Түркістан облысы
Үлгі:Қазақстан облысы Түркістан облысы (1932-1962, 1992-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы және 1962–1992 жылдары Шымкент облысы) — Қазақстанның оңтүстігіндегі облысы. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 2018 әкімшілік орталығы Шымкенттен Түркістанға ауыстырылды; Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін алып, Оңтүстік Қазақстан облысының құрамынан алынды.
Аумағы 117,3 мың км². Тұрғыны 2,000,000 адам (2018). Орталығы – Түркістан қаласы. Солтүстігінде Ұлытау, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 14 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>
Мазмұны
- 1 Табиғаты
- 2 Геологиясы мен кен байлықтары
- 3 Климаты
- 4 Гидрографиясы
- 5 Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі
- 6 Халқы
- 7 Әкімшілік бөлінісі
- 8 Шаруашылығы
- 9 Өнеркәсібі
- 10 Ауыл шаруашылығы
- 11 Көлігі
- 12 Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениеті және мәдени мұралары
- 13 Экономикасы
- 14 Кәсіпкерлік саласы
- 15 Жылыжай шаруашылығы
- 16 Дереккөздер
- 17 Сыртқы сілтемелер
Табиғаты
Түркістан облысының жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі 200 – 500 м). Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері – Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м). Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай (1400 – 1600 м) жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік-шығысын Батыс Тянь-Шань-ның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800 – 2900 м), Қазығұрт тауы (1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері – Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м) таулары қамтиды. Облыстың ең биік жері – Сайрам шыңы (4299 м). Оңтүстік-батысында Қызылқұм құмы, Қарақтау тауы (388 м), оңтүстігінде Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауынбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.
Геологиясы мен кен байлықтары
Облыс жерінің көпшілік бөлігі Тұран плитасының құрамына кіреді. Геологиялық құрылымы негізінен кембрийлік, девондық, тас көмірлік жыныстардан (тақтатас, құмтас, әктас), таулы бөлігі төменгі палеозойлық жыныстардан (құмтас, гранит, конгломерат, жоталар аралығындағы ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған) түзілген. Жер қойнауынан полиметалл, қоңыр көмір, темір, уран кентастары, фосфорит, вермикулит, тальк, барит, гипс, отқа төзімді саз, әктас, гранит, мәрмәр, кварц, т.б. кен байлықтары барланған. Қаратауда Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғасырдың 40-жылдарынан жұмыс істейді. Республикада уран кентастарының қоры жағынан бірінші орын, фосфорит және темір кентасының қоры жағынан үшінші орын алады.
Климаты
Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде –7 – 9°С, оңтүстігінде –2 – 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 – 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 150 мм, тау алдында 300 – 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.
Гидрографиясы
Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі
Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзенінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, елік, арқар, таутеке, жабайы шошқа, қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. Табиғи өсімдіктерді, жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін Төле би, Түлкібас аудандары аумағында мемлекеттік Ақсу-Жабағылы қорығы (1926) ұйымдастырылған.
Халқы
2025 жылғы 1 қарашаға облыс халқының саны 2147,9 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 544,7 мың адам (25,3%), ауылдықтар – 1603,2 мың адам (74,7%).
Халықтың табиғи өсімі 2025 жылғы қаңтар-қазанда 31436 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 36628 адам).
2025 жылғы қаңтар-қазанда туылғандар саны 39823 адамды құрады (2024 жылғы қаңтар-қазандан 11,6% кеміді), қайтыс болғандар саны 8387 адамды құрады (2024 жылғы қаңтар-қазандан 0,2% кеміді).
Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және 37529 адамды құрады (2024 жылғы қаңтар-қазанда – 24338 адам теріс айырмасы), оның ішінде сыртқы көші-қонда – 324 адам оң көші-қон айырмасы (384 адам), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – 37853 (24722 адам теріс айырмасы). <ref>https://stat.gov.kz/region/turkestan/</ref>
| 1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 287 431 | 1 566 794 | 1 831 486 | 1 978 339 | 2 111 893 | 2 150 256 | 2 193 556 | 2 233 568 | 2 282 474 |
| 2008 | 2009 | 2010 | 2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 | 2016 |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 2 331 505 | 2 462 782 | 2 511 698 | 2 567 707 | 2 621 488 | 2 678 889 | 2 733 279 | 2 788 404 | 2 841 307 |
Әкімшілік бөлінісі
Әкімшілік-аумақтық бөлінісінде 14 аудан және 3 қала бар.
| Облыс аудандары мен қалалары | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Бәйдібек ауданы | 53004 | Үлгі:Құлдырау48296 | 91,1 | 26808 | Үлгі:Құлдырау24927 | 93 | 26196 | Үлгі:Құлдырау23369 | 89,2 |
| Жетісай ауданы | 169044 | Үлгі:Өсім183185 | 108,4 | 84111 | Үлгі:Өсім93210 | 110,8 | 84933 | Үлгі:Өсім89975 | 105,9 |
| Келес ауданы | 110476 | Үлгі:Өсім130251 | 117,9 | 55631 | Үлгі:Өсім66904 | 120,3 | 54845 | Үлгі:Өсім63347 | 115,5 |
| Қазығұрт ауданы | 100581 | Үлгі:Өсім113258 | 112,6 | 50852 | Үлгі:Өсім57983 | 114 | 49729 | Үлгі:Өсім55275 | 111,2 |
| Мақтаарал ауданы | 116918 | Үлгі:Өсім126210 | 107,9 | 58156 | Үлгі:Өсім63790 | 109,7 | 58762 | Үлгі:Өсім62420 | 106,2 |
| Ордабасы ауданы | 100441 | Үлгі:Өсім123257 | 122,7 | 50514 | Үлгі:Өсім63250 | 125,2 | 49927 | Үлгі:Өсім60007 | 120,2 |
| Отырар ауданы | 49865 | Үлгі:Өсім50404 | 101,1 | 25195 | Үлгі:Өсім25935 | 102,9 | 24670 | Үлгі:Құлдырау24469 | 99,2 |
| Сайрам ауданы | 173640 | Үлгі:Өсім222652 | 128,2 | 86686 | Үлгі:Өсім111986 | 129,2 | 86954 | Үлгі:Өсім110666 | 127,3 |
| Сарыағаш ауданы | 162031 | Үлгі:Өсім211851 | 130,7 | 80868 | Үлгі:Өсім106516 | 131,7 | 81163 | Үлгі:Өсім105335 | 129,8 |
| Сауран ауданы | 84199 | Үлгі:Өсім97011 | 115,2 | 42609 | Үлгі:Өсім49212 | 115,5 | 41590 | Үлгі:Өсім47799 | 114,9 |
| Созақ ауданы | 51935 | Үлгі:Өсім61958 | 119,3 | 26197 | Үлгі:Өсім31669 | 120,9 | 25738 | Үлгі:Өсім30289 | 117,7 |
| Төле би ауданы | 106039 | Үлгі:Өсім117245 | 110,6 | 53038 | Үлгі:Өсім59238 | 111,7 | 53001 | Үлгі:Өсім58007 | 109,4 |
| Түлкібас ауданы | 95468 | Үлгі:Өсім104295 | 109,2 | 47396 | Үлгі:Өсім52755 | 111,3 | 48072 | Үлгі:Өсім51540 | 107,2 |
| Шардара ауданы | 74997 | Үлгі:Өсім82739 | 110,3 | 37879 | Үлгі:Өсім42832 | 113,1 | 37118 | Үлгі:Өсім39907 | 107,5 |
| Арыс қалалық әкімдігі | 65463 | Үлгі:Өсім76920 | 117,5 | 32959 | Үлгі:Өсім39235 | 119 | 32504 | Үлгі:Өсім37685 | 115,9 |
| Кентау қалалық әкімдігі | 81484 | Үлгі:Өсім96884 | 118,9 | 39616 | Үлгі:Өсім47563 | 120,1 | 41868 | Үлгі:Өсім49321 | 117,8 |
| Түркістан қалалық әкімдігі | 142899 | Үлгі:Өсім207605 | 145,3 | 70139 | Үлгі:Өсім103614 | 147,7 | 72760 | Үлгі:Өсім103991 | 142,9 |
| ЖАЛПЫ САНЫ | 1738484 | Үлгі:Өсім2054021 | 118,2 | 868654 | Үлгі:Өсім1040619 | 119,8 | 869830 | Үлгі:Өсім1013402 | 116,5 |
Шаруашылығы
Түркістан облысы – республикадағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салалары дамыған, еңбек ресурстары жеткілікті аймақ. Облыс кәсіпорындары Қазақстандағы барлық өнеркәсіп өнімдерінің 5,9%-ын өндіреді. Елімізде шығарылатын трансформаторлардың 98,6%-ы, фармацевтикалық препараттардың 70,1%-ы, минералды және газды сулардың 51,5%-ы, мотор майының, бензиннің 38,9%-ы, рафинатты қорғасынның 23,6%-ы, сыраның 23,6%-ы, цементтің 19,7%-ы, экскаватор, мақта талшығы, мақта майының барлығы дерлік Түркістан облысында өндіріледі. Облыс тері шикізаты, жеміс, көкөніс, жүзім, бақша, макарон өнімдерінің ірі өндірушісі болып табылады.
Өнеркәсібі
Облыстың өнеркәсіп мүмкіндіктерін негізінен мұнай өңдеуші және металлургия кәсіпорындары құрайды. Түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу, тамақ өнеркәсібі, әсіресе, Шымкент, Кентaу қалаларында жақсы дамуда. Облыс өнеркәсібінде 147 ірі және орта кәсіпорын бар. Мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындар: “ПетроКазахстанОйл Продактс” ААҚ (мұнай өңдеу) және “ИнтеркомШина” ААҚ (шина шығару). Металлургия өнеркәсібіндегі басты кәсіпорын “Южполиметалл” ЖАҚ (қорғасын, мырыш, т.б. өнімдер); машина жасау саласының жетекші кәсіпорындары: “Карданвал” ААҚ (автомобильдер мен тракторлар үшін кардан біліктерін шығаратын), “Южмаш-К” ЖАҚ (ұстаханалық-престеу машиналары мен қосалқы бөлшектерін шығару), “Экскаватор” ААҚ, “Кентау трансформатор зауыты” ААҚ, “Түркістан-насос” ААҚ; құрылыс өнеркәсібінен “Шымкентцемент” ААҚ; химия өнеркәсібінен – “Химфарм” ААҚ (дәрі-дәрмек өнімдерін шығару); жеңіл өнеркәсіптен “Восход” ААҚ, “Эластик” ААҚ, “Адал” ЖШС, т.б. жұмыс істеуде. Тамақ өнеркәсібі саласындағы жетекші кәсіпорындарды “Шымкент-май”, “Қайнар”, “Шымкент сыра”, “Бахус-Деронсек” АҚ-дары, “Арай”, “Амангелді” ЖШС-тері, т.б. құрайды. Сарыағаштың минералды суын шығарумен “Әсем-ай”, “Алекс” ЖШС-тері айналысады. Темекі өнімдерін JTL “Central Asіa” ЖАҚ-ы шығарады.
Ауыл шаруашылығы
Облыстың ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 10,3 млн га, оның ішінде жыртылатын жер аумағы 0,8 млн га. Ауыл шаруашылығында 63,3 мың шаруа (фермер) қожалығы, 956 ӨК, 6 АҚ, 608 ЖШС жұмыс істейді. Олар жалпы респ. ауыл шаруашылығы өнімінің 12,2%-ын береді. Ауыл шаруашылығының басты саласына стратегиялық маңызы бар мақта өсіру мен өндіру жатады. Оның егіс көлемі 170 мың га-ға (егіс көлемінің 30%-ы) жетті. Шитті мақтаны өңдеумен жылдық қуаты 650 мың тонналық 19 мақта зауыты айналысады. Олар облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара ауданында және Түркістан қалалық әкімдігі жерінде орналасқан. Облыс әкімшілігі 2003 жылдың соңында мақта иіру фабрикаларының құрылысын бастады. Егіннің орташа жылдық өнімі: бидай – 400 мың т, күріш – 10 мың т, шитті мақта – 360 мың т, көкөніс – 400 мың т, бақша өнімдері – 291 мың т, картоп – 115 мың т. 2004 ж. мал саны: ірі қара – 603 мың, қой-ешкі – 3 млн., жылқы – 119 мың, түйе – 14 мың, құс – 1,8 млн., шошқа – 22 мың басқа жетті.
Көлігі
Облыс экономикасының тұрақты дамуында темір жол тасымалының үлесі басым. Маңызды темір жол тармақтары: Орынбор – Ташкент, Түркістан – Сібір темір жол Темір жолдың жалпы ұзындығы 443 км-ден асады, қызмет ету шектері Шеңгелді – Арыс және Түркістан – Арыс – Түлкібас станцияларының аралықтары. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 5200 км, оның 800 км-ден астамы республикалық, 4470 км жергілікті маңызы бар жолдар. Облыс жеріндегі ірі автомагистралдар: Алматы – Ташкент, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Жуантөбе. Әуе көлігі жүйесінде “Шымкент әуежайы” ААҚ халықаралық тікелей және транзиттік авиарейстерді жүзеге асыруға қолайлы. Облыс жерінен Бұхара – Шымкент – Алматы газ құбыры, Омбы – Павлодар – Шымкент мұнай құбыры өтеді.
Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениеті және мәдени мұралары
Облыста жалпы білім беретін 1007 мектеп, 22 кәсіптік-техникалық мектеп, 36 колледж, 115 мектепке дейінгі мекеме бар (2004). М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті және бірнеше мемлекеттік емес жоғары оқу орындары студенттерге білім беруде. Облыста 931 мемлекеттік медицина ұйым, оның ішінде 542 фельдштік-акушерлік пункт, 131 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 60 ауылдық телімдік аурухана, 12 орталық аудандық және 5 аудандық аурухана, санспединстанция-эпидемиологиялық станция жұмыс істейді. Қарт адамдарға арнап “Ардагерлер үйі”, балаларға “Тау самалы” оқыту-сауықтыру орталық ашылған. Облыс аумағында елімізге белгілі Сарыағаш минералды суына негізделіп ашылған “Сарыағаш” шипажайы, “Арман” санаторийі, “Манкент” санаторий-профилакторийі, т.б. “Шымған”, “Денсаулық”, “Мейірім” сауықтыру орталықтары бар. 365 кітапхана, 9 музей, 6 кинотеатр, 6 театр (3 драма, 2 сазды, 1 қуыршақ), хайуанаттар саябағы, 366 мәдени-демалыс, 2865 спорт-сауықтыру мекемесі жұмыс істейді. Облыстық “Оңтүстік Қазақстан”, “Южный Казахстан”, “Жанубий Қозоғистон” газеттері қазақ, орыс, өзбек тілдерінде шығады. Облыс аумағында Ұлы Жібек жолы өткен көне қалалар (Исфиджаб, Иасы, Сауран, Отырар, т.б.) мен қорғандар болған. 802 тарихи және мәдени ескерткіш, оның ішінде 582 археологиялық, 42 тарихи, 11 монументтік өнер ескерткіштері; дүние жүзіне белгілі қасиетті Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Түркістан қаласында орналасқан. Бәйдібек ата кесенесі, Домалақ ана кесенесі, Қарабатыр кесенесі (Бәйдібек ауданы), Арыстан баб кесенесі (Отырар ауданы), Баб ата күмбезі, Қарабура әулие кесенесі (Созақ ауданы), Қарашаш ана күмбезі, Ибраһим ата күмбезі, Қажымұқан Мұңайтпасұлының кесенесі мен мұражайы (Ордабасы ауданы) бар.
