Меңдіқұлов Малбағар
Меңдіқұлов Малбағар (10.11.1909, Орынбор облылысы, Адамов ауданы – 17.8.1986, Алматы) – архитектор, сәулет өнері ғылымының профессоры (1976), КСРО құрылыс және архитектура академиясының корр. мүшесі (1957), Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы (1970).
Биографиясы
- 19936 жылы Ташкенттегі Орта Азия индустрия институтын бітірген.
- 1937 – 1941, 1945 – 1947 жылы Ташкентте қызмет еткен.
- 1941 – 1945 жылдары 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
- 1953 – 1955 жылдары Қазақстан ҰА-ның Архитектура, құрылыс және құрылыс материалдары институтының директоры.
- 1955 – 1956 жылдары Қазақ КСР Министрлік Кеңесінің жанындағы архитектура істері басқармасының бастығы.
- 1957 – 1962 жылдары КСРО Құрылыс және архитектура академиясы қазақ бөлімшесінің жетекшісі.
- 1964 – 1971 жылдары Алматы қаласының бас архитекторы.
- 1971 – 1981 жылдары Қазақ политехникалық институты архитектура тарихы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Еңбектері
Архитектура саласындағы басты еңбектері:
- Ташкенттегі газет-журнал компанияның үйі (1959, телавтор).
- Ташкент каналының Ангрен дюкері (1941).
- Алматыдағы шарап зауыты үйі мен Неке сарайы (1958, телавтор).
1967 – 1968 жылдары Алматы қаласы орталық бөлігінің жоспарын жасау жөніндегі Бүкілодақтық жабық бәйгеде 2-орын алды. Сонымен бірге, Батыс Қазақстандағы сәулет өнерінің қайталанбас туындылары – мемориалды мешіт-ғимараттарды бір жүйеге келтіріп, ғылыми тұрғыда зерттеудің негізін қалады. Меңдіқұловтың ғылыми-зертеу жұмыстарының нәтижесінде Шопан Ата, Бекет Ата, Асан Қожа, Сейсен Ата, т.б. кесене-кешендері жайлы құнды бірегей басылымдар жарық көрді.
Жауынгерлік Қызыл Ту, 1, 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, “Құрмет Белгісі” ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы