Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абай атындағы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы - Қазақстан Республикасының әдебиет саласындағы үздік шығармаларына екі жыл сайын берілетін мемлекеттік марапат.


Сыйлық жалпы жұртшылық таныған, халыққа саналы тәрбие беруге жәрдемдесетін, неғұрлым талантты, жоғары идеялы, аса көрнекті әдеби туындыларға беріледі. Мемлекеттік сыйлық әдебиетті одан әрі дамыту, көрнекті шығармаларды кетермелеп отыру мақсатымен 1966 жылдан бастап жыл сайын беріліп келеді.

Кейін 1971 жылғы 14 сәуірдегі қаулыға сәйкес бұған кейбір өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, әдебиет, енер және архитектура салалары бойынша мемлекеттік сыйлық екі жылда бір рет берілетін болды. Мемлекеттік сыйлық алған адамдарға «Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты» деген атақ беріліп, диплом және омырауға тағатын құрметті белгі қоса тапсырылады.<ref> Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Тарихы

Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы Қазақстан КП ОК мен ҚазКСР Министрлігі Кеңесінің каулысымен 1965 жылғы 15 наурыздан беріліп келеді.

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары (1968 - 2004)

Дереккөздер

<references/>