Юрий Людвигович Рутковский

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рутковский Юрий Людвигович (21.11.1891, Варшава қаласы,- 30.6.1970, Алматы) - режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1954). 1913 жылы Варшава Көркем театрының студиясын бітірген. 1933 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы қаласында тұрып, қазіргі Мемлекеттік академиялық орыс драма театрын ұйымдастыруға қатысты; 1939 жылға дейін осы театрдың көркемдік жағын басқарумен қатар актері де болды. Ол актер ретінде орыс және шет ел драматургиясы бойынша қойылған сиектакльдерге қатысып, бірқатар сахналық бейнелер жасады. Қойған негізгі спектакльдері: М.Әуезовтің "Түнгі сарыны" (Қазақ академиялық драма театры, 1934; Орыс академиялық театры, 1937; Шымкент облысы драма театры, 1938), Н.Ф. Погодиннің "Аксүйектері" (1937) мен "Мылтықты адамы" (1947, Ш.Аймановпен бірге), Н.В. Гогольдің "Ревизоры" (1946, бөрі Қазақ академиялық драма театрында), Әуезов пен Ә.Тәжібаевтың "Ақ қайыңы" (1939, Шымкент облысы драма театры) т.б. 1941 - 65 жылы Қазақ академиялық опера және балет театрында режиссер болып, Т.Хренниковтың "Дауылдасын" (1941), П.И. Чайковскийдің "Евгений Онегинін" (1943) т.б. опералық спектакльдерді қойды. 1937 - 39 жылы Алматы театр училищесінде педагогикалық қызметпен шұғылданды. 2 рет "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.

<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}