Парыз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Фиқһ негіздері Парыз (Үлгі:Lang-ar фарз) - анық, бұлтартпас дәлелдермен әмір етілген діни іс-әрекеттер мен міндеттер. Мәселен, дәрет алу, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру. Парыз өз ішінде «айн» және «кифая» болып екіге бөлінеді: «Айн парыз» - әрбір мұсылманға тікелей жүктеліп, өтеуге борышты парыздар. Мұсылман бұл парыздарды жеке өзі орындауға тиіс. Намаз бен ораза секілді. Біреудің парызын басқа біреу етей алмайды. «Кифая парыз» - жалпы мұсылманға Парыз бола тұрса да, кейбір мұсылмандардың іске асыруы арқылы барша мұсылманның мойнынан түсетін парыздар. Алайда ешкім орындамаса, барлық қоғам жауапты. Мысалы, жаназа намазын оқығандай. Бір қалада кейбір мұсылмандар қайтыс болған мұсылманның жаназа намазын оқыса жетіп жатыр. Сол кезде қалған мұсылмандар осы жауапкершіліктен құтылады. Бірақ кифая парыздың сауабы өтеген адамдарға ғана жазылады. Өтелмеген жағдайда күнәсі барлық мұсылмандарға жазылады. Парыздың өтелуінде зор сауап пен жақсылық бар. Мойнындағы борышын өтемегендер ақырет азабын тартады. Айта кететін бір жайт, кімде-кім парызды теріске шығарып, Парыздығын қабылдамаса, діннен шығады. Алайда парыз екенін мойындап, бірақ өтемесе, тек қана мойнының борышы болып қалады. Яғни, мұсылман - күнәһар деп есептелінеді.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Намаз

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub