Құдай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Құдай — құдіретті күшті Жоғарғы Болмыс. Монотеизмде — әлемнің жаратушысы, түсініксіз, танымсыз, ұқсасы жоқ Абсолют. Әртүрлі киелі кітаптарда әртүрлі есімдері бар: Авестада — Ахурамазда; Тәуратта — Яхве; Інжілде — Иеһова; Құранда — Аллаһ. Бірақ сол киелі кітаптардың бәрі бір Құдай жайлы айтатыны көпшілікке түсініксіз, сондықтан діндердің бір-бірінен алшақтануы соған байланысты. Бұл түсініксіздік сол діндердің киелі кітаптарының әртүрлілігінен туындайды. Діндердің бәрі бір Құдай жайлы айтатынына көз жеткізген кейбір синкретиктер діндерді біріктіру әрекетін жасаған еді. Мысалы, I Акбар діниллаһиді, Баһаулла баһаиді, Баб Бабиді, Толстой Толстойлықты құрды.