Ирак және Шам Ислам мемлекеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Бұл мақала Үлгі:Діни ұйым Ислам мемлекеті (ИМ; Үлгі:Lang-arәд-Дәулә әл-Исламия; қысқаша: ИШИМ, ИСИМ немесе ДАИШ) — радикалды исламизм (сәләфи-жиһади-тәкфириҮлгі:Өту) идеологиясын ұстанатын әскери лаңкестік ұйым және халықаралық қауымдастық мойындамаған квазимемлекетҮлгі:Өту.

Ислам мемлекетінің тарихы 2003 жылы АҚШ Саддам Хусейн басқарған Иракқа соғыс ашқан кезден бастау алады. 1990 жылдардан бастап Әл-Қағидамен байланысы бар «Таухид және жиһад» жамағатының жетекшісі Әбу Мұсғаб әз-Зарқауи соғыс басталғаннан кейін бір жыл өткен соң әйгілі лаңкес Усама бен Ладенге серт беріп, Әл-Қағиданың Ирактағы бөлімшесін құрды. 2006 жылы әз-Зарқауи қаза тапқаннан кейін оның жақтастары бірқатар экстремистік топтармен бірігіп «Ирак Ислам мемлекетін» құрды. 2009 жылға қарай толығымен дерлік жойылған бұл топ 2010 жылы Әбу Бәкір әл-Бағдади басшы болып тағайындалғаннан кейін қалпына келе бастадыҮлгі:Өту.

2013 жылы әл-Бағдади Ирак пен Сирия аумағында «Ирак және Шам Ислам мемлекеті» құрылғанын жариялады. Әл-Қағида мен оның Сириядағы бөлімшесі — Ән-Нұсра майданы бұл әрекетті мақұлдаған жоқ. Екі топ арасындағы келіспеушілік ақыр соңында бұрынғы одақтастар арасындағы қақтығысқа әкелдіҮлгі:Өту.

2014 жылдың маусым айында Ирактың ірі қаласы Мосулды басып алған ИМ өзін «халифат» деп жариялап, топтың көсемі Әбу Бәкір әл-Бағдадиді «халифа» етіп сайладыҮлгі:Өту. Қазіргі таңда ИМ-нің қол астындағы Сирия мен Ирак мемлекеттерінің аймақтарында бірнеше миллион адам өмір сүрудеҮлгі:Өту. ИМ-нің елордасы, дәлірек айтқанда штаб-пәтері — Сирия аумағында орналасқан Раққа қаласы. Бұдан басқа Ислам мемлекетіне Ливия, Нигерия, Ауғанстан және т. б. мемлекеттердегі шағын аудандар (уәлаяттар) бағыныштыҮлгі:Өту.

Ислам мемлекеті — әлемдегі ең бай қарулы топҮлгі:Өту. Нағыз мемлекетке ұқсап баққан ИМ-нің «Ислам динары» деп аталатын өз ақшасы да бар. Қаржының басты көзі — шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің саудасы. Оған қоса ИМ адам ұрлау, банктерді тонау, бопсалау, салық жинау және құнды жәдігерлерді сату арқылы да біраз ақша табады. ИМ әскерінің қатарында ондаған мың жауынгер соғысып жүр, олардың арасында тек араб мемлекеттерінің тұрғындары ғана емес, Еуропа, Солтүстік Америка және Азия құрлықтарының бірқатар елінен келген сарбаздар барҮлгі:Өту. ИМ-нің содырларында заманауи қару-жарақты, оның ішінде танкілер мен бронетехниканы қолдану мүмкіндігі барҮлгі:Өту.

Ислам мемлекетіне тойтарыс беру үшін құрылған халықаралық коалицияның құрамына әлемнің көптеген мемлекеттері қосылғанҮлгі:Өту. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне кіретін бес мемлекеттің төртеуі (АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция) қазіргі таңда ИМ-ге қарсы соғысып жүр. Сонымен қатар бұл топқа бірқатар мемлекеттік емес ұйымдар қарсы шықтыҮлгі:Өту. Одақтастардың күші басым болғанымен, олардың арасында түсініспеушілік пен араздық көп, сондықтан Ислам мемлекеті төндірген қауіпті әлі күнге шейін ауыздықтау мүмкін болмай тұр.

Әлемнің көптеген елі Ислам мемлекетін лаңкестік ұйым ретінде мойындап, оған тыйым салған. 2015 жылдың 15 қазанында бұл мемлекеттердің қатарына Қазақстан да қосылды. БҰҰ-ның шешіміне сәйкес, ИМ-ге көмек көрсеткен тұлғалар санкция тізіміне енгізілетін болдыҮлгі:Өту.

Мазмұны

Атауы және рәміздері

Атауы

Ешбір қосымшасыз «Ислам мемлекеті» атауы 2014 жылдың маусым айынан бастап қолданыла бастады<ref name="брит">Үлгі:Кітап</ref><ref name="круг">Үлгі:Кітап</ref>Үлгі:Sfn. Оның алдында бұл ұйым Ирак Ислам мемлекеті (қазан 2006 — сәуір 2013; Үлгі:Lang-ar, қысқаша: ИИМ), Ирак және Шам Ислам мемлекеті (сәуір 2013 — маусым 2014; Үлгі:Lang-ar, қысқаша: ИШИМ) деп аталып келді. ИШИМ атауының басқа нұсқалары: Ирак және Левант Ислам мемлекеті (қысқаша: ИЛИМ) немесе Ирак және Сирия Ислам мемлекеті (қысқаша: ИСИМ). Кейбір қазақ басылымдары Үлгі:Lang-ru атауына еліктеп, бұл ұйымды Ирак және Леванта Ислам мемлекеті деп атап жүр<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> (Левант сөзінің соңында «а» әрпі жоқ). Бірқатар саясаткерлер Ислам мемлекетін «Ислам» және «мемлекет» сөздерімен атауға қарсы шықты. БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун бұл ұйымды Үлгі:Lang-en («Ислами емес, мемлекет емес») деп атауға шақырды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Сурет:The-Levant-kk.png
Шам аймағы

Ұйым атауын басқа тілдерге аударғанда «Шам» (Үлгі:Lang-ar) сөзінің мағынасын жеткізу қиынға түсті. «Шам» сөзін «Левант», «Үлкен Сирия», «Сирия» немесе «Дамаск» деп те аударуға болады. Мысалға қазақ тілінде «Шам шаһары» деп Дамаск қаласын атайды. «Шам» деп Араб халифатының заманында Жерорта теңізі мен Евфраттың, Кіші Азия мен Мысырдың арасындағы аймақты атаған. Термин XX ғасырдың екінші жартысында Ұлыбритания мен Франция бұл аймақта жаңа шекаралар сызып, ұлттық мемлекеттер пайда болғанға дейін қолданылып келді<ref>Үлгі:Мақала</ref>.

Кейбір қазақ тілді басылымдарда Ислам мемлекетін атау үшін орыс тілінен енген ИГИЛ<ref>Үлгі:Cite web</ref> (Үлгі:Lang-ru) және ИГИШ (Үлгі:Lang-ru) аббревиатуралары қолданылады. Соңғы кездері Ислам мемлекетін атау үшін оның бұрынғы атауының арабша нұсқасындағы бірінші әріптерінен құралған ДАИШ (әд-Дәулә әл-Исламия фил-Ирақ уәш-Шам<ref>Бұл жерде ұйымның қысқаша атауы ДИИШ емес ДАИШ болуының себебі араб тілінде Исламия сөзінің бірінші әрпі әлиф жеке тұрғанда «а» болып оқылады</ref> — Үлгі:Lang-ar, Үлгі:IPA) акронимі қолданыла бастады. ДАИШ аббревиатурасы негізінен арабтардың арасында кең таралған болатын, артынан оны Франция үкіметі ИМ ұйымын атау үшін ресми түрде бекітті. Ұлыбритания мен АҚШ мемлекеттерінің билік басындағылары да өз сөздерінде ДАИШ акронимін қолдана бастады. Бұның себебі — ДАИШ сөзінің жазылуы мен айтылуы араб тіліндегі «жаншып тастаушы» мағынасын беретін да’ис (Үлгі:Lang-ar) және даһис (Үлгі:Lang-ar) сөздеріне өте ұқсас<ref>Үлгі:Мақала</ref>. ҰҚК-нің басшысы Нұртай Әбіқаев арнайы қызмет өкілдері ДАИШ атауын қолданып жүргенін айтып, «Ислам мемлекеті» атауын қолдамайтынын жеткізді<ref>Үлгі:Мақала</ref>.

Негізінен «Ислам мемлекеті» деп Ислам дінін өзінің саяси институттарының идеологиялық негізі ретінде қабылдаған мемлекетті атайды. Әдетте бұл Исламның осы мемлекеттің ресми діні екенін және шариғаттың заң шығарудың бірден-бір қайнары екенін білдіредіҮлгі:Sfn. Шынайы «Ислам мемлекетінің» адам қолынан шыққан заңмен жүруі мүмкін емес, тек қана шариғатқа сәйкес басқарыладыҮлгі:Sfn. Бұл адамдардың жоғары билігін (суверенитет) жариялаған Батыстың зайырлы демократиясына қарама-қайшы түсінікҮлгі:Sfn. Қазіргі таңда халқының көп бөлігін мұсылмандар құрайтын 46 мемлекеттің тек 10 ғана конституцияларында өздерін «Ислам мемлекеті» деп жариялаған, ал олардың ішінде Құдайдың жоғары билігін бекіткен тек екі мемлекет бар — Иран және ПәкістанҮлгі:Sfn.

Сурет:Flag of Islamic State (St.-Romain-au-Mont-d'Or).jpg
ИМ байрағының суреті, Сен-Ромен-О-Мон-д’Ор, Франция

Байрағы

Ислам мемлекетінің қазіргі байрағы 2007 жылдың қаңтар айында жария етілді, оның алдында бұл ұйымның ресми байрағы болған жоқ. Мұхаммед пайғамбардың Үлгі:Салауат заманында таралған бірнеше байрақтың ең кең таралғаны қара түстісі екенін алға тартқан ИМ осы түсті таңдаған. Қара түсті байрақтың үстіңгі бөлігінде ақ түспен жазылған Үлгі:Unicode, яғни «Аллаһтан басқа тәңір жоқ» сөздері орналасқан. Оның астында ақ түсті шеңбердің ішіне қара түспен Үлгі:Unicode, яғни «Мұхаммед Аллаһтың елшісі» сөздері жазылған. Бұл сөздер қолмен ұқыпсыз жазылған сияқты көрінгенімен, негізінде компьютермен жазылған<ref>Үлгі:Мақала</ref>.

Тарихы

Үлгі:Ислам мемлекеті/Тарихы

Алғышарттары

Ислам мемлекеті туралы пікір таластырғандардың көбісі бұл ұйымның дүниеге келуіне 2003 жылы Иракқа басып кірген АҚШ бастаған коалицияның жіберген қателері себеп болды деп тұжырымдайды. Бірақ бұл елдегі әскери жиһадшылар ұйымының негізі көп жыл бұрын, Саддам Хусейн Иракты басқарып тұрған кезде қаланды деп айтуға болады. 1968 жылы билікті басып алған араб ұлтшылдарының Баас партиясы зайырлы идеологияны берік ұстанды, бірақ 1980 жылы Саддам Хусейн Иранға қарсы соғысты бастағаннан кейін бұл жағдай өзгеріске ұшырады. Иранға қарсы соғыс жиһад деп атала бастады<ref name="NYT">Үлгі:Мақала</ref>.

Елдің ішкі «исламдануы» 1989 жылы Баас партиясының негізін салған Мишель Афляқ қайтыс болғаннан кейін үдей түсті. Саддам Хусейн Афляқ «Ислам дінін қабылдады» деп жариялады (тірі кезінде христиан дінін ұстанған Афляқ исламданудың қарсыласы болған еді). Исламдану науқаны 1991 жылы Ирак Кувейтте жеңіліс тапқаннан кейін және оның артынан ұласқан шииттердің көтерілісінен кейін жандана түсті. Ирак үкіметі шариғат заңдарын енгізді: ұрлық жасағандардың қолдары шабылды, гомосексуалдар үй төбелерінен лақтырылды, жезөкшелердің бастары шабылды. Діни науқанның салдарынан үкімет пен шииттердің арасындағы қарым-қатынас нашарлап кетті, дінаралық шиеленіс пайда болды. Мешіттерге енгізілген Ирак әскери барлау қызметі өкілдерінің көбісі сәләфилікті ұстана бастады. Баасизмнен бас тартқан бұлар Ирактағы соғыс кезінде кейінірек «Ислам мемлекеті» ұйымына айналған Әл-Қағиданың осы елдегі бөлімшесіне қосылды. 2008—2010 жылдары Ирактағы Әл-Қағида жетекшілерінің көбісі қаза тапқанда барлау қызметінде офицер болып қызмет еткен топ мүшелері ғана бастарын аман сақтап қалды. Қажы Бәкір (шын аты Самир әл-Хлифауи) басқарған бұрынғы офицерлер Ислам мемлекетінің Сириядағы басқыншылығын жоспарлап, жиһадшылардың 2014 жылы Иракқа басып кіруіне ыңғайлы алаң дайындады<ref name="NYT"/>.

Негізінің қалануы

Сурет:Your future al-Zarqawi.jpg
«Бұл сенің болашағың, Зарқауи!» — карикатура

Ислам мемлекетінің негізін салған Әбу Мұсғаб әз-Зарқауидің (шын аты: Ахмед Фазыл ән-Наззал әл-ХалаилаҮлгі:Sfn, 1966—2006) Әл-Қағида ұйымымен байланысы 1990 жылдары басталды, бірақ «жақын жауды» қойып, «алыс жауға» (Батыс өркениеті) көңіл бөлу тактикасын құптамаған ол ұйым мүшелерінің қатарына кірген жоқ<ref name="блэр"/>. 1994—1999 жылдары әз-Зарқауи Иорданияда оған жиһади ілімін үйреткен Әбу Мұхаммед әл-Мақдисимен бірге түрмеде отырдыҮлгі:Sfn. 1999 жылы ол Ауғанстанға лаңкестер лагерін ұйымдастыру үшін аттанып, Усама бен Ладенмен кездесті. 2001 жылы тәліптердің билігі құлағанда ол Иракқа қашуға мәжбүр болды<ref name="гош">Үлгі:Мақала</ref>. 2002 жылдың маусымында әз-Зарқауи Ирактың солтүстігінде Жамағат әт-таухид уәл-жиһадТаухид және жиһад жамағаты») деп аталатын ұйымды құрды<ref name="блэр">Үлгі:Мақала</ref>Үлгі:Sfn.

