Серікзат Мақсұтұлы Дүйсенғазы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Серікзат Мақсұтұлы Дүйсенғазы (8 желтоқсан 1974, Абай облысы (бұрынғы Семей облысы (Қазақстан) ), Аягөз ауданы, Тарбағатай (ауыл)ы) — ақын, айтыскер, әдебиеттанушы ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының мүшесі, Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Өмірбаяны

1974 жылы 8 желтоқсанда Абай облысы (бұрынғы Семей облысы (Қазақстан)), Аягөз ауданы,Тарбағатай ауылдық округінде дүниеге келген. Найман тайпасының Қаракерей руы, оның ішінде Мұрын тармағының еліміздің шығыс өлкесіне аса танымал Малтүгел атасынан шыққан.

1982–1992 жылдары Тарбағатай орта мектебінде (бұрынғы «Октябрь» орта мектебі) оқыған. Атасы Дүйсенғазы Қасымов (ел арасында Дүкімән деген атпен танымал) жас күнінде бірқатар айтыстарға түскен, ел аузында жазба өлеңдері сақталған сол өңірге белгілі ақын болған. Атасынан дарыған ақындық қасиетті ұстана білген Серікзат мектепте оқып жүрген кезінде аудандық, облыстық айтыстарға қатысып өз өнерін шыңдады. Өлеңдері облыстық, республикалық басылымдарда жарық көрді. 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1997 жылы «қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» (бакалавр дәрежесі) біліктілігі бойынша тәмамдады. Студент кезінен Алматыда өткен қалалық, республикалық студенттер айтысына қатысып ел қошеметіне бөленді. 1997-1999 жылдары осы университетте оқуын жалғастырып, филология магистрі дәрежесін алды. ҚазҰУ-дың әскери кафедрасын тәмамдаған. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің запастағы офицері (аға лейтенант).

Филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің жетекшілігімен «Дулат және Абай» тақырыбында магистрлік диссертация (1997) қорғады. Студент кезінде «Атамұра» газетінде, НТК (телеарна)сының «Жаңалықтар» бағдарламасында қосымша тілші болып жұмыс істеп, журналистика саласынан тәжірибе жинады. Алғашқы еңбек жолын 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Студенттер клубының директорының орынбасары болып бастады.  

2001 жылы желтоқсанда Астана қаласына қоныс аударып, 2002 жылы ақпанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақ тілі білімі кафедрасына оқытушы болып жұмысқа орналасты. Сол жылы қыркүйекте қазақ және шетел әдебиеті кафедрасына ассисент-оқытушы болып ауысты. 2006 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рымғали Нұрғалиұлы Нұрғалидың жетекшілігімен «Ғабдиман Игенсартовтың әдеби мұрасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2009 жылы «Поэзиядағы Дулат Бабатайұлы мен Шортанбай Қанайұлы дәстүрі» тақырыбында докторлық диссертация тақырыбы бекітіліп, сол бағытты ғылыми ізденісін жалғастырды. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейіт Асқарұлы Қасқабасовтың жетекшілігіндегі ғылыми жобаларды орындауға, монографиялар мен оқулықтар жазуға атсалысты. <ref> https://adebiportal.kz/kz/authors/view/1840</ref>

Еңбек өтілі

1999 жыл - 2001 жыл - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Студенттер клубының директорының орынбасары, директоры;

2001 жыл - 2002 жыл - Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы директорының орынбасары;

2002 жыл - (ақпан-қыркүйек) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ тілі білімі кафедрасының оқытушысы;

2002 жыл - 2004 жыл - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы;

2004 жыл - 2006 жыл - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы;

2006 жыл - 2011 жыл - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих-филология (кейіннен филология) факультеті деканының орынбасары;

2011 жыл - 2019 жыл - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті;

2019 жыл - 2020 жыл Қазақстан (корпорация) РТРК АҚ эфирлік саясат дирекциясының шеф-редакторы;

2020 жыл - 2024 жыл Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі;

2024 жылдың мамыр айынан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің деканы.<ref>Серікзат Дүйсенғазы жаңа қызметке тағайындалды https://aikyn.kz/267659/serikzat-duyseng-azy-zhan-a-k-yzmetke-tag-ayyndaldy</ref>

Қоғамдық қызметі

Кітаптары

Марапаттары

Ата-анасы

Әкесі: Мақсұт Дүйсенғазин (1943), Анасы: Сажида Ақбаева (1945-2023)

Отбасы

Үйленген. Жұбайы: Тасболат Айнұр Қазтайқызы (1982); Балалары: қыздары - Аружан Мақсұтова (2004), Айару Мақсұт (2015), ұлдары - Әлихан Мақсұт (2006-2023), Әлімхан Мақсұт (2023).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер