Болат Қасымжанұлы Ұзақов
Үлгі:Кинематограф Болат Қасымжанұлы Ұзақов (25 қараша 1962 жыл, Шелек ауданы, Алматы облысы) — қазақстандық актёр, театр режиссёрі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009), Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының қоюшы-режиссёрі.
Мазмұны
Өмірбаяны
Болат Ұзақов 1962 жылдың 25 қарашасында Алматы облысының Шелек ауданындағы Масақ ауылында дүниеге келген. Албан тайпасы Қыстық руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
1980–1984 жылдары ол Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұрынғы Алматы Мемлекеттік театр-көркемсурет институты) Театр факультетін Қазақ КСР халық әртісі, профессор Асқар Тоқпанов пен КСРО халық әртістері Ыдырыс Ноғайбаев және Фарида Шәріпованың сыныбын бітірген.
1994–1997 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма режиссёрі» мамандығы бойынша Қазақстан халық әртісі, профессор Маман Байсеркенов пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәулебек Асылхановтың сыныбын бітірген.
1984–1997 жылдары Ұзақов Бикен Римова атындағы Талдықорған қалалық қазақ драма театрының актёрі, әрі қоюшы-режиссёрі болды. 1997 жылдан ол — Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының қоюшы-режиссёрі.
1998 жылдан бастап Астана күніне арналған жыл сайынғы «Этно-ауыл» бағдарламасының сценарисі және бас режиссёрі. 2003–2012 жылдары «Президент шыршасы» мерекесінің бас режиссёрі. Қазақ ұлттық өнер университетінде «Актерлік өнер» факультетінде «актер шеберлігі» және «сахна тілі» пәндерінен дәріс береді.
Шығармашылығы
Театрдағы актёрлігі
1984–1997 жылдары Бикен Римова атындағы театр сахнасында ойнаған рөлдері: Әуезовтің «Еңлік Кебегіндегі» Кебек, «Хан Кенедегі» Наурызбай, «Түнгі сарындағы» Жүніс; Шекспирдың «Асауға тұсауындағы» Транио; Кәрімнің «Ай тұтылған түніндегі» Ақжігіт; Макаёноктың «Пұшайман болған әулиесіндегі» Әулие; Исабековтың «Әкпесіндегі» Тимур; Әбдірахмановтың «Қара керей Қабанбайдағы» Әлі; Сүлейменов «Қыздай жесіріндегі» Дәріс; Балғабаевтың «Қыз жиырмаға толғандағы» Есімсейіт; Ілияс Жансүгіровтың «Күйшісіндегі» Күйші; Жәкиевтің «Әке тағдырындағы» Жеңісбек.
Режиссёрлік мансабы
1990 жылдардан Болат Ұзақов актерлік өнерімен қатар режиссерлік жұмыспен де айналыса бастады: Ілияс Жансүгіровтің «Күйші»; Мұхтар Әуезовтің «Қанды азу», «Қара қыпшақ Қобланды»; «Еңлік-Кебек»; Тахауи Ахтановтың «Күшік күйеу»; Ақселеу Сейдімбектің «Қош бол ардағым»; Төлен Әбдіктің «Біз үшеу едік»; Ермек Аманшаевтың «Үзілген бесік жыры», «Қыр астындағы ғажайып әлем»; Мұсатай Ақынжанов «Алтын сақа», «Алдардың айласы»; Флорид Бүләковтің «Күйеуге шыққан кемпірлер»; Серік Тұрғынбековтің «Мұқағали»; Алексей Дударевтың «Кеш»; Қанат Жүнісовтің «Махаббат мелодрамасы»; Еркін Жуасбектің «Антивирус»; Думан Рамазанның «Кенесары-Күнімжан», «Керей-Жәнібек»; Уильям Шекспидің «Гамлет»; Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүние»; Қуаныш Жиенбайдің «Таңғажайып планета»; Сұлтанәлі Базарбайұлы Балғабайдың «Ең жақсы еркек»; Мар Байжиевтың «Тіл табысқандар»; өзінің «Үміт», «Жандауа» және т.б режиссёрлік жұмыстары бар.
Марапаттары
- Халықаралық және Республикалық театр фистивальдерінің бірнеше мәрте жүлдегері;
- Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасы (2000);
- «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы (2009, Елбасының жарлығымен);
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі (2011);
- ТМД Халықаралық "Достастық жұлдызы" сыйлығы (2015);
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі (2016).