ИМ-нің тарихы 2003 жылы басталған Ирак соғысынан бастау алады<ref name="брит"/>. Америка Құрама Штаттары Ирак мемлекетіне әскерін енгізгеннен кейін бір жыл өткен соң атақты иорданиялық содыр Әбу Мұсғаб әз-Зарқауи Усама бен Ладенге серт беріп, Әл-Қағиданың осы елдегі бөлімшесін құрды (Қағида әл-жиһад фи билад әр-рафидәйн — «Месопотамиядағы жиһад негізі»). Ирактағы Әл-Қағида (ИӘҚ) шетелдік әскерлерге қарсылық көрсеткен негізгі күшке айналды<ref name="ббс">Үлгі:Мақала</ref>.

Бұрын Иорданияның шет аудандарының бірінде дүкенші болып жұмыс істеген әз-Зарқауи Сирия жерін кресшілерден азат еткен Нұр әд-Дин Зангиге ұқсауға тырысып бақты. Қатыгез әз-Зарқауиді жек көрген араб шейхтары АҚШ-тан көмек сұрағанымен, олардың мәселесі шешімсіз қалды. Әз-Зарқауидің шииттерге деген зорлық-зомбылығы өршіп кеткенде Усама бен Ладен мен оның жақтастары мазасыздана бастады. Айман әз-Зауаһири (Әл-Қағиданың қазіргі жетекшісі) Интернет желісінде бас шабу бейнежазбаларын жариялауды доғаруды өтінгенімен, Ирактағы баскесерлер оны тыңдаған жоқ<ref name="игнатиус">Үлгі:Мақала</ref>.

Әз-Зарқауидің Ислам мемлекетін құру туралы ойы ол 2002 жылы Иракқа келердің алдында пайда болды. Бұл жоспарды әз-Зарқауи 2001 жылы Әл-Қағиданың әскери стратегі Сәйф әл-Әділмен бірге талқылаған болатын. 2004—2006 жылдары осы екеуі болашақ халифат туралы идеяны таратумен айналысты. 2006 жылы Ирактағы Әл-Қағида бұрын көп талқыланған мемлекеттің негізін салуға жақындап қалды. 15 қаңтарда ИӘҚ Ирактағы жиһадилердің 5 тобымен бірігіп, Мәжіліс шура әл-мужаһидинМужаһидтер кеңесінің мәжілісі») деп аталатын ұйымды құрды. Сәуір айында әз-Зауаһири бейнехабарлама арқылы Мәжіліске қошемет көрсетіп, үш айдан кейін Ислам әмірлігі құрылады деп үміттенетінін жеткізді, бірақ екі айдан кейін әз-Зарқауи АҚШ әуе күштерінің соққысынан қаза тапты. 12 маусымда ИӘҚ-тың жаңа жетекшісі деп әз-Зауаһиридің «Ислам жиһады» тобының бұрынғы мүшесі Әбу Хамза әл-Муһажир (Әбу Әйюб әл-Мысри ) жарияландыҮлгі:Sfn.

2006—2013 жылдар. Ирак Ислам мемлекеті

Әз-Зарқауи қаза тапқаннан кейін 2006 жылдың 15 қазанында Ирак Ислам мемлекеті (ИИМ, Үлгі:Lang-ar немесе Үлгі:Lang-ar) деп аталатын экстремистердің 11 тобының басын біріктірген ұйым құрылды<ref name="круг"/>. Әмір ал-мумининмүминдердің әмірі» — халифалардың атағы) деп бұрынғы полиция офицері Хамид Дәуд Халил әз-Зави (Әбу Омар әл-Бағдади) жарияланды, Әбу Хамза әл-Муһажир оның орынбасарына айналып, «қорғаныс министрі» болып тағайындалдыҮлгі:Sfn.

ИИМ-нің құрылуы Әл-Қағиданың рұқсатынсыз іске асырылды<ref name="блэр"/>Үлгі:Sfn, бірақ 2007 жылдың желтоқсан айында Усама бен Ладен ИИМ-ді қолдайтынын айтып, содырларды Әбу Омар әл-Бағдадиге серт беруге шақырды. Осыған ұқсас сөздерді Айман әз-Зауаһири де өз жолдауында айтты. Осы кезде Әбу Омар Ирактағы Әл-Қағиданың таратылып, Ислам мемлекетінің қатарына қосылғанын жариялады. Екі ұйым арасындағы қарым-қатынас нашарлап, ИИМ жетекшілерінің Әл-Қағидамен байланысы азайып кетті. ИИМ-нің шынайы жағдайы туралы ақпаратты қолға түсірген Әл-Қағида жетекшілері Әбу Хамзаға егжей-тегжейлі есеп беруді бұйырдыҮлгі:Sfn.

ИИМ-нің жариялануы жиһадилерден басқа адамдардың назарынан тыс қалды, қарапайым ирактықтар мен шетелдіктер ИИМ-ді Әл-Қағиданың Ирактағы бөлімшесі деп атап жүре берді. Ұйымның Иракта әрекет етіп жүрген жиһадилердің басын біріктіру жоспары іске асқан жоқ. Ирактың Ислами Армиясы деп аталатын топ ИИМ-ді сынға алды. Беделді кувейттік ғалым Хамид әл-Әли ұйымның мемлекет ретінде жариялануына қарсы шығып, ИИМ-ді «қияли мемлекет» деп атадыҮлгі:Sfn.

2007 жылдан бастап батыс Ирактың көптеген сүнни араб тайпалары ИИМ-нен бет бұрды. Бұның негізгі себебі ИИМ сарбаздарының жергілікті тұрғындарға қатыгездік көрсетуі мен тайпа басшыларына қақтығыстарға қатыспағаны үшін үкімет тарапынан төленетін сыйақы болды. Оған қоса сол кездері ИИМ-нің бірнеше көсемі АҚШ әскерлерінің қолынан қаза тапты<ref name="брит"/>. 2009 жылға қарай әз-Зарқауидың басшылығымен пайда болған топ толығымен дерлік жойылды, 2010 жылдың 18 сәуірінде Әбу Омар әл-Бағдади мен Әбу Хамза әл-Муһажир АҚШ және Ирак әскерінің Тикриттегі шабуылының кезінде қаза таптыҮлгі:Sfn, бірақ Ислам мемлекетінің «шоқтары» діндар сүннилер мен Баас партиясының мүшелері қамауда отырған Ирактағы АҚШ түрмелеріне түсіп, бұл қозғалыс қайта жанданды<ref name="игнатиус"/>.

2010 жылы ИИМ Кеңесінің мәжілісі Әбу Бәкір әл-Бағдади (1971 туғ.) лақабымен белгілі ирактықты ұйымның жаңа көсемі етіп тағайындағанын жария еттіҮлгі:Sfn. Билікті өз қолына алған әл-Бағдади ИИМ-ді күшейту жұмыстарымен айналыса бастады<ref name="ббс"/>. 2011 жылы АҚШ әл-Бағдадиді аса қауіпті лаңкестердің тізіміне енгізіп, оны ұстауға көмектесетін ақпарат үшін 10 миллион доллар сыйақы тағайындады<ref name="кобзев">Үлгі:Мақала</ref>.

«Халифаның» ресми өмірбаянына сәйкес, әл-Бағдади Мұхаммед пайғамбардың Үлгі:Салауат ұрпақтарына жатады екен. Ирак соғысына дейін Бағдат Ислам университетінің докторлық мәртебесіне ие болған ол соғыс басталғаннан кейін жақтастарымен бірге Жәйш Әһл әс-Сунна уәл-Жамағат («Әһлі-Сүннет және Жамағат әскері») тобын құрған. АҚШ әскерінің қолына түскен әл-Бағдади 2004 жылдың ақпанынан бастап желтоқсан айына шейін Кемп Букка түрмесінде отырған, бірақ «қауіптілігі аз» деп танылған соң бостандыққа шыққан. Аңызға сәйкес, ол түрмеден шығарда түрме күзетіне: «Нью-Йоркте кездескенше, жігіттер!», — деп айтқан екен<ref name="кобзев"/>. Лаңкестік үшін айыпталған әл-Бағдадидің бостандыққа шығуы түсініксіз жәйттарға толы, ол АҚШ Орталық барлау басқармасына жұмыс істейді деген күдік барҮлгі:Sfn. 2006 жылы Ирактағы әл-Қағида атауын Мәжіліс шура әл-мужаһидин қылып өзгерткеннен кейін «Жейш» оған серт беріп, құрамына кірді. 2006 жылы бұл ұйымның атауы «Ирак Ислам мемлекеті» деп қайтадан өзгертілді. ИИМ уәлаяттарындағы шариғат комитеттерін басқарған әл-Бағдади 2010 жылдың сәуірінде ұйым жетекшісі Әбу Омар әл-Бағдади қаза тапқаннан кейін оның орнына тағайындалды<ref>Үлгі:Мақала</ref>.

Ирак Ислам мемлекеті Таяу Шығыстағы тұрақсыз аймақтарда әрекет етіп жүрген басқа исламистік топтар секілді дамуы әбден мүмкін еді, бірақ әл-Бағдади топтың әдіс-тәсілдерін күрт өзгертіп, бұл ақыр соңында өз нәтижелерін бердіҮлгі:Sfn. 2011 жылдың соңында әл-Бағдади Сирия аумағына содырларды жіберіп, азаматтық соғысқа қатысқан жетекші топтардың біріне айналған «Ән-Нұсра майданы» деп аталатын жиһадилердің тобын құрды. 2012 жылдың басында ИИМ-нің жетекшісі әл-Бағдади мен «ресми өкілі» әл-Аднани ұйымның «қайта оралғаны» туралы хабарламалар тарата бастады. ИИМ-нің белсенділігі жанданғаннан кейін Иракта зорлық-зомбылық оқиғалары күрт көбейіп кеттіҮлгі:Sfn. 2013 жылға қарай әл-Бағдади содырлары Иракта айына он шақты рет шабуылдар ұйымдастыра бастады<ref name="ббс"/>.

2013—2014 жылдар. Ирак және Шам Ислам мемлекеті

2013 жылдың сәуір айында әл-Бағдади Ирак пен Сириядағы өзіне бағынышты күштер мен Ән-Нұсра майданын біріктіріп, Ирак және Шам Ислам мемлекетін (ИШИМ) құрғысы келетінін жариялады<ref name="брит"/>. Әл-Қағида мен Ән-Нұсра майданының көсемдері бұл ұсыныстан бас тартты, бірақ Ән-Нұсра қатарындағы әл-Бағдадиге адал сарбаздар оған қосылып, ИШИМ-ге Сирия аумағында бекінуге көмектесті<ref name="ббс"/>.

Әл-Бағдади «Ислам мемлекетінің сарбазы» деп атаған Ән-Нұсра жетекшісі Әбу Мұхаммед әл-Жулани өзінің әз-Зауаһириге берген сертіне берік екенін және әл-Бағдадиге бағынбайтынын жеткіздіҮлгі:Sfn. Екі топтың арасына түскен жік ақыр соңында қарулы қақтығысқа әкеліп соқтырды<ref name="брит"/>. Әз-Зауаһири ИШИМ-нің Сирияға басып кіруіне қарсы шығып, Ирак аумағына қайтуға бұйырды. Әл-Бағдади мен әл-Аднани бұл шешімге қарсы шығып, алған беттерінен қайтпайтынын жеткіздіҮлгі:Sfn. 2014 жылдың 2 ақпанында Әл-Қағида ресми түрде ИШИМ-мен барлық қатынасын үзгенін және бұл топтың (Әл-Қағида ИШИМ-ді «топ» деп атайды, «мемлекет» деп мойындамайды) әрекеттеріне жауап бермейтінін жарияладыҮлгі:Sfn.

Ирак премьер-министрі Нұри әл-Мәликидің Әл-Қағида мен Баас партиясына қарсы күресті сылтауратып сүннилерді қуғын-сүргінге ұшыратуы елдің батыс бөлігінде экстремизмнің пайда болуына қолайлы жағдай тудырды<ref name="брит"/>. 2013 жылдың желтоқсан айының соңында ИШИМ Ирактағы билік басында отырған шииттер мен Ирак халқының аз бөлігін құрайтын сүнни арабтар арасындағы саяси қақтығысқа назарын аударып, осы жағдайды өз мақсатына қолдана бастады. 2014 жылдың қаңтарында Саддам Хусейннің руластары мен жақтастарының көмегімен ИШИМ Ирактың орталық бөлігінде орналасқан Фаллуджа қаласын басып алды<ref name="ббс"/>.

2014 жылы Сирияда қаза тапқан Ирак барлау қызметінің бұрынғы офицері Қажы Бәкірдің (Хаджи Бакр) үйінен табылған құжаттарға сәйкес, Ислам мемлекетінің пайда болуына Саддам Хусейннің билігіне қызмет еткен офицерлердің қосқан үлесі өте зор болуы мүмкін. Бұл құжаттардан ИМ Саддам Хусейн қолданған жүйеге сай әрекет етіп жүр екен. Қажы Бәкірдің жоспарларына Сириядағы азаматтық соғысты пайдаланып, сол елде жаңа топты құру кірген. Бұл топ нығайғаннан кейін көршілес Иракқа басып кіріп, Саддам диктатурасына ұқсас билік орнатуы тиіс еді. 2010 жылы әл-Бағдадиді ұйым басшысы етіп тағайындаған Қажы Бәкір мен бұрынғы ирактық барлау қызметінің офицерлері болуы мүмкін. Сирия әскерімен бұрыннан байланысы бар Қажы Бәкір олармен жасырын одақ құрып, Сирия аумағындағы жауларымен бірігіп күресу туралы келсікен деген де пікір бар<ref>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-en</ref>.

2014 жылдан бастап. Ислам мемлекеті

Сурет:İD bayrağı ile bir militan.jpg
Ислам мемлекетінің байрағын желбіреткен содыр

2014 жылдың маусым айында ИШИМ Сирия мен Иракты бөліп тұрған үймені бульдозерлермен тегістеп, екі елді бөлген Сайкс-Пико шекарасының жойылғанын жариялады<ref>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-en</ref>. Ирак аумағына енген ИШИМ-нің сарбаздары солтүстіктегі ірі қала Мосулды басып алып, оңтүстікке қарай орналасқан ел астанасы Бағдатқа бет алды. Өз қарсыластарын қырып салған олар Иракта өмір сүретін өзге дін мен ұлт өкілдеріне қауіп төндірді. Маусым айының соңында ИШИМ өзін «халифат» деп және әл-Бағдадиді «халифа» деп жариялап, атауын «Ислам мемлекеті» қылып өзгертті<ref name="ббс"/>. Көптеген мұсылман топтары ИМ-нің күллі мұсылман әлемін билеп-төстеуге талпынысын қолдамай, оған қарсы шықты<ref name="брит"/>.

Ислам мемлекетінің аз уақытта қол жеткізген жетістіктері халықаралық қауымдастықты әбігерлендірді. Бағдатта орын алған саяси дағдарыстың кесірінен Нұри әл-Мәлики үкіметі қызметін доғаруға мәжбүр болды. 2014 жылдың 8 тамызында АҚШ Ирактағы күрдтердің автономиялық ауданындағы ИМ-нің шабуылына тойтарыс беру үшін әуе соққыларын ұйымдастыра бастады. Бұл әрекеттер ИМ-нің басқыншылығын тоқтатқанымен, оны Ирак аумағынан шегіндіруге жеткіліксіз болып шықты<ref name="брит"/>.

2014 жылдың қыркүйек айының ортасында ИМ Сирияның солтүстігіндегі күрдтер тұратын аймақтарды басып алу үшін шабуылға шықты. 23 қыркүйек күні АҚШ құрамына Иордания, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Сауд Арабиясы секілді мемлекеттер кірген халықаралық коалицияны құрып, әуе соққыларын Сирия аумағында да жүргізе бастады. Күрд жауынгерлері мен ИМ арасындағы бірнеше айға созылған қарулы қақтығыстың салдарынан ондаған мың босқын Түркияға қашуға мәжбүр болды. Әуе соққылары мен лаңкестікке қарсы халықаралық коалицияның берген қару-жарағының көмегімен күрд жауынгерлері 2015 жылдың басында ИМ содырларын шегіндіре бастады<ref name="брит"/>.

2014 жылдың соңына қарай Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азиядағы қақтығыс аймақтарында ИМ-нің бөлімшелері пайда бола бастады. Нигериядағы Боко Харам мен Ауғанстандағы кейбір тәліптер өзінің Ислам мемлекетіне бағынышты екенін жариялады. Бірақ бұл топтардың ИМ-нің Сириядағы басшылығымен келісіп әрекет ететіні немесе етпейтіндігі белгісіз түрде қалды<ref name="брит"/>.

Ирак пен Сириядан тыс аймақтардағы ИМ-нің ең қуатты бөлімшесі Солтүстік Африкада пайда болды. 2011 жылы Муаммар Каддафидің билігі аяқталғаннан кейін қарулы қақтығыстардан көз ашпаған Ливияда ИМ бірнеше шабуылды өз мойнына алып, 2014 жылдың басында мысырлық және эфиопиялық христиан тұтқындарды өлтіру сәті түсірілген бейнежазбаны таратты. 2015 жылдың наурыз айында ИМ мүшелерінің Тунистегі Бардо ұлттық мұражайына шабуылы 21 адамның өліміне әкелді<ref name="брит"/>.

2015 жылдың соңында ИМ Ирак пен Сириядан тыс аймақта екі қанды шабуыл ұйымдастырды. 12 қараша күні екі жанкешті лаңкес Хизбуллаһ ұйымының Сириядағы қақтығысқа араласқаны үшін Бейрут қаласының шииттер тұратын ауданында жарылыс ұйымдастырды. Жарылыс салдарынан 40-тан астам адам қаза тапты. Бір күн өткеннен соң Ислам мемлекетіне қатысы бар содырлар Париж қаласында қару-жарақ қолданып шабуыл жасап, жарылыстар ұйымдастырды. Бұның салдарынан 129-дан астам адам қаза тапты. ИМ-нің мәлімдемесіне сәйкес бұл Франция әуе күштерінің Ирак пен Сирияда жасаған соққыларына жауап болды<ref name="брит"/>.

28 желтоқсан күні Ирак әскері 2015 жылдағы ең үлкен жетістікке жетті — Бағдатқа жақын орналасқан ИМ-нің қол астындағы Эр-Рамади қаласы үкіметтің бақылауына өтті. Оған қоса Саддам Хусейннің туған қаласы Тикрит қайтарылды. Эр-Рамади қайтарылғаннан кейін Ирак премьер-министрі әл-Абади 2016 жылдың соңына дейін демократиялық жолмен сайланған үкімет елдің бүкіл аумағына бақылау орнататынын уәде етті. Эр-Рамадиді алу барысында бірнеше жүз ИМ жауынгерлері өзінен әлдеқайда күшті Ирак әскеріне тойтарыс беруге қауқарлы екенін көрсетті, нәтижесінде үкіметке Мосулды тез арада қайтару туралы жоспарын қоя тұруға тура келді<ref>Үлгі:Мақала</ref>.

Ислам мемлекетіне қарсы соғыс

Үлгі:Ислам мемлекеті/Соғыс

Сурет:Airstrikes in Syria 140923-F-UL677-654.jpg
ИМ-ге соққы жасауға шыққан F-15E жойғыш ұшағы
Сурет:Coalition Airstrike on ISIL position in Kobane.jpg
Коалицияның Айн әл-Арабтағы ИМ позицияларына әуе соққысы
Сурет:Tomahawk Missile fired from US Destroyers.jpg
ИМ-нің нысандарына атылған Tomahawk ракеталары

Ислам мемлекетіне тойтарыс беру үшін құрылған коалицияға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құрамына кіретін бес мемлекеттің төртеуі бар. Бұл қақтығысқа әлі араласпаған Қытай Халық Республикасы Ирак үкіметіне барлау мәліметтерімен бөлісу және қару-жарақ сату арқылы көмек бергісі келетінін мәлімдеді. Коалицияның құрамына Таяу Шығыстағы саяси күштердің көбісі кіреді: Түркия, Сирия, Иран, Ирак, Иордания және Парсы шығанағы мемлекеттері. Бұл аймақтағы ең қуатты мемлекеттік емес ұйымдар, оның ішінде Хизбуллаһ пен күрдтер де Ислам мемлекетіне қарсы шықты. Коалицияның әскер саны және сапасы жағынан өте үлкен басымдығы бар, бірақ коалиция құрылғалы бір жыл өтсе де ИМ өзінің қол астындағы аймақтарды сақтап қана қоймай, Ирак пен Сирияның бірнеше ауданын өзіне қаратып алды<ref name="атл2"/>.

Қуатты мемлекеттерден құралған одақ өзінен әлдеқайда әлсіз қарсыласын жоюға қауқарсыз болып шықты. ИМ көп қарсыласқа тойтарыс берген тарихтағы бірінші төңкерісшілер емес. 1790 жылдары төңкерісшіл Франция Австрия, Пруссия, Ресей, Голландия, Испания, Португалия және Пьемонт секілді мемлекеттерге қарсы соғысып, Наполеон Бонапарт басқарған француз әскері 20 жылдың ішінде жауларын күйретіп, Еуропада орасан зор империя құрды. Жүз жылдан соң Ресейдегі большевиктер 1917—1922 жылдары ақтарға және құрамына АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Канада, Австралия, Жапония сияқты мемлекеттер кірген халықаралық коалицияға қарсы соғысып, жеңіп шықты. Жоғарыда аталған коалициялар мен ИМ қарсы құрылған одақтың жетістікке жетпеуінің себебі — олардың құрамындағы мемлекеттердің жеңіске деген құштарлығы жоқ және араларында бытыраңқылық орнаған<ref name="атл2"/>.

ИМ үшін жеңіс аса маңызды, ал Ресей, Франция, АҚШ секілді мемлекеттер бұған онша құштарлық танытып жатқан жоқ. АҚШ ИМ-нен бөлек көптеген мәселелерге көңіл бөлуге мәжбүр. Құрама Штаттар ИМ-ді жеңгісі келеді, бірақ сол жеңіс үшін үлкен құн төлеуге дайын емес. Коалиция құрамындағы мемлекеттердің арасындағы ауызбіршілік деңгейі де төмен: Сирия президенті Башар әл-Асад өз билігін сақтап қалғысы келеді, Ресей мен Иран да әл-Асадтың билік басында қалғанын қалайды, ал Сауд Арабиясы оны тақтан тайдыруды көздейді. Түркия болса күрдтер мәселесіне алаңдаулы. АҚШ Ислам мемлекетіне қарсы соғысып жатқан мемлекеттердің кейбіреуін ғана шын одақтас санайды, Ресейдің Сириядағы мақсаттарынан сезіктенеді<ref name="атл2"/>.

Ислам мемлекетіне қарсы соғысты қиындата түсетін тағы бір себеп — кез келген қақтығыста әлсіз жақ жағдайды баяндау мүмкіншілігіне (яғни дискурсқа) ие бола алады. ИМ жаулары көбейген сайын күшейе түседі, себебі олар қаза тапқан қарсыластарын көрсетіп, өздеріне Құдай тарапынан жеңіс бұйыратындығын алға тарта алады. Ал коалицияның тез арада зор жетістіктерге қол жеткізбеуі одақтастардың әлсіздігін көрсетеді. ИМ-нің осы жағдайдағы өзінен үлкен күшке қарсы күресі сырт көзге таңқалдырарлық жетістік болып көрінеді<ref name="атл2"/>.

Сурет:CountriesAgainstIS.svg
Ислам мемлекетіне қарсы соғысып жатқан елдер:
— Ислам мемлекетіне қарсы құрылған коалиция мүшелері
— өзге мемлекеттер
— Ислам мемлекеті

АҚШ

Ислам мемлекетіне қарсы құрылған коалиция жасаған әуе шабуылдарының көп бөлігі АҚШ әуе күштеріне тиесілі. Америка халқы құптамаған Ирак пен Ауғанстандағы соғыстан кейін Ирак әскеріне көмектесу үшін 3,5 мың жауынгер жөнелту Барак Обама үшін қиынға түсті. Сонымен қатар АҚШ Сириядағы «ұстамды» көтерілісшілерді жаттықтырып, қару-жарақпен қамтамасыз етеді. Расталмаған деректерге сәйкес, АҚШ арнайы күштері Ислам мемлекетіне қарсылас топтармен бірігіп, Ирак пен Сириядағы қақтығыстарға қатысқан<ref name="ббс3">Үлгі:Мақала</ref>.

АҚШ әуе күштері Ирак пен Сириядағы нысаналарға соққы жасау барысында үлкен қиыншылыққа кезікті. АҚШ ұшақтары жайғасқан Қатар мен Біріккен Араб Әмірліктерінен солтүстік Иракқа ұшып жету үшін 1,5 мың км қашықтықты бағындыру қажет. Бұл орташа жойғыш ұшақтың әрекет ету радиусынан асып түседі, сондықтан АҚШ жанармай тасушы ұшақтарды кеңінен қолдануға мәжбүр<ref name="лента">Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-ru</ref>.

2016 жылдың қаңтарында Пентагон басшысы Эштон Картер Ирак пен Сириядағы әскери операцияға құрамында 16 мың жауынгер бар әйгілі 101-ші әуе-десант дивизиясы (Үлгі:Lang-en) қатысады деп мәлімдеді. ИМ-ге қарсы толыққанды әскери операцияны бастау үшін Барак Обамаға АҚШ Конгресінің рұқсаты керек, ал онда Республикалық партияның өкілдері басым екені мәлім. Сайлаушылардың қолдауынан айырылып қалудан қорыққан республикалықтар әлі күнге шейін жер үстіндегі әскери қимылдардан бас тартып жүр. Пентагон Америка халқының көп бөлігі Ирактағы әскери іс-әрекеттерді қолдайды дегенмен, шын мәнінде америкалықтардың көбісі бұған қарсы шықты. Оған қоса президенттік мерзімі аяқталуға шамалы қалған Барак Обаманың әскер енгізу тіралы шешімі сәтсіздікке ұшыраса Демократиялық партияның атынан сайлауға қатысатын кандидатқа әсерін тигізуі мүмкін деген де қауіп бар<ref>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-ru</ref>.

Ирак

Ирак жерінде экстремистердің пайда болуына қолайлы жағдайды тудырған премьер-министр Нұри әл-Мәлики 2014 жылдың тамыз айында өз орнын босатып, үкімет басына Хайдар әл-Абади келді. 2014 жылдың жазында ИМ әп сәтте мемлекеттің солтүстік бөлігін басып алып, 12 маусым күні оның сарбаздарының Бағдатқа жетуіне 100 км қалғанда Ирак үкіметі АҚШ-тан көмек сұрай бастады. Бағдатты халық жасақтарынның құрылуы және Ислам төңкерісі сақшыларының корпусын жіберген Иранның көмегі құтқарып қалды<ref name="лента"/>. Қазіргі таңда әл-Абади ИМ-нің Бағдатқа шабуылын тоқтатқан шииттердің жасақтарымен қалай қарым-қатынас жасайтыны белгісіз. Кейбір шиит жасақтары мемлекеттің бақылауынан тыс әрекеттер жасап, сүннилерге қарсы жазалаушы шабуылдар ұйымдастырды деп айыпталды<ref name="ббс3"/>.

Сирия

2011 жылы Сирияда төңкеріс басталған сәттен-ақ Башар әл-Асад діни экстермистердің бүкіл аймаққа қауіп төндіретінін ескерткен болатын. Батыс елдері алғашында әл-Асад өзінің қарсыластарын «лаңкес» қылып көрсетуді қалайды деп ойлағанымен, уақыт өте келе ИМ мен Ән-Нұсра майданының күшеюінен сезіктене бастады. Осыған қарамастан Батыс елдері әлі күнге шейін әл-Асадпен ынтымақтасқысы келмейді<ref name="ббс3"/>. ИМ негізінен Ирак аумағында әрекет еткенімен, бұл ұйымның тылы дәл осы Сирияда орналасқан. Сириямен ресми түрде келісу мүмкін болмағандықтан АҚШ осы елдегі нысаналарға «Ирак үкіметінің өтінішіне сәйкес» соққылар жасайтынын мәлімдеді. Сирия өкілдері бұл туралы олармен ешкім келіспегенін, бірақ лаңкестікпен күресті құптайтынын жеткізді<ref name="лента"/>.

Сирия үкіметі ресми түрде ИМ-мен күресетін сыңай танытқанмен, олардың арасында жақсы қарым-қатынас орнаған деген ақпарат бар. Оның мысалы ретінде Сирияның екі негізгі ұялы телефон операторлары ИМ қарамағындағы аймақтарда өз жұмысын тоқтатпағанын келтіруге болады. Оған қоса Раққа қаласына үкімет басқарған аймақтардан жүйелі түрде азық-түлік жеткізіліп тұрады. Time журналымен сұхбаттасқан құпия дереккөздің мағлұматына сәйкес, Башар әл-Асадтың негізгі қарсыласы Ислам мемлекеті емес, Азат Сирия армиясы мен Ән-Нұсра майданы екен. Бұл топтар өздерінің мақсаты Сирия президентін тақтан тайдыру екенін жариялаған, ал ИМ ешқашан нақты бұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Сирия әскері ел аумағында орналасқан ИМ-нің астанасы Раққаны бомбалаудың орнына көбінесе Азат Сирия армиясына қарсы шабуыл жасайды. Сирия үкіметінің бұл саясатының мақсаты — сириялық оппозицияны әлсіретіп, ИМ-ге тойтарыс бере алатын жалғыз күш ретінде өз билігін заңдастыру<ref>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-en</ref>.

Араб мемлекеттері

Ирак пен Сирияны санамағанда, Ислам мемлекетіне қарсы күреске Сауд Арабиясы, Иордания, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар, Бахрейн, Мысыр, Кувейт, Оман секілді бірақатар араб елдері қосылды. Сауд Арабиясы АҚШ өтінішін қабылдап, өз елінің аумағында «ұстамды» сириялық көтерілісшілерді жаттығу базасымен қамтамасыз етті, ал АҚШ-тың сенімді одақтасы Иордания өз шекараларының тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2014 жылдың қыркүйегінде Сириядағы ИМ-нің содырларына әуе шабуылдарын ұйымдастырды. ИМ-нің қолына түскен иорданиялық ұшқыш Мұғаз әл-Касасиба өлім жазасына кесіліп, содырлар оны тірідей жағып жіберді. Иорданиялық ұшқыштың өлімінен кейін оның алдында Ирак пен Ливиядағы нысаналарға соққылар жасап жүрген БАӘ әуе күштері қақтығысқа қатысуын тоқтатты<ref name="ббс3"/>.

Қатар мемлекетінің аумағында АҚШ-тың маңызды Әл-Удейд әуе базасы орналасқан. Осы елде өмір сүретін шиитер Қатар үкіметін ИМ көмек берді деп айыптағаннан кейін мемлекет басшылығы бұл қауесеттерді бірнеше рет жоққа шығаруға мәжбүр болды. Сонымен қатар бұл әмірлік Әл-Қағиданың Сириядағы бөлімшесі Ән-Нұсра майданын ашуға көмектесті деген ақпарат бар. Көршілес Бахрейннің аумағында Парсы шығанағы, Қызыл теңіз, Арабия теңізі және Үнді мұхитының бір бөлігіне жауап беретін АҚШ әскери-теңіз күштерінің Бесінші флоты орналасқан<ref name="ббс3"/>.

Иран

Коалиция мүшелерінің көбісі Иранның қарсыластары екеніне қарамастан, бұл ел Ислам мемлекетіне қарсы бірігіп күресуге шақырды. Тіпті байырғы бәсекелесі Сауд Арабиясына қол ұшын беріп, өзі құптамаған АҚШ-тың Ирактағы бұрынғы әрекеттеріне көз жұмды. Иран ресми түрде өз жауынгерлерінің Сириядағы қақтығысқа қатысып жүргенін мойындаған жоқ, бірақ 2015 жылдың маусым айында осы сәтке дейін кем дегенде 400 ирандық және ауғандық «еріктілердің» қаза тапқаны белгілі болды. Иран қарулы күштері Ирак жеріндегі Ислам мемлекетіне қарсы күресте негізгі рөлді атқарды. Ислам төңкерісінің сақшылары Ирактың қауіпсіздік күштеріне кеңес беріп, ирандық ұшқыштар әуе соққыларын жасады. Иранның қолдауымен шииттік жасақтар (милиция) құрылды<ref name="ббс3"/>.

Ресей

АҚШ бастаған коалицияның құрамына кірмейтін Ресей 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Сирияда әуе соққыларын жүргізе бастады. Оған қоса Каспий теңізінде орналасқан әскери кемелерден ИМ-нің нысандарын ракеталармен атқылай бастады. Владимир Путиннің айтуынша, Ресейдің нысанасы — ИМ және басқа да қарулы топтардың бекіністері<ref name="ббс3"/>. Бірақ Ресейдің Қорғаныс министрлігі соққы жасадық деген нысаналар негізінде ИМ-ге қатысы жоқ аймақта орналасқандығы анықталды. Сириялық белсенділердің хабарлауынша, Ресей әуе күштерінің соққылары АҚШ қолдап жүрген Тажамму әл-Изза (Үлгі:Lang-ar) көтерілісшілер тобының позицияларына бағытталған екен<ref name="guardian rus"/>.

Ресей Сирия үкіметі секілді Башар әл-Асадқа қарсы соғысып жүрген көтерілісшілерді лаңкестер деп санайды, бірақ алғашында Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров айыптауларды жоққа шығарып, Ресей соққыларының нысаналары тек қана ИМ-ге тиесілі екенін және Азат Сирия армиясын (Сирия көтерілісшілердің ірі тобы) лаңкестік ұйым деп санамайтынын айтқан болатын<ref name="guardian rus">Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-en</ref>.

Сириялық құқық қорғаушылардың 2016 жылдың 20 қаңтарында жариялаған мәліметіне сәйкес, Ресей әуе шабуылдарының салдарынан барлығы 3049 адам қаза тапқан. Ажал құшқандардың арасында 1015 бейбіт тұрғын, оның ішінде 200 жуық бала бар екен. Ресей соққыларынан ИМ-нің 893 содыры және басқа топтардың (оның ішінде Ән-Нұсра майданы да бар) 1141 мүшесі қаза тапқан. Бұл мағлұмат жарияланған күні Ұлыбританияның қорғаныс министрі Ресей соққыларының салдарынан бейбіт тұрғындар мен «ұстамды» оппозиция өкілдері жапа шегіп жатқанына алаңдаулы екенін жеткізді<ref>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-ru</ref>.

Түркия

Түркия Ислам мемлекетін жоюға мүдделі елдердің бірі. Түркия билігі 2015 жылдың маусымында Суруч қаласында және қазан айында Анкарада болған терактілерге ИМ жауапты деп ойлайды. Түрік ұшақтары ИМ-нің Сириядағы позицияларына шабуыл жасады. Елдің оңтүстігінде орналасқан Инджирлик әуе базасын АҚШ әуе күштері өз қажеттіліктері үшін қолданады (Түркия НАТО мүшесі)<ref name="ббс3"/>.

Еуропа одағы

Франция, Ұлыбритания, Бельгия, Дания, Нидерланды сияқты Еуропа одағының мемлекеттері коалицияның құрамына кіреді. Франция Сириядағы алғашқы әуе шабуылдарын 2015 жылдың қыркүйек айында жүргізді. Франция президенті Франсуа Олланд ИМ Париж қаласында қантөгіс ұйымдастырғаннан кейін шабуылдардың күшейетіні туралы мәлімдеді. 2015 жылдың желтоқсан айында Ұлыбритания Парламенті Ирак пен Сириядағы ИМ-нің нысандарын бомбалауды арттыруға дауыс берді. 4 желтоқсан күні Германия Парламенті ИМ қарсы күреске қосылу жоспарын мақұлдады<ref name="ббс3"/>.

Канада

Канаданың жаңа премьер-министрі Джастин Трюдо өзінің сайлау алдында берген Ирак пен Сирияда әуе шабуылдарын орындап жүрген канадалық ұшқыштарды елге қайтару туралы уәдесін орындайтынын растады<ref name="ббс3"/>.

Аустралия

Аустралия АҚШ бастаған халықаралық коалицияның құрамына кіреді. Аустралия әуе күштері алғашқы соққыларын 2015 жылдың қыркүйек айында жасады<ref name="ббс3"/>.

Басқа қарулы топтармен қарым-қатынасы

Әл-Қағида

Әз-Зарқауи бастаған Ирактағы бөлімше пайда болған сәттен-ақ Әл-Қағиданың басшылығын әбігерлендірді. Әл-Қағиданың атын жамылып, қаражатын қолданған бұл топ көбінесе орталық басшылықпен бірлесіп әрекет етуден бас тартты, тіпті бұл талапты Усама бен Ладеннің өзі қойса да. 2010 жылы Ирак Ислам мемлекеті (ИМ-нің сол кездегі атауы) Әл-Қағиданың басшыларымен келіспей Әбу Бәкір әл-Бағдадиді ұйым жетекшісі етіп тағайындады. 2011 жылы Бен Ладен АҚШ әскерінің қолынан қаза тауып, Ирактағы бөлімшенің мәселесін шешу беделі анағұрлым төмен Айман әз-Зауаһиридің міндетіне айналды<ref name="шивмалик">Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-en, орысш.</ref>.

2013 жылдың сәуір айында әл-Бағдади Ирак Ислам мемлекеті Сириядағы Ән-Нұсра майданымен бірігіп, «Ирак және Шам Ислам мемлекетін» құратынын жариялағанда Ән-Нұсраның жетекшісі әл-Жулани одан бас тартып, Әл-Қағидаға берік екенін жеткізді және «жиһад шейхынан» осы таласты шешуді сұрады. 23 наурызда әз-Зауаһири «заңсыз» құрылған ИШИМ таратылуы керек деп және әл-Бағдади Сирияны тастап Иракқа қайтуы тиіс деп үкім шығарды, ал әл-Жулани Әл-Қағиданың Сириядағы бөлімшесінің басшысы болып тағайындалды. Бұл үкіммен келіспеген әл-Бағдади ИШИМ-нің жойылмайтынын айтты. Әл-Бағдади басқарған топ уақыт өте келе Әл-Қағидамен барлық байланысын үзді, әз-Зауаһириге берік командирлер ұйым қатарынан қуылды немесе өлтірілді<ref name="шивмалик"/>.

2014 жылдың 16 қаңтарында Әл-Қағиданың өкілі Әбу Халид әс-Сури ИШИМ-ді жиһадты «аздырды» деп және ұйым мүшелері өз бауырларын өлтірді деп айыптаған хабарламасын Интернет желісіне шығарды. 2 ақпанда Әл-Қағида ресми түрде ИШИМ-мен барлық қатынасын үзгенін және бұл топтың (Әл-Қағида ИШИМ-ді «топ» деп атайды, «мемлекет» деп мойындамайды) әрекеттеріне жауап бермейтінін жарияладыҮлгі:Sfn. 21 ақпан күні Алеппо қаласында әз-Зауаһиридің сенімді өкілі әс-Сури қасақана өлтірілгеннен кейін Әл-Қағида мен ИШИМ-нің арасында татулықтың орнамайтыны белгілі болды. Әйгілі жиһадшы Әбу Мұхаммед әл-Мақдиси мен Әл-Қағиданың идеологтары ИШИМ-ге қарсы пәтуасын жария етті. Бұрынғы жақтастарының бет бұруынан қорыққан ИШИМ басшылары әл-Мақдиси мен Әл-Қағиданың мүшелеріне миллиондаған доллар сыйақы уәде еткен хаттар жөнелтті. Әл-Мақдиси, Әбу Қатада секілді идеологтар бұл ұсыныстан бас тартты, бірақ әлемнің түкпір-түкпіріндегі жиһадшылардың топтары «халифаға» серт бере бастады<ref name="шивмалик"/>.

Талибан

ИМ мен Талибан арасындағы қақтығыс 2015 жылдың қаңтар айында басталды. Бұның себебі ИМ-нің Ауғанстан, Пәкістан, Иран және Орта Азия аумағында өзінің Хорасан деп аталатын уәлаятын жариялау болды. Бұл Ирак пен Сирияда шоғырланған ИМ-нің араб мемлекеттерінен тыс бірінші бөлімшесі болды. Тәліптер өз елдерінде жиһадтың тағы бір майданы ашылғанын қаламайтынын және өздерінің жетістіктерін қорғауға дайын екенін мәлімдеді. Осы қылығы үшін ИМ-нің ресми өкілі әл-Аднани тәліптерді діни қылмыс жасады деп айыптап, халифатқа қосылмағандарға ешқандай мейірім танытпауға бұйырды<ref name="азами">Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-en</ref>.

