Қазақстан жазушылар одағы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қазақстан Жазушылар ОдағыҚазақстан әдебиетші қауымын біріктіретін Республикалық қоғамдық бірлестік формасындағы шығармашылық ұйым. 2023 жылдан бастап төрағасы — Мереке Әбдешұлы Құлкенов.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Тарихы

Қазақстан Жазушылар одағының алғаш ұйымдасуы ҚазАПП болып құрылған кезден басталады.

1925 жылы 18 маусымда РК(б)П Орталық Комитетінің «Партияның көркем едебиет саласыңдағы саясаты туралы» деп аталатын арнаулы қаулысының қабылдануына орай, сол жылғы 12 шілдеде РК(б)П-ның Қазақ Өлкелік Комитетінің секретариаты Қазақстанның пролетариат жазушыларының ассоциациясын (ҚазАПП) ұйымдастыру жөнінде ұйғарым жасады. Құрамында С. Сейфуллин, Б. Майлин бар ұйымдастыру бюросы құрылды. Бұл ұйымға республикадағы әдебиет күштерін біріктіру және пролетариат жазушыларының Бүкілқазақстандық 1-конференциясын әзірлеу тапсырылды.

1926 жылы маусымда Қызылорда пролетариат жазушылары ассоциациясының бюросы құрылып, ҚазАПП-тың жарғысы қабылданды, оған мүшелер тартылды.

1932 жылы 28 сәуірдегі БК(б)П Орталық Комитетінің «Әдеби-керкем ұйымдарды қайта құру туралы» қаулысы негізінде Қазақстан Өлкелік партия комитетінің секретариаты мамыр айында қарар қабылдады, осыдан кейін Қазақстан Жазушылар одағы құрылды, ұйымдастыру бюросының төрағалығына I.Жансүгіров тағайындалды.

1932 жылы Қазақстанның Кеңестік Жазушылар Одағын ұйымдастырды. Қазақстан Кеңес Жазушыларының 1-съезі 1934 жылдың 12 - 18 маусым аралығында өтті.

Құрамында проза, поэзия, драматургия, көркем аударма, балалар мен жасөспірімдер әдебиеті, публицистика мен очерк, сатира, орыс әдебиеті, неміс әдебиеті, кәріс әдебиеті, ұйғыр әдебиеті жөніндегі шығармашылық кеңестер жұмыс істейді.

Қазақстан Жазушылар одағы туысқан республикалардың жазушылары ұйымдарымен байланысты нығайтты; Азия, Африка жазушыларымен, мәдениет қайраткерлерімен де ынтымақтастықты күшейтті. Осының нәтижесінде 1973 жылы Азия мен Африка елдері жазушыларының 5-конференциясы Алматыда өтті <ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>.

1925 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының он шақты мүшесі болса, қазіргі уақытта 810 мүшесі бар. Қазақстанның 11 облысы мен Астана қаласында бөлімшелері жұмыс істейді. Қазақстан жазушыларының ішінен Ғабит Мүсірепов Социалистік Еңбек Ері (1974), М.Әуезов Лениндік сыйлығының (1959), КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1949), Ж.Жабаев (1941), Ә.Нұрпейісов (1974), Ж.Молдағалиев (1978) КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алды. Әнуар Әлімжанов (1970), А.Шамкенов (1992) Джавахарлал Неру атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты атанды.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Қазақстан Жазушылар одағының съездері

  • 1934 жылғы 12–20 маусым — Қазақстан жазушыларының 1-ші съезі.
  • 1939 жылғы 21–26 маусым — Қазақстан жазушыларының 2-ші съезі.
  • 1954 жылғы 3–8 қыркүйек — Қазақстан жазушыларының 3-ші съезі.
  • 1959 жылғы 9–11 наурыз — Қазақстан жазушыларының 4-ші съезі.
  • 1966 жылғы Мамыр — Қазақстан кеңес жазушыларының 5-ші съезі.
  • 1971 жылғы 26 мамыр — Қазақстан жазушыларының 6-шы съезі.
  • 1976 жылғы 15 сәуір — Қазақстан кеңес жазушыларының 7-ші съезі.

Ресми басылымдар

Төрағалары

Суреті Аты-жөні
(Өмір сүрген жылдары)
Төрағалығы
Басы Аяғы
0 110px Сәкен Сейфуллин
(1894–1938)
1925 1929
1 110px Ілияс Жансүгіров
(1894–1938)
1932 1935
2 110px Ғаббас Тоғжанов
(1900–1937)
1935 1936
3 110px Сәбит Мұқанов
(1900–1973)
1936 1937
4 110px Мұхамеджан Қаратаев
(1910–1995)
1937 1938
5 110px Дихан-Баба Әбілев
(1907–2003)
1938 1939
6 110px Әбділда Тәжібаев
(1909–1998)
1939 1943
7 110px Сәбит Мұқанов
(1900–1973)
1943 1951
8 110px Әбдірахим Жаймурзин
(1916–2010)
1951 1953
9 110px Ғабиден Мұстафин
(1902–1985)
1953 1956
10 110px Ғабит Мүсірепов
(1902–1985)
1956 1962
11 110px Ғабиден Мұстафин
(1902–1985)
1962 1964
12 110px Ғабит Мүсірепов
(1902–1985)
1964 1966
13 110px Әди Шәріпов
(1912–1993)
1966 1971
14 110px Әнуар Әлімжанов
(1930–1993)
1971 1979
15 110px Жұбан Молдағалиев
(1920–1988)
1979 1983
16 110px Олжас Сүлейменов
(1936–)
1983 1991
17 110px Қалдарбек Найманбаев
(1939–2004)
1991 1996
18 110px Нұрлан Оразалин
(1947–)
1996 2018
19 110px Ұлықбек Есдәулет
(1954–)
2018 2023
20 110px Мереке Құлкенов
(1951–)
2023 бастап

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер