Төлепберген Әбдірәшев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әбдірәшев Төлепберген(26 шілде, 1948, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық ауылы - 26 қазан, 2007, Алматы) —дирижер. Қазақстанның халық артисі. (1995).
Өмірбаяны
- Алматы мемлекеттік консерваториясын (1974, Т. С. Османовтың класы бойынша) бітірген.
- Москва консерваториясын (1979, Г. Н. Рождественскийдің класы бойынша) бітірген.
- 1982 — 83 ж. Вена музыка академиясының (Австрия) стажері.
- 1979 — 82 ж. Алматыда Қазақ симфониялық оркестрінің дирижері
- 1985 — 87 ж. Қазақ опера және балет театрының бас дирижері болды.
- 1987 жылдан осы оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері.
Гастрольдік сапарлары
Ол әр жылдары өнер сапарымен АҚШ-та, Англияда, Германияда, Ресейде, Украинада симфониялық оркестрлерге дирижерлік етті.
Жетістіктері
- 1977 ж. Батыс Берлинде өткен Герберт фон Кароян атындағы Халықаралық дирижерлер конкурсының дипломанты
- 1983 ж. Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты болды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}