Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков 1964 жылы 19 шілдеде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Атасу қала типтес кентінде туған. Қазақ ауылшаруашылық институтын (1986) инженер- механик мамандығы бойынша үздік; Бүкілодақтық ауыл шаруашылығын электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (Мәскеу қаласы, 1992); Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (2001) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының докторы (2005). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан АӨК өңдеу кешендерін қалыптастыру және дамыту». 1986 жылдан - Қазақ ауылшаруашылық институтының кіші ғылыми қызметкері, аспиранты. 1987 жылдан - Жезқазған облысы Жаңаарқа ауыл шаруашылығын механикаландыру және материалдық-техникалық жабдықтау кәсіпорнының (ауданауылшартехника) инженер-ақау жөндеушісі, цех шебері, аға бақылаушы шебері, аға инженер-технологы. 1989 жылдан - Бүкілодақтық ауыл шаруашылығын электр- лендіру ғылыми-зерттеу институтының аспиранты. 1992 жылдан - «Жазира» ШЖК директоры, «Дана» ШЖК директоры, «ДанаБизнес» шағын бизнес орталығы» АҚ президенті, «Жезқазған облыстық шағын және орта бизнес орталығы» ЖШС бас директоры. 1999 жылдан - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары. 2001 жылдан - О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің кафедра доценті. 2002 жылдан - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Басқарма бастығы, Департамент директоры. 2006 жылдан - ҚР Көлікжәне комму- никациялар министрлігінің Департамент директоры. 2007 жылдан - ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі жанындағы «ҚазАгроИнновация» АҚ президенті. 2009 жылдың наурызынан - ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі. 2009 жылдың қарашасынан - «Қазақстан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау және дамыту ортағы» АҚ басқарма төрағасы. 2009 жылдың желтоқсанынан бері - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты (1999-2003). 2 медальмен, ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған. Үйленген. Жұбайы - Рахымбекова Салтанат Темірқұлқызы. Қыздары - Әлия (1987 жылы туған), Айбота (1996 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub