Қазақстандағы президент сайлауы (2019)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Сайлау

Үлгі:Қазақстан саясаты Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы — 2019 жылдың 9 сәуірінде қабылданған «Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» №18 Жарлығына сәйкес 2019 жылдың 9 маусымында өтті. Сайлауға Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтатқалы уақытша президент болып тағайындалған Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге есептегенде жеті кандидат қатысты. Сайлау нәтижесіде Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылар даусының 70,96 % иеленіп, ҚР 2-президенті болып сайланды. Нәтиже бойынша алғашқы үштікке 16,23 % көрсеткішпен өзін оппозиция өкілі деп санайтын Әміржан Қосанов пен Қазақстан сайлау тарихындағы алғашқы әйел - кандидат Дания Еспаева сайлаушылар даусының 5,05 % жинап енді.

Жаңа сайланған президентті ұлықтау рәсімі Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтті.<ref>Жаңадан сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаев ант берді</ref>

Сайлау алғышарты

Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 26 сәуірінде өткен ҚР Президентін сайлауда 5-мерзімге сайланған болатын. Аталған сайлауда ол сайлаушылар даусының 97,7 % жинаған<ref>Назарбаев президент сайлауының ресми түрде жеңімпазы атанды</ref>. Назарбаевтың өкілеттігі 2020 жылға дейін жалғасуы тиіс еді, алайда 2019 жылдың 19 наурызы ол өз өкілеттігін тоқтатуына байланысты<ref>Үлгі:Cite web</ref>, ҚР Конституциясына сәйкес қалған мерзімге уақытша президент болып Қасым-Жомарт Тоқаевты тағайындалды<ref>Қасым-Жомарт Тоқаев Президент қызметіне кірісті</ref>. Кезекті президент сайлауы 2020 жылдың сәуір айында өтуі тиіс еді<ref>Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болды</ref>.

2019 жылдың 20 наурызы ЖСДП сайлау жүйесін авторизацияламауға және демократиялық институттарды күйшейту арқылы жүзеге асыруға шақырып, мәлімдеме жасады. Партия әділ әрі демократиялы президент және парламент сайлауын өткізуді ұсынды<ref>Басқаша нұсқадағы авторитаризмге жол бермеу туралы. ЖСДП мәлімдемесі Үлгі:Webarchive</ref>.

9 сәуір күні Тоқаев «саяси белгісіздікті» болдырмау үшін 2019 жылдың 9 маусымында мерзімінен бұрын сайлау өтетінін мәлімдеді<ref>Тоқаев та кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады</ref>. Мемлекет басшысы мәлімдеме алдында 8 сәуір күні парламент сенатының төрайымы Дариға Назарбаевамен, премьер-министр Асқар Маминмен және Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми мен Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божкомен кеңескен<ref>Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат, Мәжіліс, Үкімет пен Конституциялық кеңес басшыларын жинады</ref>. Сондай-ақ, 9 сәуір күні «Нұр Отан», «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік халық партиясы мен Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының жетекшілерімен кездесті<ref>Тоқаев Ақордада партия басшыларын қабылдады</ref>.

Сайлау жүйесі

Үлгі:Main Президент 5 жылдық мерзімге қос-айналымды жүйе нәтижесінде сайланады. Егер бірде-бір кандидат 50 пайыздан артық дауыс жинамаса, ең көп дауыс жинаған екі үміткер арасында 2-айналым өткізіледі<ref>Electoral System of Kazakhstan Republic</ref>.

Қаржыландыру

Бастапқыда 2020 жылы өткізілмек болған сайлауға 8,8 млрд теңге жұмсау жоспарланған болатын. Алайда Орталық сайлау комиссиясы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына 12 млрд теңге сұраған. Бұл туралы 11 сәуірде сенат отырысында қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов айтты. Қаржы министрлігінің есебінше, сайлау шығынының 70 % сайлау округтерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегіне жұмсалады<ref>Министрлік: ОСК кезектен тыс президент сайлауына 12 млрд теңге сұрады</ref>.

15 сәуір күні Қазақстан Үкіметі сайлау өткізуге арналған қаржы қорынан 9,4 млрд теңгенің шығарылғандығын мәлімдеді; бұл ОСК сұраған қаржыдан 2,6 млрд-қа аз.<ref>Правительство планирует выделить на выборы 9,4 миллиарда тенге</ref>

Сайлау парақтарын басып шығаруға 132 млн 742 мың теңге жұмсалған. Елдегі сайлаушылар саны - 11 947 955 адам екендігі ескеріліп, оның үстіне артық 1 % бюллетень басып шығарылған. Бір бюллетень құны - 11 теңге.<ref>ОСК: Бюллетеньдерді басып шығаруға 132 млн теңге қажет</ref>.

Сайлауды өткізу жоспары

2019 жылы 10 сәуірде Орталық Сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасының президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық және өткізу шараларының жоспары, сондай-ақ, сайлау құжаттарының формалары бекітілді<ref>Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын бекітті</ref>.

  • 10 сәуір — 28 сәуір, сағат 18:00 дейін: кандидаттарды ұсыну;
  • 11 мамыр, сағат 18:00 дейін: кандидаттарды тіркеу;
  • кандидат тіркелген сәттен — 8 маусым, сағат 00:00 дейін: сайлау алдындағы үгіт;
  • 28 мамыр: теледебат;
  • 8 маусым: үнсіздік күні;
  • 9 маусым, сағат 7:00 мен 20:00 аралығы: дауыс беру күні;
  • 10 мен 11 маусым аралығы: алдын-ала сайлау нәтижесін шығару;
  • 11 мен 16 маусым аралығы: сайлау нәтижесін анықтау және сайланған президентті тіркеу.

Үміткерлерді ұсыну және тіркеу

Тіркелген алты партияның бесеуі съезд өткізітіні жайлы мәлімдеді. «Нұр Отан» — 23 сәуір, «Ақ жол» — 24 сәуір, «Ауыл» — 25 сәуір, ал ҚКХП<ref>Қазақстан партиялары өз кандидатының аты-жөнін қашан жариялайды?</ref> мен ЖСДП<ref>ЖСДП президент сайлауына Ермұрат Бәпидің кандидатурасын ұсынадыҮлгі:Deadlink</ref> — 26 сәуір. «Бірлік» партиясы съезд өткізуге дайындық уақыты тым аз екендігін желеу етіп, сайлауға қатысудан бас тартты<ref>"Бірлік" партиясы президент сайлауына қатысудан бас тартты</ref>.

2019 жылдың 17 сәуірі «Ұлы Дала Қырандары» Республикалық қоғамдық бірлестігі бірлестік тең төрағасы, жазушы — Түгел Сәдібекті президент үміткері ретінде ұсынды<ref>Президент сайлауына алғашқы кандидат құжат тапсырды</ref>.

23 сәуір күні Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясынан сайлауға уақытша президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың түсетіндігін мәлімдеді<ref>Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауына кандидат етіп ұсынды</ref>. ҚР "Сайлау туралы" Конституциялық заңына сәйкес сайлауға түсетін кандидатқа қойылатын талаптардың бірі - үміткер соңғы 15 жылда республика аумағында тұруы қажет. Сол себепті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдегі дипломатиялық қызметі мен халықаралық ұйымдарда жұмыс істеген уақытының қаншалықты есепке алынатынын сұрап, Конституциялық Кеңеске жүгінді<ref>Тоқаев Конституциялық Кеңеске жүгінді</ref>. 25 сәуір Конституциялық Кеңес он бес жылдық мерзімге Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналына жататын және оларға теңестірілген Қазақстан мүше болып табылатын халықаралық ұйымдар жанындағы лауазымдарға тағайындалған азаматтардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұру кезеңдері де есептелетіндігін мәлімдеді<ref>КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС РЕСПУБЛИКА ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ӨТІНІШІ БОЙЫНША ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ Үлгі:Webarchive</ref>.

24 сәуір Қазақстан кәсіподақтар федерациясы президенттікке кандидат ретінде «Батыс Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы — Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховты ұсынды. 24 сәуірде өткен «Ақ жол» партиясының съезінде мәжіліс депутаты — Дания Еспаеваның сайлауға түсетіндігі мәлім болды. Ол Қазақстан тарихындағы президент сайлауына түскен алғашқы әйел болды<ref>Ел тариxында алғаш рет әйел адам президенттіке үміткер ретінде ұсынылды</ref>.

25 сәуір «Ауыл» партиясы сайлауға түсетін кандидат ретінде Төлеутай Рақымбековты ұсынды<ref>"Ауыл" партиясы сайлауға Төлеутай Рақымбековті кандидат ретінде ұсынды</ref>.

ЖСДП президиум ұсынған кандидаттың сайлауға түспейтіндігін мәлімдеп, өтетін сайлауға бойкот жариялады<ref>ЖСДП президент сайлауына бойкот жариялады</ref>

2019 жылдың 26 сәуірі Қазақстан коммунистік халық партиясының съезінде 2011 жылғы сайлауда қатысқан Жамбыл Ахметбеков партия атынан сайлауға түсетіндігі мәлім болды<ref>Коммунистер Жамбыл Ахметбековті президент сайлауына үміткер ретінде ұсынды</ref>.

26 сәуір «Ұлт тағдыры» ұлттық-патриоттық бірлескен қозғалысы» РҚБ сайлауға түсетін кандидат ретінде Әміржан Қосановты ұсынды<ref>"Ұлт тағдыры" Қосановты сайлауға кандидат ретінде ұсынды</ref>.

Тіркелген кандидаттар

Кандидат,
саяси партия/бірлестік
Саяси қызметі Ұсынылған күні Тіркелген күні
Жамбыл Аужанұлы Ахметбеков
(58)
Коммунистік халық партиясы
130px Мәжіліс депутаты
(2012 – осы кез)
26 сәуір, 2019 6 мамыр, 2019<ref>Жамбыл Аужанұлы Ахметбековты Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы</ref>
Дания Мәдиқызы Еспаева
(58)
Ақ жол
130px Мәжіліс депутаты
(2016 – осы кез)
25 сәуір, 2019 4 мамыр, 2019<ref>Дания Мәдиқызы Еспаеваны Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы</ref>
Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов
(55)
Ұлт Тағдыры
130px Журналист 27 сәуір, 2019 6 мамыр, 2019<ref>Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы</ref>
Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков
(54)
Ауыл
130px «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ
Төрағасы
26 сәуір, 2019 6 мамыр, 2019<ref>Төлеутай Сатайұлы Рақымбековты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу және халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы</ref>
Амангелді Сатыбалдыұлы Таспихов
(59)
«Қазақстан Республикасы
Кәсіподақтар федерациясы» РКБ
130px «Батыс Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы»
аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы

Мәжіліс депутаты
(2004–2007)
25 сәуір, 2019 4 мамыр, 2019<ref>Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы</ref>
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
(66)
Нұр Отан
130px Қазақстан Президенті
(2019 – осы кез)
ҚР Сенат Төрағасы
(2007–2011 and 2013–2019)
Женевадағы БҰҰ офисінің Бас директоры
(2011–2013)
Қазақстан сыртқы істер министрі
(2002–2007)
Қазақстан Премьер-Министрі
(1999–2002)
23 сәуір, 2019 3 мамыр, 2019<ref>Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы</ref>
Сәді-Бек Түгел
(64)
Ұлы Дала Қырандары
130px Ұлттық Ат спорты Федерациясының президенті 22 сәуір, 2019 3 мамыр, 2019<ref>Сәді-Бек Түгелді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы</ref>

Сәтсіз кандидаттар

Сайлау науқаны

Сайлауалды үгіт-насихат 11 мамыр мен 2019 жылдың 8 маусым, сағат 00:00 дейін созылады<ref>Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды</ref>.Науқанды бұқаралық ақпарат құралыдары көмегімен, көпшілік алдындағы үгіт-насихат шаралары, сондай-ақ кандидаттың не оның өкілінің сайлаушылармен жеке кездесуі, баспа, аудиожазба не басқа да үгіт материалдарын шығару және тарату арқылы жүргізуге болады. Барлық БАҚ өкілдері нақты бір кандидатқа қарсы не жақтап үгіт жүргізбей нейтралитет ұстануы тиіс. 5 мамырға дейін басылымдар төлем мөлшері, эфир мен баспа алаңын ұсыну шарттары мен реті жайлы мәлімет жариялап, осы ақпарды ресми сайтта жариялануы үшін ОСК тапсыруы керек.

Сайлау қоры

Қазақстан ОСК қаулысына сәйкес Қазақстан Президентіне кандидаттың сайлау қоры көлемі 1 млрд 147 млн теңгеден аспауы тиіс. Оның ішінде кандидаттың өз қаржысы және оны ұсынған қоғамдық бірлестіктің салымы 510 млн теңгеден, ал ерікті қайырмалдық көлемі 637,5 млн теңгеден аспауы тиіс<ref>Президент сайлауы: әр кандидатқа бюджеттен 7,5 млн теңге бөлінуі мүмкін</ref>. Заңнамаға сәйкес жасырын қайырмалдық жасауға тыйым салынады. Жасырын жасалған қайырмалдық республика бюджетіне енеді. Кандидаттың бұқаралық ақпарат құралдарындағы үгіт-насихатына жұмсалатын қаржы 7,3 млн теңгеден аспауы керек<ref>Әрбір президенттікке үміткер бюджеттен қаражат алды</ref>.

2019 жылдың 7 маусымына белгілі ақпарат бойынша ең көп қаражат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау қорына түсіп, 1, 147 млрд теңгені құраған, ал Әміржан Қосановтың қорына ең аз қаражат көлемі 112 млн теңге түскен; бұл көрсеткіш Нұр Отандық қарсыласынан 9,4 есе аз. Жиналған қаражаттың жалпы мөлшері 2 905 млрд теңге құрады, оның 2 848 млрд теңгесі жұмсалды<ref>Қазақстан Республикасының Президентігіне кандидаттың сайлау қорына қаражаттың түскені және оның жұмсалуы туралы есебі aрнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидалары 23 тармағына сәйкес(2019 жылдың 7 маусымына ақпарат)</ref>.

Дебат

2019 жылдың 24 мамыры ҚР Орталық сайлау комиссиясы 29 мамыр күні Астанада президенттік сайлауға түсетін кандидаттар арасында телевизиялық пікірталас өтетіндігін мәлімдеді. Комиссия мүшесі Ләззат Сүлеймен телевизиялық пікірталастың "Хабар" агенттігі АҚ телевизиялық арнасы эфирінде көрсетілетіндігін және қазіргі уақытта сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстарды жүргізу тәртібін көздейтін регламент әзірленгендігін жеткізді<ref>https://kaz.nur.kz/1795823-prezident-sajlauy-29-mamyrda-mitkerler-arasynda-debat-tedi.html Президент сайлауы: 29 мамырда үміткерлер арасында дебат өтеді</ref>. Аталған регламент бойынша теледебат 3 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің атауы анықталған:

  • 1-кезең: Қазақстанның экономикалық даму басымдықтары. 1-кезеңнің өзі 2 айналымнан тұрады: бірінші айналымда әр кандидат сайлаушыларды өз сайлау алды бағдарламасымен таныстырса, екінші айналымда "сұрақ-жауап" түрінде пікірсайыс сессиясы болады. Кандидаттар өз оппоненттеріне екі сұрақтан қойып, сондай-ақ екі сұраққа жауап бере алады.
  • 2-кезең: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы. Кезеңнің 1-айналымында кандидаттар тақырып бойынша сөз сөйлейді, ал 2-айналымда жүргізушілер қойған 1 сұраққа жауап қайтарады.
  • 3-кезең: Сайлаушыларға арнау. Қорытынды кезеңде кандидаттар тікелей сайлаушыларға арнап сөз сөйлейді.

Теледебат жоспарланған күні, сағат 18:00-де «Хабар» арнасында тікелей эфирде өтті. Теледебатқа тіркелген 7 кандидаттың төртеуі: Сәді-Бек Түгел, Әміржан Қосанов, Амангелді Таспихов пен Жамбыл Ахметбеков өздері қатысса, Қасым-Жомарт Тоқаев атынан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары – Мәулен Әшімбаев, Дания Еспаева атынан «Ақ жол» партиясының Төрағасы – Азат Перуашев және Төлеутай Рақымбековтың атынан «Ауыл» партиясының Төрағасы – Әли Бектаев қатысты. Аталған шараға 41 млн қаражат жұмсалды<ref>Президенттікке кандидаттардың теледебатына 41 млн теңге бөлінеді</ref>.

Сайлау нәтижесі

Сурет:KZ 2019 ballot bulletin.jpg
Қазақстандағы Президент сайлауында (2019) болған сайлау парағы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мәліметтері бойынша сайлауда лауазым иеленушісі - Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Оны жақтап 6 539 715 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 70,96 пайызы берілді. Біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша сайлаушылардың тізіміне 11 960 364 азамат енгізілгенін, олардан дауыс беруге 9 274 110 адам немесе 77,5 пайызы қатысқан.

2019 жылы өткен Қазақстандағы президент сайлауының нәтижесі
Кандидат Партия/Бірлестік Дауыс %
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр Отан 6 539 715 70,96
Әміржан Қосанов Ұлт Тағдыры 1 495 401 16,23
Дания Еспаева Ақ жол 465 714 5,05
Төлеутай Рақымбеков Ауыл 280 451 3,04
Амангелді Таспихов «ҚР Кәсіподақтар федерациясы» РКБ 182 898 1,98
Жамбыл Ахметбеков Коммунистік халық партиясы 167 849 1,82
Түгел Сәдібек Ұлы Дала Қырандары 84 582 0,92
Бос/Жарамсыз дауыстар 57 500 0,63
Барлығы 9 274 110 100
Қалыс қалғандар 2 686 244 22,46
Тіркелген сайлаушылар 11 960 364 77,54
Қайнары: ОСКҮлгі:Deadlink

Сайлаушылар келімі

2019 жылдың 9 маусымы өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға тіркелген сайлаушылардың 77,4 % дауыс берді<ref name="нәтиже">Үлгі:Cite web</ref>. Ең төмен келім көрсеткіші Қазақстанның ең ірі қаласы — Алматы тіркелді. Аталған қалада тіркелген сайлаушылардың тек 52,2 % дауыс берген. Ең көп келім 89,0 % көрсеткішпен Алматы облысына тиесілі екендігі анықталды.

Облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар Сайлаушылар Облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар Сайлаушылар
Саны  %<ref name="нәтиже" /> Саны  %<ref name="нәтиже" />
Ақмола облысы 430 359 83,4 % Ақтөбе облысы 482 820 84,9 %
Алматы облысы 1 249 445 89,0 % Атырау облысы 288 439 71,2 %
Батыс Қазақстан облысы 303 880 66,3 % Жамбыл облысы 575 266 81,3 %
Қарағанды облысы 715 845 77,3 % Қостанай облысы 488 748 84,1 %
Қызылорда облысы 397 249 81,6 % Маңғыстау облысы 265 654 68,9 %
Павлодар облысы 445 941 81,2 % Солтүстік Қазақстан облысы 319 291 79,8 %
Түркістан облысы 998 254 84,8 % Шығыс Қазақстан облысы 818 795 84,9 %
Алматы қаласы 587 693 52,2 % Шымкент қаласы 383 541 52,2 %
Астана қаласы 465 190 68,9 % Барлығы 70,5 %

Exit poll

2019 жылдың 9 маусымы сағат 7:00 мен 20:00 аралығы «Ел тірегі» заңды тұлғалар бірлестігінің тапсырысы бойынша «Қоғамдық пікір» зерттеу институты 13 200, ал «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы<ref>Тоқаев президент сайлауында 69,94% дауыс жинады - "Жастар" зерттеу орталығы</ref> 12 мың сайлаушы арасында сауалнама жүргізді. Іріктеме қателігі шамамен +/- 3 %. Exit poll нәтижесі келесідей<ref>https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/Exit-poll-natijes-jariyalandyi-298520/ Exit poll нәтижесі жарияланды</ref>:

Кандидат «Қоғамдық пікір» институты
нәтижесі
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы
нәтижесі
Жамбыл Аужанұлы Ахметбеков 3,86 % 3,06 %
Дания Мәдиқызы Еспаева 5,32 % 4,78 %
Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов 15,39 % 14,96 %
Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков 3,03 % 2,71 %
Амангелді Сатыбалдыұлы Таспихов 1,41 % 2,63 %
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 70,13 % 69,94 %
Сәді-Бек Түгел 0,86 % 1,92 %

Ұлықтау рәсімі

2019 жылдың 12 сәуірі Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұлықтау рәсімі өтті. ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев Тоқаевқа жаңа сайланған президент куәлігін табыстады<ref>Қазақстан тарихындағы екінші президент ант беріп, ресми түрде қызметіне кірісті</ref>. Ұлықтау рәсіміне ҚР Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты, алайда шетел президенттері шақырту алмаған<ref>Тоқаевтың инаугурациясына шетел президенттері шақыртылмаған</ref>.

Құқық бұзушылық

Сайлауға дайындық

Сәуір соңында қазақстандық жоғарғы оқу орындарының бірінде аты-жөні көрсетілмеген сайлаушылардан қол жинау парағы анықталғандығы белгілі болған. Қазақстан орталық сайлау комиссиясы бұл парақ Төлеутай Сатайұлы Рақымбековқа тиесілі екенін растады<ref>Кандидаттың аты-жөні жоқ қол қою парағы кімге тиесілі?</ref>.

Қазақстан Заңнамасына сәйкес сайлау науқаны барысында талаптарға сай емес сауалнама жүргізуге тыйым салынған. Әлеуметтік желілерде жүргізілген сауалнама да Заңнама талаптарына сай болмағандықтан, Қазақстанның екі азаматы 17 мамырда 15 АЕК мөлшерінде (37 875тг) айыппұл төлеуге тартылған<ref>Әзірге сайлау туралы сауалнама жасаған екі адамға айыппұл салынды</ref>.

Сайлау күні

Сайлау күні, яғни 9 маусым күні сайлау учаскелерінде дауыс беру үйшігіндегі сиясы "жанатын" қалам, алдын ала белгіленген бюллетеньдер, бір сайлаушының жәшікке бірден бірнеше бюллетень салуы, учаскеде тіркелмеген сайлаушылардың дауыс беруі секілді бірқатар құқықбұзушылықтар орын алған<ref>"Өшіргіш" қаламсап, алдын ала белгіленген бюллетень</ref>. Алайда ОСК ресми хабары бойынша сайлау күні тек 16 құқық бұзушылық тіркелген.

Бақылау

2019 жылдың 6 маусымына белгілі ақпар бойынша Қазақстандағы Президент салауына бақылау жүргізуге бірнеше өкілдік қызығушылық танытқан, атап айтқанда: ТМД, ТМД парламент аралық ассамблеясы, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Ислам ынтымақтастық ұйымы<ref>Қазақстандағы президент сайлауының әділдігін кімдер бақылайды?</ref>.

15 мамыр күні «Аманат» азаматтық платформасы Алматы қаласының 26 ҮЕҰ және Қазақстан халқы Ассамблеясының 12 этномәдени бірлестік өкілдері мен қалалық жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін бақылаушыларға арналған тренинг өткізілді. Дәл осы бағдарлама бойынша 10 мың тәуелсіз бақылаушы оқыту көзделіп отыр<ref>"Аманат" платформасы бақылаушыларға арналған тренинг өткізу идеяларының тұсаукесерін өткізді</ref>.

5 маусымға белгілі ақпар бойынша халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден келген бақылаушылар саны 967 адам<ref>Осы апта – сайлау: қазақстандықтар нені білуі тиіс</ref>, ал Сыртқы істер министрлігі 40-тан астам елден 227 шетел корреспондентін аккредитациядан өткізген.<ref>Президент сайлауында бақылаушы ретінде 40-тан астам елден 227 шетелдік корреспондент</ref>.

ЕҚЫҰ

2019 жылдың 8 мамыры ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Қазақстандағы Президент сайлауын бақылау жөніндегі өкілдігі құрылды. Өкілідік басшысы Ұршыла Әтсектің айтуы бойынша бақылаушылар тобында тек сайлауға дейін емес, сондай-ақ кейін де жұмыс атқаратын Ұлыбритания, Испания, Германия, Белорусь, Польша сарапшылары бар. Өкілдік құрамында барлығы 22 ұзақ мерзімді бақылаушы тіркелген<ref>ЕҚЫҰ/ДИАҚБ бақылаушылар миссиясының басшысы Қазақстанмен ынтымақтастықты оң бағалауда</ref>.

Өкілдіктің 24 мамыр күні жасаған аралық есебіне сәйкес сайлау науқаны өте әлсіз жүргізілуде және тек үгіт парақтары мен жарнама тақтайларымен шектеліп қалуда. Сайлау науқанын жүргізу қатаң бақылауда, сондай-ақ кандидаттар тек жергілікті билік органдарынан 10 күн бұрын рұқсат алып қана көпшілікпен кездесіп, басқа да шаралар жүргізе алады.<ref>ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы кезектен тыс президент сайлауына орай аралық есеп әзірледі</ref>

Наразылық пен сын

9 маусым күні Астана және Алматы қалаларында рұқсат етілмеген наразылық әрекеттері болып өтті<ref>Президент сайлауы күні наразыларды жаппай ұстады</ref>. Алматыдағы наразылық әрекеттері 2017–2018 жылдары Сорос-Қазақстан қорының ұсынысымен сөз бостандығы мен жергілікті мәселелерді ұжымдық шешуге арналған қоғамдық орынға айналған «Астана» алаңы мен қос жағында орналасқан Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшелерінің бойында өткен. Ал Астанада Республика даңғылы бойындағы «Жастар» сарайының алдында өткен. Наразылық білдірушілерді ІІМ, полиция және Ұлттық гвардия бөлімшелері оқиға орнынан қоғам қауіпсіздігін және құқықтық тәртіп қамтамасыз ету желеуімен күштеп алып кеткен. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі хабарлауынша, Астанада қоғамға қарсы қозғалыс қатысушылары әрекет барысында қорғану мақсатында тәртіп сақшыларына тас және басқада қолға іліккен заттар лақтырып, бұрыштық бүріккіш қолданған-ды, соның салдарынан үш полиция қызметкері жарақаттанған<ref>Екі қаладағы заңсыз шеруден 500-дей адам бөлімшеге жеткізілді – ІІМ Үлгі:Webarchive</ref><ref>Астанада митингіде үш полицей жарақат алды
</ref>. ҚР ІІМ Бірінші орынбасары Марат Қожаевтың мәлімдеуінше 9 маусым күні наразылық барысында 500-ге жуық адам тұтқындалған<ref>ІІМ: Астана мен Алматыдағы наразылықта 500-дей адам ұсталды</ref><ref>Алматы мен Астанада заңсыз митингіге шыққан 500-дей адам ұсталды - ІІМ</ref>. Бұл ақпарат әйгілі The New York Times басылымында және басқа да шет ел басылымдарында жарияланған<ref>In Kazakhstan, 500 Detained After Protesting Election Seen as Shoo-In</ref>.

Ұсталғандар қатарында жергілікті және шетел журналистері де бар: «Vlast.kz» интернет-басылымының операторы, режиссер Екатерияна Суворова, «Азаттық» тілшісі Петр Троценко және саясаттанушы Димаш Әлжанов ұсталған<ref>Жүздеген адам ұсталып, интернет жұмысы баяулаған күн</ref>. France Press агенттігінде жұмыс істейтін Ұлыбритания жүрналисті Chris Rickleton өзінің «Twitter» желісіндегі парақшасына ұсталғандығын жариялаған<ref>Chris Rickleton жариялаған жазбасы</ref>. Rickleton мен оның әріптесі іске Сыртқы істер министрі орынбасары Роман Василенко кіріскенге дейін жергілікті АІІБ-нда екі сағат өткізген.

10 маусым күні де наразылық әрекеттері жалғасын тапты. Наразылық білдірушілер сайлау қорытындысымен келіспейтіндігін және саяси жүйеге қарсылықтарын білдірген. Сол күні қазақ ақыны, оппозиционер Ринат Зайытов өзінің Instagram парақшасында кешкі сағат 18:00 «Алматы Арена» мұз сарайының маңында сайлау нәтижесі жайлы мәлімдеме жасайтындығы жайлы бейне жариялаған. Кейін желіде ақынның сөйлеп тұрған жерінен тәртіп сақшылары ұстап әкеткен бейне тарап, біршама өнер адамдары мен қарапайым халық ақынның босатылуын талап етіп, Алматы қаласы полиция басқармасының алдында жиналған<ref>Жүздеген адам ақын Ринат Зайытовты босатуды талап етті</ref>. Олармен полиция басқармасы бастығының орынбасары Ізбасар Бектұров пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев сөйлесті, жиналғандар тек Ринат Зайытов келгеннен кейін тарасқан<ref>Ақын Ринат Зайытов келген соң полиция департаментіне жиналғандар тарадыҮлгі:Deadlink</ref>. ҚР ІІМ кеңесшісінің мәлімдемесі бойынша 10 маусым күні 200-ге жуық адам ұсталып, оның 150-і жауапқа тартылған<ref>Митингіге шыққан 200 адамды басқа қалаларға апарып тастадық – Қожаев</ref>. Екі күн ішінде Алматы мен Астана қалаларында барлығы 700-ге жуық адам ұсталған<ref>Екі күн ішінде 700 адам ұсталған: ІІМ митинг кезінде түсірілген видео жариялады</ref>. Жаңа сайланған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наразылық білдірушілерді диалогқа шақырды<ref>Билік митингке шыға беретін халықты диалогқа шақырдыҮлгі:Deadlink</ref>.

БҰҰ мәлімдемесі

2019 жылдың 12 маусымы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы Қазақстандағы сайлау күні және одан кейінгі күндері өткен бейбіт шерулерде азаматтардың ұстылуын Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына қарама-қайша деп тауып, Қазақстан билігін адам құқықтары бойынша халықаралық міндеттемелерін орындауға шақырды. Үлгі:Start citation ...БҰҰ Адам құқықтары Бюросы полиция бөлімшелерінде түнгі уақытта көбіне адвокаттың қатысуынсыз жедел соттардың өткенінен де хабардармыз. ...Бұл Қазақстанның адам құқығы бойынша алған міндеттемелеріне айқын қайшылық. Қазақстанды азаматтардың бейбіт жиын өткізу мен пікір айту еркіндігін сақтауға, азаматтарға конструктивті түрде саяси өмірге араласуға мүмкіндік беруге шақырамын. Үлгі:Түпнұсқа Үлгі:End citation Мәлімдемеден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Ғизат Нұрдәулетовқа азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуді және жазықсыз ұсталғандарды босатуын тапсырды<ref>Бас прокурорға азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуді, ұсталғандардың нақты саны мен кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырдым.</ref>. 13 маусым күні Бас Прокуратура Астана мен Алматы қалаларында өткен "рұқсат етілмеген митингіге" қатысқаны үшін 957 адам әкімшілік жауапқа тартылғандығын мәлімдеді. Оның 670-і 6-15 тәулікке қамалып, 115-іне айыппұл салынған<ref>Бас прокуратура: "Заңсыз митингіге шыққан" 950-ден аса адам жазаланды</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Қазақстан сайлаулары