Маралжан Мырзақұлова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкант Маралжан Қазыбекқызы Мырзақұлова (20 шілде 1974, Астана8 сәуір 2025, Астана) — қазақстандық дирижёр, домбырашы, қазақ халық аспаптар оркестрінің негізін қалаушысы, оқытушы, Халықаралық байқаулардың лауреаты, Мәдениет саласының үздігі.<ref name=":0">Үлгі:Cite web</ref>

Білімі

1982–1987 жылдары Астана қаласы әкімдігінің Роза Бағланова атындағы №2 Балалар музыка мектебінің МКҚК-нің түлегі. Атақты оқытушы, домбырашы, «Балдәурен» оркестрінің жетекшісі Керейбаева Күләш Орынбекқызының төл шәкірті болған.<ref name=":1">Үлгі:Cite web</ref> Күләш Орынбекқызы шәкіртіне тек домбыра аспабын ғана емес, сондай-ақ мандолина, домра-прима, шертер, бас домбыра, шаңқобыз сынды бірнеше музыкалық аспаптарда ойнауды үйретті.<ref name=":2">Үлгі:Cite web</ref>

1992 жылы Ақмоладағы музыкалық училищеде (қазіргі Біржан сал атындағы музыкалық колледжі) домбырадан Айсұлу Бекмағанбетовада және дирижёрліктен композитор Мұхаметқали Тінәлиннен білім алады.<ref name=":2" />

1996 жылы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияға «Домбыра» мамандығы бойынша профессор Біләл Алпанұлы Ысқақовтың сыныбында және «Дирижёрлеу» кафедрасында дирижёр Анвар Ізбасарұлы Нүсіппаевтың сыныбында оқиды.<ref name=":0" />

1999 жылы Қазақ ұлттық музыка академиясына (қазіргі К.Байсейітова атындағы өнер университеті, ҚазҰӨУ-ға) ауысып, оны 2001 жылы бітірді. «Оркестр әртісі»; «Қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижëрі»; «Концерттік орындаушы»; «Оқытушы» деген біліктілерді алды.<ref name=":0" />

Мансабы және шығармашылық қызметі

  • 2001–2025 жылдар аралығында Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкалық драма театрының РМҚК-ның бас дирижëрі қызметін атқарды.<ref name=":0" />
  • 2001 жылдың қыркүйек айынан бастап Астанадағы Қазақ ұлттық музыка академиясында композиция және оркестрлік дирижëрлеу кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді. Сонымен қатар колледждегі қазақ халық аспаптар оркестрінде жетекшілік етті.<ref name=":1" />
  • 2021 жылдың 1 ақпанында Маралжан Мырзақұлова театрда халық аспаптар ансамблін ұйымдастырып, оның көркемдік жетекшісі және дирижëрі болды және аз уақыт ішінде ансамбль жоғары кәсіби ұжым ретінде қалыптасып, театр актëрлерімен тығыз шығармашылық байланыс орнатты.<ref name=":0" />
  • 2021 жылдың 2 маусымында Қаллеки театрының халық аспаптар ансамбльінің тұсаукесер концерті өтті.<ref name=":1" />
  • 2022 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі жарлығымен Маралжан Мырзақұловаға «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі берілді.

Маралжан Мырзақұлованың дирижëрлігімен театрда бірнеше ірі қойылымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:

Сондай-ақ ансамбльдің сүйемелдеуімен «Үйлену» музыкалық комедиясы (режиссері – Нұрлан Жұманиязов, композиторы – Серікжан Әбдінұров)<ref>Үлгі:Cite web</ref> «Кеш» драмасы (режиссері – Болат Ұзақов)<ref>Үлгі:Cite web</ref> және басқа да спектакльдер көрсетілді. Маралжан Мырзақұлова театрдың концерттік бағдарламаларын да жетекшілік етті. Олар «Әз Наурыз келгенде...»; «Күзгі сезім»; «Татулық – ел тірегі»; «Ғажапқа толы әуен» және т.б).<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref name=":3" />

Репертуары

Маралжан Мырзақұлованың дирижëрлігімен орындалған негізгі шығармалар қазақ халық музыкасы мен күйлерінен, классикалық және заманауи композиторлардың туындыларынан тұрады. Ансамбль және қазақ оркестрі репертуарында: Құрманғазының күйлері («Балбырауын»; «Сарыарқа»; «Адай»; «Серпер»; «Машина»; «Сарыкөл самар» және басқалары); Мұхаметқали Тінәлиннің «Тау ішінде»; Халық күйі «Ақсақ құлан»; Нұрғиса Тілендиевтің «Махамбет»; «Сарыжайлау» әні, сөзі М.Мақатаевтікі; Мұрат Бердіғұловтың «Шахристан»; «Ақсауыт» күйлері; Абай Құнанбайұлының әні «Көзімнің қарасы»; Темірлан Шөкеновтың «Нұр Ақжелең»; Сахы Нұрболаттың «Асыл мұра»; «Өрлеу»; Ришар Гальяноның «Танго для Клода»; Андрей Петровтың «Берегись автомобиля» киносынан вальс; Жорж Бизенің «Кармен» операсынан прелюдиясы (увертюра) және т.б. Ансамбль және оркестр қазақ халық әндері мен күйлерін, әлемдік музыканың үздік туындыларын, сирек орындалатын шығармалар мен заманауи композицияларды орындады.<ref name=":3">Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Байқаулар және фестиваль

  • 1999 жылы Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік консерваториясының жастар симфониялық оркестрі дирижёрлері байқауының лауреаты (Алматы)
  • 2000 жылы «Домбыра» номинациясы бойынша «Шабыт» III Халықаралық шығармашыл жастар фестивальінің лауреаты (Астана)
  • 2001 ж. — Шамғон Қажығалиев атындағы І Республикалық дирижëрлер байқауының лауреаты (Орал)
  • 2004 ж. — Нұрғиса Тілендиев атындағы I Республикалық дирижëрлер байқауының лауреаты (Алматы)
  • 2008 ж. — Нұрғиса Тілендиев атындағы I Халықаралық дирижëрлер байқауының лауреаты (Астана)
  • 2011 ж. — Боздақ Рзаханов атындағы І Республикалық дирижëрлер байқауының лауреаты (Ақтау)<ref>Үлгі:Cite web</ref>
  • 2016 жылы 29 маусымда «Москва встречает друзей» (Мәскеу достарды күтіп алады) дирижëр Владимир Спиваковтың Халықаралық қайырымдылық қорының 13-фестивальінде Ресейде «Коломенское» мұражай-қорығында «Ақ сиса» халық аспаптар ансамбль орындауында композитор Е. Нұрымбетовтың «Струны столетий» (Ғасырлар сазы) және Құрманғазы Сағырбайұлының күйі «Балбырауын» деген шығармалары шырқалды. Жетекшілері Маралжан Мырзақұлова және оның жұбайы дирижëр Ерлан Бейсембаев.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Қайтыс болуы

2025 жылы 8 сәуірде 50 жасында дүниеден өтті.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер