Қыпшақ даласы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Deshtikipchak.jpg
Дешті Қыпшақ

Қыпшақ даласы немесе Дешті Қыпшақ (Үлгі:Lang-fa) — Алтай тауларынан Дунай өзеніне дейін, Балқаш көлінен Қара теңіздің батыс жағасына дейін кең жайылған, бір жағынан славяндармен, бір жағынан қытайлықтармен, бір жағынан сібір тайпаларымен, бір жағынан Кавказ халықтарымен, бір жағынан тілдес оғыз және қарлұқ мемлекеттерімен шектесетін дала аумағындағы жерлерін атауы.

Бұл қазіргі Қазақстанның территориясына (негізінде Сарыарқа даласына), Еділ мен Донның арасындағы, Солтүстік Кавказдағы, оңтүстік Ресейдегі территориясына, Украинаның далаларына, Каспий менен Қара теңіз маңындағы жерлеріне, славяндармен шектесетін Днепр, Днестр, Дунай өзендерінің төменгі ағымдағы жағалауына, тіпті Венгрия (Мажарстан) даласына сәйкес жерлер.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Сол даласында тек қыпшақтар ғана тұрмаған, қыпшақтарға жақын басқа түркі тайпалары тұрған (негізінде көшпенділер болған, бірақ аз-кем отырақты мәдениеті, өркениеті де дамыған еді), бірақ қыпшақтар ең күшті және ең үлкен тайпасы болғандықтан сол далаларын «Қыпшақ даласы» деп атаған. Парсы жазбаларында «Қыпшақ даласын» — «Дешті Қыпшақ» деп атаған, Ресей және Қазақстан тарихшылары бұл терминді әлі де пайдаланады. Көне орыс жазбаларында «Қыпшақ даласын» — «Половецкое поле» деп атаған, ал қыпшақтарды да оларға жақын тайпаларын да «половцы» деп атаған. Тағы бір тайпасын «печенегтер» деп атаған. Печенегтер де Қыпшақ даласында тұрған, оғыздардың бір тармағы еді.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том

Тағы қараңыз

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қыпшақ даласы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}