Ибн Араби

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Ибн Араби, Мұхаммед ибн Әли ибн Мұхаммед ибн Араби әл-Хатими әт-Таи әл-Андалуси, лақап есімі: шейх әл-Әкбар – “ұлы шейх” (1165-1240) – араб ойшылы, ақын, ортағасырлық сопылық ағымының ықпалды өкілдерінің бірі.<ref name="WDL">Үлгі:Cite web</ref>

Андалусияда туып, сонда білім алды. Шығыс мұсылман елдерін аралап, Каир, Шам (Дамаск), Бағдат, Коньяда болып, белгілі ғалым, ойшылдармен танысты. Ибн әл-Арабидің философиялық көзқарасы пантеистік сипатта болды. Барлық заттардың біртұтас мәні бар деп санады. Оның пікірінше, бұл мән құдайлық субстанцияны бейнелейді, ол таклидті, яғни көпшілік жұрт тәжім ететін адами беделді бекерге шығарады. Ибн әл-Араби сопы болғандықтан, құдайды жоғарғы, абстракциялық ақиқат арқылы тануға болады дейді. Ең басты еңбектері: бірнеше томнан тұратын “әл-Футухат әл-Маккийя”, “Китаб әл-мусамарат уа-л-мухадарат”, т.б.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}