Олжас Омарұлы Сүлейменов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography

Олжас Омарұлы Сүлейменов (1936) — орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші. Қазақстанның Еңбек Ері (18.05.2016 ж.) <ref>Назарбаев Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді</ref>

Өміpбаяны

1936 ж. Мамырдың 18 Алматыда дүниеге келген.

1959 ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Геология факультетін, кейін А.М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітіреді.

196271 жж. Казахстанская Правда ұнжариясының әдеби қызметкері, Қазақфильм киностудиясы сценарлық-редакцялық алқасының бас редакторы, Просторжурналының бөлім меңгерушісы болып жұмыстар атқарады.

197181 жж. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы, сонымен бірге 1972 ж. Азия-Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақстандық көмитеттің төрағасы болды.

198183 жылдары Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы.

198391 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы болды.

1989 ж. ақпанында халқаралық Невада-Cемей ядролық қаруға қарсы қозғалысының президенті болды.

1991 ж. қазанынан Қазақстан Халық конгрессі партиясының төрағасы, құрметті төрағасы болды.

1994 ж. сәуірде шақырылған ҚР Жоғарғы кеңесі төрағалығына ұсынылады, мәжілісте өз үміткерлігін талаппен алып тастайды.

199495 жж. ҚР Жоғарғы кеңесінің Қоршаған орта және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі.

1995 ж. тамызынан бастап ҚР Италия республикасындағы, 1996 ж. сәуірінен Грекия республикасындағы, сондай-ақ Мальта республикасындағы төтенше және өкілетті елші міндетін атқарды.

Танымыл ақын

Поэзия жайлы сөз қозғау қашан да қиын. Бұл әнші құстың дауысын оның қауырсынды денесінен бөліп қараумен тең болар еді. Ал өзіңе ұстаз әрі үлгі тұтар тұлға деп санайтын адам туралы сөз қозғау одан да қиын. Дегенмен де айтуға болады, егер Бұл қажеттілік жүректен туған болса... Егер Бұл жағдайда өнегелік Ұстанымдары, оның ең бастылары — адамгершілік, адалдық, борыш үғымдары басшылыққа алынса... Дәл осы жерде Заратуштра заманынан бері айтылып келе жатқан көне даналықты қалай еске алмасқа: "Ӏзгі Сөз — Ӏзгі Ой — Ӏзгі Әрекет". Осы қасиетті өсиет бізге есімдері мен құнды мұралары келіп жеткен менің даңқты бабаларым Ұстанған ақиқаттың басты постулаттарының бірі болған. Сол тәрізді ақын Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы да осы моральдық үш тағанның (триаданың) бастапқы мәнін бейнелейді. Бүгінгі таңда оның қазақ жеріндегі ең танымал ақын екендігіне күмән келтіретін адам да аз болар. Олжас туралы жазылған дүниелер жетерлік, солардың бәрінің басын қосып жинақтаса, бірнеше томдық еңбек болары сөзсіз. Оның ақындығы туралы тек өзінің Отанында ғана емес, сонымен қатар алыс елдерде де көп жазылды. Оның шығармашылығына таңдана қарап, осы жайында Памирден Прибалтикаға, Кіші Азиядан Парижге, Күнгей Кавказдан Германияға дейінгі аймақта өз пікірін білдірушілер көптеп табылды. Оның өлең жинақтары 100000 таралыммен жарық көріп, сол сәтте-ақ сирек кездесетін библиографиялық кітаптар қатарына еніп отырды. Ақынның өрбір жаңа ірі туындысы қызу талқыланды. Мен, сірә, біздің қазіргі танымал қаламгерлердің ішінен оқырмандар мен сөз қадірін түсінер адамдар дәл осылай үлкен құмарлықпен оқитын өзге ақынды атай алмасам керек. Оның жетістіктері нағыз әдебиетшілерді қуантып, ақиқатты үздіксіз іздеу жолындағы батыл, кей кездердегі жүгенсіз асау ойлар мен сезімдердің жиынтығы оны күндеушілердің ашуын келтіріп, шығармашылығына табынушылардың таңданысына жол ашты. Олжас Сүлейменовтің әлемді дүр сілкіндірген дауысы ең алғаш рет естілгелі жарты ғасырға жақын уақыт өткен екен. Осы уақыттан бері біз ақын жырларынан оның замандастары мен отандастарының қалай тіршілік етіп, нені сезініп, нені ойлағанын оқып келеміз. Олжаспен бірге Қазақстанның ұшы-қиырсыз даласын шарлауға болады, шопан киіз үйлерінде қонақта болып, күйшілер мен күміс көмей әншілердің жырларын өз құлағыңмен тыңдай аласың. Шаршаған тың игеруші жігіттермен бірге ашық аспан астында, төбе маңындағы орылған егіс алаңында түнеуге болады. Құлазыған сортаң жерлер мен кеуіп қалған өзен арналарын геологиялық партиялармен бірге кезіп жүре аласың. Бақытсыздыққа үшыраған халыққа қорған болу мақсатында түрлі мінбелерден үн қату, халықты өзі үлгі көрсету арқылы рухтандыру — дәл осы қасиеттер оған құдіретті күштің арнайы үйғарымымен берілген тәрізді. Кей кездері маған Олжастың өмірі тұтастай жан қиярлықпен күш жұмсауды қажет ететін өрекеттерден құралатындай болып көрінеді. Себебі: бұған дейін танылмай келген немесе дәлірек айтқанда, өркениеттік бірлеетікте өз дәрежесінде, толық тұтаетығымен және сұлулығымен көріне алмаған қазақ елін бүкіл әлемге таныту деген үлкен жауапкершілікті саналы түрде өз мойнына ала білді. Бүгінде оның сөзіндегі, ойы мен әрекеттеріндегі ерекшеліктерді түсіне алатын адамдарға ерекше әсер берген жарқын даусы үлкен беделге ие. Олжас Сүлейменов — құдіретті рухтың көңілінен шығып, өз замандастарын Ақиқат пен Сұлулыққа жақындата түсу үшін Алланың өділеттілікті аңсау мен соған деген ұмтылысты бүкіл болмысына енгізіп қойған ақындардың бірі. Шындығында, Сұлулықты суреттеген сайын біз оған бір қадам жақындай түсеміз! Ақиқатты бейнелеген өрбір сәтте біз онымен біріге түсеміз. Ол — Жолды жарықтандыратын шырақ тәрізді. Ӏзденушілер өздері іздеген маңызды да зөру меселелеріне жауапты дәл осы қазақ ақынының шығармаларынан таба алады. Қазақ халқының өткені, бүгіні мен болашағы барлық түтастығымен Мұхтар Әуезовтің ұлы эпопеясынан кейін бірінші рет соншалық кең көлемде және жоғары көркем деңгейде осы азамат ақын шығармаларында бейнеленген. Бақыт Кенжеевтің мына бір айтқаны өте орынды: "Қазақстанды әдеби тұрғыда әлем картасына енгізген дәл сол (О.С.), себебі, ол шын мөнісіндегі алғашқы халықаралық қазақ жазушысы болды. Олжас қазақтар туралы көп жазды жөне сол жазғандарымен бүкіл әлемді қызықтыра алды. Мәскеуліктердің оның кітаптарын қалай дүкен сөрелерінен сыпырып-сиырып алып кеткендері менің есімде. Ал, "Аз и Я" кітабы туралы ештеңе айта алмаймын, Бұл менің құлшылық етер кітабым..." (Мегаполис, 13,05.2004 ж.). Ақын туындыларынан қазақ халқы бастан өткерген жарқын жылдардың қуанышқа толы сәттері мен қайғыдан көңілі қалған ұлы өмірінің беттерін құрауға болады. Қанша ғасырлар бойы үлесіне тиген көптеген ауыр сынақтарды басынан өткере отырып, өзіндік төл мәдениетін толық дерлік алғашқы қалыпта сақтай алған таң қаларлық және бірегей қазақ елі тағдырының куәсі болады. Ақынның өзі бұл жайлы былай дейді: "Біздің ұрпақ кристалдану үстінде. Халық арасында намыс қозғалысы жүріп жатыр. Қорлықта жүргендерде қуаныш үғымы болуы мүмкін емес. Ақындар халыққа намыс қозғалысына күш-қуат жеткізіп туруға міндетті". Бұл бағытта, яғни тарих пен халық тағдырының мөнін түсінуде Олжасқа дейінгі ұлы қайраткерлер — Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Шәкәрім Құдайбердиев, Ыбырай Алтынсарин және басқа да қазақ ағартушыларының жетістіктері де аз болған жоқ. XX ғасырдың танымал көркем сөз зергерлері — Мағжан Жүмабаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ӏлияс Жансүгіров, Ӏлияс Есенберлин және т.б. тәжірибелерінің де маңызы кем емес. Осы тарихи-мәдени контексте қазақ өдебиетін әлемдік аренаға алып шығу Олжас Сүлейменовтің еншісіне тиген екен. Оны қазақ елінің халықаралық деңгейдегі ақыны деп мойындау "Адамға табын жер, енді!" атты поэмасының жарыққа шығуымен тығыз байланысты. Олжас Сүлейменов — маңызды әрі теңдесі жоқ құбылыс. Оны ақынның әдеби еңбектерінің жоғары деңгейде бағалануы ғана дәлелдеп қоймайды. Сонымен қатар, Олжас — ақын, ойшыл, ғалым, саясаткер. Осы қасиеттердің бәрі де тек бір ғана бірегей тұлғаның эпостастары. Олжас саяси, өлеуметтік және мәдени ортада белгілі бір позиңияға ие ақынның тек о баста өзіне арнап берілген мүмкіндіктерді пайдалана отырып қана әрекет етуі қажет екендігін жақсы түсінді. Ол қаруы — сөз. Ол әдебиетке ерекше дауыспен енді. Оның шығармалары әу бастан-ақ ұлттық өдеби құбылыстарға толы болды, сонымен қатар сөз қадірін түсінер жүрттың көңілінен шықты және бүгінге дейін сол деңгейін жоғалтқан жоқ. Олжас Сүлейменов поэзиясы таусылмас күш-қуатпен сарқырай ағар серпінді ырғаққа негізделген. Ол өрбір өзіндік ерекшелігі бар ақындар және дара түлғалар тәрізді алдын ала даярланған идеологиялық тапсырыстар шеңберін бұзып шыға алды. Оның поэзиясы сөз қадірін білетіндер мен сөз зергерлеріне, сонымен қатар қарапайым оқырмандарға да орыс тілі арқылы қазақ халқының болмысын ашып көрсетуғе мүмкіндік туғызды. Ақын шығармашылығы өзіндік ерекшелігімен, афористілігімен және қаламғерлік шеберлігінің кемелділігімен таңдандырады. Дәл поэзия жанрында халық рухының тарихы және мәдени дамуы, психологиялық қатарының өзіндік ерекшеліктері бар түтастығымен және құнарлылығымен көрінетіндіғін ақын жақсы түсінді.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Зерттеулері

Олжас тілтанушы ретінде көбінекей көне түркі тілін зерттеді, әсіресе шумерлер және шумер тілі туралы зерттеулері батыс ғалымдарының көне тіл үнді-еуропа тілдерінен бастау алады дейтін қасаң теориясына пәрменді соққы берді.

Зерттеулері ретінде төмендегі бірнеше кітапті айтуға болады:

  • 1975 ж. жарық көрген «Аз и Я» кітабі түркі және славян халықтарының ежелгі жазба ескерткіштеріне арналған. Тым-тым арғы, есте жоқ ескі замандағы ұлт пен ұлыстардың тілі, ғұрып-әдеті сөз болған бұл кітапті кейінгі зерттеушілердің тамаша қолғанаты, оқушылардың, қызығушылардың сүйп оқыр ғылымнамасы деуге болады. Әсіресе кітаптың Шумернама бөлімі оқырманды тың да, тілсім қиялдарға бастайды. Кітаптың соңы 1001 сөз атты этимологиялық сөздікке ұласып, бұрыңғыдан кемелдене түсті.
  • «1001 сөз» жазу мен таңбаның тарихы туралы шығарма, кітап әрқилы мәдениеттің кездейсоқ, жеке дара пайда болмастан бір-біріне тығыз байланыса отырып туылатынын, дамитынын осы 1001 сөзді дәйек ете отырып дәлелдеуге тырысады.
  • 1998 ж. жарық көрген «Жазу тілі» кітабі тарихқа дейіңі мәдениетке көзқарас, мұнда аутор шығандай шырқап сонау майя тілі мен қытай тілі арасындағы байланысты зерттейді.
  • «Тaрихқа дейіңгі түркілер» кітабінда славян және түркі тілдерінің, атап айтқанда, көне қазақ жэне көне орыс тілдерінің ежелгі өзара байланысы туралы айтылады. Жазушының ондаған жылдар бойы тынымсыз ізденуінің нәтижесінде табылған екі халықтың осындай әрекетке түсуіне қатысты материалдар көне қазақ тілі деген терминді алғаш рет қолдануға мүмкіндік берді. Кітапта бұл терминнің дұрыс екендігі толық дәлелденеді.

Ақындығы

«Біз жаңаша өлең жазуды Олжастан үйрендік» дейді — Сергей Марков, бұл болса Олжас өлеңдерінің тынысы өзгешелігін әйгілегендей. 1961 жылғы тырнақ алды жинағы «Арғымақтар» кітабінан бері ол жиырма шақты жыр жинағына аутор болды. «Халықтың тарихы айналып келгенде ақынның үлесіне тиеді» - дейді А.С. Пушкин, оқып отырсаңыз Олжастың өлеңдері қазақ халқының талай ғасырлық мұңы мен қуанышын, сыры мен сипатын айтады, енді сіз бір ақынның жырын ғана емес бір ұлттың сан ғасырлық сәлихалы тарихын аралағандай боласыз. Олжас өлеңдері қазақ пен орыс арасында ғана емес, Еуропа елдері, Кіші Азия, Қытай, Америка елдері арасында өзінің асқақ қазақы үнін аспандата саңқылдатады.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Жыр жинақтары

  • «Арғымақтар», Қазақтың мемлекеттік көркем әдеби баспасы, Алматы, 1961 ж.
  • «Олжас Сүлейменов жинағы», Жазушы, Алматы, 1967 ж.
  • «Қыш кітап», Жазушы, Алматы, 1969 ж.
  • «Атамекен», Жазушы, Алматы, 1972 ж.
  • «Каждый день — утро», Правда, Мәскеу, 1973 ж.
  • «Повторяя в полдень», Жазушы, Алматы, 1973 ж.
  • «Круглая звезда», Художественная литература, Мәскеу, 1975 ж.
  • «Берега. Определение», Жазушы, Алматы, 1976 ж.
  • «Olzsasz Sulejmen versei» (мажар тілінде), Еуропа кёнивкадо, Будапешт, 1976 ж.
  • «Тұңғыш космонавт», Жалын, Алматы, 1979 ж.
  • «Sakalai virs smevlus» (литван тілінде), Бага, Вильнюс, 1980 ж.
  • «Земля, поклонись человеку!» (түркімен тілінде), Магарыф, 1985 ж.
  • «Свиток», Молодая гвардия, Мәскеу, 1989 ж.
  • «Аргамак» (моңғол тілінде), Улань газар, Улаанбаатр, 1990 ж.
  • «Айналайын», Жібек жолы, Алматы, 1996 ж.
  • «Исправляя метафорой мир», Қаржы-қаражат, Алматы, 1996 ж.
  • «Im Azimut der Nomaden», Интердрюк, Лейпциг, 1997 ж.
  • Таңдамалы туындылары, Жібек жолы, Алматы, 2005 ж.
  • «Olzhas Sulejmenow gedichte» (неміс тілінде), Қазақстан, Алматы
  • «Fizikçinin Duası» (түрік тілінде), Ыстамбұл, 1976 ж.

Шығармалары:

  • Нұрлы түндер, А., 1962;
  • Қылықты түн, А., 1963;
  • Мешін жылы, А., 1967;
  • Таңдамалы лирика, М., 1968;
  • Ақ дария аспанында, Таш., 1970;
  • Атамекен, А., 1972;
  • Қалаулы қайырма, А., 1973;
  • Жұмыр жұлдыз, М., 1975;
  • Көңіл көкжиегі, А., 1976, 1980;
  • Определение берега, А., 1979;
  • Асқардан асу, А., 1987;
  • От января до апреля, А., 1989;
  • Тюрки в доистории, А., 2002.

Марапаттары

  • Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы, 1964 ж.
  • Бұкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығы, 1967 ж.
  • Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығы, 1972 ж.
  • Қазақстанның Халық жазушысы атағы, 1992 ж.
  • Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығы, 2000 ж.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы 8-ші том</ref>

Әдебиеттер:

  • Ахметов З.А., Национально-характерные черты языка поэзии Олжаса Сулейменова // в кн. О языке казахской поэзии, А., 1970;
  • Гусев В., Национальное, интернациональное и общечеловеческое: об Олжасе Сулейменове и его “Глиняной книге” // в кн. Герой и стиль, М., 1983;
  • Бузаубагарова К.С., Стих Олжаса Сулейменова, А., 1984;
  • Диканбаева С., О стилистическом комплексе в творческом контексте О.Сулейменова // Сб. научных тр., А., 1984;
  • Толмачев Г., Повесть об Олжасе, А., 1996;
  • Вместе с Олжасом, А., 1996;
  • Ким Н.С., Эпидигматические отношения в языке и их реализация в русской художественной речи (на материале поэзии О.О. Сулейменова), Таш., 2002;
  • Жуминова А.Б., Тезаурус языковой личности поэта О.Сулейменова, А., 2004;
  • Сарсембаева А.Ж., Анафора в поэзии О.О. Сулейменова, А., 2005.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub