Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Wikify Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева (7 мамыр 1963 жыл, Теміртау) — қазақстандық саясаткер және қоғам қайраткері, саясаттану және экономика ғылымдарының докторы, тарихтану кандидаты. 2004–2007, 2012–2015 және 2021–2022 жылдары Мәжіліс депутаты, Сенаттың бұрынғы төрайымы (2019–2020). Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы.

Байлығы

2024 жылы байлығы 590 млн $ бағаланды. «Европа плюс Қазақстан» мен «Тәуелсіз Телеарна» ЖШС (НТК телеарнасы) иелік етеді. Сондай-ақ, «DLS Group» ЖШС холдингтік компаниясы арқылы «Region-Media» ЖШС-де үлесі бар.

Еңбек жолы және саяси мансабы

  • 1980—1983 — М. В. Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінде оқыды.
  • 1983—1985 — С. М. Киров атындағы ҚазМУ тарих факультетінің студенті.
  • 1985—1987 — М. В. Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінің тағылымгер-зерттеушісі.
  • 1987—1990 — М. В. Ломоносов атындағы ММУ аспиранты.
  • 1992—1994 — «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті.<ref name=zakonPS>Үлгі:Cite web</ref>
  • 1994—1995 — «Қазақстан теледидары мен радиосы» Республикалық корпорациясының вице-президенті, «Хабар» Ұлттық теледидар ақпарат агенттігінің директоры.<ref name=365info1>Үлгі:Cite web</ref>
  • 1995—1998 — «Хабар» Агенттігі» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры.<ref name=365info1/>
  • 1998—2001 — «Хабар» Агенттігі» ЖАҚ президенті.<ref name=365info1/>
  • 2001—2004 — «Хабар» Агенттігі» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрайымы.<ref name=365info1/>
  • 19 қыркүйек 2004 - 20 маусым 2007 — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің III шақырылым депутаты («Асар» Республикалық партиясының тізімі бойынша), 2005 жылдың ақпан айынан 2007 жылдың 20 маусымына дейін — «Аймақ» депутаттық тобының жетекшісі.<ref name=zakonPS/>
  • 2007 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының директор.<ref name=365info1/>
  • 20 қаңтар 2012 - қыркүйек 2015 — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылым депутаты («Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының тізімі бойынша), әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы.<ref name=zakonPS/>
  • 3 сәуір 2014 - қыркүйек 2015 — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі.<ref name=zakonPS/>
  • 11 қыркүйек 2015 - 13 қыркүйек 2016 — Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.<ref name=zakonPS/>
  • 13 қыркүйек 2016 - 20 наурыз 2019 — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитет Төрағасы.<ref name=zakonPS/>
  • 2019 жылғы 20 наурыз - 2020 жылғы 2 мамыр — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы.<ref name=kursiv1/>
  • 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылғы ақпанға дейін - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты болды.

Басқа лауазымдары

  • Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның бұрынғы мүшесі;
  • Қазақстан гимнастика федерациясының бұрынғы құрметті президенті;
  • Халықаралық телевизиялық өнер және ғылым Академиясының директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі (Нью-Йорк);
  • Еуразиялық стратегиялық зерттеулер орталығының экс-президенті (Мәскеу);
  • Еуразиялық теледидар академиясының экс-вице-президенті (Мәскеу);
  • Еуразиялық телефорум ұйымдастыру комитетінің экс-тең төрағасы (Мәскеу);
  • «Еуразия» Халықаралық экономикалық академиясының экс-мүшесі»;
  • «Дегдар» гуманитарлық қорының қамқоршылық кеңесінің төрайымы;
  • «Асар-Береке» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрайымы;
  • «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ қамқоршылық кеңесінің төрайымы;
  • Орыс баспасөзінің дүниежүзілік қауымдастығының вице-президенті;
  • «Жастар қалауы» РҚҰ қамқоршылық кеңесінің төрайымы;
  • Сенаторлар кеңесінің төрайымы

Білімі

  • 1980 жылы Алматыдағы Қ. Сәтпаев атындағы №56 гимназияны бітірді.<ref name=kursiv1>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
  • 1980-1983 жылдары М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқыды. 1985 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдады.<ref name = ria1>Үлгі:Cite web</ref>
  • 1991 жылы М. В. Ломоносов атындағы ММУ-де т.ғ.д., профессор И. В. Григорьеваның ғылыми жетекшілігімен тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «1947 жылғы республикалық Конституцияны қабылдау төңірегінде Италиядағы саяси күрес» (мамандығы 07.00.03-жалпы тарих) тақырыбында диссертация қорғады. Ресми оппоненттер - т.ғ.д. Н.П.Комолова және т.ғ.к. В.Н.Дахин. Жетекші ұйым - КСРО ҒА Халықаралық жұмыс қозғалысы институты.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
  • 1998 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы РМҚА-да «Жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі саяси жүйелерді демократияландыру» тақырыбы бойынша саяси ғылымдар докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады (мамандығы 23.00.02 – саяси институттар мен процестер). Ғылыми кеңесші – филос.ғ.д., профессор В.С.Комаровский. Ресми оппоненттер - э.ғ.д., профессор Д.В.Валовой, саясат ғылымдарының докторы, профессор А.А.Чичановский және әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор М.М.Тәжин. Жетекші ұйым – РҒА Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Қазақ, орыс, ағылшын, итальян, португал, қытай тілдерін меңгерген.<ref name = ria1/>

«Хабар» Агенттігі

Дариға Назарбаеваның мансап сатысындағы қадамы 1992 жылы оның анасы Сара Назарбаева негізін қалаған «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті болып тағайындалуынан басталды. Қор балаларға көмек көрсетуге бағытталған Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы ұйым болды.<ref name =camonitor1>Үлгі:Cite web</ref>

1994 жылы Дариға Назарбаева «Қазақстан теледидары мен радиосы» Республикалық корпорациясының вице-президенті болып тағайындалды. 1995 жылы Қазақ ТВ ақпараттық қызметінің негізінде «Хабар»телеарнасы құрылды. Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен «Хабар» өзінің меншікті тілшілер желісін дамытып, жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, ел телеарналары арасында көшбасшы орынға ие болды.

«Хабардан» бөлек Дариға Назарбаевамен байланысты құрылымдар «Европа Плюс» радиостанциясын, КТК, НТК телекомпанияларын, танымал «Караван» газетін сатып алды. Жаңа медиа-холдингті басқару үшін «ТВ-медиа» және «Алма-медиа» компаниялары құрылды.

1998 жылы «Хабар» жабық акционерлік қоғам болып қайта құрылды, ал Дариға Назарбаева ЖАҚ президенті лауазымына, ал 2001 жылдан бастап Директорлар кеңесінің төрайымы болды.<ref name =camonitor1/>

1999 жылы «Алатау» шипажайының аумағында Дариға Назарбаеваның қолдауымен «Алматы — менің алғашқы махаббатым!» атты алғашқы ретро-фестиваль өтті, шараны «Хабар» агенттігі ұйымдастырды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Фестивальдің басты идеясы алматылықтардың ұрпақтар арасындағы рухани байланысын сақтап қалу, Алматы - еліміздің мәдени орталығы деген мәртебесін қолдау, қаланың 1960–1980-ші жылдардың басындағы бірегей мәдениетін және рухани ахуалын қайта жандандыру болды.

2001 жылдың маусым айында Мәскеуде өткен «Ақпарат: ХХІ ғасыр сын-тегеуріні» ақпараттық ынтымақтастық жөніндегі дүниежүзілік конгресте Дариға Назарбаева тұрақты түрде жұмыс істейтін Еуразиялық медиафорум құруды ұсынды. Ол медиафорумға қатысушылар Еуразиялық ақпараттық кеңістікті құру мәселелерін, мемлекет пен БАҚ өзара қарым-қатынасын, сондай-ақ журналистиканың этикалық нормаларын талқылай алатынын атап өтті.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Бірінші Еуразиялық медиафорум 2002 жылдың сәуір айында Алматыда өтті, оны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау сөзімен ашты.

2002 жылы Қазақстан журналистерінің I Конгресі ашылды, 27 сәуірде Қазақстан Журналистер Конгресінің бастамашыл тобының жиналысында Дариға Назарбаева атқарушы комитеттің төрайымы болып сайланды. Аталмыш конгресте алғаш рет елімізде журналист этикасы кодексін құру мәселесі көтерілді.<ref name =camonitor1/>

«Асар» партиясы

2002 жылдың қазан айында Дариға Назарбаева «Жастар қалауы» блогының қамқоршылық кеңесінің төрайымы болып тағайындалды, блоктың алғашқы конференциясында Қазақстан жастар Конгерсін құру туралы ұсыныс жасалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2003 жылы Назарбаева «Асар» Республикалық партиясын ұйымдастырып, оған көшбасшылық етті.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> Бірнеше ай ішінде «Асардың» қатарына кіруге ниет білдірушілер тарапынан 167 мыңнан астам өтініш келіп түсті, оның 139 мыңы өңделіп, түпнұсқалығы тексерілді, Әділет министрлігіне 77 мың қол тіркеуге жіберілді.<ref name=asar1>Үлгі:Cite web</ref> «Асар» өзін орталықшыл толқын партиясы деп атап, өзінің басты міндеттерінің бірі қоғамдағы сезімтал нүктелерді анықтау және оларды шешу деп білді.<ref name=asar1/> 2003 жылғы желтоқсанда партия тіркелді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындысына сай партиялық тізім бойынша 541 239 (11,38 %) сайлаушылардың дауысын жинап, партия үшінші орынды иеленді, мәжілісте партия тізімі бойынша депутат Дариға Назарбаева болды, сондай-ақ, «Асар» атынан бір мандатты үш депутат округтар бойынша сайланды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2005 жылдың ақпанында Қазақстан Парламентінде жаңа «Аймақ» депутаттық тобы құрылды, оған 36 депутат кірді (28-Мәжілістен және 8-Сенаттан). Оның басшысы болып Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева сайланды. «Аймақ» депутаттық тобының негізгі мақсаты өңірлерді дамытуға бағытталған қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу және бақылау жасау, әкімшілік реформа мен жергілікті өзін-өзі басқаруды әзірлеуге және заңнамалық қамтамасыз етуге белсенді қатысу, кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2006 жылғы 4 шілдеде партияның кезектен тыс съезі өтті, онда «Отан» Республикалық саяси партиясына қосылу туралы шешім қабылданды (2006 жылғы желтоқсаннан бастап - «Нұр Отан»),<ref>Үлгі:Cite web</ref> ал Дариға Назарбаева «Нұр Отан» партиясы жетекшісінің орынбасары болып тағайындалды.

Тұңғыш Президент Қоры

2007 жылдан бастап Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының директоры болып табылады, қоғамдық және қайырымдылық қызметпен айналысты, халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысты.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Қор өз қызметін үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырады: 1) жастар бағдарламалары (қазақстандық жастардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашуға және іске асыруға, олардың зерттеулері мен жобаларын қолдай отырып, сондай-ақ ғылыми және шығармашылық іс-шаралар жүргізе отырып көмектеседі); 2) әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық; 3) талдау орталығы – Әлемдік экономика және саясат институты.

2007 жылы Дариға Назарбаева «Нұрбанк» Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланып, саясаттан бизнеске оралды.<ref name=mir1>Үлгі:Cite web</ref> 2010 жылдың мамыр айында Дариға Назарбаева мен оның ұлы Нұрәли Әлиев «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің құрамынан шықты, маусым айында олар сондай-ақ директорлар кеңесінен де шықты.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Қазақстан Парламенті

Парламенттік сайлауда 2012 жылғы қаңтарда Дариға Назарбаева «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша депутат болып сайланды және мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетін басқарды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2014 жылғы 3 сәуірде бірауыздан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің вице-спикері және «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі болып сайланды.<ref name=today1>Үлгі:Cite web</ref>

2015 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.<ref name=today1/><ref>Үлгі:Cite web</ref>

2016 жылғы 15 қыркүйекте Президент Жарлығымен Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2019 жылы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2019 жылы 2 қыркүйекте Сенат Төрағасы болып қайта сайланды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2020 жылы 2 мамырда мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2021 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты.

Қоғамдық қызметі және қайырымдылық істері, қызығушылығы

1990 жылдардың соңынан бастап Дариға Назарбаева әнші ретінде қазақстандық телеарналардың экранынан үнемі көріне бастады, көптеген қайырымдылық концерттер берді, оның ішінде Мәскеудегі Үлкен театр сахнасында көрсеткен өнерін атап айтуға болады. Оның репертуарында қазақ халық әндері, орыс романстары, опера ариялары, сондай-ақ Джо Дассен әндері бар. Назарбаева оқу оқып жүрген кезінде меццо-сопрано дауыспен ән айта алатынын анықтағанын, тіпті оны консерваторияға дайындық бөліміне шақырғанын айтады, алайда университеттегі оқуын тастап кетуге оған әкесі тыйым салған. Назарбаеваның айтуынша, оның дауыс ырғағын келтіріп, дайындаған атақты тенор Әлібек Дінішевке ұстаздық еткен Алматы операсының кәсіби педагогы Надия Шарипова болды.

Дариға Назарбаеваның «Но все таки люблю» алғашқы жеке концерті Алматыда 2001 жылдың мамыр айында өтті, концерттен түскен барлық қаражат Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қорына аударылды. Бір жылдан кейін Алматыда «Снова пою» атты екінші жеке концерті өтті. 2003 жылдың жазында Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігінің шақыруы бойынша Үлкен театрдың Бетховен залында жеке концерт ұйымдастырып, өнер көрсетті. 2007 жылы Назарбаеваның жеке концерті Парижде өтті.<ref name=concert1>Үлгі:Cite web</ref>

2001 жылы Назарбаеваның бастамасымен және басшылығымен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне материалдық көмек көрсетумен, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетумен, балалар үйлеріне, мүгедектер үйлеріне материалдық көмек көрсетумен, паралимпиадалық қозғалысты қолдаумен, жас таланттарды қолдаумен, жаңа ғылыми ізденістерді қаржыландырумен, дарынды студенттерге арнайы гранттар мен стипендиялар бөлумен, ұйымдармен, жетекші оқу орындарымен, таяу және алыс шетелдердің мәдени орталықтарымен және қоғамдық бірлестіктерімен ынтымақтастықпен, Қазақстанда және шетелде классикалық, халық музыкасы, эстрадасы, қазақстандық орындаушылардың концерттерін ұйымдастыру, «Астана кештері»,<ref>Үлгі:Cite web</ref> «Жапон көктемі» — «Жапон күзі», «Времен связующая нить»,<ref>Үлгі:Cite web</ref> «Алға, Қазақстан!», «Көктем самалы»,<ref>Үлгі:Cite web</ref> «Жүрек сазы» өнер фестивальдерін ұйымдастыру, конференциялар, шеберлік сабақтар, көрмелер, байқаулар ұйымдастыру, оқу әдебиетін шығарумен айналысатын «Дегдар» гуманитарлық қоры құрылды.

Дариға Назарбаева жетекшілік еткен «Дегдар» қорының қолдауымен қазақстандық опера әншілері Пезаро қаласындағы (Италия) халықаралық вокал академиясында маэстро Марио Меланиден тәлім алды. Танымал өнер ұстазынан Дариға Назарбаева да сабақ алды және оның шақыруы бойынша маэстро бірнеше рет Қазақстанға келді.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

2009 жылы Дариға Назарбаеваның тапсырмасы бойынша және қолдауымен «Асар-Береке» қоғамдық қоры қазақстандық аймақтардың тұрғындарына білікті медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жобаны іске асырды, Төтенше жағдайлар кезінде жұмыс істеуге қабілетті жылжымалы медициналық кешендер үшін мың маман даярланды. 2019 жылы «Асар-Береке» ҚҚ Санкт-Петербургтің ядролық терапия орталығында онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға тексеру және емдеу үшін жағдай жасады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2011 жылдың 1 желтоқсанында Дариға Назарбаева Мәскеу қаласында Ресейдің Мемлекеттік академиялық Үлкен театрының жаңа сахнасында «Сәлем, Ресей» атты жеке концертін берді, ал 14 желтоқсанда Астана қаласының Орган залында өнер көрсетіп, концерт берді. 2011 жыл аралығында ресейлік Universal Music компаниясы Дариға Назарбаеваның «Менің жұлдызым» музыкалық телефильміне арналған түрлі алаңдарда концерттік қойылымдарын түсірді. «Қатерлі ісікке қарсы бірге күресейік» қайырымдылық жобасы шеңберінде фильм 2012 жылдың ақпан айында Алматыда және 2012 жылдың 20 сәуірінде Мәскеуде көрсетілді.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

