Масжид әл-Ақса

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мешіт

Масжид әл-Ақса, Масджид ул-Ақса, әл-Ақса мешіті (арабша:المسجد الاقصى al-Masjid al-Aqsa, Үлгі:IPA-ar, — тым шалғайдағы ғибадатхана) — “Масжид ул-Харамнан” кейін Құдыс (Иерусалим) қ-нда салынған ең алғашқы мешіт.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Сурет:Al-Aqsa Mosque by David Shankbone.jpg
Қасиетті жердегі мешіт пен оңтүстіктегі керегесімен
Сурет:Jerusalem Al-Aqsa Mosque BW 2010-09-21 06-38-12.JPG
Мешіт күмбезі 1982 жылы. Алюминийден жасалған (бірақ күміс сияқты көрінген), бірақ бастапқы қоғасынды материалмен қайта жамылған1983 жылы
Сурет:Saladin Minbar-Aqsa.JPG
Салах ад-Дин мінбері есігі, 1900 жылдар. мінбар Нұр әл-Дин бұйрығымен жасалған, бірақ Салах ад-Дин орнатқан

Әл-Ақса мешітінің іргетасын Дәуіт Пайғамбар (ғ.с.) қалаған, құрылысты аяқтау үшін Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) Финикиядан сәулетшілер алдыртқан. Пайғамбар хадисінде мешіт құрылысына жындар да жегіліп, жеті жылда салынып біткен делінген. Әл-Ақсаны Ассирия әміршісі талқандап, парсы патшасы Кейқұсрау қалпына келтірді.

Б. заманымыздың 70-жылдары римдіктер қайтадан қиратып, 123 жылы Византия патшасы қайта жөндеді.

Мешіт әл-Ақсаның шынайы мәртебеге ие болуы ислам дінімен тікелей байланысты. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) хадисінде зиярат етуге болатын үш мешіттің бірі ретінде аталған Масжид әл-Ақса (һижра бойынша 16 жылға дейін) мұсылмандар үшін құбыла саналды. Құран Кәрімнің “әл-Ісра” сүресінде Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) миғраж түні Мешіт әл-Ақсаға барып, намаз оқығандығы жайлы айтылады. Әл-Уәлид тұсында (705 —715) мешіт зәулім ғимаратпен алмастырылды, көп ұзамай (780) зілзаладан зардап шеккен ғимаратты Әбу Жапар Мансұр мен Мәһди бин Мансұр халифалар қайта қалпына келтірді. Мешіттің көл. 105 70 м, оңт. қабырғасы әл-Харам аш-Шарифпен жапсарласқан. Масжид әл-Ақса 12 ғасырдың басында король сарайы болды, 1128 жылы Балдуин ІІ оның бір бөлігін рыцар орденіне сыйға тартты. Жөндеу жұмыстары кезінде ғимарат көп өзгеріске ұшырамай, бастапқы қалпын сақтаған.

Масжид әл-Ақса орналасқан мекен қазір Израиль мемлекетінің аумағында. 1988 жылы Израиль әскері Ақса мешітін басып алған.

Сурет:AlAqsaFromKotel.JPG
Мешіт көрінісі, 2005 жыл.
Сурет:Ghawanima Minaret-Aqsa.JPG
Ғауанима минареті, 1900
Сурет:Aqsa 2.jpg
Мешіт ішіндегі михраб, құбыла нышаны

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Масжид әл-Ақса|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}