Сұлтан Байсұлтанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Байсұлтанов Сұлтан Магамедұлы (1947) — әнші, Қазақстанның халық артисі (1992). Ленинград консерваториясын бітірген (1978). 1969—1971 жылдары Грозный қаласының қуыршақ театрының артисі болды. 1979 жылдан Қазақ опера және балет театрының әншісі. Осы жылдарда ол опералық қойылымдардың бәріне дерлік қатысып, басты партияларды орындады. Фауст (Ш.Гуноның “Фаустында”), Альфред, Жермон (Дж. Вердидің “Травиатасы”, мен “Риголеттосында”), Альмавива (Дж. Россинидің “Севиль шаштаразында”), Гофман (Ж.Оффенбахтың “Гофман ертегілерінде”), Генрих (И.Штраустың “Жарқанатында”), Равенсвуд (Г. Доницеттидің “Лючия де Ляммермурында”), Ленский, Водемон (П.Чайковскийдің ”Евгений Онегині” мен “Иолантасында”), Владимир (А.Бородиннің “Игорь князінде”), т.б. партияларды нақышына келтіре орындады. Кең тынысты, жағымды да биік үнмен қазақ музыка өнерінің классикалық туындысы — М. ТөлебаевтыңБіржан-Сарасында” Біржанның, Ғ. Жұбанованың “Жиырма сегізінде” Қосаевтың шыншыл, драматикалық бейнелерін шеберлікпен сомдады. Сеул (1991), Кипр (1994), Пхеньян (1998) фестивальдерінің лауреаты.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref><ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub