Қазақстан

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:23, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекет Үлгі:Мағына Қазақстан (Үлгі:Audio-nohelp), толық атауы Қазақстан Республикасы,Үлгі:Efn — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларынан, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне созылады. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзербайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов теңізі мен Қара теңізге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан ең үлкені.

Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас. Қазақстанның солтүстігі мен батысындағы көршісі Ресеймен шекарасы — әлемдегі құрлықтағы ең ұзын шекара (7 591 километр). Қазақстан оңтүстігінде Түрікменстанмен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13 394 километр. Батыста Каспий теңізімен (2000 километр), оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады.

2026 жылғы 1 сәуірдегі елдегі тұрғындар саны — 20 547 909 адам<ref name="statdem"/>, бұл әлем бойынша 62-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 902 км²).

Елдің елордасы — Астана қаласы. Мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

Қазақстанның ұлттық құрамы алуан түрлі. Халықтың басым бөлігін тұрғылықты қазақтар құрайды, пайыздық үлесі — 70,18%,<ref>Биылғы Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижесі белгілі болды</ref> орыстар 18,42%, өзбектер 3,29%, украиндар 1,36%, ұйғырлар 1,48%, татарлар 1,06%, басқа халықтар 5,38% (2021).<ref name="etno2021">Үлгі:Cite web</ref> Халықтың 75% астамын мұсылмандар құрайды, православ христиандар 21%, қалғаны басқа да дін өкілдері (2009).<ref name="2009 Census">Үлгі:Cite web</ref>

Экономикалық көрсеткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) (номинал) — $205,539 млрд (2018). Экономиканың негізгі бағыты — отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауыл шаруашылықтары: егіншілік, мал, балық, ара, орман). Елдің негізгі валютасы — теңге.

1991 жылы 16 желтоқсан күні Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) ыдырауына байланысты Қазақстан өз егемендігін жариялады және көп ұзамай халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. Қазақстан 1992 жылының 2 наурызынан бері Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) толыққанды мүшесі. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына және Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы сияқты басқа да бірнеше халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді.

Этимологиясы

Қазақстан сөзі қазақ<ref>"Қазақ" сөзінің мағынасы Үлгі:Webarchive</ref><ref>«ҚАЗАҚ» ДЕГЕН ЭТНОНИМНІҢ ШЫҒУ ТЕГІ. ОНЫ «КАЗАК» ЭТНОНИМІНЕ ҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ БАР?</ref> және -стан сөздерінен құралған, яғни Қазақ елі деген мағына береді. Соңғы кездері халық арасында Қазақ елі, Ұлы дала елі және Қазақия деген атаулар қолданылуда.<ref>Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Батырғалиұлы Мағаз. Әдебиет қазақия, 1908 жыл Үлгі:Webarchive</ref><ref>Үздіктер ішінде Қазақия жоқ Үлгі:Webarchive</ref><ref>"Ана тілі" газеті, ҚАЗАҚИЯ ҚАЛАЛАРЫ</ref>

«-стан» суффиксі парсы тіліндегі stân (Үлгі:Lang-fa; estân, istân) сөзінен келген. Парсы тілінде -стан суффиксі жер дегенді білдіреді және географиялық атаулар сыртында да қолданылады, мысалға rigestân (ریگستان; құм, шөл жері), golestân (گلستان; гүл, бақша жері).<ref>Үлгі:Cite book</ref>

Тарихы

Үлгі:Толық мақала Үлгі:Толықтыру

Қазақстан жерінде адам баласы палеолиттен бері тұрады.<ref>Үлгі:Cite book Үлгі:Wayback</ref> Ботай мәдениеті (б.з.б. 3700–3100) жылқыны тұңғыш рет асыраған делінеді. Ботай мәдениетінің солтүстік еуразиялық та, шығыс азиялық та генеалогиясы болатын.<ref>Үлгі:Cite journal</ref> Пасторализм аймақта неолит дәуірінде дамыған. Қола дәуірі мен темір дәуірі кезінде халық еуропалық нәсілге жататын.<ref>Үлгі:Cite journal Үлгі:Wayback</ref><ref>Үлгі:Cite journal Үлгі:Wayback</ref>

Тарихтан бұрынғы заманда Орталық Азияда мүмкін үндіеуропа делінетін Афанасьев мәдениеті,<ref>Allentoft et al. (2015); Haak et al. (2015),</ref> кейін үндіиран Андроново мәдениеті,<ref name="Beckwith49">Үлгі:Cite book "Archaeologists are now generally agreed that the Andronovo culture of the Central Steppe region in the second millennium BC is to be equated with the Indo-Iranians."</ref> кейін сақтар мен массагеттер тұрды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Өзге топтар қатарында скифтер мен оңтүстіктегі парсылардың Ахемен әулеті болды.

