Башар әл-Асад

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Officeholder

Башар Хафиз әл-Асад (Үлгі:Lang-ar, Үлгі:Lang-en Сирия Араб республиасының президенті.

туған жері

Башар Хафиз әл-Асад 11 қыркүйек 1965 жылы Дамаскіде туған. Сирияның — 16-шы президенті. 17 шілде 2000 жылы таққа отырды.<ref>Кто такой Башар Асад \\ Газета. Ру</ref>. 2007 жылы қайта сайланды.АҚШ билігі оны антиамерикалық көзқарастары үшін және терроризм мен Саддам Хусейннің тәртібін қолдады деп айыптады.

Башар Асад 1965 жылдың 11 қыркүйегінде Дамаскіде дүниеге келді. Оның әкесі - сириялық әскери қолбасшы - генерал Хафез Асад кейін ел билігінің тізгінін қолға алады.

1988 жылы Башар Асад Дамаск университетінің медициналық факультетін "көз дәрігері" мамандығы бойынша тәмамдады. (Фотосуреттер bigpicture.ru сайтынан алынды).

1970 жж. Асадтар отбасы. Солдан оңға: Хафез Асад (әкесі), Башар, Махер (ағасы), Аниса Махлуф (анасы), Маджид (ағасы), Бушра (әпкесі) және Басиль (ағасы).

1994 жыл. Алдыңғы қатарда: әкесі мен анасы. Солдан оңға қарай екінші қатарда: Махер, Башар, Басиль, Маджид және Бушра. Бастапқыда әкесі Хафез Асад ел тізгінін үлкен баласы Басильге ұстатуға ниетті болады. Алайда ол 1994 жылы жол-көлік апаты қаза болады.

Ағасының қазасынан кейін Башар Ұлыбританиядан Сирияға қайта оралады. Ол Хомстағы әскери академияға түсіп, 1995 жылы капитан атағын алады. Бастапқыда ол танк батальонының командиры қызметін атқарса, кейін Республикалық гвардияны басқарады.

1999 жылы оған полковник атағы беріледі. Ал 2000 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін ол Президент болып сайланады.

Ата-анасы

  • Әкесі: Хафиз Асад Сирия президенті.
  • Анасы: Анис, Махлуф тайпасынан.
  • Әпкесі: Бушра әл-Асад
  • Ағасы: Басил әл-Асад
  • Інілері: Махир және Мажид әл-Асад

Отбасылық жағдайы

2000 жылы желтоқсан айында Башар Асад Асма Фауаз әл-Ахрасқа үйленді. Асма сириялық сүнниттерден болатын құрметті тайпаның қызы. Ол — экономист, компьютерных технологиялар жөнінде маман. [[Ұлыбритания]да] туылып, тәлім алған. Асад онымен Лондонды іс-тәжірибеед жүрген уақытта танысқан.

  • Балалары: ұлдары: Хафиз, Зәйн және Карим

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Бастама Үлгі:Уики