Оразбек Сәрсенбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Оразбек Сәрсенбаев (1938 жылы 20 тамызда Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жаңатұрмыс ауылы - 2015 жылың 5 мамырында Алматы қаласы)— жазушы.

Әкесі - Байкенжеұлы Сәрсенбай (1909-1992), шаруа болған. Анасы - Төлепбайқызы Бибіайша (1917-1993), шаруа болған.

Ол 1945 жылдың күзінде "Жансейіт" бөлімшесіндегі 3 кластық мектепке оқуға түседі. Одан соң "Ақтоған" жеті жылдық мектебін бітіріп, Шиелі ауданы орталығындағы №45 қазақ орта мектебінде оқуын жалғастырады. 1957 жылы С.М.Киров атындағы (қазіргі әл-Фараби) Мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға кірген.

Жоғарғы оқу орнын тәмамдаған соң О.Сәрсенбай туған жеріне қайтып оралып, Шиелідегі М.В.Ломоносов атындағы орта мектепке қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып орналасады. Ал 1966 жылы Алматыға, жастар газеті "Лениншіл жасқа" қызметке шақырьшады. Бұдан кейін "Жұлдыз" журналында (1968—1973), "Қазақ әдебиеті" газетінде (1974—1982) бөлім меңгерушісі, Қазақстан жазушылар одағында (1982—1986) әдеби кеңесші қызметін атқарған. 1987—1993 жылдар аралығында "Жазушы" баспасының бас редакторы, "Өнер" баспасының директоры (1993—1995) болады. 1996 жылдың басынан өмірінің соңына дейін О.Сәрсенбай "Қайнар" баспасының бас директоры болып қызмет атқарды.

О.Сәрсенбайдың творчестволық өмірбаяны орта мектепте, университетте оқып жүрген шәкірттік жылдарда басталды. Елуінші жылдардың екінші жартысында, алпысыншы жылдардың басында аудандық "Стахановшы", облыстық "Ленин жолы", республикалық "Қазақстан пионері", "Лениншіл жас" газеттерінде оның алғашқы өлеңдері мен әңгімелері жарияланады. Оның әңгімесі негізінде Долана (1981) көркем фильмі түсірілген.

Жазушы О.Сәрсенбай осы уақытқа шейін 20-дан астам жеке кітаптар бастырған. Оның әдеби сын, көркем публицистика, тарих, мәдениет, философия саласындағы жарияланымдары оқырманға кеңінен таныс. Сондай-ақ ол баспагер және аудармашы ретінде Ислам әдебиетін қалың оқырмандар арасында тарату ісінде елеулі еңбек етіп келеді. "Құран Кәрім", "Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистері", "Шайтаннан сақтану жолдары", "Сыйқырдан сақтану және емделу жолдары", "Адал мен арам", "Мұсылмандық әдеп сабағы", т.б. ондаған кітаптарды қазақшаға аудару ісіне тікелей қатысты. Жазушының жеке шығармалары украин, орыс, эстон, якут, Марий, тува, венгер, қытай, корей, ағылшын, өзбек, қырғыз, татар т.б. тілдерге аударылған.

Оразбек Сәрсенбай негізінен бүгінгі заман тақырыбына қалам тартып келе жатқан суреткерлеріміздің бірі. "Шамшырақ" (1990), "Шеңбер" (1998) романдары кешегі социализм заманында өмір сүрген ұрпақтың басынан өткерген қилы-қилы тағдырын сөз еткен нағыз көркем, кестелі туындылар ретінде әдебиетіміздің алтың қорына қосылған дуниелер болды.

Оның "Уәде" атты повестер мен әңгімелер жинағына Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы сыйлығы (1987), "Шамшырақ" романына халықаралық "Алаш" сыйлығы (1994) берілген. Ал "Шеңбер" романы үшін О.Сәрсенбай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығын (2000) алған. ҚР Президентінің Жарлығымен "Құрмет"орденімен (2000), "Парасат" орденімен марапатталған. "Қазақстан Республикасы баспа және полиграфия ісінің қайраткері" (2004) атағы бар.

Тәжірибелі баспагер ретінде О.Сәрсенбай "Қайнар" баспасына қызметке келгелі бері нарықтық заманның талаптарына лайық жаңа сериялар аштыруға, басылымдардың тақырыптық өрісін кеңейтуге басшылық жасады.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 жылы — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}