Редактор
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Редактор– баспада, радиохабар мен телевизияда мәтінді әдеби тілдің стильдік нормаларына түсіріп, өңдеуші, оны басылымның (хабардың) мақсаты мен сипатына сай етіп жөндеуші, әдеби қызметкер немесе журналист. Редактор — әуе толқынына шығуға тиісті хабарға жауапты адам. Оның міндеті сол өзі қызмет етіп отырған арнаның бағыт-бағдарына, жоспарларына орай хабардың сценарийлік жобасын құру, жанрын анықтау, хабарға қатысушы адамдарды шақыру, үнтаспаға дауысты жазып алу, мәселеге қатысты жайларды анықтау сияқты т.б. ұйымдастыру шараларымен шұғылданады. Егер хабар басқа адамның авторлық бағдарламасы болса да тиісті бөлімнің редакторы тексереді, эфирге рұқсат береді. Хабар барысында қатысатын журналистерге тапсырмалар беріп, бағыттайды. Ал, журналистке қойылатын талаптар төмендегідей:
- графикалық ақпаратты немесе мәтіндік ақпаратты дайындау мен өндеуге арналған программа. Редакциялайтын программа.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов.
– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>
- Тапсырманың нақты мақсатын түсіну.
- Объект жайлы толыққанды мәлімет жинау.
- Оқиғаның немесе жағдайдың барысын дұрыс түсіиу.
- Қойылатын сұрақтарды дайындау.
- Хабардың жанрын, пішінін белгілеу.
- Негізгі объект келмей қалған жағдайда қосымша кейіпкерлер дайындау.
- Техникалық құралдың дайындығын тексеру.
Хабар редакторының тікелей эфир кезінде жауапкершілігі тіпті артады. Режиссермен байланыс сапасы жақсы ма, сигнал өз дәрежесінде жетіп тұр ма, аудиториямен байланыстыратын телефондар дұрыс па, джинглдар мен музыкалық шығармалар дайын ба, бағдарламаның қонақтары дер кезінде шақырылды ма деген сияқты жайлардың бәрін тікелей міндетіне жатпаса да тексеруі қажет. Тіпті хабардың өту процесі де күрделенеді. Себебі, ол хабар барысында оқиға туралы баяндау-заметка, оқиға кейіпкерімен әңгіме-сұхбат, оқиғаға түсінік беру - комментарий, әр түрлі пікірлер айтылуы мүмкін - "дөңгелек стол", оқиғаның көрінісінен хабардар ететін - репортаж, тіпті есеп те кездеседі. Міне, осындай сан түрлі жанрлар тоғысқан хабарды дұрыс ұйымдастыру - редактор міндеті. Тіпті микрофонмен қай жерде тұру, объектіні қалай сөзге тарту керек, сөйленер сөзді қалай даярлау керек деген сияқты функциялар да соның ішінде. Өйткені, сол хабардың эфирден шығуына, тіпті бүкіл іаі дырына жауапты.
Дереккөздер
<references/> } {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Profession-stub