Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

North Atlantic Treaty Organisation (NATO)'
Organisation du traité de l'Atlantique Nord (OTAN)'
Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы

НАТО жалауы
НАТО Картасы
Көк түспен НАТО елдері белгіленген
Штаб-пәтері Үлгі:Flagicon Бельгия, Брюссель
Мүшелері 28 мемлекет
Ресми тілдері Халықаралық тілдер
Бас хатшы Үлгі:Flagicon Йенс Столтенберг
Құрылған күні 4 сәуір 1949 жыл
Ресми торбеті http://www.nato.int/cps/ru/natolive/index.htm

Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref> , НА́ТО (ағыл. - North Atlantic Treaty Organization, NATO; фр. Organisation du traité de l'Atlantique Nord, OTAN) - әскери-саяси одақ.

1949 жылы 4 сәуірде 12 мемлекет (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Канада, Италия, Португалия, Норвегия, Дания, Исландия) қол қойған Солтүстік Атлантикалық келісімшарты негізінде құрылған. Кейінірек НАТО-ға басқа да еуропалық мемлекеттер кірді. Қазіргі таңда НАТО-ға 28 мемлекет мүшелік етеді Үлгі:Citation needed.

1954 жылы Кеңес Одағы мүше болып кіруге сұранады, НАТО оған бас тартады.

НАТО-ның негізгі мақсаты шартқа қатысушы мемлекеттердің саяси ынтымақтастық және ұжымдық қорғаныс негізінде тәуелсіздікті, егемендікті және демократиялық құрылымды сыртқы агрессиядан қорғау екендігі 1946 жылғы Вашингтон шартында жазылған, бұл ұстаным 1990 жылғы Лондон декларациясында қуатталған. Альянстың іргелі мақсаттарының қатарында соғыстың алдын алу мен тиімді қорғанысты қамтамасыз етуге жеткілікті әскери мүмкіндіктерді нығайту, шарт мүшелерінің қауіпсіздігіне ықпал ететін дағдарыстарды еңсеру, басқа елдермен саяси үнқатысуды жолға қою және еуропалық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жолдарын іздестіру аталады.

НАТО құрылымы

НАТО-ның жоғарғы саяси органын Солтүстік Атланталық Кеңес (НАТО Кеңесі) атқарады. Кеңес барлық мүше елдердің өкілдерінен (елші лауазымдары ретінде) құрылып, бас хатшының басқаруымен 2 жылда бір өз мәжілісін өткізеді. НАТО сыртқы істер министрлері және мемлекет пен үкімет басшылары деңгейінде де отырыстарын өткізіп тұрады, әйтсе де бұл отырыстары сыртқы істер министрлері отырысындағыдай ғана дәрежесі бар. Кеңес шешімдерді бірдауыстан қабылдайды. Сессиялар арасындағы уақытта Кеңес функцияларын блоктың барлық мүшелері елші ретінде жіберген өкілдерінен тұратыен НАТО Тұрақты кеңесі атқарады. Жоғарғы әскери-саяси органы қызметін 1966 жылдан бері жылына екі рет қорғаныс министрлер деңгейінде бас қосатын, бірақ тұрақты өкілдерінен тұратын Әскери жоспарлау Комитеті атқарады. Сессия-аралық уақытта бұл комитет қызметін барлық мүше елдер елші дәрежесіндегі өкілдерінен тұратын Тұрақты әскери жоспарлау комитеті атқарады. НАТО-ның жоғарғы әскери органы - Әскери комитет. Жылына кем дегенде екі дүркін жиналып тұратын бұл Комитет мүше елдер бас штаб басшылары мен қарулы күштері жоқ Исландияның азаматтық өкілінен тұрады. Әскери комитет өзіне бағынышты екі аймақты қамтиды: Еуропа мен Атлантика. Еуропадағы жоғарғы басшылықты жоғарғы қолбасшы (әрқашан – американдық генерал) басқарады. Оның қол астына үш ұрыс алаңы басшылығы кіреді: Солтүстікеуропалық, Орталықеуропалық және Оңтүстікеуропалық. Сессияаралық уақыттта бұл комитет қызметін Тұрақты әскери комитет атқарады.

НАТО негізгі органдарына әдетте жылына екі рет қорғаныс министрлері деңгейінде көбінше НАТО Кеңесі мәжілісі болар алдында жиналатын Ядролық жоспарлау тобы да кіреді, Исландияның өкілі болып бұл топта азаматтық байқаушы қатысады.

НАТО ресми тілдері ретінде ағылшын мен француз тілдері пайдаланылады.

Ұйымның штаб-пәтері Брюсселде (Бельгия) орналасқан.

НАТО мүшелері

Қосылу күні Мемлекет атауы Ұлғаю кезеңдері Ескертулер
Сәуірдің 4, 1949 Үлгі:BEL Қалаушы елдер
Үлгі:CAN
Үлгі:DEN
Үлгі:FRA France withdrew from the integrated military command in 1966 to pursue an independent defence system but returned to full membership on сәуір 4, 2009.

