі" іспетті қарастырылады.<ref>“The Promised Messiah and Mahdi. The Question of finality of prophethood” (ауд.: Уәделенген Мәсіх пен Мәһди, соңғы пайғамбарлыққа қатысты мәселе), p.37-45, by Dr. Aziz Ahmad Chaudhry. Islam International Publications LTD 1996. ISBN 1 85372 596</ref>

Жиһад

Ахмади-мұсылмандарының сенімі бойынша, жиһадты үш түрге бөлуге болады:

  1. «Жиһад әл-Әкбар» («Ұлы жиһад») – бұл адамның өз нәпсісінің - ашу, нәпсіқұмарлық, өшпенділік және т.с.с. анайы құштарлықтарымен күресуі.
  2. «Жиһад әл-Кәбир» («Үлкен жиһад») – бұл исламды бейбіт түрде насихаттау, әсіресе «қалам» арқылы исламның хақ ілімдерін әлемге паш ету.
  3. «Жиһад әл-Әсғир» («Кіші жиһад») - шектен асқан діни қудалаушылықтар кезінде және адамның негізгі діни сенімдерін ұстану құқығына қатаң тыйым салынған кезде, шапқыншылықтардан қорғаныс мақсатында жүргізілетін соғыс іс-қимылдары.<ref>Jihad Brochure. Тексерілген 20 масыр 2013.</ref><ref>Ахмадилердің жиһад түсінігі. Islam Amanat</ref>

Ахмади-мұсылмандары пайымдайды, исламдағы алдын-ала айтылған көріпкелдіктерге сай, Мырза Ғұләм Ахмед, соғыс түрінде жүргізілетін жиһадқа тыйым салған, өйткені бұл дәуірде мұндай жиһад тиімсіз құралға айналған. Қазіргі заманда, Ислам - дін ретінде, соғыс түріндегі шапқыншылықтарға ұшырап жатқан жоқ. Қазіргі заманда, Ислам түрлі әдебиеттер мен бұқаралы ақпарат құралдары арқылы шапқыншылықтарға ұшырауда. Сондықтан, жауап та соған сай болуы керек.<ref>Саймон Росс Валентина. "Ислам және Ахмадия жамағаты: Тарихы, сенім-нанымдары, амалдары". — Columbia University Press.</ref> Ахмади-мұсылмандарының пікірі бойынша, өшпенділікті махаббатпен жою қажет. Ахмадия Мұсылман Жамағатының төртінші халифі Хазірет Мырза Таһир Ахмед терроризм жайында былай деп жазады: Үлгі:Quotation

Дін және ғылым

Ахмади-мұсылмандарының сенімдері бойынша, Құдай Тағаланың сөзі мен ісінің арасында ешқандай қарама-қайшылық жоқ, сол себепті дін мен ғылым бір-бірімен үйлесімді.<ref>Матье Гойдер. "Ислам фундаментализмінің тарихи сөздігі". — 22 б.</ref> Осы жайында Ахмадия мұсылман жамағатының 2-ші Халифі Хазірет Мырза Башируддин Махмұд Ахмед былай деген:

Үлгі:Quotation

Ахмадилердің пікірі бойынша, ғылым – Құдайдың ісі, ал дін – Құдайдың сөзін тану және олар бір-біріне ешқашан қайшы келмейді, осы тұрғыда ахмади-мұсылмандары Хазірет Адамды (ғ.с.) жер бетіндегі бірінші адам емес, тек қана бірінші пайғамбар ретінде қабылдайды, яғни жер бетінде Хазірет Адамнан (ғ.с.) бұрын да адамдар өмір сүрген. Сондай-ақ, ахмадилер, Құдай тағаланың жетелеуімен болған биологиялық эволюция теориясына сенеді.<ref>Эволюция - Ахмадиялық көзқарас. Wikipedia.org</ref>

Нобел сыйлығының ең алғаш мұсылман иегері доктор Әбдус Салам, Ахмадия жамағатының мүшесі болған. Ол Нобел сыйлығын Ядерлы физика саласындағы жетістіктігі үшін алған. Оның мәлімдемесі бойынша, Құран Кәрімнің 750 аяты табиғат заңдылықтарын зерттеуге және адамзат білімін, адам ақылын қоғам игілігі үшін жұмсауға үгіттейді.<ref>Аюб К. Oмайя. "Исламдағы ғылымның дамуы мен құлдырауы..." Тексерілген 3 қыркүйек 2014.</ref><ref>Лауреат Нобелевской премии Абдус Салам: «Ислам в сущности и есть вера всех физиков». Islam-today.ru</ref>

Ахмади-мұсылмандарының басқа да сенім өзгешеліктері

  • Ахмади-мұсылмандарының сенімдеріне сай, Құран аяттары бір-бірінің күшін жоймайды ("нәсих" пен "мансух" аяттарға қатысты мәселе). Құранның барлық аяттарының заңды күштері бірдей, бұндай түсінік Құранның көркемділігі мен даусыз дәлелділігін айшықтайды.<ref>Йоханан Фридман], Ахмадилердің ойларындағы жиһад, ISBN 965-264-014-X, p. 227</ref> Бір-бірімен үйлесімсіз болып көрінген аяттардың шешімі Ахмадиялық фиқһ арқылы анықталады (мысалға: қандай да бір жағдайға қатысты түсірілген Құран аятын сондай жағдайлардың шеңберінде қарастыру керекті).<ref>Asbab al-nuzul — "Aсбаб әл-нузул" wikipedia.org</ref>
  • Дін тарихы циклденіп келеді және әр жеті мыңжылдықтарда жаңарып отырады. Қазіргі цикл, Адам (ғ.с.) заманынан бері жеті дәуірге немесе аптаның жеті тәулігіне параллелденген дәуірлерге бөлінеді. Әр тәулік күндізгі және түнгі мезгілдерден тұратыны сияқты, әр дәуірдің жарыққа (нұрға) бөленген кезеңі мен түнек басқан (қараңғылық, надандылық жайлаған) кезеңі болады. Мырза Ғұләм Ахмед уәделенген Мәсіх ретінде алтыншы дәуірде келген, яки, адамзаттың соңғы дәуірі – жетінші дәуірдің алдындағы жаршысы болғанды,<ref>Үлгі:Cite journal</ref> өйткені Алланың қарамағындағы бір күн, адамдардың санағы бойынша мың жылға тең.<ref>Құран Кәрім 22:47</ref> Мырза Ғұләм Ахмедтің түсіндірмесіне сай, аптаның алтыншы күні (жамағатпен намаз оқылатын) «жұма» күніне қалдырылған. Бұл, күллі адамзат баласы бәріне ортақ Ислам дінінің астында жиналатын дәуірге арналған күн.

Тарихы

Ахмадилік күндерек
1882 Мырза Ғұләм Ахмед Исламның он төртінші ғасырының Мүджаддиді екендігін (жариясыз) мәлімдеді
1889 Мырза Ғұләм Ахмед Исламдағы Ахмадия қозғалысын құрды
1890 Мырза Ғұләм Ахмед ақырғы заманда келетін уәделенген Мәсіх әрі Имам Мәһди екендігіне талабын жариялады
1908 Мырза Ғұләм Ахмед Лахор қаласында қайтыс болды. Хәкім Нұриддин оның бірінші халифі (орынбасары) болып сайланды
1914 Мырза Башируддин Ахмед екінші халиф болып сайланды
1947 Мырза Башируддин Махмұд Ахмед Лахорға (Пәкістан) көшіп барды
1948 Мырза Башируддин Махмұд Ахмед Ахмадия Мұсылман Жамағатының жаңа орталығы Рабва қаласын тұрғызады
1965 Мырза Нәсір Ахмед үшінші халиф болып сайланды
1982 Мырза Таһир Ахмед төртінші халиф болып сайланды
1984 Мырза Таһир Ахмед Лондонға көшіп барды, Ахмадияттың орталығы да Лондонға көшірілді
2003 Мырза Масрур Ахмед Ахмадия Мұсылман Жамағатының бесінші халифі болып сайланды

Ахмадияттың тарихы, Мырза Ғұләм Ахмед 1889 жылдың 23-ші наурызында, Үндістанның Лудхиян шаһарында, өзінің алғашқы ізбасарларынан адалдық антын қабылдаған күннен формалды түрде басталады. Дегенмен, Ахмадият қозғалысының тарихы бұдан ертерек, Мырза Ғұләм Ахмед, өзінің келешек тағдыры жайында уахи-аяндар ала бастаған кезден санаса да болады. 19-шы ғасырдың аяғында Қадиан қалашығында, Мырза Ғұләм Ахмед өзін Ислам Мүджаддиді (реформаторы) екендігін жариялады, бұл метафоралы мағынада, бір тұлғаның бойында Исаның екінші рет келуін және имам Мәһдидің анықталуын білдірді. Бұндай тұлғаны мұсылмандар көптен бері күткен, дегенмен мұсылмандардың көбі уәделенген Иса мен имам Мәһдиді екі бөлек адам ретінде қарастырады. Мырза Ғұләм Ахмедтің алғашқы ізбасарлары, негізінен, Үндістанның біріккен Пенжаб және Синд провинцияларында пайда болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Мырза Ғұләм Ахмедтің ізбасарларының мәлімдемесі бойынша, оның келуі жайында Исламның қасиетті пайғамбары Мұхаммед Үлгі:Сас пайғамбарлық еткен. Ахмадия мұсылман жамағаты Исламның ішіндегі қозғалыс ретінде, сондай-ақ христиан миссионерлері мен индуистік Ария Самаж сектасының Исламға жасаған шабуылына қарсы жауап ретінде пайда болды. Олар 19-шы ғасырда сол өлкеде кең тараған.

Бірінші Хилафаттың кезеңі

Мырза Ғұләм Ахмед қайтыс болғаннан кейін, Хәкім Нұруддин уәделенген Мәсіхтің Бірінші халифі болып бірауыздан сайланып, Ахмадия Мұсылман Жамағатына жетекшілік ететін болды. Оның хилафат кезеңі алты жылға созылды. Оның жетекшілігімен Құран кәрім ағылшын тіліне аударылды. Англияда Ахмадияттың ең алғашқы уағыз жүргізу миссиясы ашылды, сондай-ақ Ахмадия Мұсылман Жамағатының түрлі газет, журналдары басыла бастады. Жамағаттың қаржы қажеттіліктері өсе бастағандықтан, оның халифат кезеңінде жамағаттың ресми қазынасы ашылды.

Екінші Хилафаттың кезеңі

Бірінші халиф қайтыс болғаннан кейін, оның өсиетіне сай Мырза Башируддин Махмұд Ахмед екінші халиф ретінде сайланды. Алайда, Мәуләнә Мұхаммед Әли мен Хаджи Кәмәлуддин бастаған топ оның орынбасарлығына қарсы шығып, оны кезекті халиф ретінде мойындаудан бас тартты. Сөйтіп олар Лахор қаласында жаңа Ахмадия қозғалысын құрды. Мұндағы араздыққа Мырза Ғұләм Ахмедтің пайғамбарлығын және Халифат жүйесін түсінудегі доктриналдық өзгешеліктері себеп болған.<ref>Үлгі:Cite book</ref> Тағы бір себеп, жаңа сайланған халифтің жоғары академиялық білімі болмаған және оның жасы cол кезде жиырма бесте еді, сондықтан оған қарсы шыққандардың араздығы, идеялық қақтығыстан бөлек, оған күдікпен қарап, оны менсінбеушіліктен тууы әбден мүмкін еді. Бұл себеп те өз жасауын жасағанды.<ref>Үлгі:Cite book</ref> Дегенмен, Лахорлық қозғалыс көп жетістікке жете алмады. Ахмадия жамағатының басым көпшілігі Халифке адал болып қалды. Ахмадия жамағатының тарихнамасына бұл кез «жікке бөлінушілік» деген атаумен жазылған.
Халифті сайлаушы органның мүшелері Мырза Башируддин Махмұд Ахмедті жас кезінде Халиф етіп сайлады. Оның халифаты 52 жылға созылды. Ол жамағаттың ұйымдық структурасын орнатты және Үндістан субқұрлығынан тысқары елдерде кеңінен уағыз жүргізу іс-шараларын дамытты. Халиф болып сайланғаннан кейін екі аптадан соң, исламды тарату мәселесін талқылау үшін, Үндістанның түпкір-түпкірінен делегаттар шақырылды. Мырза Башируддин Махмұд Ахмед шетелдерде бөлімшелер ашу үшін және ахмади-мұсылмандарына ахлақи тәлім-тәрбие беру үшін «Тахрик-и-Жәдид» («жаңа жүйе») және «Уакф-и-Жәдид» («жаңа адалдық») деп аталатын екі жүйе еңгізді. Бастапқыда, бұл жүйелер ахмади-мұсылмандарын қанаушыларға қарсы шара ретінде қарастырылды. Ол жамағат мүшелеріне дін жолында өз уақыттарын, мал-мүліктерін жұмсауға үндеді. Уақыт өте келе осы жүйелердің арқасында, жалпы ислам дінін қорғау мақсатында және ахмади-мұсылмандарының сенімдерін түсіндіру мақсатында біршама әдебиеттер басып шығарылды. Сондай-ақ бұл қаражаттар Үндістан субқұрлығынан тысқары елдерге жіберілетін уағызшыларды дайындауға және ол жақтарда уағыз жүргізу ісін бір жүйеге келтіруге жұмсалды.<ref name="secondcaliph">Үлгі:Cite web</ref> Екінші Хилафат кезеңінде Ахмадияттың уағыз жүргізу миссиясы 46 елде ашылды. Көптеген шетелдерде мешіттер тұрғызылды. Құран кәрім әлемнің бірнеше негізгі тілдеріне аударылып баспадан шығарыла бастады. Мырза Башируддин Махмұд Ахмед рухани, діни тақырыптарға арнап біршама еңбектер жазған, олардың ішіндегі ең маңыздысы Құран Кәрімге жасаған он томдық тәпсірі.

Үшінші Хилафаттың кезеңі

Сурет:BasharatMosque1.jpg
Ахмадия Мұсылман Жамағатының үшінші халифі іргетасын қалаған Педро-Абадтағы (Испания, Кордобаға жақын жер) "Башарат" мешіті. Бұл Пиреней түбегінен мұсылмандар қуылған заманнан 750 жыл өткен соң тұрғызылған Испаниядағы ең алғашқы мешіт

1965-ші жылы қараша айының 8-інде Мырза Нәсір Ахмед Ахмадия Мұсылман Жамағатының Үшінші халифы болып сайланды. Оның Хилафат кезеңінде уағыз жүргізу ісі кеңінен жүзеге асты, әсіресе Африка құрлығында. Ол кісі, Пәкістанның Ұлттық Ассамблеясы Ахмадия жамағатын «мұсылман-емес» деп жариялаған кезде, жамағатты шашыратып алмай, бір жетекшілікпен бағыттай білген халиф ретінде қарастыралады.<ref>Үлгі:Cite book</ref> Оның Хилафат кезеңінде «Нусрат Жаһан жоспары» атты қозғалыс ұйымдастырылған. Бұл қозғалыс - жамағат мүшелері Африка құрлығында қызмет етуіне арналған. Осы қозғалыстың арқасында Африканың кедей өлкелерінде жүздеген медициналық клинакалар мен мектептер тұрғызылып, іске қосылған. Мырза Нәсір Ахмед 1970-ші жылы Батыс Африканы аралап шықты, бұл Ахмадия халифінің құрлыққа жасаған алғашқы сапары болып есептеледі. Испанияға жасаған сапарында, ол "Башарат" мешітінің іргетасын қалады, бұл мешіт қазіргі Испанияның ең бірінші мешіті болып есептеледі. Ол ахмадилердің келесі танымал ұранының авторы: Үлгі:Quotation Мырза Нәсір Ахмед екінші халифтің атынан «Фәзле Умар» атты қор ашқан. Оның Халифат кезеңінде Ахмадия жамағатының негізін құрушы Мырза Ғұләм Ахмедтің айтқан сөздері мен диалогтары, сонымен қатар оның көріпкелдік түстері мен уахи-аяндары толық топтама болып жинақталды.<ref name="third">Үлгі:Cite web</ref>

Төртінші Хилафаттың кезеңі

Сурет:Baitur Rehman, Washington.jpg
"Байт ар-Рахман" мешіті, (Колумбия округы) Вашингтонның маңайында орналасқан. Бұл мешіт Исламдық Ахмадия жамағатының төртінші халифі ашқан мешіттердің бірі

Үшінші Халиф қайтыс болған соң, келесі күні, яғни 1982-ші жылдың 10-шы маусымында Мырза Таһир Ахмед Ахмадия Мұсылман Жамағатының төртінші халифі болып сайланды. 1984-ші жылы Пәкістан үкіметі №ХХ қаулысын қабылдағандықтан, Мырза Таһир Ахмед Пәкістаннан Англияға көшіп кетті. Бұл қаулы халифке өз міндетін толыққанды орындауға рұқсат бермеді және Хилафат институтына қауып төндірді. Халиф қоныс аударғандықтан, Ахмадия Мұсылман Жамағатының басқарма орталығы да Пәкістаннан Англияға ауыстырылды. Жамағаттың басқарма орталығы Лондонда, «Фәзл» мешітінің қасында орналасқан. «Фәзл» мешіті Лондон қаласында тұрғызылған ең бірінші мешіт.<ref>Үлгі:Cite book</ref> Қоныс аудару кезеңі ахмади-мұсылмандары үшін жаңа дәуірдің бастамасы болып есептеледі. Ахмадия Мұсылман Жамағатының төртінші халифі Мырза Таһир Ахмедтің кезінде ең бірінші мұсылмандық спутникті арна іске қосылды.<ref name="tahir">Үлгі:Cite web</ref> Мырза Таһир Ахмед ахмади-мұсылмандарының балаларын жамағатқа қызмет қылуға арнау үшін «Уакф-и-нау» бағдарламасын ашты. Оның Хилафат кезеңінде, қуғын-сүргін құрбандарына жәрдем беру үшін және табиғат апаттарынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында - «Мәриям шәди», «Сәйидинә Биләл» және «Хьюманити фёрст» («Ең бастысы адамгершілік») секілді түрлі қайырымдылық, қоғамдық қорлар ашылған. Мырза Таһир Ахмед үнемі түрлі дін өкілдерімен, түрлі мамандармен және түрлі мәдениет-дәстүрлердің өкілдерімен сұрақ-жауап дәрістерін өткізіп отырды. Сондай-ақ ол көптеген кітаптар жазып шығарды. Олардың ішіндегі ең көрнекілері, қазіргі заманның қоғам мәселелеріне ислам тәлімінің жауаптарын қамтиды, мысалы үшін мына кітаптар:

  • «Алла үшін өлтіру?» (Мұндайға исламда жол берілген бе, берілмеген бе? - ауд.ред.),
  • «Абсолютті әділдік принципі»,
  • «Мейірбандылық пен бауырластық»,
  • «Ислам қазіргі заманның сұрақтарына жауап беруде»<ref>"Ислам отвечает на вопросы современности". авт. Хазрат Мирза Тахир Ахмад. Издательство «Русско-Балтийский информационный центр ”БЛИЦ” », 2004. – 240 с. ISBN 5-86789-007-4</ref>,
  • «Парсы шығанағындағы дағдарыс және жаңа әлемдік тәртіп»<ref>Үлгі:Cite book</ref>,
  • «Уахи, ақыл, білім және ақиқат».

Бесінші Хилафаттың кезеңі

Сурет:Amir al-Mu'min.jpg
Бүкіләлемдік Ахмадия Мұсылман Жамағатының қазіргі басшысы Хазірет Мырза Масрур Ахмед, оның рухани лауазымы Халифа-түл-Мәсіх V, яғни Уәделенген Мәсіхтің Бесінші Халифі (Орынбасары).

Үлгі:External media Төртінші халиф қайтыс болғаннан кейін, Ахмадияттың тарихында алғаш рет сайлау Лондон қаласында өтті, сайлау нәтижесінде Уәделенген Мәсіхтің Бесінші Халифі болып Мырза Масрур Ахмед сайланды. Ол Ахмадия Мұсылман Жамағатының қазіргі басшысы. Исламның ізгі хабарын насихаттау және адамзат игілігі үшін жағдай жасау мақсатымен Мырза Масрур Ахмед жер жаһанды аралап, түрлі мемлекет басшыларымен кездеседі, әлемдік дағдарыстарды шешу үшін бейбіт конференциялар ұйымдастырады.<ref>Үлгі:Cite news</ref> Ұзаққа созылып бара жатқан қақтығыстарды доғарту мақсатында Мырза Масрур Ахмед әлемнің алпауыт елдерінің басшыларына хат жолдаған, олардың ішінде: АҚШ, Ресей, Канада, Сауд Арабия, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия, Иран, Израиль елдерінің басшылары, сондай-ақ Иранның рухани көсемі Аятолла мен Рим папасы бар.<ref>"Мировой кризис и путь к миру". Автор: Хазрат Мирза Масрур Ахмад. Глава: Письма мировым лидерам, стр. 199-305.</ref> Әлемнің 200-ден астам елінде тұрып жатқан миллиондаған ахмади-мұсылмандарының рухани басшысы ретінде Мырза Масрур Ахмед жер жаһанды аралап, әлем халықтарын Ислам дінінің принциптерімен таныстыруда.

Демографиясы

2013 жыл бойынша Ахмадия жамағаты әлемнің 207 елінде құрылған<ref>ПРЕСС РЕЛИЗ: "Более 567,000 людей вступили в Ахмадийскую мусульманскую общину" (ауд.: БАСПАҒА ШОЛУ: 567 000 астам адам Ахмадия Мұсылман Жамағатына кірген) ahmadiyya-islam.org/ru</ref>, жамағаттың басым көпшілігі Оңтүстік Азияда, Батыс Африкада, Шығыс Африкада және Индонезияда шоғырланған. Ахмади-мұсылмандар жамағаты әлемнің барлық елдерінде өмір сүруде. Дегенмен, кейбір елдерде ахмади-мұсылманы болу заңмен қудаланады. Осындай факторлардың кесірі ахмади-мұсылмандарының нақты жалпы санын шығаруды қыйындатады. Сондықтан, жамағат «оншақты миллион» деген санды береді, алайда көптеген тәуелсіз сарапшылардың пікірі бойынша жамағат саны бүкіләлем бойынша 10-20 миллион, бұл барша мұсылман үмбетінің 1% құрайды. Бүкіләлемдік христиан энциклопедиясының мәліметі бойынша, Ахмадия жамағаты Исламдағы қарқынды түрде өсіп келе жатқан бірлестік.<ref>Всемирная христианская энциклопедия / Дэвид Б. Барретт, Джордж Томас Курьян, Тодд М. Джонсон. — Оксфорд юниверсити пресс США. — ISBN 0195079639.</ref> Ахмади-мұсылмандарының басым көпшілігі Пәкістанда тұрады, шамамен 4 миллионнан астам.

Ахмадия Хилафатының ұйымдық құрылымы

Сурет:Baitul Futuh.jpg
"Байт-үл-Футуһ" мешіті (Лондон қ.) - Еуропаның батыс бөлігіндегі ең үлкен мешіт. Халифтің жұма уағыздары осы мешіттен, спутникті "МТА" (эм-ти-эй) арнасы арқылы, тікелей эфирде дүние жүзіне көрсетіледі

Ахмади-мұсылмандарының сенімдері бойынша, Ахмадия Хилафаты - пайғамбарлық жолдағы халифаттың қайта жандануы болып табылады. Олардың пікірі бойынша, бұл хилафат Мырза Ғұләм Ахмедтің пайда болуымен қайта тұрғызылған. Ахмади-мұсылмандары Мырза Ғұләм Ахмедті үмбетке уәде етілген Мәсіх пен имам Мәһди ретінде қабылдайды. Ахмади-мұсылмандарының мәлімдемесі бойынша, осы мәселеге қатысты Құран аяттарын (мысалға, "Ан-Нұр" сүресінің 55-ші аяты) мен көптеген хадистерге сай, Халифат тек Құдайдың тікелей араласуымен ғана қайта орнатылуы мүмкін; және де, Құдайдың бұл игілігі шынайы иман келтіріп, ізгі амалдар істеген және Құдай бірлігін ұстанған адамдарға тарту етіледі. Сондықтан, жалғыз ғана адами бастамамен Хилафатты орнатуға талпынған кез-келген әрекеттердің соңы құрдымға алып барады, әсіресе халықтың ахлақтық жағдайы пайғамбарлықтың өсиетіне қайшы келетін болса (яғни, егер олар ізгіліктен принципиалды түрде жұрдай болса).
Ахмади-мұсылмандарының мәлімдемесі бойынша, Құдай уахилар мен аян-түстер арқылы мүміндердің жүректеріне, ойларына кімді халиф етіп таңдау керектігін ұялатады. Бұл жерде ешқандай үгіт-насихат пен кез-келген спекуляцияға жол берілмейді. Осылайша, халиф жәй ғана сайлау арқылы емес, ең алдымен Құдайдың қалауымен таңдалады.<ref>Holy Qur`an, Al-Nur 24:56, p. 1869-1870 Commentary (ауд.: Құран Кәрім, Ан-Нұр (24) сүресі 56 (55) аятына түсіндірме), Alislam.org</ref> Ахмадияттың сенім қағидатына сай, халифке міндетті түрде мемлекеттің басшысы болу шарт емес, бұл жерде хилафаттың діни және рухани мән-мағынасы басты назарда ұсталады. Халиф - деген ең бірінші кезекте, Мұхаммед пайғамбар үмбетінің жоғары рухани және ахлақтық деңгейін жоғары ұстатуға, сондай-ақ Ислам тәлімін нығайтып, таратуға бағытталған рухани лауазым болып есептеледі.<ref>"Khilafat-e-Rashidah" (ауд.: Ізгілікті Халифат), by Hadrat Mirza Bashiruddin Mahmood Ahmad, Khalifatul Masih II. Islam International Publications Ltd 2009, ISBN 1 85372 620 6</ref><ref>"The Islamic Khilafat – Its Rise, Fall, and Re-emergence" (ауд.: Ислам Халифаты - өркендеуі, құлдырауы, қайта жаңғыруы), Rafi Ahmad, Alislam.org</ref> Ахмади-мұсылмандары өздерінің халифін «Әмирул мүминин» («Мүміндердің әміршісі») ретінде қабылдайды. Қазіргі уақытта бұл лауазым Бесінші Халиф Мырза Масрур Ахмедке тиесілі.

Жоғарғы кеңес мәжілісі

«Мәжлис аш-шура» немесе жоғарғы кеңес мәжілісі, Ахмадия жамағатында Хилафаттан кейінгі ең жоғарғы құрылым. Жоғарғы кеңес мәжілісі жылына бір рет жиналады. Бұл кеңес халықаралық деңгейде халифтің төрағалығымен өтеді. Оның басты мақсаты, қаржы, түрлі жобалар, білім беру, жамағатқа байланысты тағы басқа сұрақтар жайында халифке кеңес беру болып табылады. Халиф мәжіліс барысында талқыланған ұсыныстарға қатысты өз пікірін білідіріп, нұсқауын беріп, шешімін шығара алады немесе сұрақтың шешімін жетілдіру үшін оны кейінге қалдыра алады. Дегенмен, көп жағдайларда халиф мәжілістің көпшілігі берген кеңес-ұсынысты қабылдайды. Ұлттық деңгейде кеңес мәжілісі Әмірдің (яки, Ұлттық президенттің) төрағалығымен өтеді. Тек соттық іс - шешім шығару мақсатында мінездемесімен халифке жөнелтіледі. Халиф оған қатысты дұрыс деп тапқан шешімін шығарады.<ref>"Welcome to Ahmadiyyat, The True Islam" (ауд.: Шын Ислам - Ахмадиятқа хош келдіңіздер), — P. 318–324. Islam International Publications Ltd</ref>

Орталығы

Сурет:Fazl-Moschee 2010.jpg
"Фазл" мешіті - Лондон қаласында тұрғызылған ең бірінші мешіт. Бұл мешіт, қазіргі кезде Ахмадия Мұсылман Жамағатының әлемдік орталығы болып табылады