Б.з.б. 329 жылы Ескендір Зұлқарнайын мен оның македон әскері Яксарт өзені маңында скифтерге қарсы шайқасты. Қазір Сырдария делінетін бұл өзен елдің оңтүстігінде орналасқан.

Түркі қағанаты

Үлгі:Толық мақала Түркілердің басты миграциясы V және XI ғасырлар арасында орын алды. Осы кезде олар Орталық Азияның көбіне тараған болатын. Түркі тайпалар бұрынғы ирандық тілділердің орнын алды да, нәтижесінде аймақтың көбісі генеалогиялық тұрғыдан шығыс азиялық болды.

Бірінші Түркі қағанатын Бумын моңғол даласында 552 жылы негіздеді, мемлекет көп ұзамай Каспий теңізіне қарай созылды. Көне түркілер миграция кезінде хиониттер, оногурларды ығыстырды. 35 жылдан кейін мемлекеттің шығыс және батыс бөліктері бөлек кетті. Батыс Түрік қағанаты өз шыңына VII ғасырдың басында жетті.

Құман-қыпшақтар мен Алтын Орда

Үлгі:Толық мақала

Сурет:Cumania (1200) eng.png
Еуразиядағы Құман-Қыпшақ конфедерациясы, Үлгі:Шамамен 1200 жылдар. Қазақтар қыпшақтар мен өзге де түркі мен моңғол тайпалардан тараған

Құмандар қазіргі Қазақстанға XI ғасырдың басында орналасты. Олар кейін қыпшақтармен бірігіп, Құман-Қыпшақ ірі конфедерациясын құрды. Ұлы Жібек жолы көмегімен өскен Тараз (Әулие-Ата) бен Хазреті Түркістан қалаларының беделіне қарамастан даладағы толыққанды саяси нығаю моңғолдар тұсында ғана басталды. XIII ғасырдың бірінші жартысында басталған Моңғол империясының билігі тұңғыш рет бекітілген әкімшілік бірліктерден (ұлыстан) құрылды. 1259 жылғы Моңғол империясының бөлінісінен кейін Қазақстан Жошы ұлысы делінген Алтын Орда қарамағына түсті. Алтын Орда тұсында Шыңғыс ханның түркіленген ұрпағы Ислам дінін қабылдап, аймаққа билеуін жалғастырды.

Қазақ хандығы

Үлгі:Толық мақала 1465 жылғы Алтын Орда ыдырауынан Қазақ хандығы пайда болды. Керей мен Жәнібек құрған бұл мемлекеттің билеушілері де Жошы хан ұрпағы Төре әулетінен тараған болатын. Осы билік тұсында көшпенді өмір-салты мен малға негізделген экономика даладағы өмірін жалғастыра берді. XV ғасырда қазақ жеке ұлттық ой-санасы шыға бастады. Бұл қазақтардың шайбанилерден бөлінгенінен кейін басталды. XVI ғасырдың ортасына қарай қазақ тілі, мәдениеті, экономикасы негізделіп қалды.

Географиясы

Үлгі:Main Қазақстан Республикасының жер көлемі 2,7 млн шаршы шақырым. Жерінің ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-шы орында тұр.

Республика Еуразия құрлығының орталығында барлық мұхиттардан бірдей қашықтықта орналасқан. Республика батысында Еділ өзені алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін 3 мың км дейін, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1600 км-ге дейін созылып жатыр. Қиыр солтүстік нүктесі (55 26 с. е.) Шығыс Еуропа жазығының орталық бөлігі мен Британия аралдарының оңтүстігіне, ал оңтүстік нүктесі (40 56 с. е.) Кавказ сырты мен Оңтүстік Еуропаның Жерорта теңізі өңіріндегі елдердің ендігіне сәйкес келеді. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Географиялық орнына қарай орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Елдің батыс шеті (46 27 ш. б.) Елтон және Басқыншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87 20 ш. б.) Бұқтырма өзенінің бастауына тұспа тұс келеді.

Аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер, қалған бөлігі ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Қазақстанның ең биік жері — Хантәңірі шыңы (6995 м, қар құрсауымен қосып есептесе 7010 м). Ол Тянь-Шань тау жүйесінде орналасқан. Каспий теңізінің шығыс жағалауында елдің ең ойпат жері Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 м төменде орналасқан.

Әкімшілік бөлінуі

Үлгі:Main Қазақстан Республикасы — унитарлы мемлекет. Әкішілік құрылымы бойынша құрамына 17 облыс, 89 қала, соның ішінде 3 республикалық маңызы бар қалалар (Астана, Алматы, Шымкент), 186 аудан, 174 ауылдық округ кіреді.

Сурет:Kazakhstan provinces and province capitals kz 2022.png
Қазақстан әкімшілік бірліктері және олардың орталықтары (8 маусым 2022 жылдан бастап)

Үлгі:Ілеспе тақырыпша

Ірі қалалар

Үлгі:Тағы қараңыз

Орны Қала Тұрғыны
Миллионер қала > 1 млн
1 Алматы 2 175 218
2 Астана 1 367 156
3 Шымкент 1 198 570
Жүз мыңнан астам тұрғынды қалалар 100–999 мың тұрғын
4 Қарағанды 516 946
5 Ақтөбе 562 355
6 Тараз 428 337
7 Семей 329 457
8 Павлодар 334 057
9 Өскемен 367 749
10 Атырау 404 129
11 Қостанай 265 186
12 Қызылорда 351 828
13 Орал 357 704
14 Петропавл 222 276
15 Ақтау 274 053
16 Жаңаөзен 148 921
17 Теміртау 177 695
18 Түркістан 221 493
19 Көкшетау 191 692
20 Талдықорған 202 147
21 Екібастұз 145 473
22 Рудный 123 805
Барлық тұрғын саны
(ірі қалаларда):
10 366 347
Қазақстанның жалпы тұрғын саны: 19 879 003
Ірі қалалардың тұрғын санындағы үлесі % 52,1%

Халқы

Үлгі:Main

Өңір 1991 1992 1993 1994 1995 1996 1997 1998 1999 2000
Қазақстан Республикасы 16 358 222 16 451 711 16 426 478 16 334 865 15 956 667 15 675 819 15 480 635 15 188 174 14 955 106 14 901 641
Абай облысы
Ақмола облысы 1 069 382 1 070 372 1 064 581 1 052 924 1 009 564 970 704 937 763 879 300 829 207 799 179
Ақтөбе облысы 739 303 740 388 735 845 734 795 720 696 711 720 705 309 694 633 682 546 677 715
Алматы облысы 1 655 258 1 662 249 1 647 735 1 643 941 1 616 153 1 596 943 1 584 603 1 569 062 1 556 535 1 557 141
Атырау облысы 427 065 432 898 434 554 436 122 435 649 435 168 436 382 437 895 439 357 441 692
Батыс Қазақстан облысы 642 601 651 071 657 871 660 838 652 705 647 004 640 301 629 336 617 370 609 161
Жамбыл облысы 1 043 769 1 042 187 1 037 819 1 031 572 1 013 318 1 002 020 998 526 989 707 988 856 986 144
Жетісу облысы
Қарағанды облысы 1 711 783 1 692 804 1 678 159 1 646 092 1 584 809 1 537 248 1 501 026 1 461 147 1 411 405 1 390 454
Қостанай облысы 1 239 095 1 253 519 1 248 685 1 239 335 1 201 539 1 159 463 1 132 984 1 076 479 1 020 504 988 787
Қызылорда облысы 586 157 592 410 601 602 599 259 590 926 587 364 589 176 592 143 595 503 598 526
Маңғыстау облысы 334 248 340 245 338 799 325 194 305 130 306 342 309 883 314 729 314 035 315 203
Павлодар облысы 947 569 955 985 951 677 941 906 912 004 885 306 865 823 837 756 808 363 790 774
Солтүстік Қазақстан облысы 912 148 917 888 917 349 916 703 880 580 843 213 804 291 756 722 727 001 713 628
Оңтүстік Қазақстан облысы 1 864 033 1 889 332 1 912 716 1 932 680 1 940 669 1 953 521 1 969 417 1 966 411 1 975 553 2 005 023
Шығыс Қазақстан облысы 1 773 293 1 777 314 1 772 672 1 753 166 1 685 039 1 638 342 1 600 236 1 562 258 1 532 943 1 516 785
Шымкент қаласы
Астана қаласы 293 791 298 671 292 172 294 556 293 155 289 715 287 201 300 505 326 939 380 990
Алматы қаласы 1 118 727 1 134 378 1 134 242 1 125 782 1 114 731 1 111 746 1 117 714 1 120 091 1 128 989 1 130 439
Ұлытау облысы
Өңір 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009* 2010
Қазақстан Республикасы 14 865 610 14 851 059 14 866 837 14 951 200 15 074 767 15 219 291 15 396 878 15 571 506 15 982 352 16 203 173
Абай облысы 653 716 654 744
Ақмола облысы 776 377 755 000 748 167 748 930 747 185 746 652 748 559 747 447 737 582 733 882
Ақтөбе облысы 670 231 668 166 668 378 671 812 678 607 686 698 695 454 703 660 756 254 763 055
Алматы облысы 1 554 320 1 554 573 1 560 267 1 571 194 1 589 751 1 603 758 1 620 696 1 643 278 1 100 831 1 125 110
Атырау облысы 443 630 447 634 451 928 457 215 463 466 472 384 480 687 490 369 509 156 521 019
Батыс Қазақстан облысы 601 648 600 330 602 133 603 832 606 534 609 291 612 479 615 310 598 199 603 708
Жамбыл облысы 981 928 979 199 980 072 985 552 992 089 1 001 094 1 009 210 1 018 845 1 019 623 1 033 304
Жетісу облысы 619 675 625 526
Қарағанды облысы 1 364 781 1 344 244 1 333 656 1 330 927 1 331 702 1 334 438 1 339 368 1 342 081 1 117 344 1 122 900
Қостанай облысы 959 274 935 717 919 558 913 435 907 396 903 178 900 333 894 192 885 737 882 786
Қызылорда облысы 599 738 600 972 603 804 607 491 612 048 618 249 625 070 632 234 677 093 688 368
Маңғыстау облысы 319 191 328 265 338 612 349 668 361 754 374 430 390 531 407 403 483 204 503 814
Павлодар облысы 772 453 758 154 748 651 745 238 743 826 742 911 744 860 746 454 741 988 744 097
Солтүстік Қазақстан облысы 702 623 691 263 682 148 674 497 665 936 663 126 660 950 653 921 596 928 592 184
Оңтүстік Қазақстан облысы 2 051 351 2 079 506 2 111 893 2 150 256 2 193 556 2 233 568 2 282 474 2 331 505 1 731 581 1 764 532
Шығыс Қазақстан облысы 1 499 097 1 482 550 1 465 931 1 455 412 1 442 097 1 431 180 1 424 513 1 417 384 742 173 742 355
Шымкент қаласы 728 803 744 642
Астана қаласы 440 209 493 062 501 998 510 533 529 335 550 438 574 448 602 684 611 576 655 476
Алматы қаласы 1 128 759 1 132 424 1 149 641 1 175 208 1 209 485 1 247 896 1 287 246 1 324 739 1 447 486 1 478 220
Ұлытау облысы 223 403 223 451
Өңір 2011 2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020
Қазақстан Республикасы 16 440 254 16 673 643 16 909 799 17 160 220 17 414 887 17 668 720 17 916 623 18 155 825 18 394 642 18 630 920
Абай облысы 655 239 654 482 654 868 654 626 655 608 656 130 651 778 647 985 646 086 642 391
Ақмола облысы 732 024 730 140 731 502 734 329 735 269 743 108 733 027 737 600 737 244 735 394
Ақтөбе облысы 776 942 785 824 795 288 808 389 821 945 834 181 845 034 857 081 869 066 881 096
Алматы облысы 1 152 402 1 180 814 1 208 942 1 237 718 1 261 696 1 283 444 1 317 005 1 351 025 1 372 863 1 392 113
Атырау облысы 532 058 542 983 555 219 567 844 581 398 594 511 607 518 620 695 633 797 645 297
Батыс Қазақстан облысы 608 177 612 414 617 563 623 900 629 862 636 768 641 286 646 706 652 145 656 661
Жамбыл облысы 1 045 069 1 054 611 1 068 552 1 083 106 1 097 204 1 109 425 1 113 958 1 115 884 1 124 156 1 128 844
Жетісу облысы 632 481 637 388 643 784 650 165 657 406 661 279 663 612 663 472 663 364 660 938
Қарағанды облысы 1 128 041 1 133 670 1 138 149 1 144 433 1 152 350 1 158 075 1 156 871 1 154 597 1 151 172 1 149 096
Қостанай облысы 881 055 879 028 879 499 880 335 880 917 883 124 878 415 874 904 872 110 867 870
Қызылорда облысы 699 861 712 243 726 030 739 054 752 314 764 363 772 422 782 412 793 621 802 835
Маңғыстау облысы 524 752 546 354 568 332 587 987 607 395 627 321 643 379 660 874 678 766 699 343
Павлодар облысы 745 919 746 851 748 869 752 571 755 435 758 209 756 599 754 468 753 493 751 819
Солтүстік Қазақстан облысы 588 814 583 165 579 080 575 314 571 189 568 920 562 583 557 917 553 853 548 092
Оңтүстік Қазақстан облысы 1 802 328 1 839 290 1 872 276 1 901 929 1 927 592 1 952 324 1 964 044 1 974 736 1 981 741 2 013 751
Шығыс Қазақстан облысы 741 878 739 639 738 268 738 856 738 950 738 973 736 809 734 690 731 503 726 267
Шымкент қаласы 762 859 779 760 804 046 828 698 857 883 886 095 912 120 951 974 1 008 894 1 037 924
Астана қаласы 703 485 749 192 784 470 820 745 859 129 878 913 979 017 1 036 905 1 084 712 1 142 470
Алматы қаласы 1 503 170 1 541 980 1 570 946 1 605 537 1 646 144 1 707 439 1 755 935 1 806 609 1 859 288 1 921 499
Ұлытау облысы 223 700 223 815 224 116 224 684 225 201 226 118 225 211 225 291 226 768 227 220
Өңір 2021 2022 2023 2024 2025 2026
Қазақстан Республикасы 18 878 966 19 503 159 19 766 807 20 033 842 20 283 399 20 499 822
Абай облысы 639 532 611 888 610 198 607 589 602 832 595 720
Ақмола облысы 734 265 785 708 788 013 787 981 787 263 789 608
Ақтөбе облысы 893 785 916 750 928 159 939 405 949 524 955 970
Алматы облысы 1 412 527 1 478 496 1 505 896 1 531 167 1 560 124 1 596 532
Атырау облысы 657 123 681 241 693 079 704 074 710 781 716 071
Батыс Қазақстан облысы 661 146 683 327 688 127 693 262 695 988 695 649
Жамбыл облысы 1 137 961 1 209 665 1 218 158 1 222 593 1 222 391 1 215 656
Жетісу облысы 662 813 698 757 698 726 697 987 694 325 687 701
Қарағанды облысы 1 148 199 1 134 966 1 134 855 1 135 351 1 133 933 1 131 353
Қостанай облысы 863 894 835 686 832 234 829 984 825 569 821 473
Қызылорда облысы 813 899 823 251 833 666 841 931 846 104 846 312
Маңғыстау облысы 720 137 745 909 767 106 786 841 805 156 819 824
Павлодар облысы 750 676 756 511 754 944 753 934 751 018 745 243
Солтүстік Қазақстан облысы 543 088 539 111 534 104 530 089 522 171 514 132
Оңтүстік Қазақстан облысы 2 042 445 2 088 510 2 119 224 2 142 171 2 154 041 2 149 205
Шығыс Қазақстан облысы 723 340 732 966 730 238 727 053 723 967 718 995
Шымкент қаласы 1 074 221 1 162 308 1 192 199 1 222 066 1 256 164 1 294 050
Астана қаласы 1 190 711 1 295 711 1 354 559 1 430 105 1 528 703 1 639 176
Алматы қаласы 1 981 992 2 101 485 2 161 901 2 228 675 2 292 055 2 348 103
Ұлытау облысы 227 212 220 913 221 421 221 584 221 290 219 049

