Шабал Бейсекова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бейсекова Шабал(19171997), әнші, актриса. Қазақстаннын халық артисі (1959). Вокал өнерін әйгілі сахна шеберлерінен үйренді, негізгі опералық партияларды ұкыпты игерді. М. Төлебаевтын «Біржан-Сарасындағы» Сара, Е. Г. Брусиловскийдің «Қыз Жібегіндегі» Жібек, С. Мұхамеджановтың «Айсұлуындағы» Айсұлу, П. И. Чайковскийдің «Евгений Онегинідегі» Татьяна т. б. рөлдерін орындап, шеберлігін шыңдады. Әуезов либреттосын жазған А. Жұбанов пен Л. А. Хамидидің «Абай» операсындағы Ажар партиясы Бейсекованың орындауында жан-жақты шешімін тапты. Үздік орындаушылық шеберлігі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды (1949).<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}