Төре

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Әулет ТөреШыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын ұрпақ, қазақ даласында әлеуметтік топ. Олар қазақ руларына қосылмайтын, өз алдына дербес қауым болып саналған. Төрелер өздерін “ақсүйек” қатарына жатқызған. Қазақ қоғамында хандар тек төрелерден шыққан сұлтандар арасынан сайланатын.

Төрелер әкімшілік және сот билігін жүзеге асырды. Сонымен қатар олардың соғыс кезінде жасақ құрып, оған қолбасшылық ету құқығы болды. Қазақ жүздерінің Ресейге қосылуы барысында Орта жүз бен Кіші жүзде бірте-бірте хандық жүйе жойылып, соның нәтижесінде төрелер қазақ қоғамының саяси-экономикалық өмірінде бұрынғыдай рөл атқара алмады. Қазақстанда 1867–1868 жылдардағы реформалардың енгізілуі төрелердің экономикалық және саяси артықшылықтарын біржола жойды.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Шежіресі

<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Қазақ рулары