Төлен Әбдік

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Жазушы Төлен Әбдікұлы Әбдік (4 қыркүйек 1942 жыл, "Еңбек" ауылы, Жангелді ауданы, Қостанай облысы) — қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері. Қазақстанның халық жазушысы (2023),Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2004).

Толығырақ

  • Төлен Әбдікұлы 1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысы Жангелді ауданы "Еңбек" ауылында дүниеге келген.
  • 1965 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұрынғы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті)нің филология факултетін бітірген.
  • 1965 - 1970 жылдары "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген.
  • 1970 - 1977 жылдары "Жалын" альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары.
  • 1977 - 1979 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында бас редактор.
  • 1979 - 1990 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитетінде жауапты қызметте болды.
  • 1990 - 1992 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болды.
  • 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сектор меңгерушісі.
  • 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары.

Шығармалары

  • Төлен Әбдіковтің "Райхан" атты тұңғыш әңгімесі жас жазушылардың “Таңғы шық” әңгімелер жинағында (1964) жарияланды.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Сонан бергі кезеңде

  • “Көкжиек” (1969)
  • “Күзгі жапырақтар” (1971)
  • “Ақиқат” (1974)
  • “Айтылмаған ақиқат” (1980) атты әңгімелер мен повестер жинақтары
  • Қазақстандағы ұжымдастыру науқанының қасіретін суреттеуге арналған “Өліара” (1985)
  • “Ақшоқыда қыс қатты” (1987) романдары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы жарық көрді.
  • “Біз үшеу едік” атты драма шығармасы Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар және жасөспірімдер театрында қойылды.
  • “Ақиқат” атты кітабы орыс тіліне (1981), жекелеген әңгіме, повестері украин, өзбек, қырғыз тілдеріне тәржімаланды. Әбдіков шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуі, өмірдің мән-мағынасына философия тұрғыдан қарауымен ерекшеленеді.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Жеке қасиеттері

  • Жастық шағында еркін күрестен спорт шеберлігін орындаған.
  • Сондай-ақ, домбырашылар оркестрінде күйші болған.

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер