Шаһада

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ислам Шаһада (Үлгі:Lang-ar) — Исламда иман келтіру. Бұл Исламның бес парыздарының бірі болып, ал шаһаданы мойындайтын адам мұсылман болып саналады.

  • Исламдық діни нанымдағы бірінші және ең маңызды ереже. Шаһада алғашқы мұсылмандардың басқа адамдардан, ең алдымен көп Құдайға сиынатын пұтқа табынушылардан ерекшеленуі және намаздық азан шақыру түрінде пайда болды. Ұрыс кезінде шаһада жауынгерлік ұран ретінде пайдаланылды. Осыдан келіп, алғашқыда шаһада ұранын айта жүріп Ислам жауларына қарсы соғыста қаза тапқан жауынгер, кейін дін жолында азап шегуші мағынасындағы шайт (араб. шахид) болу ұғымы пайда болған.
  • Қандай да бір істі куәландыру үшін айтылатын куагер дәлелі. Шаһада шындыққа сай келуі үшін өте тура болуы қажет, басқаша айтқанда, егер ол біреудің тапсырмасы немесе өсиеті болмаса, басқа біреудің сөзі түрінде айтылмауы қажет. Шаһаданы толық құқылы екі еркек немесе төрт әйел ғана бере алады. Бас еркі жоқ адамның шаһадасы әйелдің шаһадасына тең деп саналады. Басқа діндегілердің шаһадасы, бір мазһабтың көзқарасы бойынша - егер ол дін мәселесіне қатыссыз болса, мұсылманның шаһадасына теңестіріледі, бірақ ол өз дінінің қағидасы бойынша ант беруі қажет. Ал басқа бір мазһабтың көзқарасы бойынша, басқа діндегілердің шаһадасы мүлде қабылданбайды. Егер алдын ала сөз байласу арқылы жалған шаһада берілсе, ондайлар ант бұзғандық болып саналып, ауыр жазаға тартылады. Шаһада тәртібін Әбу Иусуф егжей-тегжейлі түсіндіріп берді (VIII ғасыр). Шаһада ақиқатты анықтаудың маңызды тәсілдерінің бірі ретінде қазіргі кезде сот ісін шариғат жолымен жүргізетін елдерде қолданылса.
  • Дін үшін азап шегіп, жан қию.


Шаһада өрнегі: «Ла иллаһа ил аллаһ, Мұхаммад расұлұллаһ», (Үлгі:Lang-ar) немесе «Аллаһдан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед Аллаһның елшісі». Мұсылмандар Құдайдың бар екеніне сеніп, оның жалғыздығын мойындайды. Құдайдан басқа құдай жоқ және оның серіктері жоқ деп мойындайды. Мұхаммед пайғамбар — оның соңғы пайғамбары деп санайды.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Шаһадат шарттары

  • Әл-ʿИлм (Үлгі:Lang): Шаһадат мағынасын түсіну және білу
  • Әл-Яқиин (Үлгі:Lang) еш күдіксіз нық сеніммен сену
  • Әл-Ихлаас (Үлгі:Lang) Ниеттің тазалығы, ширкке қарсы болу
  • Әс-Сидық (Үлгі:Lang) Шаһадатты айтқандағы шыншылдық
  • Әл-Махаббат (Үлгі:Lang) Шаһадатты айтудағы махаббат, оны айтудағы разылық
  • Әл-Инқиад (Үлгі:Lang) Жалғыз Аллаһ Тағаланың ризалығы үшін деген ниет орындалу
  • Әл-Қабул (Үлгі:Lang) Қабыл ету, қабыл етпеуге қарсы келу

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Islam-stub