Гауһар Құрманбекқызы Мырзабекова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Музыкант Гауһар Құрманбекқызы Мырзабекова (23 ақпан 1956 жыл, Алматы) – қазақстандық әлемге әйгілі скрипкашы, дирижёр, педагог, профессор, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты. «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамбльінің негізін қалаушысы әрі көркемдік жетекшісі және дирижёрі. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры және Қазақ Ұлттық музыка академиясының академигі.
Өмірбаяны
Ол кішкентай кезінен бастап опера арияларын жадына қағып алып, орындайтын. Оның музыкалық есте сақтау қабілеті ерекше болды. Сәби кезінен-ақ «Шехеразада» және басқа да опералардан үзінділер орындайтын.
- Гауһардың жеті жасында әке-шешесі оны бірден Күләш Байсейітова атындағы дарынды балалар мектебіне оқуға тапсырды. Қызды скрипкадан шыққан үн еліктіре түсті. Алғаш рет сахнаға Гауһар екінші сыныпта шықты. Түймедей келген ол өзін тыңдармандар алдында батыл ұстады. Сол жылы Ахмет Жұбановтың «Ария» атты шығармасын орындады. Гауһар алтыншы сыныпта толық концертті атқара алды, ал он бірінші сыныпта Тимур Мыңбаевтың басқаруымен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрімен бірге Ян Сибелиустың шығармасын орындап, Бүкілодақтық концертке қатысты. Бұл жолы Гауһар скрипкада шебер орындаушылығымен көзге ілінді.
- Оның оныншы сыныпта оқып жүргенінде Владимир Спиваковтың ұстазы Юрий Янкелевич оқуды Мәскеудегі музыка мектебінде жалғастыруға шақырды. Бірақ Гауһар сүйікті ұстазы Нина Михайловна Патрушевадан айырылғысы келмеді, мектепті Алматыда бітіруді мақсат етті. Ұстаз Н.М.Патрушева Гауһарды мектепаралық, қалааралық, республикалық фестивальдерге қатыстырды.
- Н.М.Патрушева Гауһар музыка мектебін бітірген соң Мәскеудегі П.И.Чайковский атындағы консерваторияда ұстаз, әйгілі скрипкашы Давид Ойстрахтың сыныбына ертіп әкелді де, одан Гауһардың скрипкада қалай ойнайтындығын тыңдап көруін өтінді. Осылайша 1974 жылы консерваторияға үздік бағамен қабылданды. Алайда қараша айында Давид Ойстрах қайтыс болды. Әрі қарай ұстаздықты оның шәкірті, ассистенті Олег Крыса жалғастырды. Гауһар консерваторияда оқып жүргенінде Святослав Рихтермен оның ансамблінде скрипкада ойнады, екі жыл бойы онымен бірге шетелдерде гастрөлдік сапарларға шығып жүрді.
- Гауһар Құрманбекқызы консерваторияны қызыл дипломмен аяқтаған соң, сонда 1982 жылдары ассистентурада О.В.Крысаның класында орындаушылық шеберлігін одан әрі қарай шыңдады. Сонымен қатар қала филармониясының скрипка солисті қызметін атқарды.
- Алматы консерваториясының ректоры Ғазиза Жұбановадан: «Еліңе орал», – деген жедел хат алғаннан кейін осы ұжымға келіп ұстаздық қызметіне кірісті. Ол жұмысқа қызу араласты, шәкірттерге скрипка аспабынан сабақ берді. Сол тұста пианист Жания Әубәкіровамен бірігіп, халықаралық фестивальдерге және конкурстарға қатысты. Мұндай іс-әрекеттерді ол студенттік шағында-ақ Қазақстан қалаларында гастрөлдік сапарлармен өнерін таныстыра бастады.
- 1985 жылы Гауһар және Жания Парижде өткен камералық оркестр жарысына қатысқанында екеуі де екінші орынға ие болды. Камералық оркестрді 1997 жылдың қыркүйек айында ұйымдастырды. «Камерата» ұжымының сандаған концерттерінде В.А. Моцарт, Д.Д. Шостакович, Пахельбель, Й.Гайдн, Г. Ф. Гендель секілді музыка тарландарының күрделі шығармаларымен қатар Крейслердің «Махаббат мехнаты» тыңдармандарды жоғары руханилыққа жетеледі.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Марапаттары
- 1985 жылы Парижде өткен Халықаралық камералық ансамбльдер байқауының лауреаты;
- 1982 жылы Қазақстан Ленин Комсомолы сыйлығының лауреаты;
- 1986 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағы;
- 1995 жылы «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы;
- 2010 жылы «Құрмет ордені»
- 2012 жылы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
- 2016 жылы елбасының қолынан «Парасат ордені» мен марапатталды.
- Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры.
- Қазақ Ұлттық музыка академиясының академигі.
Дереккөздер
Санат:
- Қазақстан халық әртістері
- Мәскеу консерваториясы түлектері
- Қазақстан академиялық музыканттары
- Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- 23 ақпанда туғандар
- Қазақстан скрипкашылары
- Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегерлері
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессорлары
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген əртістері
- Қазақстан дирижерлері