Асқар Ұзақбайұлы Мамин
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Асқар Ұзақбайұлы Мамин (23 қазан 1965 жыл, Целиноград) — қазақстандық саясаткер және экономист, Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі (2019–2022). Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті (2008–2016).
Өмірбаяны
Мамин Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан.<ref name=":0">Қанжығалы шежiресi, Құрастырушылар Ғ.Умаров, Қ.Әлімжанов, бас редактор Негимов Серік 558 бет, Астана 2017 - ISBN 9786013026701</ref>
- Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген.
- Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын бітірген. Инженер-құрылысшы, экономист.
- Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінің құрастырушысы болып бастады.
- Кейіннен кәсіпкерлікпен шұғылданды.
- Ақмола арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары
- Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды.
- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі.
- Индустрия және сауда бірінші вице-министрі.
- 2005–2006 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі болып қызмет атқарған.
- 2006–2008 жылдары Астана қаласының әкімі.
- 2008–2016 жылдары "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті болып қызмет етті.
- 2016–2019 жылдары Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары болды.
- 2019 жылғы 25 ақпаннан бастап 2022 жылғы 5 қаңтарға дейін Қазақстан премьер-министрінің қызметінде болды.
- 2008 жылдан бастап — Қазақстан хоккей федерациясының президенті. 2016–2025 жылдары Ұлттық олимпиада комитетінің қысқы ойын түрлері жөніндегі вице-президенті болды.<ref>Коренной астанчанин и поклонник хоккея – биография Аскара Мамина</ref><ref>Сакен Мусайбеков избран вице-президентом НОК РК по зимним видам спорта</ref>
Марапаттары
- Ерен еңбегі үшін медалі (1998)
- Құрмет ордені (2006)
- 2 дәрежелі Барыс ордені (2011)
- Астанаға 10 жыл медалі (2008)
- 3 дәрежелі Әулие Маниил Московский кінәзі ордені (РПЦ, 2010) (Ресей)
- Құрмет легионы ордені (2013) (Франция)
- Мойындау кресті гранд-офицері (2013) (Латвия)
- Азаматтық қызметі үшін орденінің үлкен кресті (2014) (Испания)
- Астана қаласының Құрметті азаматы (2011)
- Құрметті теміржолшы (2012)
- Қазақстанның Құрметті құрылысшысы (2013)
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Қазақстан үкіметі басшылары Үлгі:Асқар Маминнің министрлер кабинеті Үлгі:Бақытжан Сағынтаевтың министрлер кабинеті
Санат:
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Астана әкімдері
- Қазақстан көлік және коммуникациялар министрлері
- Қазақстан темір жолы президенттері
- Құрмет орденінің иегерлері
- Қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері
- Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері
- Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері
- Астананың құрметті азаматтары
- Құрмет легионы орденінің иегерлері
- Қазақстан премьер-министрлері