Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғимарат

Сурет:Абай театры23.jpg
Ғимараттың салыну жылдары көрсетілген тақта.

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрыҚазақстанда тұңғыш ашылған кәсіби музыкалық театр. Қазіргі таңда негізгі бағыты - опера және балет өнерiнде Қазақстанның мәдени саясатын іске асыратын және халықтың мәдени деңгейiн көтеретін көркем шығармалар қойылымдарын ұйымдастыру және қою; ұлттық және халықаралық мәдени мұраны насихаттау; мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес жастарды опера және балет классикасының майталмандарымен таныстыру. Театрдың шығармашылық ұжымының құрамында атақты сахна шеберлері және есімдері бүкіл әлемге танымал түрлі халықаралық байқаулардың жас дарынды лауреаттары еңбек етеді. Сахна шеберлері Франция, Германия, Италия, Жапония, Түркия, Қытай, АҚШ сияқты басқа да көптеген елдерде қошеметтелді.

Тарихы

  • 1933 жылы - бір топ өнер жанашырлары болашақ опера және балет театрының негізі - музыка студиясын ашты;
  • 1934 жылы музыка студиясы Қазақ мемлекеттік музыка театры болып жасақталды, сол жылы 13 қаңтарда М. Әуезовтың либреттосына жазылған «Айман-Шолпан» (режиссер Ж. Шанин мен Қ. Жандарбеков, музыкасы И.В. Коцык) пьесасының желісімен алғашқы спектакль қойылды. Қойылым барысында Иван Коцыктың өңдеуімен жазылған қазақ халқының халық әндері мен күйлері орындалды. Спектаклдің қол жеткен табысы орасан болды, барлық ел жаңа театрдың ашылғанынан хабардар болды.
  • 1936 жылы театрдың Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен өнерінің алғашқы онкүндігінде Үлкен театр сахнасында Е.Г.Брусиловскийдің халық музыкасының негізінде жазылған тұңғыш ұлттық операсы "Қыз Жібек" операсы қойылды.
  • 1937 жылы театрдың атауы Қазақ мемлекеттік опера және балет театры болып өзгерді.
  • 1938 жылы М. Әуезовтың "Қалқаман-Мамыр" либреттосы бойынша алғашқы қазақ балеті қойылды.
  • 1941 жылы Н. Круглов, Н. Простаков және Т. Басенов бастаған архитекторлардың жобасы бойынша театрдың ғимараты салынды.
  • 1943 жылы театрда Г. Уланова мен В. Пирадов "Жизель" балетін қойды.
  • 1944 жылы "Абай" операсының премьерасы болды (либреттосын жазған М. Әуезов, музыкасы - А. Жұбанов, Л. Хамиди).
  • 1945 жылы ұлы ағартушы Абай Құнанбаевтың 100 жылдығына орай театрға оның есімі берілді.
  • 1958 жылы театрдың Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен өнерінің екінші онкүндігінде Үлкен театрда "Біржан-Сара" операсы қойылды.
  • 1950-1990 - жылдары - репертуардың кеңеюі. Әлемдік классиканы қарқынды игеру. КСРО театрларымен әріптестік байланыс. Труппаның шетелге гастрольдік сапарға шығуы.
  • 2000 жылы театрда күрделі жөндеу жұмысы аяқталды.
  • 2000-2015 жылдары - репертуардың жаңаруы және баюы. Қойылымдарды қоюға әлемдік деңгейде танымал тұлғалардың шақырылуы. Өзіндік бірегей қойылымдардың қойылуы. Әріптестік және мәдени кеңістіктікті байыту аясында халықаралық жобаларға қатысу.
  • 2014 жылы - "Абай" операсының жаңа қойылымы (музыкасы - А. Жұбанов, Л. Хамиди, либреттосы - М. Әуезов). Опера Париж теартында қойылды.
  • 2015 жылы - Ж. Бизенің "Кармен" операсының жаңа қойылымы. Бұл калссикалық операны "Модерн" стилінде қойған алғашқы қойылым және заманауи режиссурадағы жаңа бағыт ретіндегі өзгеше бір шешім болды. Осы жылы "Ұла дала аңыздары" балетінің премьерасы болды. Музыкасын Қазақстанның композиторлар мектебінің бір топ үздік өкілдері бірігіп жазды.

Театр негізін қалаушылар және әншілер

Композиторлар Е.Г. Брусиловский, А. Жұбанов, М. Төлебаев, Л. Хамиди, режиссер Ж. Шанин, әншілер Қ. Жандарбеков, Қ. Байсейітов, К. Байсейітова, М. Ержанов, Ғ. Құрманғалиев, Ү. Тұрдықұлова, биші Ш. Жиенқұлова, т.б. ұлттық опералық музыканың негізін қалады. Кейінірек В.Ю. Жданов, Ю.Л. Рутковский режиссерлік етті, көркемдеуші суретшісі А.И.Ненашев, дирижері Ф.А. Кузьмич, хормейстері А.В. Преображенский болды. 1940 жылдары театр труппасына Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер, С. Әбжанов, Ә. Үмбетбаев, Ш. Бейсекова, Б. Досымжанов, Р. Мұсабекова, Ә. Мұсабеков, т.б. әнші-артистер қосылды. Театрда А.В. Селезнев, Ю.П. Ковалев, Д.Т. Әбіров сияқты балетмейстерлер, И.И. Зак, Ғ.Н. Доғашев сынды дирижерлер жемісті еңбек етті.

Сахна төрінде М. Ержанов, Ж. Елебеков, Р. Жаманова, Е. Серкебаев, Б. Төлегенова, т.б. өнер көрсетті. Қазіргі уақытта театр артистері Н. Үсенбаева, С. Байсұлтанов, Ж. Баспақова, М. Мұхамедқызы секілді белгілі әншілер, С. Ищанова, У. Кенжебеков, Д. Дүтмағамбетова тәрізді әр түрлі халықаралық байқаулардың лауреаттары қазақ операсының табыстарын көптеген елдер театрларының сахнасында паш етуде. Кейінгі жылдары театр режиссерлары Ғ. Есімов, Л. Иманғазина, Ф. Сапаров отандық және шет ел композиторларының классикалық шығармаларын жаңғыртып, сахналап жүр.

Ғимарат сипаты

Ғимарат құрылысының композициялык орталығы – 1170 орынды көрермендер залы. Сахна жақсы көрінеді, дыбыс естілуі анық. 2-қабатта ғимарат интерьерін көріктендіре түсетін кең фойесі бар. Капительді бағаналар, қабырға өрнектері оюлы басқыш қоршаулары, жалпы ғимараттың ішкі еңсесін сәулеттеуде негізгі рөл атқарған қазақтың дәстүрлі ою-өрнек үлгілері (қошқармүйіз, ырғақ, жапырақ гүл, сыңар мүйіз, т.б.) ғимарат архитектурасында кеңінен қолданылған. Оның екі қапталы мен алдыңғы жағындағы бақ, хауыздар ғимарат әсемдігін әрлендіре түскен. Театрдың екі қапталындағы бақтарға М.О. Әуезов (1967, мүсіншісі Т.С. Досмағамбетов) пен Ж. Жабаевтың (1971, мүсіншісі Х.Е. Наурызбаев, екеуінің де архитекторы М. Меңдіқұлов) ескерткіштері қойылған. Қазақ опера және балет театры Ленин орденімен марапатталған (1959).<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Галерея

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер