Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (Үлгі:Lang-en) — адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын жария еткен бірден-бір халықаралық-құқықтық құжат. 1948 ж. 10 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 217 А (III) жарғысымен қабылданған және жарияланған. Құжатта белгіленіп, бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарының жалпыға бірдей мойындалуын, сақталуын және тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету бұл құжаттың негізгі міндеті.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы ерекшелігі мен маңыздылығы адам құқықтары мен бостандықтарын алғашқы болып халықаралық дәрежеге көтергендігінде жатыр. Декларацияның міндеттілігі, заңдық сипаты жоқ, яғни бекітілген нормалар сөзсіз орындалуға тиісті емес. Дегенмен құжатта белгіленген адам құқықтары мен бостандықтары жөніндегі қағидалардың маңыздылығына байланысты Декларация жалпыға бірдей акт ретінде танылады және оны қабылдауға дауыс берген мемлекеттердің барлығы бірдей орындауға тырысады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref><ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

БҰҰ-ның жарғысында көрсетілгендей (30 бап): Үлгі:Quotation

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Wikisource-old