Экономикасы
Облыс экономикасын дамытуға 293,9 млрд теңге инвестиция тартылып, алдыңғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6,2 пайызға артты. Негізгі инвестициялық салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 144,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен 23,4 пайызға артты.
Еңбек ресурстары
Түркістан облысының өндірістік-экономикалық мүмкіндіктері мол. Олардың негізін орасан зор табиғи қорлар мен жеткілікті еңбек ресурстары құрайды. Уран қоры жөнінен облыс Қазақстанда бірінші, фосфориттер мен темір рудасы бойынша – үшінші орынды иеленеді.
Қазбалардың баланстық қоры
Жалпы, қатты пайдалы қазбалардың баланстық қоры мен болжам ресурстары бойынша облыстағы жер қойнауының байлығы 240 млрд АҚШ долларына тең бағаланады. Оның ішінде:
− бокситтер,
− темір рудасы,
− уран,
− қорғасын мен мырыш,
− көмір маңызды орында.
Кен орындары
Барланған кен орындары мен геологиялық барлау нысандарын игеруге қажетті ресурстарды өнеркәсіптік дәрежеге ауыстыруға, оларды игеру жұмыстарына 2,0 млрлд АҚШ доллары шамасында қаражат қажет.
Алғашқы кезекте мынадай кен орындары игерілуі тиіс:
- Шу-Сарысу және Сырдария ойпаттарындағы уран кен орындары (Жалпақ және Мыңқұдық);
- Күмісті кенді ауданындағы алтын кен орны;
- Жабағылыдағы Ванадий кен орны;
- Өгем жотасындағы қорғасын, мырыш, вольфрам кен орны;
- Придорожный мен орталықтағы көмірсутектер кен орны.
Ірі кәсіпорындар
Мақта, тері шикізаттарын, өсімдік майын, жеміс-жидек, көкөніс, жүзім, бау-бақша, макарон, темекі, сыра және басқа да алкогольсіз сусын өнімдерін өндіріп, тапсыруды қамтамасыз ететін ең ірі кәсіпорындар осы облыста. Сонымен бірге, облыста қорғасын, цемент, мұнай өнімдері, күкірт қышқылы, шифер, автотрактор шиналары, экскаватор, трансформаторлар, майлы ажыратқыштар, шұлық-ұйық, тігін бұйымдары, жиһаз түрлері шығарылады.
Автокөлік саласы
Облыста екі бағыт бойынша жалпы ұзындығы 445 километр темір жолдар, ұзындығы 5,3 мың километр автокөлік жолдары, оның ішінде қатты жабындылы 5,1 мың километр жол бар. Азаматтық авация ұзындығы 27000 ауа белдеулерінде жұмыс істейді. Облыс орталығы халықаралық Орынбор-Ташкент және Түсркістан-Сібір теміржол тораптарының тоғысында орналасқан. Сонымен қатар, облыс аумағы арқылы Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы және Ташкент-Шымкент-Түркістан-Самара автокөлік күре жолдары өтіп жатыр<ref name="ReferenceA">Өркендеген, көркемдеген Оңтүстік кітабы. “АСА” баспа үйі” ЖШС, 2014</ref>.
Кәсіпкерлік саласы
“Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы” 33825 кәсіпкерге көмек көрсетті,10147 кәсіпкерді бейімдеу курстарынан өткізді, 2359 рұқсат құжаттарын “1 терезе” арқылы рәсімдеді, 2178 жобаның қаржыландыруына септігін тигізді.
Жетістіктері
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 114,7 мыңға жетті.
Сонымен бірге, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Шымкент қаласында “кәсіпкерлер мектебі” ашылды. Ағымдағы жылы типтік жоба бойынша барлық аудан, қалаларда кәсіпкерлік мектептерінің құрылыс басталды.