ИМ Талибан қозғалысының ішіндегі билікке деген таласты өз пайдасы үшін қолдана бастады. Бұл талас әсіресе молда Мұхаммед Омар қайтыс болып, оның орнына молда Ахтар Мансур келгеннен кейін айқын көріне бастады. Оған қоса көптеген жұмыссыз ауғандықтар ИМ уәде еткен жоғары жалақыға қызықты. Бірақ содырлардың көбісі ИМ-ге қосылмай, қолайлы уақытты күтуде немесе Талибан қолға алған қуғын-сүргіннен қорқып, ашық серт беруден баст тартып жүр<ref name="азами"/>.

ИМ-нің Ауғанстанға келуі тәліптердің билігіне қауіп төндірді, бірақ оған қоса оларға бірқатар елдермен қарым-қатынасын түзетуге көмектесті. Талибан көсемдері осы өңірдің бірнеше мемлекетімен диалог орнатып, Ауғанстанда ИМ-нің орнығуына жол бермейміз деп сендірді<ref name="азами"/>.

Ән-Нұсра майданы

Ән-Нұсра майданы (Жәбһат ән-Нұсра ли-Әһл әш-Шам — «Шам халқына көмек майданы») — Әл-Қағиданың Сириядағы бөлімшесі. Қазір бұл топ Сирияның солтүстігіндегі Идлиб ауданының көп бөлігін өз бақылауында ұстап тұр, 2015 жылдың қазан айында Ән-Нұсра майданы үкімет әскерлерін жеңіп, аудан орталығы Идлиб қаласын басып алды. Ән-Нұсра алғашында ИМ-мен одақтас болды (ИМ Әл-Қағиданың Ирактағы бұрынғы бөлімшесі), бірақ 2013 жылы бұл топтардың арасы бұзылып, Ән-Нұсра майданы Әл-Қағиданың Сириядағы ресми бөлімшесіне айналды. Осыдан кейін Ән-Нұсра имен ИМ-нің арасындағы Дейр әз-Заур облысында орын алған қақтығыста екі жақтан бірнеше жүз содыр қаза тапты<ref>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-en</ref>.

Күрд жасақтары

Ирак пен Сирия аймағында күрдтердің Халықтық қорғаныс топтары (YPG), Әйелдердің қорғаныс топтары (YPJ), Пешмарга жасақтары және Күрдістан Жұмысшылар партиясы (КЖП) ИМ-ге қарсы күресіп жүр. Олар сияқты ИМ-мен күресіп жүрген Түркия КЖП-мен де күресіп жүр, ал Пешмерга жасақтары керісінше Түркиямен жақсы қарым-қатынаста. Сириядағы ИМ-ге қарсы күрестегі бастаманы YPG алды. 2014 жылы YPG АҚШ әуе күштері соққыларының көмегімен Түркиямен шекаралас Айн әл-Араб (Кобани) қаласын ИМ-нен қорғап қалды<ref>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-en</ref>.

ХАМАС

Газа секторын өз бақылауында ұстап отырған ХАМАС ұйымының ИМ-мен қарым-қатынасы нашар деп саналады. Мұсылман бауырлар ағымынан пайда болған ХАМАС-тың идеологиясы ИМ-нің радикалды көзқарастарына қарағанда ұстамдырақ келеді. ХАМАС сыртқы істер министрінің орынбасары Ғазы Хамадтың айтуынша, Газа секторында ИМ-ді қолдайтын адамдар бар, бірақ ИМ немесе Әл-Қағидамен ресми түрде байланысы бар ұйымдар жоқ екен<ref>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-en</ref>.

Құрылымы

Басқа қарулы топтарға қарағанда ИМ басқарғысы келетін аймақтарды өз бақылауында ұстауға тырысады. Осы себептен ИМ заманауи мемлекеттің құрылымына ұқсас бюрократиялық жүйені құрды<ref name="ббс2">Үлгі:Мақала</ref>. 2014 жылы журналистердің қолына түскен «Ислам мемлекетінің басқару қағидалары» деп аталатын құжаттан бұл ұйымның мемлекет құру ісіндегі шараларының егжей-тегжейі белгілі болды. ИМ-нің әдеттегі зорлық-зомбылықтан басқа денсаулық сақтау, білім беру, сауда-саттық, байланыс және жұмыс орындары секілді қарапайым нәрселер туралы алаңдайтыны анықталды. Осының барлығы ИМ-нің басты мақсаты фундаменталистік теологияның негізінде өмірге бейімді мемлекетті құру екеніне анық дәлел<ref>Үлгі:Мақала</ref>.

Мемлекет?

Бастапқы кезде Ислам мемлекеті лаңкестердің немесе көтерілісшілердің бір тобы болғанымен, уақыт өте келе оған қатысты «квазимемлекет» немесе «протомемлекет» деген анықтамалар қолданыла бастады<ref>Үлгі:Мақала</ref>. 2007 жылы ИИМ-нің Шариғат кеңесі жариялаған жолдауда мемлекеттіліктің дәлелі ретінде ұйым басшысы билігінің әһл әл-халл уәл-ақд деп аталатын беделді адамдар тобымен (Ирак мужаһидтері) мойындалуын алға тарттыҮлгі:Sfn. Франциялық мемлекет қайраткері және саясаткер Франсуа Фийон Ислам мемлекетін «лаңкестік ұйым» деп атауды қойып, оны мемлекет ретінде мойындауға шақырды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Ұйымның атауы оның «Ислами» екенін және «мемлекет» екенін білдіріп тұр. Қазіргі таңда Ислам мемлекеті заманауи нағыз мемлекеттің сипатаммасына толығымен сай келмейді, бірақ бұл сипаттардың көбісі осы топқа тән және оның мемлекеттілік деңгейі уақыт өткен сайын артуда. Ғалымдар «мемлекет» деп халықаралық жүйе аясындағы әрекеттестіктің негізгі бірлігін және халықаралық тәртіптің заңды құрамдас бөлігін атайды. Дәл осы сәтте ИМ мемлекеттілік туралы бұл түсінікке онша сай келмейді<ref name="мекам">Үлгі:Мақала</ref>. 1933 жылы мақұлданған Монтевидео конвенциясына сәйкес (1-бап), мемлекеттің төрт нышаны болуы керек: тұрақты халқы, белгіленген аймағы, үкіметі және басқа мемлектетермен қатынасқа түсу мүмкіндігі. Конвенцияның бұл қағидасы ИМ-нің немесе бір аймақты басып алып, сол жердің халқын өзіне бағынышты қылуға қауқарлы басқа да қарулы топтардың мемлекеттілігін жоққа шығарады<ref>Үлгі:Мақала</ref>.

Биргам Янг атындағы университеттің саясаттану доценті Куинн Мекам (Үлгі:Lang-en) Ислам мемлекетінің «мемлекеттілігін» бағалау үшін, әрбір мемлекет атқаруы тиіс алты қызметті таңдап, осы қызметтерді атқару сапасын 10 баллдық шәкіл бойынша бағалап шыққан<ref name="мекам"/>:

  1. Салық және еңбек жүйесі — 7 балл
  2. Азаматтықты анықтау және реттеу — 4 балл
  3. Халықаралық қатынастарды басқару — 2 балл
  4. Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету — 6 балл
  5. Әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету — 5 балл
  6. Экономикалық өсімге жәрдемдесу — 3 балл

Бұл негізгі көрсеткіштер бойынша Ислам мемлекетін көршілес елдермен салыстыру нәтижелері аралас болып шықты, ал басқа исламист топтармен немесе өзінің бір жыл бұрынғы қалпымен салыстырғанда ИМ мемлекеттілігінің дамуы таң қалдырады. Әуе шабуылдары мен қарсыластардың көптігіне қарамастан ИМ-нің мемлекет құру ісіндегі жетістіктері азайған жоқ. Бұрынғы позицияларынан артқа шегінген ИМ-нің қол астындағы аймақтар мемлекет құруға бағытталған белсенді әрекеттер арқылы нығая түсті<ref name="мекам"/>.

Жетекшілері

Сурет:Mugshot of Abu Bakr al-Baghdadi, 2004.jpg
Әбу Бәкір әл-Бағдади

Ислам мемлекетінің басшысы және жоғарғы қолбасшысыӘбу Бәкір әл-Бағдади деген лақап атымен танымал «халифа» Ибраһим Аууад Ибраһим Әли әл-Бадри әс-Самарраи<ref name="круг"/>. Халифа ретінде әл-Бағдади төрт мәжілісті (Шариғат мәжілісі, Кеңес мәжілісі, Әскери мәжіліс және Қауіпсіздік мәжілісі) және уәлаяттар жүйесін басқарады. Өз кезегінде әр уәләят басшысының (уәли) қарамағында жоғарыда аталғандай төрт мәжіліс бар<ref name="ббс2"/>.

Әл-Бағдади мен ИМ-нің «ресми өкілі» Әбу Мұхаммед әл-Аднаниді санамағанда бұл ұйымның басқа жетекшілері туралы мәлімет аз. Бір кездері әл-Бағдадидің Сирияда Әбу Әли әл-Анбари және Иракта Әбу Мүслим әт-Түркмени деген есімдермен белгілі екі орынбасары бар деп есептелінді. Кейін белгілі болғандай, Әбу Алә әл-Афри лақабымен белгілі «халифа» орынбасары Әбдірахман Мұстафа әл-Қадули ИМ-дегі екінші адам саналған екен. АҚШ үкіметі әл-Қадулидің басы үшін 7 млн доллар сыйақы тағайындаған<ref name="ббс2"/>

Уәлаяттары

Қазіргі таңда (2015) Ислам мемлекеті өздігінен жарияланған 30 уәлаяттан (Үлгі:Lang-ar) құралған. Олардың бірқатары Ирак пен Сириядан тыс аймақтарда орын тепкен: Ливияда үш уәлаят (Тарабулус, Феззан және Барқа), Сауд Арабиясында екі уәлаят (Уәлаят Харамейн және Уәлаят Нежд) және Мысыр (Уәлаят Синай), Нигерия (Уәлаят Ғарб Африқия), Йемен (Уәлаят әл-Йемен), Алжир (Уәлаят әл-Жазаир) және Пәкістан (Уәлаят Хорасан) елдерінде бір-бір уәлаяттан. Олардың ішінде тек Ливия мен Нигериядағы уәлаяттар ғана белгілі бір аймақты өз бақылауында ұстап отыр. Көптеген экстремистік топтар ИМ серт бергенімен, олардың тек оны ғана ИМ-нің құрамына кіріп, «уәлаят» болып жарияланды. Бұл уәлаяттардың сегізі үкімет билігі әлсіз елдерде орныққан және болашақта осы аймақтарды өз бақылауына алуы мүмкін, ал мемлекет билігі қуатты Сауд Арабиясында жарияланған екі уәлаятта бұндай мүмкіншілік өте аз<ref>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-en</ref>.

Синай уәлаяты

ИМ-нің Мысырдағы бөлімшесі 2011 жылы төңкеріс кезінде пайда болған Ансар Бәйт әл-Мақдис тобының негізінде құрылған. Нигериялық Боко Харам ИМ-нің құрамына кірердің алдында Синай түбегіндегі бөлімше ұйымның ең қуатты тобы болды. Негізінен Синай түбегінде әрекет ететін бұл топ Каир мен Мысырдың батысындағы шөл даладағы шабуылдарды да өз мойнына алды<ref name="уәлаят">Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-en</ref>.

Ливия уәлаяттары

ИМ-нің Ливиядағы уәлаяттары 2014 жылдың қараша айында жарияланды. Барқа уәлаяты елдің шығыс бөлігінде, Триполи уәлаяты батыс бөлігінде, Феззан уәлаяты оңтүстікте орналасқан. Бұл топтар негізінен Ливияның жағалау бөлігінде белсенділік танытуда. 2015 жылдың маусым айында ИМ Сирт қаласы ұйымның бақылауына өткенін жариялады<ref name="уәлаят"/>.

Алжир уәлаяты

Ислам Мағрибындағы Әл-Қағидадан бөлініп кеткен Жунд әл-Хилафа («Халифат сарбаздары») тобы 2014 жылы Әбу Бәкір әл-Бағдадиге серт беріп, өзін ИМ-нің Алжир уәлаяты деп жариялады. Бұл топтың атағы 2014 жылдың қыркүйегінде содырлар франциялық саяхатшы Эрв Гурделдің (Үлгі:Lang-fr) басын кескенде шықты. Сол жылдың желтоқсан айында топтың жетекшісі Халид Әбу Сүлеймен (Әбді-Мәлік Гури) Алжир әскерінің қолынан қаза тапты деген хабар тарады<ref name="уәлаят"/>.

Сауд Арабиясы және Йемендегі уәлаяттар

2014 жылдың қара айында жарияланған Сауд Арабиясы мен Йеменнің аумағындағы ИМ-нің уәлаяттары Арабия түбегіндегі Әл-Қағида бөлімшесінің ашу-ызасын тудырды. Бұл уәлаяттар екі елдің аумағында бірқатар лаңкестік актілерді ұйымдастырды, олардың ең жойқыны Йемен астанасы Санадағы мешіттерде ұйымдастырылды<ref name="уәлаят"/>.

Ауғанстан және Пәкістан уәлаяты

ИМ-нің Ауғанстан мен Пәкістан аймағындағы уәлаяты 2014 жылдың қарашасында жарияланған уәлаяттардың біріншісі болды. Уәлаят Ауғанстан, Пәкістан және осы елдерге шекаралас аймақтарды білдіретін Хорасан (Үлгі:Lang-ar) атауымен атала бастады. 2015 жылдың қаңтар айында пәкістандық Талибанның бұрынғы командирі Хафиз Саид Хан мен басқа да жиһадилердің жетекшілері Әбу Бәкір әл-Бағдадиге серт берген сәті түсірілген бейнежазба таратылды. Сол сәттен бастап бұл бөлімше Ауғанстан мен Пәкістанда орын алған бірнеше лаңкестік актіні өз мойнына алды<ref name="уәлаят"/>.

Нигерия уәлаяты

2015 жылдың наурызында идеологиясы мен әдістері ИМ-ге өте ұқсас нигериялық Боко Харам тобының көсемі Әбубәкір Шекау өзінің «халифа» әл-Бағдадиге серт бергенін жариялады. Бұл топ ИМ-нің құрамына Батыс Африка (Ғарб Африқия) уәлаяты ретінде кірді<ref name="уәлаят"/>.

Кавказ уәлаяты

2015 жылдың 23 маусымында Ресей Федерациясы құрамындағы Солтүстік Кавказ елдерінің аумағында Кавказ уәлаяты жарияланды. Әбу Бәкір әл-Бағдади Шешенстан, Дағыстан, Ингушетия, Қабарда-Балқария елдерінің аумағында әрекет етіп жүрген содырлардың сертін қабылдады. Бұрын Кавказ әмірлігі жетекшілерінің бірі болған дағыстандық Рүстем Әселдеров (Әбу Мұхаммед Кадарский) уәлаяттың басшысы болып тағайындалды<ref name="уәлаят"/>.

Басқа уәлаяттар

Тунисте лаңкестік актілерін іске асырған содырлар ИМ-ге адал екенін жариялады, бірақ бұл елде уәлаят ресми түрде әлі құрылған жоқ. Қазіргі таңда Оңтүстік-Шығыс Азия мен Әш-Шабаб тобы басым Шығыс Африкадан тыс жиһадилер таралған аймақтардың көбісінде ИМ-нің бөлімшелері бар. 2014 жылдың қарашасында Индонезия мен Филиппиндердің аумағындағы содырлар ИМ-ге серт берді деген ақпарат расталды<ref name="уәлаят"/>.

Жер көлемі мен халық саны

2014 жылдың қыркүйек айында АҚШ Ұлттық лаңкестікке қарсы орталығының (NCTC) директоры Мэтью Олсен Ислам мемлекеті Тигр мен Евфрат өзендері алабының біраз бөлігін (210 мың км²) бақылап отырғаны туралы мәлімдеді. Бұл Ұлыбритания мемлекетінің ауданымен шамалас территория еді. Бір жыл өткен соң АҚШ Қорғаныс министрлігі коалицияның әуе соққылары мен жердегі операцияларының нәтижесінде ИМ-нің Ирактың солтүстік және орталық бөлігінен және Сирияның солтүстік аймақтарынан кері шегінгені туралы және оның қол астында болған елді мекендердің 20—25 % кері қайтарылғаны туралы баяндады. Қорғаныс министрлігінің бағалауы бойынша, ИМ Иракта шамамен 15—20 мың км² және Сирияда 2—4 мың км² жерінен айрылған екен. Яғни 2014 жылдың тамыз айымен салыстырғанда ИМ-нің Ирактағы территориясы 30—37 % және Сириядағы территориясы 5—10 % кеміген екен. Бұған қарамастан Ислам мемлекеті стратегиялық маңызы бар бірқатар аудандарды басып алды, оның ішінде Ирактың Анбар аймағындағы Эр-Рамади қаласы мен Сирияның Хомс аймағындағы Пальмира қалалары болды<ref name="ббс"/>. 2015 жылдың соңында Рамади Ирак үкіметінің бақылауына қайтарылды.

Сарапшылардың пайымдауынша, АҚШ-тың жергілікті ахуал туралы деректері кей жағдайда шындыққа онша жанаспайды екен. Шын мәнінде ИМ өзіне телінген аймақтардың аз бөлігіне — қалалар, ауылдар, негізгі жолдар, мұнай кен орындары мен әскери нысандарға ғана толық бақылау орнатқан. ИМ-нің қол астында өмір сүріп жатқан халықтың да нақты саны белгісіз болып отыр. Қызыл Крест Халықаралық комитетінің 2015 жылдың наурыз айында жариялаған деректеріне сәйкес, ИМ-де 10 млн астам адам өмір сүреді екен<ref name="ббс"/>.

Сурет:Claim to power of ISIS.png
ИМ билеп-төстегісі келетін жерлер

ИМ жариялаған болашақ халифат жерлерінің картасына сәйкес Еуропа, Азия және Африка құрлықтарының біраз бөлігі оның құрамына кіруі керек. Бұрын Араб халифатының және Осман империясының құрамында болған Еуропа елдері (Испания, Португалия, Балқан елдері, Румыния, Мажарстан, Аустрия және т. б.) ИМ-нің құрамына кіретін болып белгіленген. Ирак пен Сирияны санамағанда Азиядағы Пәкістан, Үндістанның қиыр шығысы, Ауғанстан, Орта Азия республикалары, Иран, Кавказ елдері (оның ішінде Ресей құрамындағы Кавказ республикалары бар), Қытай құрамындағы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Түркия, Парсы шығанағы маңы және Арабия түбегіндегі елдер, Израиль, Иордания, Ливан ИМ-нің құрамына енуі керек екен. Африкада ИМ-нің қол астына өтуі керек елдердің қатарына Экватордан солтүстікке орналасқан барлық мемлекет жатқызылған<ref>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-de</ref>.

Қарулы күштері

Әскер саны мен ұлттық құрамы

2015 жылдың ақпан айында АҚШ Ұлттық барлауының директоры Джеймс Клэппер жариялаған мәліметке сәйкес, Ирак пен Сириядағы ИМ жауынгерлерінің саны 20—32 мың адамға жуық екен. АҚШ басқарған коалицияның 2014 жылдың тамызынан бастап жасаған әуе соққыларының нәтижесінде олардың қатары біраз жүдеп қалған. АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Энтони Блинкеннің 2015 жылдың маусымында айтқан мағлұматына сәйкес, көзі жойылған ИМ сарбаздарының саны 10 мыңға жуықтап қалған<ref name="ббс"/>.

Әскер қатарын толықтыру үшін ИМ кей аймақтардың тұрғындарын өз қатарына қосылуға үгіттей бастады. Ирактық сарапшы Һишам әл-Һашимидің пікірінше, ИМ сарбаздарының тек 30 % ғана идеологиялық себеппен соғысып жүр екен, ал қалғандары қорқыту мен мәжбүрлеу арқылы әскер қатарына қосылған. ИМ жауынгерлерінің біразы Ирак пен Сирияға еш қатысы жоқ адамдар. 2015 жылдың қазан айында АҚШ-тың лаңкестікке қарсы орталығының директоры Николас Расмуссен жариялаған ақпаратқа сәйкес, ИМ 28 мыңнан астам шетелдіктерді өз жағына тартқан екен. Олардың 5 мыңы Батыс елдерінің тұрғындары, оның ішінде 250 АҚШ азаматы бар. Содырлардың арасында саны жағынан жақын орналасқан араб мемлекеттерінен (Тунис, Сауд Арабиясы, Иордания, Марокко) келген адамдар басым<ref name="ббс"/>.

ИМ-нің қатарына қосылған азаматтарының саны жүзден асқан елдердің тізімі: Үлгі:Col-begin Үлгі:Col-4

Үлгі:Col-4

Үлгі:Col-4

Үлгі:Col-4

Үлгі:Col-end

ИМ құрамындағы Қазақстан азаматтары

2013 жылдың 15 қазанында Ислам мемлекетінің қатарында соғысып жүрген 150 қазақ туралы бейнематериал жарияланып, әлеуметтік желелерде қызу талқыланды. Қазақстан билігі бұл адамдардың ел азаматтары екенін растаған да жоқ, жоққа шығарған да жоқ, бірақ Азаттық радиосының тілшілері бұл бейнежазбадағы бірнеше қазақтың аты-жөнін анықтады<ref>Үлгі:Мақала</ref>. ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев 2014 жылдың қараша айында Ислам мемлекеті содырларының арасында 300-ге жуық қазақстандықтар бар екенін айтқан болатын. Оның жартысына жуығы әйел азаматтар болып шықты<ref name="tnews">Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-ru</ref>. Сол жылдың 15 қарашасында әлеуметтік желілерде 22 Ирак офицерлері мен сарбаздарын өлтіру сәті түсірілген бейнежазба таралып кетті. Баскесерлердің арасында бір қазақстандықтың бар екені анықталды<ref>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-ru</ref>. Басқа бір бейнежазбада қазақстандық жасөспірім балалардың жүргені анықталды. Бұл балалар негізінен ИМ-нің қатарына қосылған әке-шешелерімен бірге еріп кеткендер<ref>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-ru</ref>.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 172-бабына сәйкес, «шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе соғыс қимылдарына жалдамалылық белгілері болмаған кезде қасақана құқыққа сыйымсыз қатысқан» азамат 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қару-жарағы және көліктері

Қару-жарақ жеткізудің икемді жүйесі арқылы ИМ өз жауынгерлерін оқ-дәрімен және атыс қаруымен уақытылы қамтамасыз етіп отыр. ИМ жауынгерлерінде қару-жарақтың көптеген түрлерін қолдану мүмкіндігі бар. Оның ішінде өздігінен жүретін пулемёттер, ракета жөнелтетін қондырғылар, зениттік артиллерия және шағын зениттік-ракеталық жүйелер бар. Бұған қоса олардың қолына Ирак пен Сирия әскерлерінің танкілері мен бронетехникасы түскен. Әу баста АҚШ әскерлеріне арнап жасалған құрыштанған Humvee джиптері мен бомбадан қорғанышы бар көліктер Ирак әскері арқылы ИМ-нің қолына түскен. Олардың кейбірі жарылғыш затпен жарақталып, лаңкестік актілер үшін қолданылады<ref name="ббс"/>.

Сурет:2012 Toyota HiLux (KUN26R MY12) SR Xtra Cab 2-door utility (2015-07-14).jpg
ИМ Toyota пикаптарына қару-жарақ қондырып, «техничкаға» айналдырады

ИМ өзінің үгіт-насихат материалдарында Toyota компаниясының жол талғамайтын көліктерінің Hilux және Land Cruiser модельдерін өте жиі қолданады, осы джиптер ИМ «брендінің» бір бөлігіне айналып кеткен. Бұған назар аударған АҚШ Қаржы министрлігінің лаңкестікке қарсы күреспен айналысатын департаменті Toyota-дан бұл көліктер ИМ-нің қолына қалай түскенін анықтауға көмектесуді сұрады. Toyota өкілдерінің айтуынша, компания өз көліктерін әскери немесе лаңкестік мақсатта қолданатындарға сатпайды екен, бірақ ИМ бұл джиптерді қалай иемденгені белгісіз болып шықты. Ирактық бригада генералы Саад Маанның пайымдауынша, шетелдік делдалдар бұл көліктерді Ирак аумағына контрабанда арқылы жеткізуі мүмкін. Сирия аумағында Toyota көліктерінің сатылымы 2012 жылы тоқтатылған болатын, бірақ 2014 жылы АҚШ мемлекеттік департаменті сириялық оппозиционерлерге осы марканың 43 көлігін жөнелткен болатын, оған қоса соңғы екі жылдың ішінде Аустралияның Сидней қаласында 800 жуық Toyota автокөліктері жоғалып кеткен еді. Бұл көліктер ИМ-нің қолына түскен болуы мүмкін<ref>Үлгі:Мақала</ref>.

Экономикасы

Ислам мемлекеті — әлемдегі ең бай қарулы топтардың бірі. ИМ алғашында Сирия президенті Башар әл-Асадты тақтан тайдырғысы келген ауқатты жеке донорлар мен Таяу Шығыстағы Ислами қайырымдылық қорлардың қаржысын пайдаланды. Аталған қаржы көздері шетелдік содырлардың Ирак пен Сирияға сапарларын қамтамасыз ету үшін әлі күнге дейін қолданылып келеді, бірақ қазіргі таңда Ислам мемлекеті толық қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізген<ref name="ббс"/>. Forbes журналының Израильдық бөлімшесінің зерттеуіне сәйкес, ИМ-нің жылдық қаржы айналымы 2 миллиард АҚШ долларына тең екен<ref>Үлгі:Мақала</ref>. 2014 жылдың маусым айында Мосул қаласы ИМ-нің қолына түсердің алдында ұйым қаржысы «небәрі» 900 млн долларға тең болатын<ref>Үлгі:Мақала</ref>. Бұл сан өте зор болып көрінгенімен, ИМ-нің негізгі қарсыласы АҚШ-тың әскери бюджеті 2014 жылы 580 млрд долларға тең болғанын естен шығармау керек<ref name="атл2">Үлгі:Мақала</ref>.

Табыс көздері

АҚШ Қаржы министрлігінің 2014 жылғы мәліметтеріне сәйкес, ИМ шикі мұнай мен мұнай өнімдерін сату арқылы аптасына бірнеше миллион АҚШ долларын тауып отырған екен, яғни бір жылдың ішінде бұл ұйымның пайдасы 100 млн доллардан асқан. ИМ-нен сатып алынған мұнайды жергілікті делдалдар әрі қарай Түркия мен Иранға немесе Сирия үкіметіне саудалайды. Мұнайға қатысты инфрақұрылымға жасалған әуе шабуылдарының салдарынан қазіргі таңда бұл табыстың көлемі азайып келеді деп болжануда<ref name="ббс"/>.

Жоғарыда аталған табыс көздеріне қоса ИМ 2014 жылы адам ұрлау арқылы кем дегенде 20 млн долларға жуық пайдаға кенелген. Банктерді тонау, көне жәдігерлерді сату, мал және ауыл шаруашылығы өнімдерін ұрлау немесе сатылымын қадағалау да косымша қаржы әкеледі. Бұған қоса ИМ өз қарамағында өмір сүретін миллиондаған адамдарды бопсалау арқылы айына бірнеше миллион доллар тауып отырады. ИМ территориясы арқылы сапар шеккен, осы аймақта кәсіп қылған немесе жәй ғана өмір сүрген адамдар да «қорғаныш» үшін ақы төлеуге мәжбүр. Өзге дін өкілдері арнайы салық төлеуге міндетті<ref name="ббс"/>.

Ислам динары

2014 жылдың қараша айында ИМ «Ислам динары» деп аталатын ақша басып шығаратынын мәлімдеді. Барлығы екі түрлі алтын теңге, үш түрлі күміс теңге және екі түрлі мыс теңге шығару жоспарланған болатын. Алтын динардың бірінде бидай сабақтары, екіншісінде әлем картасы бейнеленген. Күміс динарларда найза мен қалқан, Дамаск мешітінің мұнарасы және әл-Ақса мешіті бейнеленген. Мыс динарларда жарты ай мен пальмалардың бейнесі бедерленген. Ең қымбат алтын динардың құны шамамен 694 АҚШ долларына, ал мыс динардың құны небәрі 7 центке тең болады деп белгіленді<ref>Үлгі:Мақала</ref>. 2015 жылдың маусым айында алғашқы Ислам динарларының шыққаны белгілі болды. 1 алтын динардың құны 139 долларға тең болып шықты<ref>Үлгі:Мақала</ref>.

Идеологиясы

Ислам мемлекеті сәләфи-жиһади-тәкфири идеологиясын ұстанадыҮлгі:Sfn. Сәләфия-жиһадия сөз тіркесін бұл ұйымның бұрынғы көсемі Әбу Омар әл-Бағдади мен оның орынбасары өз үндеулерінде қолданған болатын. Жиһади ағымы XX ғасырдың соңында Мұсылман бауырлар мен сәләфилердің әсерінен пайда болдыҮлгі:Sfn. ИМ идеологиясының халық арасында қолдау табуының сыры араб елдеріндегі «зайырлы идеологиялардың» (арабшылдық, ұлтшылдық, насеризм, баасизм, батыс либерализмі, коммунизм және т. б.) дағдарысқа ұшырауында жатырҮлгі:Sfn.

XX ғасырдың соңғы онжылдықтарында Мұсылман бауырлардың белсенділігі мен сәләфилік айрықшалықтың әсері Таяу Шығыста исламистердің күшеюіне әкелді. Бұл топтардың басты шабыттандырушысы — Мұсылман бауырлардың мысырлық идеологы Сәйид Қутб. Исламистердің басты мақсаты мұсылман елдеріндегі үкіметтерді құлатып, олардың орнына Ислам мемлекетін орнату еді. Әл-Қағида да осыған ұқсас идеологияны ұстанды, бірақ олар Таяу Шығыста Ислам мемлекетін құру жолындағы бірінші қадам деп Америка Құрама Штаттарына шабуылды санады. Усама бен Ладен халифатты қалпына келтіру туралы көп сөз қозғайтын едіҮлгі:Sfn.

Мұсылман бауырлар 1924 жылы жойылған халифатты мінсіз жүйе ретінде қалпына келтіргісі келді. Олардың қатарынан бөлініп шыққан жиһадилердің халифат құру туралы армандары осы Мұсылман бауырлардың мұрасы болуы мүмкін. Мұсылман бауырлар халифат мәселесін талқылағанымен, практикалық тұрғыда оны құруға құлшыныс танытқан жоқ. Олар халифат құру ісі дәл қазір іске асырылуға тиіс нәрсе емес, алыс болашаққа арналған жоспар екенін мойындадыҮлгі:Sfn.

Ислам мемлекеті идеологиясының тағы бір құрамдас бөлігі — сәләфия (нақтырақ айтқанда оның зорлық-зомбылыққа үйір жиһадия ағымы<ref name="олидорт"/>). «Сәләфия» деп сүнни Ислам ішіндегі «дінді тазартуға» ұмтылған қозғалысты атайды. Сәләфилер басты назарын көпқұдайшылықты (ширк) жою және бірқұдайшылықты (таухид) орнату мәселесіне аударады. Сәләфилер тек өздерін ғана шын мұсылман санайды. Тау-тастарға, әулиелерге, қабірлерге және т. б. заттарға табынып жүрген мұсылмандарды діннен безген кәпірлер деп есептейді. Бұлардың қатарына шииттер, демократтар және демократиялық жүйеге ат салысып жүргендер де жатқызылады. ИМ-нің шииттерге қарсы ұстанымы сәләфилер мен шииттердің арасындағы ежелден ұласып келе жатқан қақтығыстан шыққанҮлгі:Sfn.

Сәләфилердің негізгі әдебиеті ортағасырлық ғұлама Ибн Таймийа мен оның шәкірттеріне тиесілі. XVIII ғасырда пайда болған Мұхаммед ибн Абдул-Уәһһаб бастаған сәләфилер қозғалысының өкілдері уаһһабилер деп аталып кетті. Сауд Арабиясы патшалығы осы күнге шейін осы Ибн Абдул-Уәһһабтың іліміне берікҮлгі:Sfn. Кейбіреулер Сауд Арабиясын ИМ көмек көрсетіп жүр деп айыптағанына қарамастан, сәләфилікті дәстүрлі түрде ұстанатын бұл мемлекет Ислам мемлекетіне қарсы саясатты жүргізіп жүр<ref>Үлгі:Мақала</ref>.

Исламист топтардың дамуымен қатар жиһадилер қозғалысының идеологиясын құруға көмектескен тәуелсіз ғұламалардың желісі пайда болды. Бұл ағымның бағытын Әбу Мұхаммед әл-Мақдиси және Әбу Басыр әт-Тартуси секілді ғалымдар белгіледі. Ертеректе Сәйид Қутбтың ықпалында жүрген ғалымдар, уақыт өте одан қашықтап, сәләфилікті ұстана бастады. Сәләфиліктің зорлық-зомбылық аспектілеріне көп көңіл бөлген бұлар сәләфия-жиһадияның пайда болуына септігін тигіздіҮлгі:Sfn. Қазіргі таңда ИМ өзінің діни көсемдерін қолдау саясатын жүргізіп отыр. ИМ-де беделге ие бахрейндік жас уағыздаушы Түрки әл-Бинәли өзінің бұрынғы ұстазы әл-Мақдисиді Ислам мемлекетін қолдамағаны үшін сынға алдыҮлгі:Sfn.

Ислам мемлекетінің сәләфи-жиһадиліктің соншалықты қатал нұсқасын ұстануының себебі осы топтың негізін қалаған Әбу Мұсғаб әз-Зарқауидің көзқарастарында жатыр. Әз-Зарқауи Әбу Мұхаммед әл-Мақдисидің шәкірті болған. Әбу Омар әл-Бағдади және Әбу Хамза әл-Муһажир секілді ИМ-нің алғашқы жетекшілері де сәләфи-жиһадиліктің өкілдері болғанҮлгі:Sfn.

Зорлық-зомбылыққа қарсы сәләфилер қарсыластарын сәләфия-жиһадия деп еш жерде атамайды, оның орнына тәкфиршілік немесе экстремистік атауларын қолданады, себебі олар тәкфир — діннен шығаруды қантөгістерін ақтау үшін қолданады. Оған қоса жиһадилерді атау үшін сәләфилер бағзы заманда пайда болған харижилік ағымының атауын қолданады<ref name="олидорт">Үлгі:Мақала</ref>.

ИМ-нің көзқарастарына сәйкес, әр мұсылман «нағыз» мұсылмандықты ұстану керек және «нағыз» мұсылман еместерден бөлінуі керек; Аллаһтың заңдарымен үкім етпеу күпірлік саналады; Ислам мемлекетіне қарсы күресу күпірлікпен тең; барлық шииттер өлім жазасына лайықты кәпірлер; Мұсылман бауырлар мен ХАМАС ұйымы Ислам дінін сатқан опасыздар. ИМ-нің бұл көзқарастары сәләфилердің дәстүрлі әдебиетіне негізделгенҮлгі:Sfn.

Заңдары

Ислам мемлекеті өз бақылауындағы аймақтарда шариғат заңдарының негізінде билік орнатқан. Үкім шығару жұмысымен мүфтилер басқаратын ИМ-нің соттары (қазылары) айналысады<ref>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-en</ref>. Заңдардың қатаң сақталуын әл-Хисба (Үлгі:Lang-ar) деп аталатын арнайы шариғат полициясы қадағалайды<ref name="epoch"/><ref name="beast"/>. Құрамына жаңадан қосылған жерлерде ИМ ең бірінші осы шариғат полициясын құрумен айналысады. Шариғи полициядан басқа ИМ-де кәдімгі полиция да бар, бірақ олар бөлек жұмыс істейдіҮлгі:Sfn.

Тыйым салынған (харам) нәрселердің қатарына алкоголдік ішімдіктер ішу мен темекі шегу кіреді. Алкоголь ішкен адам сабалау арқылы жазаланады, темекі шеккен адам айыппұл төлеуге мәжбүр. ИМ-ге салық төлемей контрабандамен айналысқан адамдар айыппұлмен жазаланады<ref name="beast">Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-en</ref>. Автокөліктерінде музыка тыңдағандар мен шариғатқа сай киінбеген әйелдер де жазаға тартылуы мүмкін. Әрбір ер адам намаз уақытында міндетті түрде мешітке келуі тиіс, бұл уақытта дүкендердің жұмысына тыйым салынған<ref name="epoch">Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-en</ref>. Батыстың БАҚ-тары көбінесе дене мүшелерін кесу және бас шабу сияқты ауыр жазаларға (худуд) назар аударғанымен, ИМ-нің соттары тағзир деп аталатын жеңіл жазаларды (сөгіс, ескерту, тәрбиелік сөз) да қолданадыҮлгі:Sfn.

Үгіт-насихат

Ислам мемлекетінің содырлары Әл-Қағида көсемі Айман әз-Зауаһиридің «жүректерді жаулау» туралы кеңесіне құлақ түрмесе де, өзінің жолдауларын тарату үшін әлеуметтік медиа құралдарын шеберлікпен қолданып жүр. Әлемдегі ең қатыгез лаңкестік ұйымның үгіт-насихаты да жоғары деңгейде ұйымдастырылған. «Әл-Хаят» деп аталатын ИМ-нің медиа орталығы жүздеген бейнежазба жариялап үлгерді. Оның ішінде бірнеше минуттық бейнежазбалардан бастап, ұзақтығы бір сағатқа жететін фильмдер бар. Олардың көп бөлігінде Голливуд стиліндегі әдіс-тәсілдер мен арнайы эффектілер қолданылған. ИМ жариялаған «Қылыштар шылдыры» (Үлгі:Lang-ar) атты фильмнің 4-ші бөлімін New York Times газетінің сыншысы Дэвид Каррдың өзі мақтаған. ИМ-нің үгіт-насихатын Интернет желісінде тарататын көптеген «жанкүйері» бар. Twitter әлеуметтік желісінде қаптап жүрген оларды әлі күнге шейін тоқтату мүмкін болмай тұр<ref>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-en</ref>.

ИМ Батыс елдерінде уағыз-насихатын тарату үшін 2014 жылдың шілде айында ағылшын тілінде «Дабиқ» (Үлгі:Lang-en) журналын жария етті. Оның атауы Алеппо қаласынан солтүстікке қарай орналасқан Дабиқ елді мекенімен байланысты. Мұхаммед пайғамбардан Үлгі:Салауат жеткен хадиске сәйкес, Ақырет күнінің алдында христиандар («римдіктер») мен мұсылмандар арасындағы ақтық шайқас дәл осы жерде орын алады екен<ref>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-en</ref>. «Дабиқ» журналы ИМ-нің негізгі басылымы саналады<ref>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-en</ref><ref>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-de</ref>. Журналдың сыртқы көрінісі Батыстың бірқатар атақты басылымдарына ұқсайды және мінсіз ағылшын тілімен жазылған<ref>Үлгі:Кітап</ref>. «Дабиқты» басып шығару жұмысымен «Әл-Хаят» орталығы айналысады<ref>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-en</ref>.

Әскер қатарына қосылуға үгіттеу

ИМ-нің Батыс елдерінде ұйым қатарына қосылуға үгіттейтін арнайы адамдары бар. Қазіргі таңда Ислам мемлекеті әскерінің қатарында АҚШ, Ұлыбритания, Канада секілді халқының көп бөлігі мұсылман емес елдердің азаматтары шайқасып жүр. Олардың көбісі Исламды жақында қабылдаған, дін туралы білімі аз адамдар. Өзіне қосылған шетелдіктерді ИМ топ қатарына жаңа жауынгерлерді тарту үшін «жарнама» ретінде қолданады. Twitter және Ask.fm сияқты әлеуметтік желілер ИМ-нің қатарына қалай қосылуды үйрету үшін пайдаланылады. Ұйымға қосылуға ынта танытқан адамды тексеру үшін ИМ-нің өкілдері мұқамдау және прокси-серверлерді пайдаланып сұхбат жүргізеді, Skype арқылы оның бет-әлпетін анықтайды. Барлығы келісілгеннен кейін ИМ бақылап тұрған аймаққа жету жолдары қарастырылады. Көбінесе бұл үшін Түркия арқылы өтетін бағыт таңдалады. Ұйым қатарына қосылғандарға жалақы төленеді, үйленгендер мен сол жаққа жеткеннен кейін неке қиғандар үшін сыйлық қарастырылған<ref>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-en</ref>. Өз қатарына қосылуға ерлермен қоса әйел адамдарды үгіттеу арқылы ИМ болашақта толыққанды қоғам құруды қалайды. ИМ-нің қатарына қосылғысы келіп, ұйымның рекруттеріне байланысқа шыққан мұсылман әйелдер үшін де Сирияға аттануға жағдай жасалған<ref name="атл"/>. Бұның мысалы ретінде ресейлік студент қыз Варвара Карауловамен болған жағдайды келтіруге болады. Ол ИМ-нің мүшесі, Сирияға аттанған Қазан қаласының тұрғынына ғашық болып, оған қосылу үшін сапарға аттанды, бірақ Түркия мен Сирия шекарасында тәртіп сақшыларының қолына түсіп, оған қарсы қылмыстық іс қозғалды<ref>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-ru</ref>.

Интернет желісіндегі танымалдығы

2015 жылдың қорытындыларына сәйкес Ислам мемлекеті туралы мақала қаралу саны бойынша ағылшынша Уикипедияда 3-орынды, немісше Уикипедияда 4-орынды, французша Уикипедияда 4-орынды, итальянша Уикипедияда 5-орынды, датша Уикипедияда 7-орынды, парсыша Уикипедияда 9-орынды, чехше Уикипедияда 4-орынды, шведше Уикипедияда 7-орынды, финше Уикипедияда 9-орынды иеленді<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Бір жыл бұрын ИМ туралы мақала Уикипедияның тек арабша, түрікше және парсыша бөлімдерінде үздік ондыққа кірген болатын (сәйкесінше: екінші, оныншы және үшінші орын)<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Google іздеу жүйесі 2015 жылдың аяғында жариялаған мәліметке сәйкес, ISIS (яғни Үлгі:Lang-en) сауалы «Жаһан жаңалықтары» санатында 4-орынды иеленген екен<ref>Үлгі:Cite web</ref>. «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің жыл соңында жариялаған есебіне сәйкес, Ислам мемлекеті ең көп талқылаған тақырыптардың арасында 6-орынға ие болды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Адам құқықтары және әскери қылмыстар

Үлгі:Ислам мемлекеті/Адам құқықтары

Құлдық және адам саудасы

Ислам мемлекетіне құлдыққа түскендердің саны шамамен 3,5 мың адам болуы мүмкін (2015 жыл, БҰҰ мәліметі)<ref name="UNAMI 2"/>. Құлдық жасырын түрде іске асырылатын Тайланд, Сенегал сияқты мемлекеттерге қарағанда ИМ-нің қол астындағы аймақтарда адамдарды құлдыққа айдау заңдастырылған. ИМ-нің қолына түскен мұсылман емес (яғни кәпір) әйелдер күңдерге айналып, құдды мал-мүлік секілді сатылымға да шығарылуы мүмкін. Құлдыққа түскен әйелдердің иелеріне олармен жыныстық қатынасқа түсуге (тіпті ол бойжеткен болмаса да), басқа адамдарға сатуға, тәрбиелік мақсатта қол жұмсауға құқық берілген<ref>Үлгі:Мақала</ref>. Өзінің Батысқа айтылған қоқан-лоқы сөздерінде ИМ-нің ресми өкілі әл-Аднани Римді басып алғаннан кейін олар христиан крестерін сындырып, әйелдерін күңдерге айналдыртынын айтты<ref name="атл">Үлгі:Мақала</ref>.

ИМ-дегі адам саудасының негізгі құрбандары — езид әйелдері. Қазіргі таңда басқа діндерді ұстанатын әйелдердің жаппай құлдыққа түскені туралы ақпарат жоқ. Езидтердің бұл жағдайға түсуінің себебі олар Ислам дінінде христиандар мен яһудилер секілді Кітап иелері қатарына жатпайды, көпқұдайшылар болып саналады<ref name="рукмини">Үлгі:Мақала</ref>.

Адамдарды жаппай қыру

ИМ-нің Ирактағы нысаналары — ИМ-нің билігіне мойынсұнбағандар, Ирак қауіпсіздік күштері мен полиция қызметкерлері, шенеуніктер, Ирак үкіметінің қызметкерлері, Парламент пен аймақтық Кеңестердің мүшелері, діни көсемдер мен тайпа басшылары, журналистер, заңгерлер, дәрігерлер және т. б. әскери емес адамдар. Сонымен қатар соғысудан немесе басқа да әрекеттерден бас тартқан топ мүшелері өлтірілгені туралы ақпараттар бар<ref name="UNAMI 2">Үлгі:Cite webҮлгі:Ref-en</ref>. 2014 жылдың 12 маусымында Салах әд-Дин ауданында ИМ-нің қолына түскен 1,5 мың Ирак сарбазы мен қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері қырғынға ұшырады. Адамдарды жаппай өлтіру Салах әд-Дин, Найнауа, Дияла және Киркук аудандарында орын алғаны белгілі болды<ref name="UNAMI"/>.

Өлім жазасына кесу

Ислам мемлекеті адамның басын шабу секілді ауыр жазаларды қолдану арқылы жауларын арандатып, өз қатарына жаңа сарбаздарды тартуды мақсат етеді. Бас шабумен қатар жаза ретінде ату және тас лақтырып өлтіру қолданылғаны туралы бірқатар дерек бар. Жаза туралы үкім шығарумен ИМ тағайындаған қазылар айналысады<ref name="UNAMI">Үлгі:Cite webҮлгі:Ref-en</ref>. Үлкен сынға қарамастан ИМ бас шабудың діни негізі бар екенін алға тартады, себебі бас шабу туралы Құранда айтылған және Мұхаммед пайғамбардың Үлгі:Салауат өзі осы жазаны қолданған деген деректер бар. Шариғатты қатаң ұстанатын Сауд Арабиясы да бас шабу арқылы өлім жазасына кесу әдісін әлі күнге шейін қолданып жүр, Қатар және Иран мемлекеттерінің заңдарында да бас шабу жазасы қарастырылған<ref>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-en</ref>.

Әйелдердің жағдайы

Бір кездері ИМ Ирактың Мосул қаласындағы әйелдердің жыныстық мүшелеріне зақым келтіру арқылы «піштіруге» бұйрық берді деген қауесет тарап кеткен болатын. Артынан бұл хабардың шындыққа жанаспайтыны белгілі болды. Әйелдерге деген қатынас бұндай жан түршігерлік деңгейге жетпесе де, ИМ-дегі нәзік жандылардың жағдайы ауыр екені рас. ИМ-нің астанасы саналатын Раққа қаласында әйел адамдар көшеге қамқоршысыз шыға алмайды және сыртқа шыққанда денесін толығымен жабуға міндетті, әйтпесе қамауға алынып, соққыға жығылуы мүмкін. Әйелдерге бақылау жүргізу үшін ИМ құрамына тек әйелдер кіретін Әл-Ханса бригадасын құрған<ref>Үлгі:Мақала</ref>.

Балалардың жағдайы

ИМ-ге ерікті түрде қосылған немесе ұрланған ер балалар әр түрлі әскери және діни лагерьлерге орналастырылады. Сол жақта олар шариғатты оқып, қару-жарақ қолдануды үйренеді. Сириялық дереккөздерге сенсек, содырлар қуыршақтарды қолданып балаларға адамның басын қалай кесуді үйретеді екен. Басқа дерекке сәйкес, ИМ балаларды тірі қорған ретінде қолданып, олардың қанын жарақаттанған сарбаздарға құйдырып жүр. БҰҰ сарапшыларының пайымдауынша, Мосул қаласында 12—13 жасар балалар ИМ ұйымдастырған әскери дайындықтан өтуде, бірақ ИМ-нің ресми өкілі ер балалар әскери жиындарға 16 жастан бастап қатыса алатынын айтты<ref>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-en</ref>.

Гомосексуалдардың жағдайы

Сириядағы азаматтық соғыстың алдында гомосексуалдылығы анықталған ер адамдар жазадан пара беріп құтыла алатын еді, ал ИМ содырларының қолдарына түскен гомосексуалдарды тек өлім жазасы ғана күтіп тұр. Дәстүрлі емес жыныстық қатынасқа үйір ер адамдар көпшіліктің көзінше биіктіктен құлату, тас лақтыру және бас шабу арқылы жазаланады<ref>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-en</ref>.

Басқа дін өкілдерінің жағдайы

Шииттер

ИМ мұсылман-шииттерді «кәпірлер» және «опасыздар» деп санайды, сондықтан олардың көзін жоюға тырысып бағып жүр. Әл-Қағида мен басқа да топтар шииттерді оңды-солды өлтіре беруге болмайтынын айтқанымен, ИМ олардың сөзіне құлақ аспады. ИМ АҚШ және Еуропа сияқты «алыс» жаулардан гөрі бар күшін шииттерге қарсы жұмсауды жөн көреді. Израиль Газа секторындағы мұсылмандарды бомбалап жатқанда кейбір содырлар ИМ-ді палестиналықтарға ешқандай көмек көрсетпегені үшін айыптағанда ұйым өкілдері шииттерге қарсы күрес барлығынан да маңызды екенін алға тартты<ref>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-en</ref>. ИМ-нің пайымдауынша, АҚШ пен зайырлы араб мемлекеттерінің билік басындағылары шииттермен келісіп, Таяу Шығыстағы сүннилердің ықпалын азайтуға тырысып бағып жүр, Иракты шииттердің мемлекетіне айналдырғысы келеді екен<ref>Үлгі:МақалаҮлгі:Ref-en</ref>.

Езидтер

Езидтер (йезидтер) деп Ирактың солтүстігі мен Кавказ мемлекеттерінде тұратын діни ағымның өкілдерін атайды. Мұсылмандар мен басқа да дін өкілдері езидтерді Шайтанға табынушылар деп санайды. ИМ-нің содырлары езидтердің елді мекендеріне шабуыл жасағаннан кейін 130 мыңға жуық езид елдің солтүстігіндегі күрдтердің қол астына қашып кетті, 40 мыңға жуық босқын езид Синджар тауындағы үңгірлерге тығылуға мәжбүр болды<ref>Үлгі:Мақала</ref>. Қазіргі таңда езид әйелдері ИМ-дегі адам саудасы мен зорлаудың негізгі құрбандары болып отыр<ref name="рукмини"/>. Йезидтердің ресми мәліметіне сәйкес, 2014 жылдың тамыз айнына бастап ИМ бұл халықтың 5838 өкілін тұтқынға түсірген екен (3192 әйел және 2646 ер адам). Олардың 2258 сол жылдың қазан айында дейін тұтқыннан босап шыққан (311 ер, 847 әйел, 533 қыз және 567 ер бала)<ref name="UNAMI 2"/>.

Христиандар

Шариғатқа сәйкес, өзге дін өкілдеріне қарағанда христиандар мен яһудилердің мәртебесі бөлек, себебі олар Ислам секілді монотеистік діндердің қатарына жатады. ИМ-нің содырлары талай рет христиан дінін ұстанатын адамдарға шабуыл жасап, христиан тұтқындардың басын шапқанына қарамастан бұл дін өкілдері әрдайым жау ретінде қарастырылмайды. ИМ «Ирак Ислам мемлекеті» деп аталып жүрген кезде жергілікті христиандар бұл ұйымның қамқорлығына алынған болатын. 2014 жылы ИМ астанасы Раққа қаласының христиандары да осындай қамқорлыққа алынғаны белгілі болды. ИМ-нің айтуы бойынша, христиандар Ислам қабылдап, мұсылман бола алады немесе арнайы салық төлеп, өз дінінде қала алады. Осының біреуін таңдамаған христиандарға ИМ соғыс жариялайды<ref>Үлгі:Мақала</ref>.

Көне жәдігерлерді жою және сату

Сурет:Temple of Bel, Palmyra 02.jpg
Бэл ғибадатханасы, Пальмира. 2015 жылы ИМ жойды

Ислам мемлекеті жоюға ұмтылатын нәрселердің ішінде ежелгі заманның жәдігерлері де бар. ИМ Мосул мұражайында зілбалғаларды, Пальмирада жарылғыш заттарды және Нимрудта шойбалға, бульдозерлер мен жоғарыда аталған нәрселердің барлығын қолданып көне жәдігерлердің көзін құртқаны белгілі. Меккені басып алғанда барлық пұттарды бұзған Мұхаммед пайғамбардың Үлгі:Салауат жолын қуған ИМ содырлары бағзы замандардан қалған пұттарды жоюды мақсат еткен. ИМ өкілдері бұл жәдігелердің құны тіпті миллиардтаған долларға тең болса да алған беттерінен қайтпайтынын жеткізді<ref name="tny">Үлгі:Мақала</ref>.

Әбу Сайяф есімді ИМ-нің өкілі құнды жәдігерлер болуы мүмкін аймақтарды анықтап, сосын жергілікті тұрғындарға қазба жұмыстарын жүргізуге рұқсат беріп отырған. Табылған құнды заттарды Әбу Сайяф сатып, қаржының бір бөлігін салық ретінде алып, қалғанын жұмысшыларға үлестіріп тұрған. ИМ-нің содырлары үшін пұттар мен ежелгі мүсіндерді сатуға қатаң тыйым салынған болатын. Әбу Сайяф Сирияда болған алты ай ішінде ИМ қазынасына салық ретінде 265 мың АҚШ долларын түсірген<ref name="tny"/>.

Кейбір БАҚ өкілдері ИМ құнды жәдігерлерді сату арқылы миллиондаған доллар тауып жүргенін жариялаған болатын, бірақ бұл шындыққа онша жанаспайды. Көне бұйымдарды сату арқылы ИМ өзінің басқа табыс көздеріне қарағанда әлдеқайда аз пайда табады. Зерттеушілердің деректеріне сәйкес, көне жәдігерлерді тонау әрекеттері ең аз орын алатын, бірақ асқан ашкөздікпен және мұқияттылықпен жүргізілетін аймақтар — ИМ мен Сирия билігі басқаратын жерлер. Күрдтер мен басқа көтерелісшілер бақылайтын аймақтарда олардың саны әлдеқайда көп<ref name="tny"/>.

Ислам мемлекетіне тыйым салған елдер

АҚШ, Аустралия, БАӘ, Индонезия, Иордания, Қырғызстан, Малайзия, Мысыр, Пәкістан, Ресей, Сауд Арабиясы, Сирия, Түркия, Үндістан, Ұлыбритания сияқты елдер Ислам мемлекетін лаңкестік ұйым ретінде мойындаған. 2015 жылдың 15 қазанында Есіл аудандық соты Ислам мемлекетін лаңкестік ұйым деп танып, оның қызметіне Қазақстан аумағында тыйым салу туралы шешім қабылдады<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2015 жылдың 20 қарашасында БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Ислам мемлекеті халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке бұрын соңды болмаған қауіп төндіргенін мәлімдеп, мүше мемлекеттерді ИМ Ирак пен Сирияда ұйымдастырып жүрген лаңкестік актілерін тоқтатуға бар күштерін жұмсауға үндеді<ref>Үлгі:Cite web</ref>. 17 желтоқсан күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі № 2253 резолюцияны бірауыздан мақұлдады. Оған сәйкес Ислам мемлекетін қолдаған жеке және заңды тұлғалар санкция тізіміне енгізілетін болды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Әдебиет

Қосымша әдебиет

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Commonscat