Мемлекеттік құрылымы

Табиғаты

Үлгі:Main

Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік) жүзеге асырады.

Сыртқы саясат

Үлгі:Main Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді.

Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға ынталы екендігі оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

ҚР сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы

2020 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы жарияланды. Құжатта мынадай басымдықтар негізге алынған:

  • үдемелі сипатқа ие және ел дамуының жаңа кезеңінде Тұңғыш Президент – Елбасының сыртқы саяси бағытын жалғастыруға өзінің сабақтастығын сақтайтын елдің ашық, болжамды және дәйекті сыртқы саясаты;
  • адам құқықтарын қорғау, гуманитарлық дипломатияны дамыту және қоршаған ортаны қорғау;
  • халықаралық аренада экономикалық мүдделерді ілгерілету, соның ішінде инвестициялар тарту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
  • халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;
  • ең алдымен, негізгі әріптестер – Ресей, Қытай, АҚШ, Орталық Азия мемлекеттері және Еуропалық Одақ елдері, ал көпжақты құрылымдар бойынша – Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және басқа да ұйымдармен өзара тиімді байланыстарды нығайтуды білдіретін өңірлік және көпжақты дипломатияны дамыту.<ref>https://www.inform.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-kr-syrtky-sayasatynyn-2020-2030-zhyldarga-arnalgan-tuzhyrymdamasyn-bekitti_a3622803 Үлгі:Webarchive</ref>

Қазақстандағы саяси реформалар

2019 жылғы маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Оның негізгі мақсаты – жұртшылық, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен өтетін талқылаудың негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.<ref>https://egemen.kz/article/202452-ulttyq-qoghamdyq-senim-kenhesininh-dgugi-salmaqty</ref>

2019 жылдың шілдесінде Қазақстан Президенті азаматтардың сындарлы сұрауларына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жария етті.<ref>https://egemen.kz/article/211354-khalyq-unine-qulaq-asatyn-memleket</ref>

Сонымен бірге, Қазақстанда балама көзқарастар мен пікірлерді көтермелеу мақсатында басқа партиялардың өкілдеріне кейбір парламенттік комитеттерде төрағалық етуге мүмкіндік беретін заң қабылданатын болады. Саяси партияларды құру үшін тіркеу кедергісі 40 мыңнан 20 мың адамға дейін төмендетіледі.<ref>https://abai.kz/post/103296</ref>

Қазақстанда бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң қабылданды. Заңда пикет, демонстрация, шеру, митинг сияқты бейбіт жиналыстың негізгі тұжырымдамалары мен нысандарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін концептуалды аппаратты енгізу қарастырылған. Заң ұйымдастырушылардың, бейбіт жиналыстарға қатысушылардың және журналистердің мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін реттейді.

Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында Президент Қ.К. Тоқаев тұлғаға қарсы жасалатын қылмыс үшін қолданылатын жазаны да күшейтті.<ref>https://informburo.kz/kaz/seksualdy-sipattay-ylmystara-zhaa-bap-engzlu-mmkn-za-zhobasyn-taldaymyz-.html</ref>

Қоғам

Қазақ техникалық мамандары Қазақ Инженерлер Бірлестігі ұйымына біріккен.

Мереке және демалыс күндер

Күн Қазақша аталуы
1–2 қаңтар Жаңа жыл
7 қаңтар Рождество мейрамы (Рождество Христово)
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні
15 наурыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
21–23 наурыз Наурыз мейрамы
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні
7 мамыр Отан Қорғаушылар күні
9 мамыр Жеңіс күні
6 шілде Астана күні
Қажылықтың соңғы күні Құрбан айт
25 қазан Республика күні
16-17 желтоқсан Тәуелсіздік күні
2027 жылы Қазақстан Республикасындағы мереке және демалыс күндер<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Экономикасы

Тәуелсіздік кезеңінде Қазақстанға әлемнің 120-дан аса елінен 330 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылды.<ref>https://www.inform.kz/kz/28-zhylda-kazakstanga-kansha-investiciya-tartyldy_a3595458</ref>

Дүниежүзілік Банктің «2020 жылғы бизнес жүргізу» есебінде Қазақстан әлемде 25-ші орынға ие болды және миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша әлемдегі ең үздік ел атанды.

Қазақстанның ЖІӨ 179,332 млрд. АҚШ долларын құрайды және жылдық өсім қарқыны 4,5%- ға тең. Қазақстанның ЖІӨ жан басына шаққанда 9 686 АҚШ долларын құрайды.<ref>https://stat.gov.kz/official/dynamic Үлгі:Webarchive</ref>

Қазақстан Қытай мен Қатардан кейін ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығының ең серпінді 25 экономиканың арасында үшінші орынға ие. Қазақстанның әлемдік саудадағы рөлі мен жаңа Жібек жолындағы орталық орында орналасуы елге миллиардтаған адамға өз нарықтарын ашуға мүмкіндік берді. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына 2015 жылы мүше болды.

Қазақстан экономикасының әлемдік экономикадағы үлесін анықтаудың негізгі көрсеткіші — елдің халықаралық саудадағы үлесіне қарап анықтауға болады. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы жылдан жылға өсіп келеді: 1995 жылы $9 млрд болатын болса 2008 жылы $109 млрд болды. Негізгі өсім мұнай өндіру және металлугрия саласыныңеншісіне тиесілі. Экспорт өндірілетін өнім көлемінің өсуіне жәнебағаның қымбаттауына байланысты.

Ал импорттың өсуі тиісінше өнімді өндіруге қажетті машиналар мен жабдықтарды сатып алудың нәтижесінде өсті.<ref>В мировой экономике Казахстан - внизу пищевой цепочки 2013 жылдың 27 ақпан күні қаралды.</ref>

2009 жылы сыртқы сауда айналымы 34%-ға төмендеп кеттті, оның негізгі себепшісі мұнай мен металл бағасының төмендеуі. Дегенмен, 2010 жылдан бастап бағалардың қайта өсуіне байланысты қарқынды даму байқалды, нәтижесінде экспорттық-импорттық операциялар көлемі $137 млрд. құрады. Экспорт ($92 млрд) импорттан екі есе көп болды ($45 млрд).

Экспорттың 75% — минералды ресурстар, ең үлкен бөлігі мұнай, газ, көмір, уран сияқты пайдалы қазбаларға тиесілі. Қалған 13% — металлдар және 3,4% — ауылшаруашылық өнімдері құрайды (негізгісі бидай), 4,2% — химия өнеркәсібінің өнімдері. Негізгі өндіретін тауар — өңделмеген табиғи қазбалар құрайды. Қазақстан әлемдік сауда нарығында табиғи ресурстарды қамтамасыз етуші ретінде қызмет етеді.

Қазақстан дүниежүзілік сауда ұйымына 2015 ж. 22 маусымда мүше болды.<ref>Назарбаев Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздердің аяқталғанын жария етті</ref> Үлгі:Main

Қазақстанның сыртқы экономикасы

Қазақстанның сыртқы экономикасы әлем елдерімен экономикалық, сауда, валюта, ғылыми-техникалық, мәдени және басқа да қатынастарды қамтып отыр. Бұл сала субъектілері сыртқы экономикалық қызметтерге байланысты меншік түрі бойынша тәуелсіз елімізде тіркелген Қазақстанның немесе шет мемлекеттердің заңды немесе жеке тұлғалары болып табылады. Сыртқы экономика саласында басты және маңызды орында сауда саласы. Соңғы жылдарда Қазақстаннан экспортталатын тауарлардың үлесі үш есеге өсті. Оған бірнеше факторлар себепші болып отыр. Қолайлы инвестициялық жағдайлардың жасалуы тікелей шетелдік қомақты инвестициялардың тікелей ағылып келуіне себепші болды, оның негізгі бөлігі еліміздің мұнай өндіру саласына жұмсалады. Біріншіден, бұл өз кезегінде мұнай мен газ конденсатын өндіруді қарқынды дамытты. Екіншіден, дүниежүзілік тауар нарығындағы көмірсутектер шикізатын сату шартының қолайлылығы экспорт әлеуетінің өсіне жағдай жасады. Дәл осылай деп тау-кен металлургия сала-соңғы оң жыл көлемінде жалпы қазақстандық экспорт және қызмет көрсету үлесінің көбеюі, әлемдік сауданың дамуымен салыстырғандағы оның қарқынды дамуы мен көлеміне байланысты болып отыр.

Қазақстандығы тауар экспорттау динамикасының деңгейінің өсуі оның жоғары, екпінді дамуын көрсетеді. Орташа есеппен он жыл ішінде тауар экспорттау төрт есеге өссе, импорт үш жарым есеге өсті. Әлемдік деңгеймен салыстырмалы түрде қарағанда еліміздің макроэкономикалық көлемі жоғары емес. Осыған қарамастан Қазақстанның сыртқы экономикалық саласын болашақта дамытуына орасан зор шамасы бар. Атап айтқанда, бүгінде 500-ден астам кен орындары барланып, минералды шикізаттың 1220 түрінің барлығы анықталған. Осылардың көпшілігінен біздің еліміз дүние жүзі бойынша алдыңғы орында. Осылайша, Қазастан барланған цинк, вольфрам және барит қорларын әлем бойынша бірінші орында болса, күміс қорғасын және хромит қорынан екінші орында, мыс, марганец, флюорит бойынша үшінші, молибден қорынан төртінші, сонымен қатар алтын қоры жөнінен алдыңғы қатардағы он елдің қатарында.

Елімізде темір рудасы әлемдік қордың 8 пайызын, уранның жобамен 25 пайызын құрайды. Қазақстан мұнай қорын барлаудан әлемдегі он елдің қатарында.

Ғаламдық қаржылық — экономикалық тоқырау республикамыздың сыртқы экономикалық саласына кері әсерін тигізді.

Энергетикасы

Үлгі:Main

Мәдениет және қоғам

Үлгі:MainҮлгі:MainҮлгі:Main

Білім беру жүйесі

Үлгі:Main

Бұқаралық ақпарат құралдары

Үлгі:Main

Әлеуметтік саласы

Үлгі:Main

Қарулы күштері

Үлгі:Main Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердің түрлерін, арнайы әскерлерді, тыл, әскери оқу орындары мен ғыл. мекемелерді қамтиды. Соғыс уақытында құрамына қорғаныс мин-не қарайтын әскер түрлерінен басқа Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі және басқа да әскерлері, республикалық “Ұлан”, азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кіреді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басты мақсаты — елдің егемендігін, аумағының тұтастығын, экономикасын, мемл. ин-ттары мен азаматтарын соғыс қатерінен қорғау, жаугершілік немесе әскери қақтығыстар туғызудың алдын алу, Қазақстанның орнықты дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу.

Республика Қарулы Күштеріне бейбіт кезеңде мынандай негізгі міндеттерді орындау жүктелген:
  • әскери күшті, жауынгерлік даярлықты қамтамасыз етіп, басқару органдары мен әскерлерді ел ішіндегі қақтығыстарды,
  • Қазақстан Республикасының мемлекет шекарасында немесе аумағының шегінде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетуді тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау;
  • әуе кеңістігін күзету, сондай-ақ, мемлекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыда маңызды өңірлерін жабу;
  • маңызды әскери нысандарды күзету;
  • елдің кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөніндегі батыл іс-қимылға әзір болу;
  • халықаралық міндеттемелерге сәйкес бітімгершілік және өзге де операцияларға қатысу.

Бұл міндеттерді орындауды Қарулы Күштер Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз іс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік к-тінің шекара қызметіне құрлықта, теңізде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемлекеттік шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестікке (террорға), қару мен есірткі саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы 1579 қаулысына сәйкес елімізде Оңтүстік, Батыс, Шығыс, Орталық әскери округтері құрылған. Оңт. әскери окуругінің қорғайтын жер аумағына: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары кіреді. Округтің орталық штабы Тараз қаласында. Шығыс әскери округі қорғайтын жер аумағына: Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары кіреді. Округтің орталық штабы Семей қаласында. Батыс әскери округінің қорғайтын аумағына: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары кіреді. Округтің орталық штабы Ақтөбе қаласында орналасқан. Қазақстанның қалған облыстары Орталық әскери округіне қарайды. Орталық штаб – Қарағанды қаласында.

Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерістерге (экстремизм, шекараға таяу жерлерде әскери қақтығыстардың өршуі, жаңадан ядр. мемлекеттер пайда болуы, т. б.) ұшырауда. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери доктринасы орташа мерзімді кезеңге есептеліп жасалған (1999–2005) қорғаныстық сипатқа ғана ие. Ол әлемдегі және аймақтағы әскери-саяси жағдайды кешенді бағалауға, мемлекеттің экон. болмысы мен материалдық қорының мүмкіндіктеріне сүйенеді. Доктрина Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі стратегиясының негізгі ережелерін нақтылайды және шабуыл жасалған жағдайда елдің қорғанысын ұйымдастыруға, ұжымдық әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі одақтас мемлекеттермен бірлескен күш-жігерді үйлестіруге бағытталған.

Қызықты деректер

  1. Қазақстанда 19 миллионнан астам адам, шамамен 130-дан астам этнос тұрады. Оның 48,71 % — ерлер, 51,29 % — әйелдер. Қазақстан халық саны бойынша әлемде 64-орында.
  2. Қазақстанның аумағы Азия мен Еуропада орналасқан. Жер көлемі — 2,7 миллион шаршы шақырым. Дүниежүзінде 9-орында тұр. Қазақстанның территориясына 3 Түркия, 5 Франция немесе 7 Жапония сиып кетер еді.
  3. Қазақстанда бір сағаттық белдеу бар, климаты — күрт континенталды. Ауа температурасы -45-тен +45 градусқа дейін болады.
  4. Қазақстан – табиғи ресурстарға өте бай мемлекеттердің бірі. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы қазақ жерінен табылған. Мұнай қоры бойынша Қазақстан әлемдегі 20 жетекші елдің қатарына кіреді. Ал газ қоры бойынша 30-орынға, алтын қорлары бойынша әлемде 15-орынды, ураннан екінші орынға тұрақтаған.
  5. Қазақстан өз еркімен күштілігі жағынан әлемде төртінші орында тұратын қарудан бас тартып, әлемдегі ең ірі ядролық тәжірибелер полигонын жапты. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылды.
  6. Астана қаласы әлемнің ең жас астанасы болып есептеледі. 1998 жылы ЮНЕСКО бас қаланы «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді. Ал 2012 жылы елордаға «ТМД мен Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесі берілді. 2019 жылдың наурыз айынан бастап қала атауы Тұңғыш Президенттің құрметіне Астана деп өзгертілді.
  7. Әлемдегі ең биiк түтiн мұржасы Қазақстанда (Екібастұз қаласында) орналасқан. Оның биiктігi — 420 метр. Ол Эйфель мұнарасынан 100 метр биік.
  8. Байқоңыр – әлемдегі бірінші және ең үлкен ғарыш айлағы. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан тұңғыш рет адамзат ғарышқа ұшқан. Ол Қазақстан жерінде Төретам кентіне жақын ауданда орналасқан. Көлемі 6717 шаршы шақырым.
  9. Медеу — әлемдегі ең биік орналасқан жасанды мұз айдыны. Мұнда 170 әлемдік рекорд орнатылған. «Медеу» атауы ХІХ ғасырдың соңында өмір сүрген қоғам қайраткері Медеу Пұсырманұлының құрметіне берілген.
  10. Қазақстанда 3,8 млн жеңіл көлік тіркелген (2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша).<ref>https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-3-8-mln-zhenil-kolik-tirkelgen_a3862967</ref>
  11. Орталық Азиядағы ең үлкен театр Қазақстанда орналасқан. «Астана Опера» театрын 33 елдің мамандары үш жыл салды.
  12. Қазақстан – қызғалдақ пен алманың отаны. Ал жылқы алғаш рет (б.д.д 4 мыңыншы жылдарда) Қазақстанда қолға үйретілген.
  13. Қазақстанның төл валютасы қатарынан үш рет 2011, 2012 және 2013 жылдары дүниежүзіндегі ең үздік қағаз ақша ретінде танылды. Алғашқы қазақстандық ақшалар Лондонда шығарылды.
  14. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанға әлемнің 120-дан астам мемлекеті 370 млрд доллардан астам инвестиция құйды (2022 жылғы деректер бойынша).
  15. Әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара — Қазақстан мен Ресей шекарасы (7591 шақырым).<ref>Қазақстан туралы қызықты деректер</ref>
  16. Қазақстанның екі ескерткіші ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұрасының қатарында. Олар – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Таңбалы петроглифтері.<ref>Қазақстан туралы 25 қызықты дерек</ref>

Қосымша ақпарат

Үлгі:Notelist

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Commonscat

Үлгі:Қазақстан тақырыптарда Үлгі:Навигациялық блок