Жаңа жобалар
Жыл басынан “Бизнестің жол картасы - 2020” бағдарламасы аясында 50,7 млрд теңгеге 93 жоба мақұлданды (2013жылы - 82 жоба, 24,2 млрд тг)(5 жылда 2009-2010 жж – 4095 жоба, 6737 жұмыс орны ашылды). Оның ішінде :
- несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін құны 21,7 млрд теңгені құрайтын 57 жоба;
- несиелерді ішінара кепілдендіру арқылы жалпы құны 293,7 млн теңгені құрайтын 7 жоба;
- қажиетті инфрақұрылмен қамтамасыз ету бойынша құны 28,7 млрд тг құрайтын 21 жоба;
- “гранттық қаржыландыру” бойынша 35,9 млн тг грант 8 жобаға бөлінді.
“Максисум” АИО тарпынан есепті кезеңде 2,4 млрд теңгеге 776 жоба қаржыландырылып, 578 тұрақты жұмыс орны ашылды. Жобаның 90 пайыздан астамы ауылдық жерлерде (5 жылда 2009-2013 жылдары – 8673 жобы, 27915 жұмыс орны ашылды).
Шетел технологияларын трансферттеу
Шетел технологияларын трансферттеуге және инвестиция тарту мақсатында құрылған “Шымкент инновация” ЖШС-інің жұмыс ауқымы артуда.
Азия (Малайзия, Индонезия және Оңтүстік Корея) және Түркия елдеріне іскрелік қарым-қатынас орнату нәтижесінде машина жасау, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, тамақ өндірісі, құрылыс, индустрия және туризм салаларында 19 жоғары технологиялық жобаларды өңірде жүзеге асыру жөнінде алдын ала келісімшарт түзілді. Осы жобалар есебінен облысқа 400млн АҚШ доллардан астам инвестиция тарту күтілуде. Өңірге 10-нан астам дипломатиялық миссиялар және шетелдік компаниялардың өкілдері қабылданды (Малайзия, АҚШ, Италия, Болгария, Түркия, Оңтүстік Корея, Индонезия, Ресей, Австрия және т.б.).
2014 жылдың қаңтар-мамырында сыртқы сауда айналымының көлемі 1,5 млрд АҚШ доллар, оның ішінде: экспорт – 869,9 млн АҚШ доллар, импорт – 638,0 млн АҚШ доллар құрады.<ref name="ReferenceA"/>
Жылыжай шаруашылығы
Жылыжай көлемі 5 жылда 126 гектардан 900 гектарға жетті (7 есе). Республикадағы үлесі – 87%.
Ерекшелігі
Түркістан облысы – елдегі жылыжай шаруашылығын дамытуда сөзсіз көшбасшылық орынды иеленді. ОҚО ауылшаруашылық басқармасының деректері бойынша, ҚР-дағы жыл бойы көкөніс өндіруге бөлінген аудандардың 85 пайызы ОҚО-на тиесілі екен.
Тамшылатып суғару әдісі
Тамшылатып суғару әдісі 5 жылда 2,1 мың гектардан 33 мың гектарға жетті (16 есе). Республикадағы үлесі – 83%. Республика халқын жеміс-жидек өнімімен және жүзіммен толық қамтамасыз ету үшін облыста озық технологияларды енгізу, соның ішінде бақ егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл бағытта облыста “Бақ өсіру және жүзім шаруашылығын қарқынды дамыту шараларының 2014-2016 жылдарғы арналған кешенді жоспары” бекітілді.
Жылыжайда ағаш өсіру
Шымкент қаласының жасыл белдеуі 1564 га жерге 1 млн түп ағаш көшеттері егілген. 8 су ұңғымасы іске қосылған, оған қоса тағы 2 су ұңғымасының құрылысы қолға алынған. Бүгінгі таңда мұнда қарағаш, үйеңкі, шаған, бадам, өрік, алма сынды ағаш көшеттері бой алып, халқы күн санап артып келе жатқан қаланың экологиялық ахуалын жақсартып келеді.<ref name="ReferenceA"/>
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Үлгі:Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтары Үлгі:Түркістан облысы