Галина Сергеевна Уланова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Галина Сергеевна Уланова

1951 жылдан КСРО Халық артисі, 1943 жылдан Қазақстанның Халық артисі. 1928 жылы Ленинградтың хореографиялық училищесін (өзінің шешесі М.Ф.Романова мен А.Н.Вагановадан сабақ алды) бітіргеннен кейін осындағы С.М.Киров атындағы опера және балет театры труппасына қабылданды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> 1944—1960 жылдары Үлкен театрдың балет труппасында соло-биші болды. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақтың опера және балет театры труппасында қызмет етіп, ұлттык би өнерінің қалыптасып, дамуына елеулі үлес қосты. Басты партиялары: Жизель, Раймонда (Аданның және Глазуновтың осы аттас балеттерінде), Джульетта (Прокофьевтің "Ромео мен Джульеттасында"), Мария (Асафьевтің "Бақшасарай фонтанында"), тағы басқа. Ол жасаған сахналық арулар тұлғасынан сұлулық пен сымбаттылық, нәзіктік пен кайсарлық, ұяңдық пен мөлдір сезім күйлері аса жарасымдылық тапты. Уланова — П.И.Чайковский балеттерінің негізгі партияларының үздік орындаушысы ретінде де белгілі. Мысалы "Ұйқыдағы арудағы" Аврора, "Аққу көліндегі" Одетта-Одилия, "Щелкунчиктегі" Маша. Оның бишілік өнері хореографиялық элементтердің және мәнерлеу тәсілдерінің айрықша үйлесім табуымен, таңғажайып орындаушылық шеберлігімен ерекшеленді әрі орыс хореография мектебінің негізгі қағидалары мен дәстүрін ілгері дамытты. Гастрольдік сапармен Аустрияда, АҚШ-та, Италияда, Қытайда, Ұлыбританияда, Францияда және тағы басқа елдерде өнер көрсетті.<ref>Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Галина Сергеевна Уланова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}