Төлеу Құлқаманұлы Бәсенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бәсенов Төлеу Құлқаманұлы (12.9.1909, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы - 4.5.1976, Алматы]) - тұңғыш қазақ архитекторы, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, КСРО Архитектура Академиясының коррекция мүшесі (1950). Бәсенов Қазақстанда қазіргі архитектуралық мектептің негізін салып, Архитекторлар одағын ұйымдастырушылардың, архитектура саласындағы алғашқы ғалым-педагогтардың бірі. Санкт-Петербург азаматтық инженерлер институтын бітірген (1933). 1933 - 37 жылдары Жамбылда, Алматыда, Қырғызстанда қызмет етті. 1937 - 41 жылдары Алматы қаласының бас архитекторы, 1944 - 54 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы архитектура басқармасының бастығы, 1958 - 76 жылы Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетіті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. Ол Алматы қаласының бас жоспарын, Мәскеудегі халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі Қазақстан павильонын, Алматыдағы Достық даңғылының бас жобасын (1968 - 69), Халықаралы Алматы әуежайының бірінші кешенін (1936 - 37), Қазақ опера және балет театрының үйін (1941), Амангелді ескерткішінің архитектуралық жоспарын (1949 - 51), тұрғын үйлерді жобалалау жұмыстарын кәсіби шеберлікпен орындап шықты. Батыс Қазақстан архитектуралық ескерткіштерін зерттеп, Ембі, Маңғыстау, Үстірт аймақтарындағы мемориалды-ғұрыптық тарихи құрылыстардың ерекшеліктеріне ғылыми талдау жасады. Бәсенов “Сам аймағындағы архитектуралық ескерткішер” (1947), “Қазақстан архитектурасындағы өрнектер” (1957), “Архитектура және қала құрылысы” (1974), т.б. еңбектердің авторы. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік архитектура және құрылыс академиясының үздік студенттеріне Төлеу Бәсенов атындағы диплом тағайындалған.

Сыртқы сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Төлеу Құлқаманұлы Бәсенов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}