Мұсатай Бекболатұлы Ақынжанов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ақынжанов Мұсатай (1905 жылғы 9 мамырда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданының Қарауыл ауылы – 1986) - тарих ғылымдарының докторы.
Өмірбаяны
- 1925 жылы Семейдің педтехникумын бітірген.
- 1929 жылы Орынбор қаласындағы Халық ағарту педагогикалық институтын бітірген.<ref>«Қазақстан жазушылары: XX ғасыр». Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004 – 392 бет.</ref>
- 1925 – 1941 жж. округтік, облыстық газет-журналдарды басқарған.
- республикалық баспасөздерде арнаулы тілші болған.
- облыстық, уездік, өлкелік комсомол комитетінің хатшысы.
- Семей және Алматы қалаларында ҚКП аудандық партия комитетінің хатшысы,
- Қазақстан КП Орталық Комитетінің жанындағы Маркс-Энгельс-Ленин (ИМЭЛ) институты Қазақ филиалының директоры қызметін атқарған.
- Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Ғылыми еңбектері
- Одан кейін ҚазМУ-де ғылыми-педагогикалық жұмыспен шұғылданды. «Қазақ халқының шығу тегі» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған. Тарихи және тарихи-әдеби тақырыптарға бірнеше монографиялары, кітапшалары жарық көрді.
- «Исатай мен Махамбет»
- «Сырым Датов»
- «Бағытай – Бағила»
- «Фрунзе»
- «Жеңіс қамы»
- «Шопан қыз»
- «Алтын сақа»
- «Алтын алқап сырлары»
- «Ыбырай Алтынсарин», т.б. драмалық шығармалары бар.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Шығармалары
- Жастарға үлгі-өнеге. Мақалалар. Семейдің газет-журнал баспасы, 1925;
- Шаруа достары. Мақала, очерктер. Қызылорда газет-журнал баспасы, 1926;
- Садыр мен Садық. Әңгімелер. Семей газет-журнал баспасы, 1931;
- Қазақ ағартушыларының саяси-қоғамдық көзқарастарының қалыптасуы. А., ҚМКӘБ, 1948;
- Абайдың өмірі мен творчествосы. Очерк. А., ҚМКӘБ, 1955;
- Қазақ халқының шығуы және қалыптасуы. Зерттеу. А., «Ғылым», 1971;
- Нұрсәуле – Шолпан. Пьесалар. А., «Жазушы», 1971.
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}