Бала

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балаәке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды. Қазақстанда 17 жасқа толған бозбала мен бойжеткен ресми түрде кәмелетке толған ересек адамдар қатарына қосылады. “Бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және тәрбиелеу — ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы” (ҚР Конституциясы 27-бап).

Қазақ халқы бірінші туған Баланы тұңғышым, одан кейінгілерін “ортаншы”, ең соңғы туған перзентін “кенже” деп атайды. Бұрынғы дәстүр бойынша әке мұрасы кенже ұлға қалған. Оның үйі қарашаңырақ деп аталады. Балалар ата-аналарын асырауға, сыйлауға, құрметтеуге тиіс. “Адамдарға біз ата-аналарына жақсылық жасауды бұйырдық” деп жазылған Құран Кәрімде. ҚР Конституциясында: “Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті” делінген (27-бап).<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

20 қараша - Дүниежүзілік балалар күні

1954 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бүкіл әлемде балалардың аман-саулығын қамтамасыз етуге бағытталған игі іс-қимылдарға арналған балалардың бүкіләлемдік бауырластығы пен өзара түсіністігі күні ретінде «Дүниежүзілік балалар күнін» мерекелеу үрдісін барлық елдерде енгізуді ұсынды. Қарашаның 20-сы - Бас ассамблеяның 1959 жылы Балалар құқы декларациясын, ал 1989 жылы - Балалар құқы Конвенциясын қабылдауымен ерекшеленеді.

Балалық

Үлгі:Main Балалық - өмірдің бір кезеңіндегі жиі, бірақ болуы міндетті емес, биологиялық жетілмегендікпен тәуелді күйімен сипатталатын кезең. Адамдардың өз жасын сезінуінде тарихи және мәдени ерекшеліктері болады, ал оның кезендік және маңызды категорияларға бөлінуі жасты әлеуметтік құру деп аталады.<ref name=a1>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref>

Баланың дамуы

Баланың дамуы - балалық шақта өсіп-жетілу барысында жүріп жатқан физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік мінез-құлықтағы өзгерістер.<ref name=a1/>

Баланы негізге алатын отбасы

Баланы негізге алатын отбасы - ересек адамдар балаларының игілігіне көп көңіл бөлетін және некені олардың мүддесінде кез келген жағдайда сақтап қалуға тырысатын отбасы.<ref name=a1/>

Әлемдегі жағдай

Әлем бойынша соңғы есептеулерге қарағанда тіркелмеген балалардың саны 250млн-ға жуықтапты. Соңғы жыл сайын тіркелмеген балалар саны 51млн-ға артуда.Баланың тірелмеуі яғни оның құжаттарының жоқтығы ол баланың тәуелсіздігінің жқтығымен тең.Ата-ананың балаларын тіркемеудің өзіндік салмақты негіздері бар.Мысалы, ата-аналардың алкогольдерге беріліп кетуінің себептерінен балалар тіркелмей қалып кетуде және осы жағдай көптеген мемлекеттерде орын алуда. Мысал ретінде біз Африкадағы Сомали елін алуымызға болады. Онда жалпы ағанда әйелдердің тек 3%-ы ғана балаларын тіркейді. Мұның себебі Сомали елінде бала тіркейтін органдардың жетіспеушілігі немесе бала тіркеудің қымбат болуы. Қалталары балаларын тіркеуге көтермеу себебінен балалар тіркелмей, құжатсыз жүруде.Екінші орынды Бангладеш мемлекеті алды. Онда жаңа туған нәрестелердің 10%-ы ғана туу туралы куәлік алады.Мұның себебі онда баланы дүниеге әкелу санының шектеулігі.Яғни, нақты белгіленген саннан артық бала дүниеге әкелсе ата-ана салық төлнейді. Оңтүстік Азия бойынша барлық балалардың 37%-ы тіркелген. Ертеңгі күні балаларды тіркемеу үлкен мәселеге айналмас үшін көптеген мемлекеттерде тіркеудің бірнеше түрлері қарастырылуда.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Туыстық қатынастар

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}