Үрия Әлтікқызы Тұрдықұлова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үрия (Ұлбосын) Әлтікқызы Тұрдықұлова Әлтікқызы (6.8.1911, қазіргі Шымкент облысы Сарыағаш қ. - 1991, Алматы) - әнші, ұлттық опера өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық артисі (1939), 1920 ж. Ташкенттегі халық ағарту институтында оқыған. 1927 ж. Мәскеу қаласында өткен этнографиялық концертке қатысты. Сол жылы Мәскеу консерваториясының ән бөлімінде (Мальчуктің класында) оқыды. 1930 ж. қазіргі Қазақ академия драма театрына шақырылады. Мұнда Н.В. Гогольдің "Үйлену" комедиясындағы Фекла Ивановна ролін орындады. 1933 ж. қазіргі Қазақ академия опера және балет театрына ауысады. Қазақ, шет ел композиторларының операларында Теңге (И.В. Коңыктың "Айман-Шолпан" музыкалық драмасында), Ана, Дүрия, Қаламқас, Ақжүніс (Е.Г. Брусиловскийдің" Қыз Жібек", "Жалбыр" және "Ер Тарғынында") Күтушіәйел(П.И. Чайковскийдің "Евгений Онегинінде"), Кармен (Ж.Бизенің осы аттас операсында) секілді сан қырлы толыққанды музыкалық образдар жасады. Тұрдықұлова эстрадалық әнші ретінде қазақтың халық әндерін кеңінен насихаттады; өзбек, түркімен, татар, орыс, украин әндерін де орындады. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары (1942 - 1943) Украин майданындағы жауынгерлерге концерттер берді. "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}