Әйел дирижёрлер (тізім)
Әйел дирижёрлер — музыка тарихындағы ұзақ уақыт бойы ер адамдар басым болған кәсіби саланың өкілдері. Дирижёрлік өнердің алғашқы белгілері орта ғасырлардағы шіркеулік хор жетекшілері мен регенттердің қызметінен байқалады. Кейбір әйел музыканттар діни хорларды басқарумен, орындаушыларды оқытумен, музыкалық интерпретациямен және ансамбль үйлесімділігін қамтамасыз етумен айналысты. Кейінгі ғасырларда әйел дирижёрлер опералық, симфониялық, камералық, хор, әскери, үрмелі, эстрадалық және халық аспаптары оркестрлерінде қызмет атқарды. Тарихтың әртүрлі кезеңдерінде көптеген әйел дирижёрлер кәсіби шектеулерге, қоғамдық сынға және оркестрлердегі гендерлік теңсіздікке тап болды. Соған қарамастан, олар халықаралық музыка мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосты. Олардың қатарында Қазақстандағы кәсіби әйел дирижёрлер буынының көрнекті өкілі Раиса Садықова, америкалық дирижёр Марин Олсоп, ресейлік дирижёр Вероника Дударова және қазіргі буынның халықаралық деңгейде танылған дирижёрлердің ішінде Элим Чан, Йоана Мальвиц, Алондра де ла Парра бар. Тізімге Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Азия және Таяу Шығыс елдерінің дирижёрлері енгізілген. Мұнда АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Ресей, Қазақстан, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Аустралия, Түркия, Украина және басқа да мемлекеттердің өкілдерімен қатар Ауғанстан, Үндістан, Палестина, Иран, Мысыр, Оңтүстік Африка Республикасы, Колумбия және өзге де елдерден шыққан дирижёрлер туралы мәліметтер қамтылған. Бұл тізімдегі тұлғалар есімдерінің ресми жазылуына сәйкес алфавиттік тәртіп бойынша орналастырылған және әртүрлі дәуірлерде қызмет атқарған әйел дирижёрлер туралы қысқаша мәліметтерді қамтиды. 2026 жылғы маусым айындағы мәлімет бойынша мақалада 250 әйел дирижёр қамтылған және тізім жаңа деректерге байланысты тұрақты түрде толықтырылып отырады.
А
- Антония Луиза Брико (1902–1989; АҚШ) – нидерландт текті америкалық дирижёр. Немістің дирижëрлік мектебінің өкілі әрі философия ғылымының докторы Карл Муктың дирижëрлік сыныбының бірегей шәкірті. Оның кәсіби дирижëр ретінде халықаралық танылуы 1930 жылы Берлин филармониялық оркестрімен А. Дворжактың №9 ми минор «Жаңа әлемнен» симфониясын дирижëрлегеннен кейін басталды. 1934 жылы Нью-Йоркте әйел музыканттардан құралған симфониялық оркестр ұйымдастырып, оның концерттерінің біріне АҚШ-тың бірінші ханымы Элеонора Рузвельт қатысып, дирижëрдің шығармашылығына қолдау білдірген.<ref name=":0">Үлгі:Cite web</ref>
- Алевтина Николаевна Иоффе (1978; Ресей) – ресейлік дирижëр. 2025 жылдан бастап Швейцариядағы Берн опералық театрының бас дирижëрі және «Staatskapelle Weimar» неміс оркестрінің шақырылған бас дирижëрі. 2011–2023 жылдары Н.И. Сац атындағы балалар музыкалық театрының бас дирижëрі лауазымын атқарған. 2018 жылы «Deutsche Oper Berlin» неміс опералық театрында Пëтр Ильич Чайковскийдің «Аққу көлі» балетімен дебют өткізді.<ref name=":1">Үлгі:Cite web</ref>
- Ану Тали (1972; Эстония) – эстондық дирижëр. 1997 жылы Кадри Тали егізімен бірге Солтүстік симфониялық оркестрінің негізін қалаушысы және бас дирижëрі. 2003 жылы оның «Swan Flight» атты дебюттік альбомы Вельо Тормис шығармалары негізінде ECHO Klassik неміс сыйлығында «Young Artist of the Year» аталымын жеңіп алды. 2013–2019 жылдар аралығында АҚШ-тағы «Sarasota Orchestra» симфониялық оркестрінің музыкалық директоры қызметін атқарды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Алондра де ла Парра (1980; Мексика) – мексикалық дирижëр және Мексиканың ресми елшісі. 2004 жылы Philarmonic Orchestra of the Americas (POA) оркестрінің негізін қалаушысы. Оркестрдің «Mi Alma Mexicana» атты альбомы Billboard Classical Charts рейтингінің алғашқы ондығына кіріп, небәрі екі ай ішінде күйтабақ Мексикада платиналы мәртебе алған алғашқы классикалық музыкалық альбомдардың бірі болды. 2024 жылдан бастап Испанияда Orquestra y Coro de la Comunidad de Madrid (ORCAM) оркестрдің бас дирижëрі және көркемдік жетекшісі лауазымын атқарады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Анастасия Вельт (1995; Ресей) – ресейлік дирижëр. Липецк қаласының мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрінде екінші дирижëр қызметін атқарады. Мәскеуде «Жаңа Опера» театры, «Musica Viva» мәскеулік камералық оркестрі, Жаңасібірдің опера және балет театры, «Симфония плюс» камералық оркестрі, Соллертинский атындағы симфониялық оркестрі сынды ұжымдарда дирижëрлік еткен. 2022 жылы Луганск мемлекеттік симфониялық оркестрімен Д. Шостаковичтің «Фашизм мен соғыс құрбандарын еске алу» симфониясын орындап, концерт көрермендер тарапынан эмоционалды қабылданып, филармония тарихындағы есте қалған концерттердің бірі ретінде аталды. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Анна Скрылëва (1975; КСРО, Ресей, Германия) – Орыс текті неміс дирижëр. 2019–2025 жылдар аралығында Магдебург театрының бас музыкалық директоры қызметін атқарып, опера және балет қойылымдарына жетекшілік етті. 2024 жылы Юджин Энгельдің «Grete Minde» атты ұмыт қалған операсын қайта жаңғыртып, Магдебург филармониялық оркестрімен жазылған жоба үшін «Opus Klassik Award» немістің классикалық сыйлығына ие болды. Әлемнің жетекші симфониялық оркестрлерімен: Deutsches Symphonie-Orchester Berlin, Gewandhausorchester Leipzig, Copenhagen Phil, Royal Swedish Opera, Dallas Opera, La Scala, Sydney Opera House деген музыкалық ұжымдармен жұмыс істеген. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Анна Семëновна Закирова-Гулишамбарова (1976; КСРО, Татарстан) – ресейлік дирижëр. Дирижëр, ҚазКСР-інің, ТатарАКСР-інің және РФ-ның халық әртісі Фуат Шәкірұлы Мансұровтың шәкірті болған. 2021 жылы музыка өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Татарстан Республикасының Халық әртісі» атағына ие болды. Композитор София Губайдулинаның заманауи музыка орталығының камералық оркестрінде бас дирижëр және көркемдік жетекші қызметтерін атқарған. 2023 жылдан бастап «Жаңа Музыка» атты Жастар симфониялық оркестрдің дирижëрі және көркемдік жетекшісі. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Анна Леонидовна Ракитина (1989; Ресей) – ресейлік дирижëр. 2017 жылы Кёльн қаласында өткен «Deutscher Dirigentenpreis» халықаралық дирижёрлер байқауының III орын иегері, ал 2018 жылы Копенгагендегі Николай Малько атындағы халықаралық дирижёрлер байқауында II орын алды. 2019–2023 жылдары АҚШ-тағы Бостон симфониялық оркестрінде (BSO) бас дирижёр Андрис Нельсонс жетекшілігімен ассистенттік қызмет атқарып, оркестр тарихындағы осы лауазымға тағайындалған екінші әйел дирижёр атанды. 2025 жылы классикалық музыка өнеріне қосқан үлесі үшін «European Culture Prize» еуропалық мәдениет сыйлығымен марапатталды. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Анна-Мария Хельсинг (1971; Швеция, Финляндия) – шведтік-финдік дирижëр. 2010–2013 жылдары Финляндиядағы Oulu Symphony Orchestra оркестрінің бас дирижëрі қызметінде тағайындалған алғашқы әйел дирижëрі болды. 2023 жылдан бастап Ұлыбританиядағы BBC Concert Orchestra оркестрдің алғашқы әйел бас дирижëрі қызметін атқарды. 2025 жылдан бері Финляндияда Vaasa City Orchestra-ның бас дирижëрі. Finnish Radio Symphony, Helsinki Philharmonic, Royal Stockholm Philharmonic, Iceland Symphony, BBC Philharmonic, Barcelona Symphony, Vancouver Symphony сияқты жетекші ұжымдармен жұмыс істеген. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Алла Анатольевна Кульбаба (1968; КСРО, Украина) – украиндық дирижëр. 1994 жылы С. Турчак атындағы Бірінші дирижëрлер байқауының III орын иегері атанды. 1999 жылдан бастап Киевтегі Тарас Шевченко атындағы Украинаның Ұлттық опера театрының дирижëрі қызметін атқарады. Театр сахнасында «Евгений Онегин», «Пиковая дама», «Иоланта», «Аида», «Травиата», «Макбет», «Набукко», «Тоска», «Манон Леско», «Мадам Баттерфляй», «Кармен», «Тайный брак», «Фауст», «Кіт у чоботях», «Ромео мен Джульетта», «Севиль шаштаразы», «Щелкунчик», «Махаббат сусыны», «Запорожец за Дунаем» және басқа да көптеген қойылымдарды өткізген. 2019 жылы «Украинаның Халық әртісі» атағына ие болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Алëна Грон (1993; Чехия) – чехиялық дирижëр. 2024 жылдан бастап Jihočeská fiharmonie, (Ческе-Будеëвице филармониялық оркестрі) ұжымының бас дирижëрі қызметіне тағайындалған алғашқы кәсіби әйел дирижëр атанды. 2024 жылдан бері АҚШ-та дирижëр Марин Олсоп жетекшілік еткен «TAKI Alsop Conducting Fellowship» халықаралық әйел дирижëрлер бағдарламасының мүшесі болып, Чикаго симфониялық оркестрімен дирижëрлік етті. Чехиялық композитор әрі дирижëр Витезслава Капралованың шығармашылығын насихаттаумен белсенді айналысып, оның оркестрге арналған туындыларын толықтай Janáček Philarmonic Orchestra оркестрімен жазып шықты.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Агнешка Дучмаль (1946; Польша) – поляк дирижëр. 1968 жылы Познань қаласында студент кезінде Orkiestra Kameralna Polskiego Radia Amadeus поляк радиосының ресми камералық оркестрдің негізін қалаушысы. 2024 жылы оркестрдің бас дирижëр лауазымын туған дирижëр қызына – Анна Дучмаль Мрожға табыстады. 2021 жылы дирижëрлік өнердегі жетістіктері және поляк музыкасын шетелде танытқаны үшін «Diamentowa Batuta» поляк радиосының сыйлығына ие болды. 2026 жылы «Dama Orderu Orła Białego» атты Польшаның дәрежесі биік сыйлығына марапатталды. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Амандин Бейер (1974; Франция) – француздық дирижëр, скрипкашы. 2006 жылы «Gil Incogniti» камералық оркестрдің негізін қалаушысы және көркемдік жетекшісі. Барокко оркестрлерінде: Tafelmusic (Торонто), Freiburger Barockorchester, Akademie für Alte Musik Berlin, European Union Baroque Orchestra, Orchestre Français des Jeunes деген ұжымдармен шақырылған дирижëр ретінде қызмет еткен. 2012 жылы И.С. Бахтың жеке скрипкаға арналған сонаталар мен партиталардың үздік жазбалары үшін Diapason d'Or de l'année, Choc de Classica de l'année, Gramophone Editor's Choise премиялардың иегері болды. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Алиса Фарнем (1970; Ұлыбритания) – британдық дирижëр. 1997–2000 жылдар арылығында Н. Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясында дирижëрлеу кафедрасын профессор Илья Александрович Мусинның сыныбында оқыған. The Royal Ballet, English National Ballet, Birmingham Royal Ballet, BBC Concert Orchestra, Royal Scottish National Orchestra, Longborough Festival Opera сынды музыкалық ұжымдармен концерттер өткізген. 2013 жылдан бері «Women Conductors» Ұлыбританиядағы әйел дирижëрлерді қолдау жобасының көркемдік жетекшісі. 2023 жылы «In Good Hands: The Making of a Modern Conductor» деген дирижëрлерге арналған кітапты жазып шығарған. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Аида Кеңесбаевна Абдуллаева (1962; Қарақалпақстан) – қарақалпақтық дирижëр. 1998 жылдан бастап Ташкенттегі Әлішер Науаи атындағы мемлекеттік академиялық Үлкен театрдың дирижëрі. 1999 жылы «Қарақалпақстанның Халық әртісі» атағын алды. 2006 жылдары Санкт-Петербургтегі Мариин театрында тағылымдамадан өткен. Дирижëр репертуарында «Иоланта», «Щелкунчик», «Золушка», «Травиата», «Аида», «Бал-маскарад», «Свадьба Фигаро», «Мадам Баттерфляй» сияқты тағы да басқа көптеген опера және балет қойылымдары бар. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Анюта Николаевна Иванова (Саха Республикасы, Якутия) – якутиялық дирижëр. 2008 жылдан бері Сахадағы С.А. Зверев-Кыыл Уола атындағы Ұлттық би театрының халық аспаптар оркестрінің дирижëрі. Ресей, Италия, Швейцария, Франция, Испания мемлекеттердің халықаралық фестивальдеріне қатысқан. Саха Республикасының ұлттық музыкасын Якутияда және шет елдерде насихаттағаны үшін «Саха Республикасының Мәдениет саласының үздігі» лауазымына ие болған. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Ася Георгиевна Фурта (Ресей) – ресейлік дирижëр. 1991 жылдан бастап Хабаровсктағы өнер колледжінің (ХККИ) студенттік орыс халық аспаптар оркестрінің дирижëрі және дирижëрлеу, арнайы аспап, оркестрлік сынып пәндерінің оқытушысы. 2010–2019 жылдары аралығында Хабаровск өлкесінің филармониясының орыс халық аспаптар оркестрінің бас дирижëрі және оркестрдің көркемдік жетекшісі лауазымдарын атқарған. 2023 жылы наурызда «Хабаровск өлкесінің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» атағын алды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Ализе Леон (Франция) – француздық дирижëр. 2024 жылы Копенгагенде Николай Малько атындағы Халықаралық жас дирижëрлерге арналған байқауда кезеңнен өтіп, Данияның ұлттық симфониялық оркестрімен өнер көрсеткен. Гштаадта өткен дирижëр Неэме Ярви академиясының екінші сыйлықтың иегері. 2026 жылы Францияда өткен Халықаралық әйел дирижëрлерге арналған «La Maestra» байқауының III орын иегері және «Prix Generation Opera» арнайы сыйлығының жеңімпазы. Orchestre National de Bordeaux, Orchestre National de Montpellier, Orchestre Colonne, Opera de Tours сынды ұжымдармен дирижëрлік еткен. Францияның «Revelation Chef d'Ochestre» номинациясының дирижëр ретінде лауреаты. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Айгуль Юсуповна Джумашева (Қазақстан) – қазақстандық дирижëр. Дирижëр, ҚР халық әртісі, Герберт фон Караян атындағы дирижëрлер байқауының дипломанты Төлепберген Әбдірәшевтің шәкірті болған. А. Джумашева Орал қаласындағы Жастар Мәдениет үйінің орыс халық аспаптар оркестрінің бас дирижëрі және көркемдік жетекшісі. 2018 жылы оркестр ұжымымен бірге Түркияда өткен оркестрлер байқауында I орын және Қазан қаласында өткен Халықаралық байқауда Гран-при жүлдесіне ие болды. 2024 жылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен «Русское чудо» Халықаралық фестиваліне қатысып, Қазақстандағы орыс халық аспаптары оркестрінің кәсіби деңгейін танытты. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Алия Нурланкызы Сали (Қазақстан) – қазақстандық дирижëр. Елордадағы Н.Ә. Назарбаев атындағы университеттің «NU Orchestra» студенттік оркестрінің бас дирижёры және көркемдік жетекшісі. Алматыдағы Нұрғиса Тілендиев атындағы, Атыраудағы Рыспай Ғабдиев атындағы және Талдықорғандағы Мұқан Төлебаев атындағы Республикалық дирижёрлер байқауларының жүлдегері әрі қатысушысы. 2026 жылы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен «Around the World» (қаз. «Дүниежүзілік саяхат») атты концерттік жоба аясында халық, классикалық және заманауи музыкалық аспаптар бір сахнада үйлесімді тоғысып, 13 мемлекеттің мәдениетін насихаттайтын 24 шығарма орындалды. Концертке 1500 көрермен жиналып, жоба үлкен аншлагпен өтті. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Ария Каррильо Сильесар (Коста-Рика) – коста-рикалық дирижëр, скрипкашы. АҚШ-тың Миннесота штатында Golden Valley Orchestra және Buffalo Community Orchestra ұжымдарының көркемдік жетекшісі және дирижëрі қызметтерін атқарады. Сонымен қатар, Оңтүстік Дакотадағы симфониялық оркестрінің бірінші скрипкалар тобының тұрақты мүшесі. Қазіргі уақытта Миннесота университетінде оркестрлік дирижëрлеу мамандығы бойынша докторантурада білім алып, дирижëр Марк Рассел Смиттің сыныбында оқуын жалғастыруда. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Ана Эрчулий (Словения) – словениялық дирижëр. 2022 жылы Любляна қаласындағы Музыкалық академияда оркестрлік дирижëрлеу курсын тәмамдап, шеберлігі үшін академияның Прешерн сыйлығына ие болды. Сонымен қатар, Словенияның Радио және телехабар тарату симфониялық оркестрімен «Imago Sloveniae» фестивалінде әрі композитор және дирижëр Владимир Ловецтің 100-жылдығына арналған Копер театрындағы концерттерде дирижëрлік өткен. 2023 жылы Венецияда Падуя және Венецияның оркестрлерімен, сондай-ақ Дубровниктегі симфониялық оркестрмен қызметтестік орнатқан. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Амина Азатқызы Ибраева (Қазақстан) – қазақстандық дирижëр, қобызшы. 2025 жылы Алматыдағы Жамбыл Жабаев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында өткен Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижëрлер байқауының қатысушысы. Байқауда Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық халық аспаптар оркестрімен Н. Тілендиевтің Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған «Кел еркем, Алатауыңа» және Құрманғазының шығармасын өңдеген «Қызыл қайың-серпер» туындыларына дирижëрлік еткен. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
Ә
- Әлия Жанәбілқызы Темірбекова (Қазақстан) – қазақстандық хор дирижëр. Алматыдағы Абай атындағы ұлттық мемлекеттік академиялық опера және балет театрының (ГАТОБ) бас хормейстері. 2024 жылы 21 маусымда ҚР Мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесі күнінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын табыс етті. Ә. Темірбекова бас хормейстер болып жұмыс істеген жылдары хорды әлемнің және қазақ репертуарынан бірқатар ірі шығармаларды, соның ішінде Дж. Вердидің «Риголетто» және «Травиата», Дж. Пуччинидің «Тоска», П. Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсы, «Щелкунчик» балеті, Дж. Россинидің «Золушка», қазақ операларынан Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», А. Жұбановтың, Л. Хамидидың «Абай», М. Төлебаевтың «Біржан-Сара», С. Мұхамеджановтың «Жұмбақ қыз» және басқа да көптеген спектакльдерді орындауға дайындады. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
Б
- Барбара Ханниган (1971; Канада) – канадалық дирижëр, сопрано әнші. 2019 жылдан бастап Швециядағы Göteborgs Symfoniker оркестрдің шақырылған бас дирижëрі. 2025 жылы «Polar Music Prize 2025» музыкалық сыйлығының лауреаты атанды. Б. Ханниган сахнада бір уақытта ән айтып әрі дирижëрлік етуімен танымал. Оның репертуарында «Mysteries of the Macabre», «La Voix humaine», «The Rake's Progress», «Knoxvillie: Summer of 1915» деген шығармалары бар. 2026 жылдан бастап Исландияның симфониялық оркестрдің бас дирижëрі лауазымын атқарады. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Барбара Поплавска (Қазақстан) – поляк текті қазақстандық дирижëр. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, хор дирижëрі Бақыт Тұяқбаеваның шәкірті. Польшада Вроцлавтағы Кароль Липинский атындағы музыка академиясында (AMKL) опера және симфониялық дирижëрлеу мамандығын Марëк Пияровский сыныбын тәмамдаған. Үндістанның Мумбаи қаласындағы білікті кәсіби Symphony Orchestra of India (SOI) оркестрімен дирижëр ретінде қызметтес болған. 2025 жылдан бастап Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның студенттік симфониялық оркестрдің бас дирижëрі қызметін атқарады. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Барбара Скоукрофт (АҚШ) – америкалық дирижëр. 1996 жылдан бастап Utah Youth Symphony ұжымының музыкалық директоры және бас дирижëрі қызметтерін атқарады. Оның жетекшілігімен оркестр 2002 жылы Солт-Лейк-Ситиде өткен Қысқы Олимпиада ойындарының мәдени олимпиадасына қатысты. 2006 жылдың сәуірінде Солт-Лейк симфониялық оркестрінің тарихындағы алғашқы әйел дирижëрі болды. 2008 жылы Юта жастар филармониясының негізін қалап, бұл оның жетекшілігімен екінші толық кәсіби оркестрге айналды. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Бар Авни-Палентин (1989; Израиль) – израильдік дирижëр. 2021–2024 жылы Германиядағы Bayer Philarmoniker оркестрінің алғашқы әйел бас дирижëрі. 2024 жылы Парижде өткен La Maestra әйел дирижëрлерге арналған Халықаралық байқаудың I орын жүлдегері және қосымша арнайы сыйлықтардың Echo Prize, Arte Prize, Prize of the Pariz Mozart Orchestra әрі Prize of French concert hall and orchestras иегері. 2026 жылдың ақпанында Orchestre National Bordeaux Aquitaine оркестрімен «Symphonies in 3 Movements» сирек орындалатын шығармалардан тұратын дебюттік альбомын жазып шығарды. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Бақыт Жұмағалиқызы Тұяқбаева (Қазақстан) – қазақстандық хор дирижëр. ҚР Білім беру ісінің үздігі, еңбек ардагері, қазақстандық сазгерлердің хор жинақтарының құрастырушысы болып табылады, сондай-ақ «Краткий курс лекций по казахской хоровой литературе» оқулығының авторы. 2015 жылы 7 маусымда Пётр Чайковскийдің 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында Б. Тұяқбаеваның жетекшілігіндегі П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Алатау» жастар хоры Ресейдің Воткинск қаласында өнер көрсетті. Ұжым Благовещенск соборында, Преображенский храмында және Воткинск музыкалық мектебінде концерттер берген. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Беверли Эверетт (АҚШ) – америкалық дирижëр, музыка ғылымдарының докторы. 2008 жылдан бастап Солтүстік Дакотадағы Bismarck-Mandan Symphony Orchestra және 20 жылдан астам уақыт бойы Bemidji Symphony Orchestra-ның музыкалық директоры және дирижëрі лауазымдарын атқарады. 2010 жылы The American Prize-тан «Excellence in Music Education» сыйлығымен марапатталды. 2011 жылы дирижëр ДжоАнн Фалеттамен кәсіби дайындықтан өтуге арналған Region 2 Arts / McKnight Career advancement Fellowship стипендиясының алғашқы екі иегерінің бірі атанды. Сонымен қатар, туған қаласы Техас штатындағы Ваксахачи қаласының Бейнелеу өнері даңқ залына алғашқылардың бірі болып енгізілген. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
В
- Вероника Борисовна Дударова (1916–2009; КСРО, Ресей) – кеңестік және ресейлік дирижëр. Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдегі ірі симфониялық оркестрлерді 50 жылдан астам уақыт бойы үзіліссіз басқарған жалғыз әйел дирижёр. 1960—1989 жылдары аралығында Мәскеудің мемлекеттік симфониялық оркестрінде бас дирижёр әрі көркемдік жетекші лауазымдарын атқарған және 1991—2009 жылға дейін Ресейдің симфониялық оркестрдің негізін қалап, өмірдің соңына дейін жетекші қызметін атқарды. 1986 жылы В. Дударованың құрметіне астероид (9737) «Dudarova» есімі және Бүкілресейлік оркестрлік дирижёрлер байқауы ұйымдастырылып В. Дударованың есімі берілді. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Виктория Леонидовна Добровольская (1986; Ресей) – ресейлік дирижёр. 2024 жылы ресейлік-бахрейндік симфониялық оркестрмен бірге Бахрейн Ұлттық театрында концерт беріп, Бахрейн Корольдігі тарихындағы концерт басқарған алғашқы әйел дирижёр атанды. 2022 жылдан бастап қытайлық дирижёр Тунжо Чжэнмен бірге (РКСО) Ресейлік-қытайлық симфониялық оркестр мен академиялық хордың көркемдік жетекшісі және бас дирижёры қызметтерін атқарады. Бұл ұжым әлемдегі әртүрлі мемлекеттерден шыққан екі бас дирижёр бірлесіп басқаратын санаулы оркестрлердің бірі болып табылады. 2024 жылы Эрмитаж театрында «Щелкунчик», «Ромео мен Джульетта» балеттерін дирижёрлеген. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Валентина Викторовна Голубева (Ресей) – ресейлік дирижёр. 1987 жылы студенттік камералық оркестр негізінде құрылған Вологодск облысындағы жалғыз Череповец симфониялық оркестрінің негізін қалаушысы, көркемдік жетекшісі және бас дирижёры. Оның кәсіби қалыптасуына профессорлар Израиль Гусман мен Маргарита Саморукова ықпал етті. 2001 жылдан бастап оркестрдің қатысуымен «Үміт көктемі» атты ашық қалалық балалар музыкалық фестивалі тұрақты түрде өткізіліп келеді. Фестивальге музыкалық мектептердің үздік оқушылары, Череповец өнер колледжінің және Ресей консерваторияларының студенттері қатысады. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Валерия Александровна Рыбинская (Беларусь) – белорустық дирижёр. 2021 жылдан бастап Беларусь Республикасының мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің дирижёрі қызметін атқарады. Бұған дейін, 2018 жылы аталған оркестрдің ұрмалы аспаптар тобында солист болған. Беларусьтің Үлкен театрында А. Бородиннің «Князь Игорь» операсы және Э. Григтің «Пер Гюнт» балетінің қойылымдарына қатысқан. Сонымен қатар, ұстазы, дирижëр, Беларусьтің Халық әртісі Александр Михайлович Анисимовтың қасында қоюшы ассистент-дирижёрі ретінде қызмет атқарған. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Витезслава Капралова (1915–1940; Чехия) – чехиялық дирижёр, сазгер. 1937 жылы авторлық туынды «Military Sinfonietta» симфониеттасымен Чехия филармониясының оркестріне дирижёрлік етіп, аталған ұжыммен өнер көрсеткен алғашқы әйел дирижёр болды. 1938 жылы Лондонда өткен ISCM халықаралық заманауи музыка фестивалінде BBC Orchestra оркестрімен дирижёрлік етті. В. Капралова 25 жасында туберкулёз ауруынан қайтыс болды. Соған қарамастан, қысқа ғұмырында шамамен 50 музыкалық шығарма жазып қалдырды. 1946 жылы чех музыкасына қосқан ерекше үлесі үшін Чехия ғылым және өнер академиясының мүшесі болып сайланды. 1998 жылы оның құрметіне Торонтода «Капралова Қоғамы» құрылды. Ұйым әйелдердің музыка өнеріне қосқан үлесін насихаттаумен айналысады және әйел музыканттар туралы ауқымды дерекқорлар жүргізеді. Қоғамның арнайы дерекқорында 600-ден астам әйел дирижёрлер туралы мәліметтер жинақталған. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Виттория (Раффаэлла) Алеотти (1575–*1646; Италия) – итальяндық дирижëр, сазгер және ерте кезеңдегі әйел дирижёрлердің бірі. Ол Сан-Вито монастырындағы әйелдер музыкалық ансамблін басқарған және өмірінің соңына дейін монастырьдың музыкалық жетекшісі қызметін атқарған. Замандастары оның орган, клавесин және үрмелі аспаптардағы шеберлігін жоғары бағалаған. 1593 жылы Сан-Вито монастырының хорына арналған «Sacrae cantiones: quinque, septem, octo & decem vocibus decantande» мотеттер жинағын жариялады. Бұл әйел автор жазған әрі баспадан жарық көрген алғашқы діни музыка шығармаларының бірі саналады. Итальяндық музыкант және ғалым Эрколе Боттригари өз еңбектерінде Алеоттидің музыкалық ансамбльді басқару қабілетін ерекше атап өткен. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Вирджиния Аллен (1953; АҚШ) – америкалық әскери дирижëр, музыка ғылымының докторы. Вест-Пойнттағы Әскери академиясы оркестрінің (U.S. Military Academy Band at West Point), сондай-ақ Cadet Glee Club пен Cadet Band ұжымдарының алғашқы әйел дирижёры болды. Ол Army Bands бағдарламасында 20 жыл қызмет атқарып, лейтенант-полковник әскери шеніне дейін көтерілді. Кейін Вашингтондағы АҚШ армиясының оркестрлік қызметі бойынша жауапты офицері ретінде әлемнің әртүрлі елдеріндегі 100-ден астам әскери оркестрдің жұмысын үйлестірді. Сонымен қатар, The Curtis Institute of Music және Columbia University жанындағы Teachers College оқу орындарында дирижёрлік өнер мен музыка тарихынан дәріс берген. 2005 жылы «Woman of Achievement» атағымен марапатталған. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Вирджиния Марьяни Кампольетти (1869–1941; Италия) – итальяндық дирижëр, сазгер. 1892 жылы Дж. Россини атындағы мемлекеттік консерваторияны тәмамдады. 1899 жылы 6 маусымда туған қаласында Генуяда Politeama Genovese театрында «Dal sogno alla vita» (Түстен өмірге) атты үш актілі авторлық операсының тұсаукесеріне дирижëрлік етті. Либреттосын жазған ақын Фульвио Фульгонио. 1900 жылы сәуірде Моден қаласында Storchi театрында операның қойылымын қайта басқарды. 1976 жылы оның ұлы, дирижëр әрі сазгер Луиджи Кампольетти анасының құрметіне және естелігіне Дж. Россини атындағы консерваториясының кітапханасына шамамен 5000 том кітаптар, партитуралар, музыкалық басылымдарды сыйға тартып, консерватория тарихындағы ірі қайырымдылықтардың бірі саналады. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Вера Францевна Родэ-Чиджавадзе (1907–1975; КСРО) – француз текті кеңестік әскери дирижëр. Ресей әскери музыкасы тарихындағы алғашқы әйел әскери дирижëрлердің бірі ретінде белгілі. Мәскеу консерваториясында дирижëрлікте білім алып жүрген кезінде 1941 жылы майданға аттанып, Мәскеу халықтық жасақтарының 4-дивизиясы құрамына қосылды. Соғыс жылдарында оның әскери ұжымы Мәскеуден Шығыс Пруссия мен Кëнигсбергке дейінгі жорықтарға қатысты. Кейін музыкалық взводтың командирі болып тағайындалып, аға лейтенант әскери шенін алды. 1944 жылы «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды. Соғыстан кейін консерваторияны аяқтап, Мәскеу облыстық филармониясының оркестрімен П. Чайковский 5-симфониясының финалын, «Щелкунчиктен» үзінділер, «Половецкие пляски», Евгений Онегин операсынан үзінділерді дирижëрледі. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Вэнь Чин Лю-Янг (Малайзия) – қытай текті малайзиялық хор дирижëр. 2005 жылдан бастап Young Choral Academy ұйымында хормейстер, пианист және вокалдық оқытушы болып жұмыс істейді. 2022–2023 жылдары Иллинойс штатында Heritage Chorale хорының көркемдік жетекші әрі бас дирижëрі қызметтерін атқарды. Ол малайзиялық және Оңтүстік-Шығыс Азия хор музыкасын АҚШ-та белсенді насихаттап, музыкалық жобаларға қатысады. 2025 жылдың мамыр айында Нью-Йорктегі «Carnegie Hall» сахнасында Heritage Chorale және басқа хор ұжымдарымен бірге дебют жасады. Сонымен қатар, Малайзиядағы хор байқауларында қазылар алқасының мүшесі ретінде қызмет атқарып, шеберлік сыныптар өткізеді. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Ванесса Бенелли Мозелл (1987; Италия) – итальяндық дирижëр. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
Г
- Гауһар Құрманбекқызы Мырзабекова (1956) (Қазақстан) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Галина Михайловна Кривошапко (1916–2013) КСРО, Ресей <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Галина Викторовна Крутикова (Галь Раше) АҚШ, Ресей <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Гвендолен Эйврил Кольридж-Тейлор (1903–1998) Англия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Глория Исабель Рамос Триано (1964) Испания <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Голнуш Халеги (1941–2021) Иран, АҚШ <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Гүлдана Жеңісқызы Баритова (Қазақстан) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Грете Педерсен (1960) Норвегия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
Д
- Даяна Айдаровна Гофман (1991) Ресей <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Дильбар Гулямовна Абдурахманова (1936-2018) КСРО, Өзбекстан <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- ДжоАнн Фаллетта (1954) АҚШ <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Джулия Джонс (1961) Ұлыбритания <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Дениола Кураджа (Албания) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Дінзуһра (Динара) Нұрғисақызы Тілендиева (1985) Қазақстан <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Далия Атлас (1933) Израиль, АҚШ <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Далия Андреевна Стасевская (Украина, Финляндия) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Джухи Бансал (Үндістан, Гонконг) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Дана Муриева (2000) Ресей <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Джессика Коттис (1979) Аустралия, Ұлыбритания <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Джипсс Рут (1921–1999) Ұлыбритания <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Джаннат Музаффаровна Хусейнзода (*2006) Тәжікстан <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Дебра Чеверино (1976) Италия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Деляна Лазарова (Болгария) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Дора Христова (Болгария) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Дина Ардақ (Қазақстан) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
