Дүкенбай Досжан
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Жазушы Дүкенбай Досжан (9 қыркүйек 1942, Жаңақорған ауданы Қызылорда облысы - 15 қыркүйек 2013, Астана) – жазушы, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері.
Жалпы мәліметтер
- ҚазМУ-ды (ҚазҰУ) бітірген (1964).
- 1963 – 1966 жылдары «Жетісу» газетінде әдеби қызметкер,
- 1966 – 1975 жылдары «Жазушы» баспасында аға редактор,
- 1976 – 1984 жылдары Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
- Кейін Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Жалын» журналында бөлім меңгерушісі болған.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>
Шығармашылығы
Тұңғыш өлеңдер жинағы 1964 жылы жарық көрді. Досжан проза саласында өнімді еңбек етіп, 8 роман, 18 повесть, 100-ден астам әңгіме жазды. Досжанның көркем шығармалары мен зерттеу еңбектерінің тақырып аясы кең.
- «Отырар» (1965),
- «Фараби» (1965),
- «Жібек жолы» (1973) хикаяттары мен рома]дарына тарихи оқиғалар арқау болса,
- «Зауал» (1970),
- «Кісі ақысы» (1978],
- «Дария» (1975),
- «Табалдырығыңа табын» (1980),
- «Жолбарыстың сүрлеуі» (1984) атты шығармалары бүгінгі заман тақырыбына арналған.
Ұлы адамдар өмірін көркем тілмен сөйлеткен
- «Мұхтар жолы» (1998),
- «Абай айнасы» (1994),
- «Алыптың азабы» (1997) романдары өз алдына бөлек топтама құрайды.
Досжан шығармалары даралық стилімен, бейнелі тілімен ерекшеленеді. Жазушы кейіпкердің жан толғанысын сезім шырғалаңы, ой ағыны арқылы суреттеуге машық. Оның
- «Екі дүние есігі» (1998) атты зерттеу еңбегі – Түркістан қаласының тарихын, сондағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің салыну жай-жапсарын мейлінше мол қамтыған дерекнама. Досжанның шығармалары әлемнің 19 тілінде жеке кітап болып шыққан.
- Екі томдық таңдамалы шығармалары жарық көрді (1990).
- «Құм кітабы» үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (1996).
Досжан Түркістан қаласының, Жаңақорған, Созақ, Отырар аудандарының құрметті азаматы.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref><ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Марапаттары
- ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1996),
- М.Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты (1987).
- Түркістан қаласының, бірнеше аудандардың Құрметті азаматы.
- «Құрмет» (2001), «Парасат» (2008) ордендерімен марапатталған.
- Қаламгер 1974 жылы «Зауал» кітабы үшін «Молодая гвардия» баспасының «Қазіргі заманғы жақсы роман» сыйлығын,
- 1988 жылы Украинаның «Днепро» баспасынан шыққан «Жібек жолы» романы үшін «Тарихи тақырыптағы жақсы кітап» сыйлығын алған.
- Жазушының есімі АҚШ-тың «Әдебиет және өнер адамдары» энциклопедиясының 2-ші томына,
- «Ұлттық энциклопедияның» 3-ші томына,
- «Абай энциклопедиясына»,
- Қазақстан Президенті жанындағы даму институтының «Элита Казахстана» (2008) анықтамалығына енген.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>