Маман Байсеркенов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Маман Байсеркенов (13.2.1937 жылы туған, Алматы облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылы) — режиссер, Қазақстанның еңбек сіңерген өнер қайраткері (1970), Қазақстан халық артисі (1998), профессор (1994).
- Алматы консерваториясын бітірген (1964).
- 1964 — 1965 жылдары Атырау облысаралық драма театрында
- 1965—1970 жылдары Қызылорда облысы қазақ драма театрында режиссер, кейін бас режиссер
- 1972—1976 жылдары Жамбыл облысы қазақ драма театрында
- 1976—1981 жылдары Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрында бас режиссер
- 1981—1983 жылдары Республика корей музыка театрында режиссер болып істеген.
- 1983 жылдан Алматы театр және кино институтында дәріс береді.
Байсеркенов жаңа көзқарас, тосын шешімге бейім режиссер. Ол қойған В.С. Вишневскийдің “Оптимистік трагедия” (Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы, 1968), А. Штейннің “Толас”, Ян. Соловичтің “Түлен түрткен тіленші”, С. Шаймерденовтің “Әнім сен едің”, Ғ. Мүсіреповтің “Қазақ солдаты”, У.Шекспирдің “Гамлет”, т.б. спектакльдер көрерменнің ықыласына ие болған. Байсеркенов қазақ театр өнері тарихында бірінші рет бір спектакльді екі кешке бөліп қойып, М. Шолоховтың “Тынық Дон” трилогиясының Т. Әлімқұлов аударған сахналық нұсқасын Жамбыл облысы драма театрының сахнасына шығарды. Байсеркенов — “Түлен түрткен тіленші” атты аударма пьесалар жинағының, “Қолтаңба және қойылым”, “Сахна және актер” деген ой-толғаулар кітабының авторы.<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>
Маман Байсеркеұлы 1937 жылы 13 ақпанда Алматы (бұрынғы Талдықорған) облысының Алакөл (бұрынғы Андреев) ауданына қарасты Бостандық ауылында дүниеге келген. - Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның Халық әртісі. «Құрмет» орденінің иегері (2006).
1964 жылы Аумағының Құрманғазы атындағы Өнер институтының режиссерлық бөлімін бітірген. 1965 жылдан 1970 жылға дейін Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ драма театрында бас режиссер болып істеген. 1970 — 1972 жылдары Мәскеудің М.Горький атындағы көркем театрында 2 жылдық сынақтан өтті. 1972— 1976 жылдары Абай атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында, 1976 — 1981 жылдары Ғ. Мүсрепов атындағы академиялық Жастар және балалар театрында, 1981 — 1983 жылдары Республикалық корей театрында бас режиссер болып қызмет еткен. 1983 жылдан Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының професеоры. «Қойылым және қолтаңба», «Сахна және актер» атты ілімдік кітаптардың және «Абылай ханның ақырғы күндері», «Кек қылышы — Кенесары», «Кене хан» пьесаларының авторы. Ян Соловичтің пьесаларын қазақ тіліне аударған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Үлгі:Bio-stub