Қази

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қази, Ғази (туған жылы белгісіз – 1576) – 16 ғасырдағы ноғай мырзасы. Қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі батырлық жырларда Қази есімі Қарасай есімімен қатар айтылады. Екеуі де қазақ-ноғай дәуіріндегі тарихи тұлғалар, Едіге бидің ұрпақтары. Деректер мен зерттеулер бойынша Қазидың шыққан тегі: Едіге, одан Нұраддин, одан Оқас, одан Мұса, одан Алшағыр, одан Орақ, одан Қази мен Қарасай болып таратылады. Қазидың Едігеге дейінгі ата-бабаларының бәрі де тарихта белгілі із қалдырған тарихи тұлғалар. Қазидың атасы Алшағыр 16 ғасырдың басында Ноғай ұлысын билесе, әкесі Орақ белгілі бектердің бірі болған. 16 ғасырдың 30 жылдары Орақтың иелігіндегі жерге қазіргі Саратов өңіріндегі Еділ алқаптары жатқан. Қази Ноғай ордасындағы саяси оқиғаларға 16 ғ-дың ортасында белсене араласқан. 1549 – 55 жылы ноғай бегі Жүсіппен одақтас болып, Мәскеу князьдігіне қарсы саясат жүргізді. 1555 жылы Жүсіптің орнына Исмаил би келгеннен соң, Қазидың көзқарасы бимен үйлеспеді. Шамамен осы жылдары Қази Ноғай ордасынан бөлініп, Солтүстік-Шығыс Кавказдағы Кубань өңірінде жеке өз ұлысын құрған. Тарихта ол кіші Ноғай ордасы, кіші ноғайлықтар, Қази ұлысы деген атпен белгілі. 1555 – 63 жылы Қази Ноғай ордасындағы таластарға белсене араласқан. Жүсіптің ұлдары Қазимен одақ құрған. Қази – Ноғай ордасындағы Ресеймен жақындасуға қарсы болған топтың өкілі. Өзі қайтыс болғанда артында Хан атты ұлы қалды.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

  • Батырлар жыры, А., 1989; Қадырғали Жалаири, Жылнамалар жинағы, А., 1993; Тынышпаев М., История казахского народа, А., 1993; Трепавлов В.В., История Ногайской орды, М., 2002.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қази|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}