2012 жылдың маусым айында Астана қаласында Дариға Назарбаева жетекшілік ететін «Дегдар» қорының бастамасымен «Астана кештері» І Халықаралық өнер фестивалі өтті. Бұл жоғары өнерді барынша қолжетімді ету және барлық әлеуметтік топтарға әлемдік музыка мәдениетінің жауһарларына қол жеткізуге мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық жоба. Жоба аясында белгілі вокалшылар Дариға Назарбаева мен Әлібек Дінішев, ресейлік органшы Рубин Абдуллин, отандық пианиношы Тимур Орманшиев, дирижер Ренат Салаватов, жас опера әншілері Медет Шотабаев пен Андрей Трегубенко өз өнерлерін көрсетті. Барлық концерттерге билеттер тегін таратылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Марапаттар

  • Парасат ордені (желтоқсан 2004)
  • II дәрежелі Барыс ордені (желтоқсан 2013)
  • I дәрежелі Барыс ордені (желтоқсан 2021)
  • Мәдениет және әдебиет орденінің Кавалері (Франция, сәуір 2009)
  • «Астана» медалі (17 тамыз 1998)
  • «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медалі (7 қараша 2005)
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001 жыл)
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011)
  • Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының «ТМД ПАА. 20 жыл» күміс медалі (27 наурыз 2012)
  • «Нұр Отан» ХДП «Белсенді қызметі үшін» медалі (3 мамыр 2013)
  • «Конституциялылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің медалі (30 тамыз 2013)
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Теңгеге 20 жыл» медалі
  • «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі (14 мамыр 2015)
  • «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалі (5 тамыз 2015)
  • «Достастық» ордені (2017)

Отбасы

Сіңлілері:

  • Динара Құлыбаева (1967) - Нұрсұлтан Назарбаев білім қорының (қазіргі NNEF) директоры (1998 жылдан бастап), Қазақстан-Британ техникалық университетінің директорлар кеңесінің төрағасы (2004 жылдан бастап). Күйеуі (1990 жылдан бастап) Тимур Құлыбаев (1966) - «Қазақстан темір жолы», «Самұрық-Энерго» (2009-2011), «Қазатомөнеркәсіп» (2008-2012), «ҚазМұнайГаз» (2006-2007, 2009-2012), «KEGOC» (2006-2007, 2008-2011) Директорлар кеңесінің төрағасы. Екеуінің байлығы жеке-жеке 5 млрд $ бағаланып, Құлыбаевтардың байлығы 10 млрд $ бағаланды.
    • Балалары:
    • Ұлы Алтай Асқар (1990) – 5 компанияның әкімшілігіне енген: Kipros, Joint Technologies, Trading Integration Holding, Qorday Damu, Mercury Property. Әйелі Диана Катранова (Зелина Катранованың қызы).
    • Қызы Дениза Асқар (2004).
    • Ұлы Нәби Назарбаев (2008).
    • Қызы Алишия Асқар (2010).
  • Әлия Назарбаева (1980) — «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары кеңесінің төрағасы (2021 жылдан бастап), Қоршаған ортаны қорғау ұйымдары қауымдастығы президиумының төрағасы (2017-2022). Бірінші күйеуі (некеде 1998-2001) Айдар Асқарұлы Ақаев (1976-2020) Қырғызстан президенті Асқар Ақаевтың баласы. Екінші күйеуі (2002-?) Данияр Пернебекұлы Хасенов (1979) - «Қазақстан темір жолы» Басқарма мүшесі. «LOKOMOTIV»-Астана футбол клубында ойнаған. Үшінші күйеуі (некеде 2015-2023) Димаш Ғабитұлы Досанов (Сәбит Досановтың жиені) (1981) - «Қазақстан-Қытай құбыры» (2014-2016), «ҚазТрансОйл» (2016-2022) бас директоры.
    • Балалары - Тиара Назарбаева (2007), Алсара Хасенова (2011), Алдияр (2016) және Айлана (2018).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Кәрім Мәсімовтің II министрлер кабинеті Үлгі:Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының VI шақырылым депутаттары