Ақселеу Сланұлы Сейдімбек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Жазушы Ақселеу Сланұлы Сейдімбек (12 желтоқсан 1942, Атасу ауылы, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы - 16 қыркүйек 2009 жыл, Астана)- жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы (1998), профессор (2003).

Әкесі Слан Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болып, әкесінің ағасы Аманбектің тәрбиесін көріп өскен.

Қызмет жолы

  • 1959 жылы Жаңаарқа ауданының орталығында №1 қазақ орта мектебін бітірген соң, комсомолдық жолдамамен Қызылтау, Ақтау кеңшарларының мал шаруашылығында үш жыл еңбек етеді.
  • 1961 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетіне оқуға түсіп, 1968 жылы журналистика факультетін бітіріп шықты. Университетте оқып жүріп 1963-64 жылдары Троицк қаласында әскери міндетін атқарып қайтады. Ол Әл-Фараби атындағы университеттің «Журналист» газетін шығарушы алқаның және М.Әуезов атындағы Әдеби бірлестіктің мүшесі, «Қайнар» қолжазба журналының бас редакторы, Мәскеудегі қазақ жастары құрған «Жас тұлпар» атты мәдени қозғалыстың Қазақстандағы өкілі болып, шығармашылық және қоғамдық жұмыстарға сергек араласа бастайды.
  • «Лениншіл жас» газетінің тілшісі (1968-1975)
  • Қарағанды облысы «Орталық Қазақстан»газетінің жауапты хатшысы (1975-1976)
  • 1976-1983 ж. «Социалистік Қазақстан» газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі.
  • 1983-1987 ж. «Білім және еңбек» журналының бас редакторы.
  • 1987-1988 ж. «Әлем» альманағының бас редакторы.
  • 1988-1997 ж. ҚазКСР ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды.
  • 1997-1998 ж. Қазақтың Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры.
  • 1999 жылдан Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Шығармашылығы

  • Алғашқы әңгімелер жинағы "Ақиық" 1972 жылы жарық көрген
  • «Қыр хикаялары» (1977)
  • «Тауға біткен жалбыз» (1979)
  • «Кеніш» (1979)
  • «Алпамыс батыр» (1979)
  • «Серпер» (1982)
  • «Ақ қыз» (1991) және т.б. әнгіме, повесть, очерктері
  • «Күңгір-күңгір күмбездер» (1981)
  • «Мың бір маржан» (1989)
  • «Қазақтың әйгілі күйшілері» (1992)
  • «Балталы бағаналы ел аман бол» (1993)
  • «Күй шежіре» (1993)
  • «Көшпелілер тарихы» (1995)
  • «Ойтолғақ» (1997)
  • «Күй шежіре» (2-т.; 1997)
  • «Қазақ әлемі» (1997) атты ғылыми-танымдық еңбектері жарық көрді.

Аудармалары

  • Гомердің «Илиада»
  • «Одиссеясын» (қара сөзбен әңгіме, 1974)
  • И. Можейқаның «Әлемнің 7 және 37 кереметін» (1981) қазақ тіліне аударды.

Шығармалары ағылшын, венгр, неміс, орыс, өзбек, чех, эстон тілдеріне аударылған.

Қанатты, нақыл сөзі

Ақселеу Сейдімбек өзінің «Қазақтың күй өнері» (2002) атты кітабында былай деген болатын: Үлгі:Дәйексөз. Бұл сөз оның өмірі мен шығармашылығының бағдарламасы іспеттес.<ref>Ақселеу Сейдімбек. 1 том / Авторы Ақселеу Сланұлы Сейдімбек - «Фолиант» баспасы, 010000, Астана қаласы, Ш.Айманов көшесі, 13. 2010 ж. 3-10 б.</ref>

Марапаттары

  • «Кеніш» кітабы үшін Қазақстан Журналистер одағының лауреаты болып, бірінші дәрежелі сыйлықпен марапатталады.
  • «Құрмет» орденімен марапатталған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Қайтыс болуы

Ақселеу Сейдімбек 2009 жылдың 16 қыркүйек күні Астана қаласында қайтыс болды. Жазушының өсиеті бойынша, Ақселеу Сейдімбек Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінің іргесіндегі Қарауылтөбеге жерленді. 19 күнгі қаралы митингке Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Асанәлі Әшімов, Алдан Смайыл, Ғалым Жайлыбай, Серік Тұрғынбеков қатысып, сөз сөйледі.

Дереккөздер

<references/>