Пәтуа
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Пәтуа (консенсус; Үлгі:Lang-la — келісу, бірауыздылық)—
- 1) даулы мәселелер бойынша дауысқа салмай келіссөз барысында ортақ келісімге келу. Оқу-білім мекемелерін басқару процесінде шешім қабылдаудың бір амалы;
- 2) белгілі бір іс жөніндегі бітім, тоқтам, келісім; ислам дінінде шариғат бойынша керекті мәселе, іс жөнінде дін басы муфтидің, бас қазының шығарған қарары, шешімі, тоқтамы, қорытындысы. Мұсылмандар үшін пәтуа — бұлжытпай сөзсіз орындалуға тиісті заң, міндет, парыз. Пәтуа, әдетте, қағида, ереже, нұсқау түрінде жазылып, мұсылмандарға жария етіліп, таратылып отырған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Wikify