Араб мемлекеттерінің Лигасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Geopolitical organization

Араб мемлекеттерінің Лигасыарабтар мекендеген елдерінің өзара ынтымағын нығайтуды, сыртқы саясатын үйлестіруді, тәуелсіздігі мен мүдделерін қорғауды мақсат еткен ұйым.

1945 жылы 22 наурызда әл-Қаһира қаласында құрылған. Құрамында алғаш 5 ел (Мысыр, Ирак, Сирия, Ливан, Иордания) болған, кейін Йемен мен Сауд Арабиясы қосылды. Оған тәуелсіздікке қолы жеткен араб мемлекеттері қабылданып, қазір лига 22 елді біріктіріп отыр. Олар (жоғарыда айтылғандардан басқа): Мавритания, Марокко, Алжир, Ливия, Судан, Джибути, Эритрея, Сомали, Оман, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Бахрейн, Кувейт, Палестина.

Жамағаттың жоғарғы құрымы – Сыртқы істер министрлерінің кеңесі. Кеңес жылына екі рет өтеді. Ұйымның тұрақты органдары – Бас хатшылық, Бас хатшы кеңсесі; арнайы күштерінің (саяси, әскери, заң, қаржы-экономикалық, мәдени, т.б.) штаб-пәтері Мысыр астанасы – әл-Қаһирада орналасқан.