Е
- Елизавета Петровна Кудрявцева-Мурина (1914–2004) КСРО, Ресей <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Еп Вин Си (1960) Қытай <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Елена Евстратенко (майор) Қазақстан <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Елизавета Сергеевна Корнеева (Ресей) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
Ë
- Ëко Мацуо (1953) Жапония <ref>Үлгі:Cite web</ref>
Ж
- Жанна (Шевалье) Эврар (1893–1984) Франция <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Жизель Бен-Дор (1955) Уругвай, Израиль, АҚШ <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Жоанидия Нуньес Содре (1903–1975) Бразилия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Жюльетт Надя Буланже (1887–1979) Франция <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Жуану Карнейру (Португалия) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
З
- Зои Зениоди (1976) Грекия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Захия-Дихия Зиуани (1978) Франция <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Зарифа Ахмедовна Абдуллаева (1952) Дағыстан <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Зарифа Адиба (Ауғанстан) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Зиада Нагиевна Накибаева (Қазақстан) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
И
- Ирис Маргарет Элси Лемар (1902–1997) Ұлыбритания <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Инма Шара (1972) Испания <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Инджи Ëздиль (Түркия) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Ингрид Табита Боргхильд Берглунд (1989) Норвегия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Иман Аль-Джунайди (Мысыр) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Иман Эль-Генеди (Мысыр) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
Й
- Йоана Мальвиц (1986) Германия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Йозефина Аманн Вайнлих (1848–1887) Аустрия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
К
- Камилла Александровна Кольчинская (1937–2016) КСРО, Ресей, АҚШ <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Камелия Хоанг (Фам Ча Ми) Вьетнам, Ресей <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Катарина Морин (1994) Германия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Катарина Винкор (1995) Аустрия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Ксения Геннадиевна Жарко (КСРО, Ресей) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Клер Жибо (1945) Франция <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Карина Канеллакис (1981) АҚШ <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Кристиина Поска (1978) Эстония <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Каролин Мари (Лина) Коэн (1878–1952) Франция, АҚШ <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Катрине Виннес (Норвегия) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Каталин Кишш (Венгрия) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Кэролайн Б. Никольс (1864–1939) АҚШ <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Красимира Александрова Костова (1948–2022) КСРО, Болгария <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Куми Нариман Вадиа (Үндістан) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Кэй Джордж Робертс (1950) АҚШ <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Коллин Пак (Парк) Оңтүстік Корея <ref>Үлгі:Cite web</ref>
Л
- Ламар Элиас (Палестина) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Людмила Александровна, Павлова-Арбенина (1916–1996; КСРО, Ресей) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Людмила Михайловна Калиновская (Беларусь) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Людмила Ивановна Ханжова (1956) КСРО, Ресей <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Летиция Труве (Франция) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Лидия Янковская (1986) Ресей, АҚШ <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Лидия Валерьяновна Аксëнова (1923-2019; КСРО, Молдова) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Лижия Амадио (1964) Бразилия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Лижия О`Риордан (Ирландия, Росиия) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Любовь Носова (Ресей) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Лиса Ксантопулу (1968) Грекия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Лиана Александровна Исакадзе (1946–2024; КСРО, Грузия, Германия) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
М
- Марин Олсоп (1956) АҚШ <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Маргарита Дварëнайте (1928–2008) Латвия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Маргарита Львовна Хейфец (1921–1999; КСРО, Ресей) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Маргарита Александровна Саморукова (1925–2002) КСРО, Ресей <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Марина Николаевна Третьякова (1969) Беларусь <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Мирга Гражините-Тила (1986) Литва <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Мари-Жанна Сереро (Франция) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Мария Бадстуэ (1982) Дания <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Мария Йозефина Агнес Вюрм (Мэри Вурм) (1860–1938) Британия, Германия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Мария Арманда Матильда де Полиньяк (1876–1962) Франция <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Мария Константиновна Курочкина (1989) Ресей <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Мария Александровна Романова (Ресей) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Мария Макраки (Греция) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Мария Эклунд (1973) Россия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Марта Реммерт (1853–1941) Германия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Марта Линц фон Кригнер (1898–1982) Аустро-Венгрия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Мадлен Тереза Бушери Ле-Фор (1879–1960) Франция <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Михаэла Сильвия Рошка (1957–2026) Румыния<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Маралжан Қазыбекқызы Мырзақұлова (1974–2025) Қазақстан <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Маргарет Хилис (1921–1998) АҚШ <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Мун-ëн Хо (1960) КХДР (Корей Халық Демократиялық Республикасы) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Муборак Бахруллаевна Лутфуллаева (1976) Өзбекстан <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Мишель Рейкерс (майор) АҚШ <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Мойца Лавренчич (Словения) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Мадинат Магометовна Яндиева (1942) Ингушетия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Мадина Маратқызы Қабижанова (Қазақстан) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Маржена Дьякун (1981) Польша <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Марлен Урбай (Куба) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Мируерт Талапқызы Мұқанова (Қазақстан) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
Н
- Нил Вендитти (Түркия, Италия) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Негин Хпалвак (1997) Ауғанстан <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Нина Дмитриевна Кравченко (1952) КСРО, Қазақстан <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Нина Ракич (Сербия) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Ниа Имани Франклин (1993) АҚШ <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Наталья Владимировна Базалева (1958) КСРО, Ресей <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Наталья Сергеевна Вильянова (Қазақстан) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Наталья Борисовна Пономарчук (Украина) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Натали Штуцман (1965) Франция <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Нисан Ак (Түркия) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Нежат Амири (Иран) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Назанин Агахани (1980) Аустрия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Николетт Элла Фрайон (1960) Аустралия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Наргиза Курманова (Қырғызстан) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Нурбана Эмин (Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданы) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Наоми Мунаката (1955–2020) Жапония, Бразилия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Нварт Андреасян (Армения, Франция) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Нодока Окисава (Жапония) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
О
- Ольга Евгеньевна Вольф (1907–1992) КСРО, Ресей <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Ольга Максимилиановна Берг (1907–1991) КСРО, Ресей <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Ольга Власова (Ресей) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Ольга Николаевна Полякова (Бурятия) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Ольга Матильда Агнес фон Радецки (1858–1933) Латвия, КСРО <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Ольга Владимировна Сердюкова (Калмыкия) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Оксана Ярославовна Лынив (1978) Украина <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Оксана Кротик (Украина) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Офенце Дикеледи Кеорапетсе Пице (1992) Оңтүстік Африка Республикасы <ref>Үлгі:Cite web</ref>
П
- Полина Лебедева (Украина) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Паниз Фарьюсефи (Иран) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
Р
- Раиса Құдайбергенқызы Садықова (1944–2020) Қазақстан <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Ребекка Тонг (1985) Индонезия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Рахила Орынқызы Ерғалиева (Құлсариева) Қазақстан <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Радосвета Бояджиева (1923–2018) Болгария <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Розмари Йорганджи (Албания) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Росила Самир (Мысыр) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Рут Райнхардт (Германия) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
С
- Сабрие Искандеровна Бекирова (1965) КСРО, Ресей <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Себрина Мария Альфонсо (АҚШ) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Сара Колдуэлл (1924–2006) АҚШ <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Сильвия Кадуфф (1937) Швейцария <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Сиëн Сон (1975) Оңтүстік Корея <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Селия Томаса Торра (1884–1962) Аргентина <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Светлана Борисовна Безродная (1934) КСРО, Ресей <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Сусанна Мялкки (1969) Финляндия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Симона Маргарет Янг (1961) Аустралия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Симона Струнгару (Румыния) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- София Шарлотта Ганноверская (1668–1705) Германия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Сиан (Шарн) Эдвардс (1959) Ұлыбритания <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Сузанна Павловски (Колумбия) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Стефани Роудс Рассел (АҚШ) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Севиль Иншалла кызы Гаджиева (1975) Әзербайжан <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Сперанца Скаппуччи (Италия) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Сьюзен Хейг (АҚШ) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Сайра Сиверсон (АҚШ) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Соль Чин (1987) Оңтүстік Корея <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Сун Хи Ньюболд (АҚЩ, Оңтүстік Корея) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Сая Жұмашева (Қазақстан) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Сәуле Халимқызы Рахымғалиева (Қазақстан) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
Т
- Татьяна Михайловна Коломийцева (1914–1994) КСРО, Беларусь <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Татьяна Перес Эрнандес (Колумбия) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Татьяна Александровна Шипулина (1950–2021) КСРО, Татарстан <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Тьянли Лу (Қытай, Жаңа Зеландия) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Томоми Нисимото (1970) Жапония <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Танатчая (Таня) Чанпханитпорнкит (Таиланд) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
У
- Ульяна Созанская (Украина) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
Ф
- Фрида Белинфанте (1904–1995) Нидерланд <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Фиона Монбет (1989) Франция, Ирландия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Флорика Димитриу (1915–1993) Румыния <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Фредерика Петридис (1903–1983) Бельгия, АҚШ <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Фанни Мендельсон Бартольди (Гензель) (1805–1847) Германия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Фаузия Тажина (1990; Қазақстан) – Ресейдің Түмен филармониясындағы Батыс Сібірдің ішіндегі жалғыз «Сібір Камератасы» камералық оркестрдің бас дирижëрі және көркемдік жетекшісі.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Х
- Хан На-Чанг (1982) Оңтүстік Корея <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Хильдегарда Шарлотта Аврора Вернер (1834–1911) Швеция <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Хильдегарда Бингенская (1098–1179) (шіркеудің хор маэстрасы) Рим империясы <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Хелен Куач (1940–2013) Вьетнам <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Хелен Мэй Батлер (1867-1957) АҚШ <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Хелен Л. Вайс (1920–1948) АҚШ <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Хелен Ча Пë (Оңтүстік Корея) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Хатидже Инджи Чайырлы (1935–2021) Түркия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
Ц
- Цзяцзин Лай (Қытай) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
Ч
- Чжэн Сяоин (1929) Қытай <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Чонним Чо (1940) КХДР <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Чаовэнь Тин (Қытай) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Челси Галло (АҚШ) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Чанг Бинь Нгуен (1933–2025; Вьетнам) – вьетнамдық дирижëр. Вьетнамның алғашқы кәсіби әйел дирижëрі, еңбек сіңірген әртісі (NSUT). Мәскеудегі П.И. Чайковский атындағы мемлекеттік консерваториясын «Хор дирижëрлігі» мамандығы бойынша бітірген. Кейін Ханой және Хошимин консерваторияларында оқытушы болып жұмыс істеген әрі композиция және дирижëрлік теориясы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. Ол хор дирижëрлігі бойынша оқулықтар құрастырды, хорларға арналған шығармаларды өңдеді және симфониялық оркестрлермен концерттер өткізді. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
Ш
- Шикинья Гонзага Франсиска Эдвижес Невес (1847–1935) Бразилия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Шогуфа Сафи (Ауғанстан) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Шайма Хусейн (Мысыр) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
Ы
- Ын Сон Ким (Оңтүстік Корея) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
Э
- Элим Чан (1986) Британдық Гонконг <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Элизабет Йоханна Ламина Кëйпер (1877–1953) Нидерланд <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Элизабет Уолдо (Энн Денцель, 1917 немесе 1918 – 2026) АҚШ <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Элизабет Айона Браун (1941–2004) Британия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Элизабет А. Бейкер (АҚШ) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Этель Легинска (1886–1970) Британия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Эльфрида Андре (1841–1929) Швеция <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Эсин Айдингоз (1993) Түркия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Эмма Роберто Стейнер (1856 –1929) АҚШ <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Эуджения Калоссо (1878–*1914) Италия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Элени Ламбири (1882*1883* немесе 1889–1960) Грекия <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Элена Шварц (Аустралия, Швейцария) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Энн Ланди (АҚШ) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Эмилия Робертовна Шихрагимова (Дағыстан) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Элиза Вегас (Вьетнам) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
Статистика
2026 жылдың маусым айының статистикасы бойынша тізімде 250 әйел дирижёрлердің есімі берілген. Аздағы уақытта тізім жаңа есімдермен толықтырылып, мақалаға соңғы 300 есім енгізіледі.
Әдебиет
- Орлов, Дмитрий Михайлович. Женщины дирижёры - в оркестрах стран мира : [16+] / Д. М. Орлов. — Москва : КнигИздат, 2023. — 273 с. : портр. : 21 см.; ISBN 978-5-4492-0528-5.
- Т.Н. Бабич «Женщины-дирижеры симфонических и театральных оркестров: Феномен музыкально исполнительского искуства» 2010 г.
- L. Hamer «Women on the Podium - Issues and Strategies of Women Conductors» , Article Version .pdf
- KAY LAWSON «Women Conductors: Credibility in a Male-Dominated Profession» 1991
- Jing Zhang «Female Orchestral Conductors: Negotiating Gender And Leadership In The Classical Music World» 2018 г.