Қорғаныстар тәуелсіз жүйеді өткізу керек үшін, 1966 жылда біріккен әскери қолбасшылықтан Франция шықты, бірақ 4 сәуір 2009 жылға толық құқықты болып мүшелікке қайтып келді.

Үлгі:Flagcountry Iceland, the sole member that does not have its own standing army, joined on the condition that it would not be expected to establish one. However, its strategic geographic position in the Atlantic made it an invaluable member. It has a Coast Guard and has recently provided troops trained in Norway for NATO peacekeeping.
Үлгі:ITA
Үлгі:LUX
Үлгі:Flagcountry
Үлгі:Flagcountry
Үлгі:Flagcountry
Үлгі:Flagcountry
Үлгі:Flagcountry
Ақпанның18, 1952 Үлгі:Flagcountry Бірінші кезең Greece withdrew its forces from NATO’s military command structure from 1974 to 1980 as a result of Greco-Turkish tensions following the 1974 Turkish invasion of Cyprus.
Үлгі:Flagcountry
Мамырдың 9, 1955 Үлгі:Flagcountry Екінші кезең Joined as West Germany; Saarland reunited with it in 1957 and the territories of Berlin and the former German Democratic Republic reunited with it on 3 қазан 1990. The GDR was a member of the rival Warsaw Pact 1956-1990.
Ммырдың 30, 1982 Үлгі:Flagcountry Үшінші кезең
Наурыздың 12, 1999 Үлгі:Flagcountry Төртінші кезең Member of the rival Warsaw Pact 1955-1991 as part of Czechoslovakia.
Үлгі:Flagcountry 1955-1991 жж. Қарсылас Варшава Шарты ұйымының мүшесі.
Үлгі:Flagcountry 1955-1991 жж. Қарсылас Варшава Шарты ұйымының мүшесі.
Наурыздың 29, 2004 Үлгі:Flagcountry Бесінші кезең Member of the rival Warsaw Pact 1955-1991.
Үлгі:Flagcountry Member of the rival Warsaw Pact 1955-1991 as part of the Soviet Union.
Үлгі:Flagcountry Member of the rival Warsaw Pact 1955-1991 as part of the Soviet Union.
Үлгі:Flagcountry Member of the rival Warsaw Pact 1955-1991 as part of the Soviet Union.
Үлгі:Flagcountry 1955-1991 жж. Қарсылас Варшава Шарты ұйымының мүшесі.
Үлгі:Flagcountry Member of the rival Warsaw Pact 1955-1991 as part of Czechoslovakia.
Үлгі:Flagcountry Previously part of Yugoslavia 1945-1991 (Non-aligned)
Сәуірдің 1, 2009 Үлгі:Flagcountry Алтыншы кезең Member of the rival Warsaw Pact 1955-1968.
Үлгі:Flagcountry Previously part of Yugoslavia 1945-1991 (Non-aligned)

”Бейбітшілік үшін ынтымақтастық”

НАТО осы ұйымға кіруге ұмтылатын немесе осы ұйым саясатын қолдайтын бірқатар еуропалық мемлекеттермен “Бейбітшілік үшін ынтымақтастық ” деп аталатын келісімге қол қояды. Бұл бағдарлама мүшелері: Албания, Аустрия, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Ирландия, Қазақстан, Қырғызстан, Македония Республикасы,Өзбекстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Финляндия, Хорватия, Швейцария, Швеция.

НАТО және Қазақстан

Қазақстан Республикасы және НАТО арасындағы ынтымақтастық 1992 жылы біздің елімізге 1997 жылы Еуроатлантикалық әріптестік кеңесіне (ЕАӘК) болып қайта құрған, Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесіне кіруімізден басталады. ЕАӘК Қазақстанға НАТО-ға қатысушы мемлекеттерімен және еуразиялық әріптестік мемлекеттерімен халықаралық қауіпсіздіктің ең өзекті мәселелері жөніндегі нәтижелі сұхбатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының ЕАӘК-ның жыл сайынғы Сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатысуы ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Саяси сұхбатты және әскери ынтымақтастықты терендету мақсатында 1994 жылы 27 маусымда Қазақстан «Бейбітшілік үшін әріптестік» (БҮӘ) атты бағдарламасына қосылған болатын.

1994 жылдың қаңтар айында қауіпсіздікті және тұрақтылықты нығайту, НАТО және әрбір қатысушы мемлекеттердің арасындағы нақты әріптестікке қол жеткізуді мақсат ететін НАТО ұсынған «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы кең ауқымды бастамашылық болып табылады. Бұл бағдарлама өте маңызды және қазіргі қауіпсіздікті құрудың ажырамас бөлігі болды.

Қазақстанның ынтымақтастығы БҮӘ бағдарламасының шеңберінде НАТО-мен ықпалдастықтың кең көлемін қамтиды, оған сондай-ақ азаматтық төтенше жоспарлау, дағдарысқа қарсы реттеушілік, қарулы күштерге және қорғаныс құрылымдарына демократиялық бақылау жасау, қорғаныс саясаты және стратегиясы, әскери оқулар және әскери білім және т.б. енеді.

Сұхбаттың тереңдеуіне екі жақты байланыстардың жоғары даму үрдісі куә. 2003 – 2004 жылдары НАТО Бас хатшысының көмекшілері Г.Альтенбург және Ж.Фурне, Директораттардың басшылары Я.Сконежка және Ф.Боланд, НАТО-ның Халықаралық әскери штабы басшысының көмекшісі, генерал-майор Ф.Яниз, сондай-ақ бейтарап сарапшы топтары Қазақстанға сапар жасаған болатын. 2005 жылдың наурыз және қазан айларында, 2006 жылдың шілде және қыркүйек айларында, 2007 жылдың ақпан, мамыр және қазан айларында, 2008 жылдың сәуір айында НАТО Бас хатшысының Орта Азиядағы және Кавказдағы Арнайы өкілі Р.Симмонстың ресми сапарлары болды. 2008 жылдың 9-12 маусымда НАТО-ның Парламенттік ассамблеясының (НАТО ПА) Президенті Ж.Лелло Қазақстанға алғашқы ресми сапары болды. 2008 жылғы 11 қыркүйекте ҚР Қорғаныс министрі Д.Ахметовтың шақыруымен НАТО Бас хатшысының орынбасары Клаудио Бисоньероның Қазақстанға алғашқы сапары өтті. 2008 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Д.Әхметов басқарған қазақстан делегациясы Бухарестте өткен НАТО/СЕАП саммитіне қатысты. 2008 жылғы шілде айында Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен Солтүстік Атлантикалық Кеңес келесі СЕАП Қауіпсіздік форумын (Сыртқы істер министрлер деңгейіндегі бейресми кездесу) Қазақстанда 2009 жылғы 24-25 маусым кезеңінде өткізу туралы шешім қабылдады. Қауіпсіздік форумы Саммиттен кейінгі НАТО-ның ең үлкен іс-шарасы.

2004 жылдың қазан айында Алматы қаласында және 2006 жылдың желтоқсан айында Брюссель қаласында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффермен болған кездесулері барысында күш-жігерді біріктіру және терроризммен, экстремизммен, есірткенің заңсыз айналымымен, сондай-ақ қару-жарақ контрабандасына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты орнату жөнінде маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Осы бағыттағы бірлескен жұмыс 2006 жылғы 31 қаңтарда қабылданған Қазақстан және НАТО арасындағы Әріптестік іс-қимылы жөніндегі жеке жоспардың (ӘІЖЖ) шеңберінде іске асырылады.

ӘІЖЖ-нің қабылдануы Қазақстанның НАТО-мен өзара қарым-қатынастарын сапалы жаңа деңгейге шығарады және Солтүстік Атлантикалық Альянсімен халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің ең өзекті мәселелері жөнінде жан жақты сұхбатты тереңдетуді жәрдемдесуге бағытталған.

2006 жылы ӘІЖЖ жүзеге асыру аясында Қазақстан мен НАТО сарапшыларының жүмыс кездесулері болып өтті.

Альянспен сұхбатты нығайту үдерісіндегі маңызды оқиға Қазақтан Республикасы Парламентінің НАТО-ның Парламенттік Ассамблеясындағы (НАТО ПА) бақылаушы мәртебесін алуы болып табылады. Тиісті шешімді ҚР Парламентінің қос палатасының төрағалары жасаған өтініштерінен кейін 2004 жылғы 15 қарашада Парламенттік Ассамблеясының Тұрақты комитеті мәжілісінде қабылдаған болатын.

2008 жылғы 12-13 қараша кезеңінде Қазақстан Республикасының делегациясы Мемлекеттік хатшы Қ.Саудабаевтың басшылығымен Валенсия қаласында (Испания) өткен НАТО Парламенттік Ассамблеясы сессиясының жалпы отырысына қатысты. Мемлекеттік хатшы Қазақстанның ғаламдық және өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне және НАТО-мен қарым-қатынасына көзқарасы туралы мәлімдеме жасады.

2008 жылғы 7-11 сәуір кезеңінде Астана және Алматы қалаларында екінші «НАТО мен Қазақстан әріптестігі аптасы» өтті. Оның шеңберінде ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының негізінде НАТО-ның депозитардық кітапханасын ашылуы болды.

Қазақстан НАТО-ның Білім жөніндегі комитетінің барлық шағын бағдарламаларына қатысады. Бірлескен жобалар, ең әуелі, Семейдің, Арал теңізінің, ядролық қаруды таратпау режимін нығайту және биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне бағытталған.

«Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасының шеңберінде төтенше азаматтық жоспарлаудың саласындағы ынтымақтастық дамуда. НАТО-ның әріптестері мен қатысушылары мамандандырылған құрылымдарының төтенше жағдайларды алдын алу және жоюдың ұлттық жүйесін жетілдіру, өртпен күресу, техногендік және табиғи апаттардың салдарын жою, азаматтық қорғаныс, босқындармен жұмыс істеу саласындағы тәжірибелері ерекше қызығушылық тудырады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:NATO