Ахмадия Мұсылман Жамағаты Халиф тұратын жерден басқарылады. Сондықтан, 1984 жылы төртінші халиф Пәкістаннан көшіп кетуге мәжбүр болған кезден бері Ахмадия жамағатының ресми ортылығы (Англияның) Лондон қаласына көшірілген. Ахмади-мұсылмандары үшін, Исламның қасиетті Мекке мен Медине қалалары қасиетті қалалар болып саналғанымен, Қадиан қаласы олардың рухани орталығы болып есептеледі.<ref>"Welcome to Ahmadiyyat, The True Islam" (ауд.: Шын Ислам - Ахмадиятқа хош келдіңіздер), — P. 324. Islam International Publications Ltd</ref> Олар, келешекте [[Ахмадия Хилафаты Мырза Ғұләм Ахмедтің туған жері Қадианға қайтып оралады - деп үміт етеді. Дегенмен, Үндістан екіге бөлінген соң, Пәкістанда 1948 жылы 20 қыркүйекте құрылған ахмадилердің Рабва қаласы, сол уақыттан бері дүниежүзі бойынша жамағаттың көптеген іс-шараларын басқарады. Атап айтқанда, бұл қалада Ахмадия жамағатының екі негізгі органы орналасқан: «Орталық Ахмадилік кеңес» және «Жаңа жоба» кеңесі. Сонымен қатар бұл қалада «Жаңа адалдық» кеңесі де орналасқан.<ref>Islam and the Ahmadiyya Jama'at: History, Belief, Practice (ауд.: Ислам және Ахмадия жамағаты: тарихы, сенім-нанымдары, амалдары), Simon Ross Valentine — P. 86. Columbia University Press 2008. ISBN 978-0-231-70094-8</ref><ref name="whyahmadi"/> Барлық орталық органдар халифтің нұсқамасына сай жұмыс істейді. «Садр Әнжуман Ахмадия» (яғни, «Орталық Ахмадилік кеңес») 1906 жылы Мырза Ғұләм Ахмедтің бастамасымен құрылған. Бүгінгі күні бұл орган Үндістан, Пәкістан, Бангладеш елдерінде Ахмадия жамағатының жұмысын ұйымдастыру ісіне жауапты орган болып саналады. Ал, Ахмадия жамағатының Екінші халифімен құрылған «Әнжуман Тахрики Жәдид» (яғни, «Жаңа жоба» кеңесі) Үнді субқұрлығынан тысқары жерлердегі Ахмадия жамағаттарының жұмысына жауапты. Әр кеңес басқарма органдарға бөлінеді, мысалы: қаржы депортаменті, баспа депортаменті, білім беру депортаменті, сыртқы істер депортаменті, шетелдік өкілдер министрлігі және т.б.<ref>Үлгі:Cite book</ref> Жоғарғы кеңестің соңғы шешімі бойынша, жамағат бүкіл әлемде 15 000-нан астам мешіт, 500-ден астам мектеп, 30-дан астам ауруханалар тұрғызған, және де Құран Кәрімді әлемнің 70-тен астам тіліне аударып баспадан шығарған.<ref name="tehrike"/> «Әнжуман Уәкф-и-Жәдид» те (яғни, «Жаңа адалдық» кеңесі) Екінші халифтің бастамасымен құрылған, бұл орган әлем бойынша ауылды мекендердегі жамағаттарға діни ұстаздар даярлап, жұмыстарын үйлестіру ісіне жауапты.

Білім беру ордалары

Сурет:Jamia Ahmadiyya, Rabwah.JPG
Рабва қаласындағы Ахмадия университетінің пәкістандық кампусы

«Джәмийя Ахмадия» («Ахмадия университеті»), кейде «Ахмадиялық теология және тілдер университеті» деп аударылады. Бұл халықаралық исламдық семинария және білім беру ордасы. Оның дүниежүзі бойынша Африка, Азия, Еуропа және Солтүстік Америка құрлықтарында бірнеше кампустары бар. Ол 1906 жылы «Тәлимүл-Ислам» медресесі (кейінірек «Тәлимүл-Ислам» колледжі) ретінде құрылған. Бұл Ахмадия Мұсылман Жамағатының негізгі білім ордасы - ислам ғылымының орталығы және уағызшыларды дайындау мекемесі ретінде Мырза Ғұләм Ахмедпен құрылған. Оның түлектері Халифпен жамағаттың миссионерлері болып<ref name="whyahmadi"/> (оларды әдетте мурабби, имам, немесе мәуләнә деп атайды), немесе фиқһ (исламдық заң) мәселесін қарастыратын мүфтилер, фақиһтер етіп тағайындалуы мүмкін. Университеттің кей түлектері ислам тарихшылары болып қызмет атқарады. 2008-ші жыл бойынша университеттің 1300-ден астам түлегі жер жүзінде миссионер болып қызмет етуде.<ref name="tehrike">Үлгі:Cite web</ref>

Қосымша ұйымдар

Ахмадия Мұсылман Жамағатының қосымша бес ұйымы бар. Әр ұйым өз мүшелеріне рухани және ахлақи тәлім-тәрбие беру ісіне жауапты.<ref name="whyahmadi"/> • «Ләджнә Худаммүл» - барлық қосымша ұйымдардың ең ірісі болып табылады, ол жамағаттың 15 жастан үлкен әйел (қыз) мүшелерінен тұрады. • «Мәжлис Худаммүл Ахмадия» - жамағаттың 15-тен 40 жас аралығындағы ер мүшелерінен тұрады. • «Мәжлис Ансарулла» - жамағаттың жасы 40-тан асқан ерлерінен тұрады. • «Насиратүл Ахмадия» - жамағаттың 7-ден 15 жас аралығындағы қыз мүшелерінен тұрады. • «Әтфалүл Ахмадия» жамағаттың 7-ден 15 жас аралығындағы ер балалардан тұрады.

Бөлімшелері

Сурет:Flag hosting Jalsa Salana UK 2009.jpg
Ұлыбританияда халықаралық Жылсайынғы жиында көтерілген Ахмадияттың байрағы мен басқа елдердің тулар, 2009 жыл
Сурет:Flags at Jalsa Salana Germany 2009.jpg
Ахмадияттың байрағы мен Германия Федерацияларының тулары, Германиядағы ұлттық Жылсайынғы жиын, 2009 жыл

Бүкіләлемдік Ахмадия Мұсылман Жамағаты дүниежүзіндегі елдердегі ұлттық жамағаттардан тұрады, олардың өз елдеріндегі ұлттық кеңселері бар. Әрбір ұлттық жамағат аймақтық жамағаттарға бөлінеді, ал аймақтық жамағаттар жергілікті жамағаттарға бөлінеді.<ref>Үлгі:Cite book</ref> Көптеген жағдайларда әрбір жергілікті жамағаттардың өз орталықтары, мешіттері және миссионерлік үйлері бар. Әмір (немесе ұлттық президент) жамағаттың орталық органдарының бақылауында және ұлттық басқарма комитетіне бағынышты болады. Ұлттық басқарма комитеті (немесе ұлттық атқарушы орган): бас хатшы, қаржы хатшысы, уағыз жүргізу бойынша хатшысы, тәлім-тәрбие беру хатшысы, білім беру хатшысы және т.б. ұлттық хатшылардан тұрады. Бұл жүйе аймақтық және жергілікті жерлерде өздерінің ұлттық президентімен және атқарушы органдарымен басқарылады.<ref name="whyahmadi">Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite book</ref>

Атаулы күндері

Ахмади-мұсылмандары «Ид әл-Фитр» («Ораза айт») және «Ид әл-Адха» («Құрбан айт») секілді исламның негізгі мейрамдарын барлық мұсылмандарға ортақ дәстүрмен атап өтеді. Ахмади-мұсылмандары бұл мейрамдардан бөлек, басқа да бірнеше науқандарды атап өтеді, бірақта олар діни мейрам ретінде қарастырылмайды. Олардың ішіндегі ең негізгі діни науқан «Жалса Салана» («Жылсайынғы жиындар») болып есептеледі. Оның бастамасын Мырза Ғұләм Ахмед орнатқан, бұл жиын жамағаттың жылсайынғы формалды жиналысы болып есептеледі. Жалса Салананың мақсаты жамағат мүшелерінің бірілігін, ынтымағын, достығын нығайтып, діни білімдерін көбейту үшін ұйымдастырылады.<ref>Үлгі:Cite news</ref> Жамағаттың атап өтетін басқа да науқандарына мыналар жатады: «Мәуліт» (Мұхаммед пайғамбардың туған күні), «Ахмадия Жамағатының құрылған күні», «Уәделенген Реформатордың күні» және «Хилафат күні».

Репрессияға ұшыраулары

Ахмадия жамағатының ресми сайтының мәлімдемесі бойынша, бүкіл әлемде ахмади-мұсылмандарының саны 20 миллион шақты адам.<ref>Нарушение свободы вероисповедания. — Хью́ман райтс вотч. — P. 8. Ларри Деврис, Дон Бейкер, и Дэн Овермайер. Азиатские религии в Британской Колумбии. — Университет пресс Колумбии. — ISBN 978-0-7748-1662-5. Хуан Эдуардо Кампо. Энциклопедия ислама. — P. 24. — ISBN 0-8160-5454-1. Мусульмане – ахмади. pbs.org. Тексерілген 6 қазан 2013.</ref> Ахмади-мұсылмандары дінді уағыздау және Құран кәрімді түрлі халықтардың тілдеріне аудару ісінде белсенді түрде жұмыс атқарады. Әлемнің көптеген жерлеріндегі адамдар Ислам дінімен ахмади-мұсылмандары арқылы танысқан. Бұған қарамастан, қазіргі көптеген ислам елдерінде ахмадилер «мұсылман емес» деп жарияланған. Олар сол жақтарда жүйелі түрде түрлі қудалаушылықтар мен қысым-қанаушылықтарға ұшырауда.<ref name="persecution">Үлгі:Cite web</ref>

Бангладеш

Бангладеште фундаменталистік ислам топтары үкіметке талап қойған, Ахмадия жамағатының мүшелері ресми түрде «кәпірлер» ретінде жариялансын деп.<ref>Преследование мусульман-Ахмади в Бангладеше - Тихий голос</ref> Нәтижесінде, радикалды молдалардың үгітімен жаппай ереуілдер, зорлық-зомбылық шаралары ұйымдастырылуы арқылы, Ахмадия жамағаты қудалаушылқтарға ұшырай бастады.<ref>«Насильственные митинги против мусульман — ахмади в Дакке», BBC News</ref><ref>Преследование мусульман-Ахмади</ref> «Амнести интернейшнел» ұйымының мәліметі бойынша, Ахмадияттың ізбасарлары нақақтан тұтқындалып, ал кейбірі қастықпен өлтірілуде. 2003-ші жылдың соңында молда Мәуләнә Мұхаммед Хуссейн Мұмтаз бастаған бірнеше ірі ереуілдер Ахмадият мешіттерін тартып алуға бағытталды. 2004-ші жылы Ахмадияттың барлық басылымдарына шектеу қойылған.<ref>Bangladesh: Права Aхмадийского сообщества должны быть защищены, отчёт организации , «Международная амнистия»</ref>

Үндістан

Үндістанда ахмади-мұсылмандары көптеп тұрады.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Олардың көбі Үндістанның Керала, Рәжәстан, Одиша, Хәриян, Бихәр, Дели, Уттар-Прадеш штаттарында, сондай-ақ Пенжабтың Қадиан аумағына қоныстанған. Үндістанның заңы ахмадилерге мұсылман ретінде қарайды. 1970 жылдың 8 желтоқсанында Кераланың Жоғарғы соты, 206-шы қарал бойынша қабылдаған тарихи шешімі, ахмадилердің мұсылмандық статусын өзгертусіз қалдырған.<ref name=hoque>Үлгі:Cite web </ref> Соттың шешімі бойынша, ахмадилер мұсылман болып табылады және олар басқа мұсылман секталары тарапынан «діннен шыққандар» деп жарияланбайды, өйткені ахмадилер де исламның негізгі екі қағидасын ұстанады – яки, «Алладан басқа ешқандай құдай жоқ, және Мұхаммед Алланың құлы әрі елшісі».<ref name=ik-1400223>Үлгі:Cite web</ref> Бұл дегеніміз, Үндістанда ахмади-мұсылмандарының діни нанымына ешқандай құқықтық шектеулер жоқ және олар өздерін мұсылман деп атап, өз дінін еркін ұстай алады деген сөз.<ref name="hoque"/> Бірақта, Үндістанда «Ихуан әл-муслимин» («Мұсылман бауырлары») сектасының тарпынан ахмадилерге қарсы кейбір дискриминациялар жасалуда. Атап айтқанда, Үндістанның Ислам университеті мен «Дарул Улюм Деобанд» діни мектебі, ахмадилерді «мұсылман емес» деп жариялаған.<ref>Решение Дарул Улум Деобанд относительно общины «Ахмадийя».</ref> Үндістанның басқа да ислам секталарының лидерлері Ислам Кеңесінің отырыстарына ахмади-мұсылмандарының қатысуна қарсылық білдіруде. Ислам Кеңесі – бұл исламдық діни лидерлердің тәуелсіз органы, оны Үндістан үкіметі елдегі мұсылмандардың өкілі ретінде қабылдайды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2012 жылдың ақпан айында Андра-Прадеште уәкуфті кеңес бірнеше теңдесіз қарал қабылдап, Ахмадия жамағатына жататындардың неке рәсімін орындамасын деп, қазиге (ислам сотына) өтініш түсіргенді.<ref> Үлгі:Cite web</ref>

Индонезия

Индонезия тәуелсіздік декларациясын қабылдамастан бұрын, Ахмадия жамағаты бұл елде баяғыдан бар болатын. Дегенмен, ахмади-мұсылмандары Индонезияда діни құқықтары кемсітілген бірлестік саналады. Бұл тенденция 2000-шы жылдары елде исламдық фундаментализмнің белен алуымен күрт ұлғайған. 2008 жылы Индонезиядағы көптеген мұсылмандар Ахмадия қозғалысына қарсылық білдірген. Индонезиядағы Ахмадия жамағатына қарсы қудалаушылықты заңдастыру үшін елдің дін консерваторлары ірі ереуілдер ұйымдастыру арқылы үкіметке қысым көрсетпек болды. Индонезиядағы қоғамдық пікір Ахмадия жамағатына қатысты екіге бөлінді:

  • Индонезиядағы мұсылмандардың басым көпшілігінің пікірі бойынша, «Мұхаммед - Құдайдың соңғы пайғамбары» - делінген исламның негізгі принципін Ахмадият мойындамайды, сондықтан Ахмадия жамағатына тыйым салыну керек дейді. Сонымен қатар, ахмадилер ислам белгілерін өздеріне қатысты қолданбаулары керек. Молдалардың пікірі бойынша, ахмадилер Индонезияда дін бостандығына қатысты өз құқықтарын қорғау үшін, өз діндерінің белгілерін қолданулары керек.
  • Дегенмен, ахмади-мұсылмандары мен басқа да шағын діни бірлестіктердің, сондай-ақ көптеген үкіметтік емес ұйымдардың пікірі бойынша, ахмади-мұсылмандарының дін бостандығы қамтамасыз етілуі қажет, және де конституцияда қабылданған дін бостандығына сай, ахмадилер ислам белгілерін қабылдай ма, қабылдамай ма, оны өздері біледі.

2008 жылдың маусым айында, Ахмадия Мұсылман Жамағаты мүшелерінің уағыз жүргізу құқығын шектейтін заң қабылданды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite news</ref> Сол кезде жамағаттың қарсыластары ахмадилердің екі мешітін өртеп жіберді. Құқық қорғаушы ұйымдар дін бостандығына шектеу қойылғанына қарсылық білдірді. 2011 жылдың 6 ақпанында, Бантен провинциясының Пандегланд елді-мекенінде, Ахмадия жамағатының кейбір мүшелері радикалды топтармен қасақана өлтірілген. Соңғы бірнеше жылдардың ішінде дін бостандығын шектеген оқиғалар көбейіп кетті, әсіресе қоқан-лоқылық көрсету, жамағатпен намаз оқуға тыйым салу, мешіттерді өртеу секілді оқиғалар. Демократия мен бейбітшілік институтының мәліметі бойынша, 2008, 2009 және 2010 жылдар аралығында әлгіндей оқиғалар 17, 18 және 64 рет қайталаныпты.<ref>Үлгі:Cite news</ref> Бұл деректек барлық дін өкілдерін қудалаушылық әрекеттерді қамтиды. Дегенмен, өздерін таза мұсылмандар санайтын фундаменталистердің тарапынан қудалаушылыққа ұшыраған христиандардан гөрі, ахмадилердің көрген азабтары анағұрлым зұлматты. Индонезияда 2011 жылы Ахмадия жамағатына тыйым салуға шақырған үгіт-насихаттар көбейіп кетті.<ref>Эмсигион Кейт. «Исламская община Ахмадия сталкивается с запретом в Индонезии» BBC. Би-Би-Си, от 21 апреля 2011 ж. (Video)</ref> 2011 жылдың 6 ақпанында ашуға булыққан мың шақты фундаменталистік мұсылмандар, Ахмадия жамағатының шаруашылық үйін қоршап алып, полицияның көзінше үш адамды өлгенше соққының астына алған. Соққының астына алынған жәйттер интернетке салынып, сосын халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетілген.<ref>Indonesia: 3 Ahmadi Muslims killed, several injured in attacks in Pandeglang district in West Java. Ahmadiyya Times</ref><ref>Ahmadi Muslims martyred in Indonesia - Al Jazeera TV.youtube.com</ref>

Пәкістан

Сурет:Kalima erasing from Ahmadiyya-Mosque.JPG
Пәкістан полицейлері мұсылмандылықтың негізгі белгісі болған Калима Шаһадатты Ахмадия мешітінің маңдайшасынан өшіріп жатыр

Пәкістанда шамамен 4 миллионнан астам ахмади-мұсылмандары тұрып жатыр, бұл ел ахмади-мұсылмандарының басым көпшілігінің отаны болып табылады.<ref>Согласно переписи населения, в 1998 ж., в Пакистане проживают 291000 (0,22 %) мусульман — ахмади. Тем не менее, Ахмадийская Мусульманская Община бойкотировала перепись населения с 1974 года, поскольку официальные пакистанские власти приводят неточные данные. Независимые группы оценивают население мусульман — ахмади в Пакистане, где-то между 2 и 5 миллионами мусульман — ахмади. . See:

  • большее двух милионов: Үлгі:Cite web
  • 3 миллиона: Международная федерация по правам человека: Международная миссия. Свобода выражения мнения, ассоциаций и собраний в Пакистане. «Aусгип» 408/2, Январь 2005, стр. 61 PDF
  • 3-4 миллиона: Комиссия по международной религиозной свободе: Годовой отчет комиссии США по международной религиозной свободе, 2005 год, стр. 130.
  • 4.910.000: Джеймс Mинихан: Энциклопедия лиц без наций. Этнические и национальные группы по всему миру. «Гренуорд пресс». «Уэстпорт», 2002, стр. 52.
  • Үлгі:Cite web</ref> Пәкістан, ахмадилерді ресми түрде «мұсылман емес» деп таныған жалғыз ел, өйткені ондағы ислам ғұламаларының басым көпшілігінің пікірі бойынша, ахмадилер - «Мұхаммед пайғамбарды соңғы пайғамбар» деп санамайды.<ref>Khan, Naveeda. "Нарушение прав государством: Служение духовной дилемме через торговую марку, «Сараи Ридер», 2005 год: законодательные акты, стр. 184.</ref> 1974 жылы Пәкістан парламенті ахмадилерді «мұсылман емес» - деп жариялайтын заң қабылдады.<ref name=autogenerated1>Үлгі:Cite web</ref> Бұл заңның қабылдануына Пәкістанның Ұлттық Ассамблеясында бас қосқан исламның 72 ағым лидерлерінің ортақ шешімі негіз болған.<ref>Пәкістанның "Nawai Waqt" газеті, 6 қазан 1974 жыл.</ref> Пәкістанның конституциясына еңгізілген өзгертуі бойынша, Мұхаммедтің соңғы пайғамбар екеніне сенген адамды ғана – «мұсылман» -деп тануға болады.<ref name=autogenerated1 /><ref>Mahzarnamat - The Memorandum. Submission by the Ahmadiyya Muslim Jama‘at to the National Assembly of Pakistan regarding its basic tenets (ауд.: Меморандум. Ахмадия Мұсылман Жамағаты өзінің басты сенім қағидаттарын Пәкістанның Ұлттық Ассамблеясына ұсынуы). Islam International Publications Ltd 2003</ref><ref>Үлгі:Cite web Сараи Ридер 2005: законодательные акты, стр. . p. 178.</ref> 1984 жылы, сол кездегі Пәкістанның әскері басшысы генерал Зия-үл-Хақ №ХХ бұйрықты шығарды. Бұл бұйрық ахмадилерге өздерін мұсылман деп атауға және оларға мұсылмандық рәсімдерді орындауға тыйым салды. Бұл деген, енді ахмадилер ислам қағидаттарын ашық түрде орындау құқықтарынан айрылды дегенді білдірді.<ref>Хайнер Билефельдт: «Мусульманские голоса в дискуссии по правам человека», Ежеквартальный выпуск «Права человека», 1995 год, стр. 587.</ref> Пәкістандағы ахмади-мұсылмандарына Ахмадилік мешіттерден басқа жерлерде ғибадат етулеріне тыйым салынған. Сондай-ақ, оларға азан шақырыруға, жұрттың көзінше мұсылманша амандасуға, жұрттың көзінше Құран оқуға, қоғамдық жерлерде уағыз айтуға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар оларға өздерінің діни әдебиеттерін басып шығаруға, оны таратуға рұқсат етілмейді. Бұндай әрекеттері үшін ахмадилер үш жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасынан тартылатын болды. Пәкістанның барлық азаматтары төлқұжатын немесе жеке куәлігін алған кезде Мырза Ғұләм Ахмедті "өтірікші" және "жалғаншы пайғамбар" ретінде жариялайтын қағазға қолдарын қойып куәліктерін берулері керек болды. Бұндай куәлікті бермеген ахмадилердің құжаттарына олардың «мұсылман еместігі» жазылады.<ref name=autogenerated2>Үлгі:Cite webBBC News, Karachi, 16 маусым 2010</ref> Бұндай төлқұжатпен Пәкістанның ахмади-мұсылмандарына қажылық парызын өтеуге рұқсат берілмейді. Нобел сыйлығының иегері физик-теоретик доктор Әбдус Салам тірісінде ахмади-мұсылманы болғандықтан, оның қабір құлпытасындағы «мұсылман» сөзі өшіріліп тасталған.<ref name="autogenerated2"/>

Пәкістандағы ахмади-мұсылмандарына қатысты қабылданған заңдардың нәтижесінде, халықтың ішінде оларға деген жеккөрініш сезімдерін ұялату және оларды қуғындау шаралары елдің жер-жерінде күрт көбейіп кетті. Ахмадилер түрлі діни топтардың тарапынан зорлық-зомбылықтардың нысанасына айналды.<ref>Islamic mob burns to death an Ahmadi Muslim woman and two children in Gujranwala, Pakistan (ауд.: Пәкістанның Гужравал қаласында радикалды-мұсылмандық топ ахмади-мұсылмандарының бір әйел және екі баласын тірідей өртеп жіберген). Herald Sun, 28 шілде 2014</ref><ref>В Пакистане из-за поста в Facebook начались уличные беспорядки</ref><ref>Преследование Aхмадийского сообщества в Пакистане: анализ в рамках международного права и международных отношений, Гарвард, журнал по правам человека, том 16, қыркүйек 2003 ж.
[http://news.bbc.co.uk/2/hi/south_asia/4317998.stm «Eight die in Pakistan sect attack»
, BBC News
«Офисы Ахмадийской Общины закрыты в Пакистане», Новости Би-Би-Си</ref> Пәкістанда Исламның түрлі секталарына қарасты барлық діни мектептер мен медреселердегі басты оқулар, ахмадия сенімдеріне қарсы бағытталған материалдардан басталатын болды.<ref>Обитатели чуждых миров. Современная Южная Азия, 2004 год, голосование в системе образования Пакистана, Тарик Рахман, стр. 15.</ref> 2005 жылы жүргізілген сауалнама бойынша, Пәкістанның жеке меншік мектептерінде оқитын оқушылар, елдегі діни толерантылықтың ахуалына қатысты мәселеге өз пікірлерін білдірген болатын. Зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, ахмади-мұсылмандары Пәкістанның тіпті бетке ұстар мектептерінің өзінде де, тең мүмкіншіліктер мен азаматтық құқықтың қорғалуында, жүйелі түрде кемсітушіліктерге ұшырайтын болып шықты. Сауалнама барысында, тіпті осы бетке ұстар мектептердің ұстаздары, ахмадилерге қатысты толеранттылықта, оқушылардан да төмен нәтиже көрсеткен.<ref>Мир и демократия в Южной Азии, том 1, № 1, январь 2005 ж. Привилегия паспорта: средняя школа с английским языком обучения в Пакистане, Тарик Рахман.</ref> Ахмадилер пәкістандық Пенжаб провинциясының кейбір мектептері мен университеттерінде жәбір көріп, ұстаздары тарапынан қудалаушылықтарға ұшырауда. Көптеген білім ордаларының директорлары, ұстаздары және өшпенді студенттерінің тарапынан ахмади студенттеріне қоғамдық байкот жариялау, жәбір, қоқан-лоқы көрсету фактілері орыналған.<ref>Ahmadis: The lightning rod that attracts the most hatred (ауд.: Ахмадилер - ең сұрқия жеккөрушілікті өздеріне тартатын найзағай тартқыш іспетті), "Dawn" газеті, 28 қазан 2011</ref>
2010 жылдың 28 мамырында ахмади-мұсылмандарына зорлық-зомбылық көрсетудің бүгінгі күндегі ең зұлматты көрінісі орыналды.<ref>Пакистан винит в нападениях на мечети ахмадия талибов, Русская служба "ВВС", 29 мамыр 2010 ж.</ref> Экстремисті діни топтың (бәлки, «Тахрика Талибан Пенжаб» тобының) бірнеше мүшесі Лахордағы ахмадилердің екі мешітіне басакөктеп кіріп, оңды-солды оқ жаудырған. Олардың үшеуі сосын өздерін жарып жіберген. Содырлардың шабуылынан 86 адам қаза болып, 100-ден астамы жарақаттанды.<ref>Нападение на мечети ахмадия в Лахоре: более 80 погибших, Русская служба "ВВС", 29 мамыр 2010 ж.</ref><ref>Clarification – 86 Ahmadis died in the Lahore attacks (ауд.: Анықтау - Лахордағы шабуылдардан 86 ахмади қаза болды), alislam.org, 12th маусым 2010</ref> Шабуыл жасалған кезде, Ахмадия жамағатының мүшелері мешітке жұма намазына жиналған болатын.<ref>Pakistan mosque attacks in Lahore kill scores (ауд.: Пәкістанда Лахор мешіттеріне шабуыл жасалды, ондаған адамдар қаза тапты) BBC news, South Asia, 29 мамыр 2010</ref> Осы террористік актіден кейін, Пәкістанның шағын қауымдарының ісін қарайтын министр Шахзаб Бхатти, көңіл білдіру үшін ахмади-мұсылмандарының жамағатына бас сұққан.

Палестина

Ахмади-мұсылмандары Палестина жерлеріндеде тоқтаусыз қудалаушылықтарға ұшырауда.<ref>Palestinian Muslims who reject violence are persecuted (ауд.: Зорлық-зомбылықтан бас тартқан палестиндық (ахмади) мұсылмандары қудалаушылықтың нысанасына айналды). Israel Today Staff, 07 маусым 2010</ref> 2010-шы жылдары тек қана ахмади болғаны үшін, заңды жұбайлардың некелерін заңсыз деп жариялап, некелерін күштеп бұздырту фактілері анықталған.

Сауд Арабиясы

Ахмади-мұсылмандары Сауд Арабияда тоқтаусыз қудалаушылықтарға ұшырауда.<ref>Saudi Persecution of Ahmadiyya Muslim Community continues (ауд.: Саудилықтар Ахмадия Мұсылман Жамағатың қуғын-сүргінге ұшыратып жатыр) The Persecution.org, 24 March 2008</ref> 2007 жылдың 24 қаңтарында «Хью́ман райтс вотч» құқық қорғау ұйымы Сауд Арабияның патшасы Әбдуллаға ашық хат табыстаған, хатта Сауд Арабиядағы ахмади-мұсылмандарына қатысты діни қудалаушылықтарды тоқтатуды сұраған.<ref>Letter to King Abdullah (ауд. Әбдулла Патшаға ашық хат). hrw.org, 23 қазан 2011</ref> Сауд Арабияның діни заңы бойынша, ахмади-мұсылмандарына Меккеге кіріп қажылық рәсімін орындауға тыйым салынған.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>