Сәкен Нұрмақұлы Жүнісов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Infobox Biography Сәкен Нұрмақұлы Жүнісов (1.2.1934 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл) – Қазақстанның халық жазушысы (1996).
Өмірбаяны
- ҚазҰУ-ін бітірген (1957).
- "Пионер" (қазіргі "Ақжелкен") журналында (1957 - 59)
- Қазақ драма театрында (1960 - 64) әдебиет бөлімінің меңгерушісі
- Қостанай педагогикалық институтында оқытушы (1964)
- "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі (1964-68)
- КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан жазушылар одағының хатшысы (1988-92) қызметтерін атқарған.
Шығармалары
- “Сонарда” (1958)\
- “Әжем мен емші және дәрігер” (1961)
- “Кімнің мекені жақсы?” (1961)
- “Жапандағы жалғыз үй” романы (1965)
- "Ажар мен ажал" (1967)
- “Өшпейтін іздер” (1968)
- "Тұтқындар" (1972)
- "Жаралы гүлдер" (1973)
- "Қызым, саған айтам" (1973)
- “Ақан сері” романы (1-кітап, 1971; 2-кітап, 1978)
- "Аманай мен Заманай" романы (1987) бойынша "Заманай" атты көркем фильмі түсірілді.
Пьесалары
- "Кроссворд" (1981)
- "Қос анар" (1974)
- "Әр үйдің еркесі" (1975)
- “Қысылғаннан қыз болдық” (1976)
- "Сабалақ Абылай"
- "Сәукеле"
- тағы басқа пьесалары республикалық және облысы театрлар сахналарында қойылған.
- Жүнісов - әдебиет пен театрдың келелі мәселелерін қозғаған жүзге жуық зерттеулер мен сын мақалалардың авторы.
- Л.Толстойдың, П.Федоровтың, В.Кочетовтың, С.Цвейгтің шығармаларын, О.Гончардың "Перекоп", "Көк адыр" романдарын тағы басқа қазақ тіліне аударған. Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлыған иегері (1986).<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Марапаттары
- Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1986).
- Қазақстанның халық жазушысы (1996).<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref><ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Сәкен Жүнісов туралы ой
Белгілі қазақ жазушысы Сәкен Жүнісов жан-жақты, парасатты, өнердің әрбір саласынан өзін танытқан тұлға. Асқан таланты үшін қазақ зиялылары оны Сәкен сері деп атаған. Ол карикатуралар салған, домбыра, пианино, мандолин аспаптарында ойнап, ән айтқан. Сонымен қоса ол қазақша күрес сайыстарына қатысқан. Шығармашылығын өлең жазудан бастап, прозамен жалғастырып, 117 пьеса жазған. Кейін романдар да шықты. 2014 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша қазақ зиялыларының қолдауымен деректі фильм шығарылды. Фильмнің тұсаукесерінде апасы Роза Жүнісова ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы айта отырып, ақын өмірін Ақан Сері тағдырымен теңестірді. Тұсаукесерде С.Жүнісовтың басқа да шығармалары туралы сөз қозғалды: «Жапандағы жалғыз үй», «Аман-ай мен заман-ай». «Жапандағы жалғыз үй» повестінің бас кейіпкері – Көкшетау облысының совхоз директоры, сол кезде еліміздің бас агрономы атағына ие болған Федор Трофимович Моргун. Автор Ф.Моргунның еңбегін жоғары бағалап, нағыз батыр деп атаған. Тың көтеру процессінің қазақ халқының тұрмысына, менталитетіне тигізген әсері туралы баяндап, «ауылдың жоғалуы ма» деп өз күйзелісін білдірген.
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Бастама