Пайғамбар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ислам

Сурет:Dcp7323-Edirne-Eski Camii Allah gold5a.svg
Аллаһ сөзінің араб тіліндегі жазылуы

Пайғамбар ("پیغمبر" парсы پیغم “пайғам” – хабар және "بر" “бар” – алып барушы) – қауымға Аллаһ ақиқатын жеткізіп, Құдайдың барлығы мен бірлігін мойындауға шақырушы адам. Бүкіл жаратылыс ішінде ақылымен ерекшеленетін адам баласына Аллаһ дүниедегі тіршілік пен мәңгілік өмірдің сырларын ашу үшін Пайғамбарлар мен арнайы кітаптарын және сүйікті құлдарын жіберді. Имандағы жеті парыздың бірі – “Алла тағаланың жіберген пайғамбарларына сену”. Ислам теологиясында бұл мәселе нубууат (пайғамбарлық) деп аталып, зерттеледі. Пайғамбарлық екі түрлі болады: нәби және расул.

  • Нәби (Үлгі:Lang-ar) – періште арқылы уаһи (арнайы хабар) түсірілген немесе жүрегіне илһам арқылы білдірілген яки аян-түс арқылы хабар алып отырған Құдай тағала тарапынан таңдалған ерекше пенделер.
  • Ал расул (Үлгі:Lang-ar) – пайғамбарлық хабарын қабылдап, Жәбірейіл періште арқылы арнайы кітап түсірілген, Аллаһ тағаланың үкімдерін халыққа жеткізуші ретінде жіберілген, кемелдікке жеткен адам. Сондықтан расулдың бәрін нәби деуге болғанымен, әрбір нәбиді расул деуге болмайды. Пайғамбарлық құдай тағаланың арнайы таңдауымен болатындығы жайлы Құран Кәрімде айтылады (Жұма сүресі, 2, 4-аяттар.).

Пайғамбарлардың сипаттары мен ерекшеліктері мыналар:

  • Пайғамбарлардың бәрі ер кісілерден болған.
  • Олар күнәдан пәк, бірақ қателіктері болған.
  • Олар ең сенімді адамдар, Алла тағаланың бұйрықтарын қоспай-кемітпей жұртқа жеткізіп отырған, Алла тағаланың үкімін адамдарға жеткізетін кезде жанқиярлық ерлікпен, аса шыншыл әрі турашылдығымен ерекшеленген.
  • Кез келген адам ұрпақтары біле бермейтін құпия нәрселерді уаһидің сәулесімен біліп, жұртқа үйреткен, адамдарға Алла тағаланың аяттарын оқыған, кітап пен хикметті үйреткен.
  • Игіліктің бұл дүниеде адамдардан емес, ақыретте, әлемдерді жаратып тәрбиелеуші болған Алла тағаладан алынатындығын көрсеткен жандар. Пайғамбарлар адамдардың сұрауына байланысты, өздерінің пайғамбарлығын дәлелдеу және Алла тағаланың құдіретін көрсету үшін арнайы мұғжиза (әдеттен тыс жағдайлар) көрсеткен құлдар.

Алғашқы пайғамбар Адам ата (ғ.с.) туралы ең соңғы пайғамбардың сахабаларының бірі болған Әбу Зәр әл-Ғифари былай дейді, мен пайғамбардан: “Я расулаллаһ! Ең алғашқы пайғамбар кім болған?” деп сұрадым. Пайғамбарымыз: “Әзіреті Адам” деп жауап қайырды. “Ол кісі де пайғамбар болған ба?” деп сұрадым. Ол “әрине ол толық пайғамбар болған” деді. Тағы да мен “Расулаллаһ! Пайғамбарлардың саны қанша болған?” деп сұрадым. Ол кісі: “жүз жиырма төрт мың” деп жауап қайырды. “Я расулаллаһ! Олардың нешеуі расул?” деп сұрадым. Ол кісі: “үш жүз он бес кісілік бір жамағаты” деді (Ибн Сад, Табақат 1-т., 32-б.). Кейбір деректерде “үш жүз он үш” деп келтірілген. Ал соңғы Пайғамбар – Мұхаммед пайғамбар расул әрі нәби. Бұл туралы Құран Кәрімде: “...Алланың елшісі және пайғамбарлардың соңы. Алла әр нәрсені толық білуші” делінген (Аһзаб; 40). Құран Кәрімде жиырма сегіз пайғамбардың аты кездеседі. Олардың үшеуі Лұқман, Зұлқарнайын және Узайр – пайғамбар ма, әулие ме деген сұрақтар туындап, ихтилафты мәселе болып қалған. Пайғамбарлардың арасында ең ұлықтары, құрметтілері бар. Олар: Нұқ пайғамбар, Ибраһим, Мұса пайғамбар, Иса, Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) (Табари тәпсірі; 26-т., 37-б.). Алла тағала тарапынан Пайғамбарларға жүз төрт кітап түсірілген. Төртеуі ұлық кітап, олар: Таурат, Інжіл, Зәбур, Құран Кәрім, қалған жүзі парақ күйінде болған.

Пайғамбарлардың қасиетi

Ей, перзентiм, бiлгенiң жақсы, Алла Тағала күллi өзiнiң құдiрет күшi әдiлдiгiн әмбеге паш еттi. Әрбiр зат, жан-жануарға қадiр-қасиет, түр-тұлға, көрiк, сипат бердi. Алла Тағала бiлiмсiзден - бiлiмдiнiң, көрiксiзден - көрiктi сұлудың, жоқшылықтан - баршылықтың абзалдығын танытып, адам мен хайуанның парқын аспан мен жердей ете бiлдi. Әрбiрiне өзiне тән түр-тұлға, сыр-сипат бердi.

Және ол қасиеттi өзiнен соңғы үрiм-бұтақтарына да дарытты. Көру үшiн көз, сөйлеу үшiн сөз, ойланып пайымдау үшiн ақыл-ес бердi. Алла Тағаланың құдiретi күштiлiгiн, күнсiз сәуле және жылылық таратуға, бұлтсыз күн жаудыруға шамасы келетiндiгiнен байқауға болады. Алла Тағаланың кереметiнiң шегiн болжауға ешкiмнiң де ақылы жетпейдi. Жұлдыздар әсерiмен дүниеге iзгiлiк немесе апат жiберуге құдiретi бар. Жақсылық пен жамандыққа өзiнен басқа бiр қалыс заттарды себепшi етедi. Мәселен, бұлт - жаууға, күн - дүниенiң нұрлануына, түн - қараңғылануына, жұлдыздардың ағуы - қараңғыда жарқырап көрiнуге себепшi болады. Бұлардың алма-кезек ауысып тұратын қозғалысына тән жүйелi заңдылықтар бар. Егер бұл заңдылықтар бұзылса, жүйесiздiк, тәртiпсiздiк белең алып, дүние астан-кестең болады. Осы табиғи заңдылықтардың сақталу нәтижесiнде күллi әлемде жүйелi тәртiп орнайды. Осыған орайлас дүние түйсiгiн де жаратқан. Дүниеде бiр нәрсе пайда болса, ол екiншi нәрсеге айналып, Алла Тағаланың әмiрiне дәлел болады.

Ей, перзентiм, қалайда дүние заңдылықтарына немқұрайды бейтарап қарауға болмайды. Оның оңы мен терiсiнен, өңi мен астарынан хабарың болсын. Мысалы, тұқымның өнiп шығуына топырақ пен су себепшi. Егер жерге сепкен ұрығың уақтылы бөртiп шықпаса, ол тек қана жердiң кiнәсi деп түсiнбе. Сол сияқты ойлаған мақсатың орындалмаса, оған жұлдыздар немесе замана айыпты деп ойлама. Олардың кейбiр керi әсерi болғанымен, тiкелей қатысы болмауы ықтимал. Мәселен, ұрықтың өнiп шығуына жердiң тiкелей қатысы бар, бiрақ бидай ексең, одан арпа өндiруге шамасы келмейдi. Жұлдыздардың да ықпалын осылай түсiну керек.

Дүние түзiлгенде ұлы даналықпен түзiлiп, оған көркемдiк пен сұлулықты үйлестiрдi. Егер оған жiтi көзбен назар салсаң, көркемдiк көкжиегiнiң шексiз екендiгiн байқайсың.

Дүниедегi өсiмдiк пен жан-жануар iшiп-жемек, киiм кимек, жақсылық пен жамандықтың бәрi де дүниенiң мүлкi, көркi, сұлулығы деуге болады. Алла Тағаланың кереметiнен де осыларды байқау керек.

Ей, перзентiм, бiлгенiң жақсы, Алла Тағалам дүниенi жаратумен бiрге, ризық-несiбенi қоса жаратты, iшiп-жеудi, нәпсiнi жаратты. Бұлар болмаған жағдайда дүние бiр ойыншық сияқты ғана болар едi. Алла Тағала адамзатты жаратты, оған қажеттi заттық игiлiктердiң алуан түрiн пайда қылды. Адамның өмiр сүруiне қажеттi өнер, бiлiм, саясат ағымдарын жаратты. Егер саясат салтанат құрмаған жағдайда, адам баласы көп нәрседен хабарсыз қалған болар едi. Сондықтан адамзатқа саясат ауадай қажет болады. Саясатсыз қоғамда әдiлетсiздiк үстемдiк құруы сөзсiз. Алла Тағала саясатты дұрыс алып бару үшiн, пенделерiне пайғамбарларды (елшiлердi) жiбердi. Халыққа, құдайға құлшылық етудiң жолдарын үйретсiн дедi. Алла Тағаланың берген ризық-несiбесiне, түр-тұлға, көрiк-сипатына шүкiрлiк етiп, мойынсұндыру үшiн жiбердi. Адамның қасиетi басқа түрлi жан-жануардан әлдеқайда жоғары дәрежеде. Сондықтан да адам баласы өзiн тура жолға салушыларды танып-бiлуге мiндеттi. Ризық-несiбенi жеткiзушiнi ойында сақтауы шарт. Пайғамбарлардың бар екенiн ақиқат деп түсiнiп, әзiрет Адамнан Мұхаммед пайғамбарға дейiнгiлердi бiрiнен бiрiн кем демей, дiнге шын көңiлiмен сенiп, Алла Тағалаға құлдық етушiлер дүниеде өзiнен соңғыларға жақсы атақ қалдырады.

(«Қабуснама» кiтабынан)

Пайғамбардын бәрі Ислам дінімен түскен

Нұх (عليه السلام): وَأُمِرْتُ أَنْ أَكُونَ مِنَ الْمُسْلِمِينَ {72}10 - يونس «Сондай-ақ мен мұсылмандардан болуға әмір етілдім» Юнус сүресі 72 аят.

Иброһим(عليه السلام):

وَمَن يَرْغَبُ عَن مِّلَّةِ إِبْرَاهِيمَ إِلاَّ مَن سَفِهَ نَفْسَهُ وَلَقَدِ اصْطَفَيْنَاهُ فِي الدُّنْيَا وَإِنَّهُ فِي الآخِرَةِ لَمِنَ الصَّالِحِينَ {130} إِذْ قَالَ لَهُ رَبُّهُ أَسْلِمْ قَالَ أَسْلَمْتُ لِرَبِّ الْعَالَمِينَ {131} وَوَصَّى بِهَا إِبْرَاهِيمُ بَنِيهِ وَيَعْقُوبُ يَا بَنِيَّ إِنَّ اللّهَ اصْطَفَى لَكُمُ الدِّينَ فَلاَ تَمُوتُنَّ إَلاَّ وَأَنتُم مُّسْلِمُونَ {132}2 - البقرة «Ақылсыздан басқа кім Ибраһимнің жолынан бас тартады? Расында біз оны бұл дүниеде таңдамалы еттік. Және ол ахиретте салихалылардан болады. Раббысы оған: «Бой ұсын!» - деді. Ол: «Бүкіл әлемнің Раббысына бой ұсындым» - деді. Ибраһим бұны өз ұрпағына өсиет етті, және Яғқұп та: «Әй ұлдарым, расында Аллаһ сендерге бір дін таңдады. Ендеше мұсылман болмайынша өлмеңдер!» - деді». Бақара сүресі 131-132 аяттары.

Иағқуб(عليه السلام): أَمْ كُنتُمْ شُهَدَاء إِذْ حَضَرَ يَعْقُوبَ الْمَوْتُ إِذْ قَالَ لِبَنِيهِ مَا تَعْبُدُونَ مِن بَعْدِي قَالُواْ نَعْبُدُ إِلَـهَكَ وَإِلَـهَ آبَائِكَ إِبْرَاهِيمَ وَإِسْمَاعِيلَ وَإِسْحَاقَ إِلَـهاً وَاحِداً وَنَحْنُ لَهُ مُسْلِمُونَ {133}2 - البقرة «Яғқұпқа өлім сәті келгенде куәгер ме едің? Ол өз ұлдарына: «Менен кейін кімге құлшылық қыласыңдар?» - деді. Сонда олар: «Біз сенің тәңіріңе, және аталарың Иброһим, Исмаил, Исхақтың тәңірі (болған бір Аллаға) құлшылық қылымыз, және біз оған бой ұсынамыз». Бақара сүресі 133 аят

Юусуф(عليه السلام): رَبِّ قَدْ آتَيْتَنِي مِنَ الْمُلْكِ وَعَلَّمْتَنِي مِن تَأْوِيلِ الأَحَادِيثِ فَاطِرَ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضِ أَنتَ وَلِيِّي فِي الدُّنُيَا وَالآخِرَةِ تَوَفَّنِي مُسْلِماً وَأَلْحِقْنِي بِالصَّالِحِينَ {101}12 – يوسف «Раббым маған патшалық бердің және түстерді жоруды үйреттің. Көктер мен жердің жаратушысы, Сен дүние-ахиретімде Иемсің, менің жанымды мұсылман күйде алып, салихалалардың қатарына қоса гөр». Юсуф сүресі 101 аят.

Балқис пен Сүлеймен(عليه السلام): قَالَتْ رَبِّ إِنِّي ظَلَمْتُ نَفْسِي وَأَسْلَمْتُ مَعَ سُلَيْمَانَ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ {44}27 – النمل «Раббым, шынында мен өз-өзіме зұлымдық жасаған екенмін. Енді Сүлейменмен бірге барша әлемнің Раббысы Аллаға бой ұсындым». Нәмл сүресі 44 аят.


Мұса(عليه السلام) :

وَقَالَ مُوسَى يَا قَوْمِ إِن كُنتُمْ آمَنتُم بِاللّهِ فَعَلَيْهِ تَوَكَّلُواْ إِن كُنتُم مُّسْلِمِينَ {84}10 – يونس «Мұса еліне: «Әй, елім! Егер Аллаға иман келтіріп, мұсылман болсаңдар, Оған тәуекел етіңдер!». Юнус сүресі 84 аят.

Иса, (عليه السلام): فَلَمَّا أَحَسَّ عِيسَى مِنْهُمُ الْكُفْرَ قَالَ مَنْ أَنصَارِي إِلَى اللّهِ قَالَ الْحَوَارِيُّونَ نَحْنُ أَنصَارُ اللّهِ آمَنَّا بِاللّهِ وَاشْهَدْ بِأَنَّا مُسْلِمُونَ {52} 3 - سورة آل عمران «Сонда Иса олардан карсылық (күпірлік) сезген кезде: «Алла жолында жәрдемшім кім?» - деп сұрайды. Хауарилер: «Біз Алла үшін көмекшіміз, куә бол, Аллаға иман келтірдік, және біз шынайы мұсылманбыз» - деді. Әли Ғимран сүресі 52 аят.

Жындардың хақ діні ислам:

وَأَنَّا مِنَّا الْمُسْلِمُونَ وَمِنَّا الْقَاسِطُونَ فَمَنْ أَسْلَمَ فَأُوْلَئِكَ تَحَرَّوْا رَشَداً {14} وَأَمَّا الْقَاسِطُونَ فَكَانُوا لِجَهَنَّمَ حَطَباً {15}72- الجن «Біздің арамызда мұсылмандар да тура жолдан адасқандар да бар. Кім мұсылман болса, тура жолға ерді. Ал енді адасқандар, тозаққа отын болады». Жын сүресі 14-15 аят.

Пайғамбарымыз Мұхаммед :

الْيَوْمَ أَكْمَلْتُ لَكُمْ دِينَكُمْ وَأَتْمَمْتُ عَلَيْكُمْ نِعْمَتِي وَرَضِيتُ لَكُمُ الإِسْلاَمَ دِيناً{3} المائدة «Бүгін діндеріңді кәміл қылдым, және Өз нығметімді тәмәмдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінімен (ғана) разы болдым» – деді. Мәида сүресі 4 аят.

Сыртқы сілтемелер

Тағы қараңыз

Аллаһ
Ислам
Мұхаммед
Құран
Исмәт
Сыдық
Аманат
Фәтәнат
Тәблиғ


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Пайғамбар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}