Иман

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ислам Иман (Үлгі:Lang-ar‎‎ ­– сенім:сену, илану, қабылдау) – Алла Тағаланың өсиетін және оның елшісі Мұхаммед пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтқандарының барлығын жүрегімен толық қабыл алу.

Мағынасы

Иман сөзі - араб тіліндегі «ә-мә-нә (Үлгі:Lang-ar)» етістігінен шығып, ифғал (Үлгі:Lang-ar) бабында қолданылған масдар (Үлгі:Lang-ar — түбір сөз) болып саналады. Ал жалпы иман ұғымы — сену, нану, бір адамның сөйлеген сөзін қуаттау, айтқанын қабыл ету, шын көңілімен қабыл ету, күмәнға жол берместен нақты, жүрекпен, шын ықыласпен сену деген мағыналарды береді. Иман еткен кісі «мумин (Үлгі:Lang-ar)», иман етілген нәрселерге де «муминун би… (Үлгі:Lang-ar)» дейді.

Алла Тағала айтады: Үлгі:Quotation

Иман негіздері (Үлгі:Lang-ar)

Үлгі:Main Иманның отауы – Жүрек. Сонымен бірге, адам жүрегімен иман еткенін тілімен дауыстап айтуы (иқрар) керек. Адам иман етпей, мұсылман болмайды, яғни иман – мұсылмандардың бес парызының алғашқысы әрі негізгісі. Иманның алты шарты бар. Олар:

1) Алла Тағала хақтығына сену;
2) Періштелер мен шайтандардың барына сену;
3) Алла Тағала тарапынан түсірілген кітаптарға сену;
4) Пайғамбарларға сену;
5) Ақыретке, қиямет-қайым күніне, О дүниеге сену;
6) Осы өмірдегі жақсылықта, жамандықта Алланың ісі екеніне сену.

(Әр шартты ұғыну мақсатында зерттеуде Ілім парызы Иман парызынан бұрын тұрады) Иман келтіргеннен кейін (ер адамдар сүннетке отырып) кәлимаға тілін келтірген адам мұсылман болып саналады. Бұл алты шарттың біріне күмән келтіргеннің сенімі толық болмайды. Иман – тәсілім етуді қажет етеді. Ақылдың шектеулі өлшемімен шешілмейтін кейбір тылсым, әрі тұңғиық түйінді мәселелерді талқыға салмай, таразыламай тәсілім ету (қалтқысыз сену) керек. Иман – тақлиди иман және тахкики иман болып екіге бөлінеді. Тақлиди иман – қоршаған ортаның әсерімен немесе біреулерден естіп, соларға елітіп мақұлдау. Бұл иманның әлсіз түрі болып саналады. Абай мұндай иманды сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек деген. Тахкики иман – санамен саралап, сезіммен қуаттап, зерттеп іздену нәтижесінде толық көз жеткізу. Мызғымас бекем сенім болып табылатын мұндай иман “яқини иман” деп те аталады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref><ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте:

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Ешбірің өзіне қалағанын мұсылман бауырына да тілемейінше, толық иман еткен болып саналмайды – деп айтты» – деген. (Бухари, Муслим риуаят еткен)

Тағы қараңыз

Сілтемелер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub