Пиреней түбегі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Пиреней түбегі немесе Иберия түбегі (Үлгі:Lang-es; Үлгі:Lang-ca; Үлгі:Lang-eu; Үлгі:Lang-pt; Үлгі:Lang-fr; Үлгі:Lang-en) — Еуропаның оңтүстік батысында орналасқан. Еуропаның басқа бөліктерінен Пиреней таулары, Африкадан Гибралтар бұғазы арқылы бөлінген. Пиреней түбегін Атлант мұхиты қоршап жатыр. Аумағы 584 мың км². Жағалары нашар тілімденген, тек солтүстік-батыс бөлігінде риас типтік жағалар (теңіз суының тау аңғарларына толуы) тараған. Жер бедерінде таулы үстірттер (Месета, Галисия) мен ұзына бойы созылып жатқан тау жоталары (Пиреней, Кантабрия, Каталония, Иберия, Андалусия, т.б.) басым. Ең биік жері — Сьерра-Невада жотасындағы Муласен тауы (3478 м). Пиреней түбегінің жағалау бөлігін шағын ойпаттар (Португал, Андалус, Арагон, т.б.) алып жатыр. Климаты субтропиктік, жерортатеңіздік типке жатады, солтүстігінде және солтүстік-батысында теңіздік климат басым. Ірі өзендері: Тахо, Эбро, Дуэро, Гвадиана, Гвадалквивир. Жерінің 40%-ын ормандар мен бұталар алып жатыр. Негізгі өсімдіктері — жерортатеңіздік бұталар (маквис, гарига), шалғындар. Пиреней түбегінде Испания, Португалия, Андорра мемлекеттері мен Британия қауымдастығына қарайтын Гибралтар орналасқан.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Пиреней түбегі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}